Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ

Читайте также:
  1. JavaScript тілдерінде программалау негізі.
  2. Ағзалардың қанша мекен ету ортасы бар?төрт.
  3. Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
  4. Алфавит языка Паскаль. Правила построения идентификаторов.
  5. Б. Паскаль
  6. Блез Паскаль - один из самых знаменитых людей в истории человечества.
  7. Великие ученые. Блез Паскаль, Джордж Буль, Карл Лейбниц, как основатели информатики
  8. Записати мовою Паскаль вираз
  9. Записи в языке Паскаль, вложенные записи
  10. Запуск интегрированной среды программирования Турбо Паскаль

Паскаль тілін 1968-71 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.

Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне өте тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс атқара алады.

Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығы компьютерде жеңіл тексеріледі және жіберілген қате тез түзетіледі.

 

Паскаль тіліндегі програманың құрлымы

Паскаль тіліндегі ең кішкентай программаның түрі мынандай

болады:

BEGIN

END

Бұл программа әрине ешнәрсе орындамайды. Егер біз бұл программаға бір нәрсе орындатқымыз келсе, онда бізге қажетті әрекеттерді орындауға бұйрық беретін барлық операторларды осы BEGIN және END қызметші сөздерінің арасына жазуымыз керек.

BEGIN

Writeln (2002); Writeln (2005) END.

Кәдімгі жағдайда программада айнымалылыр, тұрақтылар, бағыныңқы программаны шақырушы операторлар т.б. элементтер болады. Олардың бәрі BEGIN қызметші сөзінің жоғарғы жағына жазылуы тиіс. Мысалы: Const k=16; VAR a:=Real BEGIN

a:=6

Writeln (a+k) END.

Сонымен, Паскаль тіліндегі программа программаның тақырыбынан, блоктан тұрады және нүктемен аяқталады. Блок өз кезегінде сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен тұрады.

BEGIN қызметші сөзінің жоғарғы жағына сипаттау бөлімі орналасады.

BEGIN қызметші сөзінің төменгі жағына орындалатын операторлар бөлімі орналасады. Операторлар бөлімі нүктелі үтірмен (;) бөлінген және операторлық жақшалармен, яғни BEGIN, END қызметші сөздерімен шектелген тізбегін қамтиды. END сөзінің алдына нүктелі үтір қойылмайды, бірақ оның болуы қате болып есептелмейді, қайта ең соңғы орындалатын операторымен END қызметші сөзінің арасында бос оператордың қатысатындығын білдіреді.

Сонымен, Паскаль тіліндегі программаның жалпы құрлымы мына (4-сурет) төмендегідей болады.

PROGRAM <АТЫ> (<ФАЙЛДЫҢ АТЫ>...<ФАЙЛДЫҢ АТЫ>),

LABEL

,..., <ТАЊБА>;

CONST

<ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ > = <ТҰРАҚТЫ >;

Программаның тақырыбы.

<ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ>=<ТҰРАҚТЫ>,

TYPE

VAR

<ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ>=<ТИП>; <ТИПТІҢ АТЫ>=<ТИП>;

<АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ>,...,<АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ>: <АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ>...<АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ>: <ТИП>;

PROCEDURE <ПРОЦЕДУРАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ>;

<БЛОК>;

FUNCTION <ФУНКЦИЯНЫҢ ТАҚЬІРЫБЫ>;

<БЛОК>;

BEGIN

END.

<ОПЕРАТОР>; <ОПЕРАТОР>;

Тањба бөлімі

Тұрақтылар бөлімі

Типтер бөлімі

Айнымалылар бөлімі

Процедура бөлімі

Функция бөлімі

Операторлар бөлімі

Құрама оператор

Сипаттау бөлімі

Блок

Бөлімдердің берілу реттілігі қатаң анықталған, бірақ Паскаль тілінің кейбір нұсқаларында LABEL, CONST, TYRE, VAR сипаттамаларының реттілігі еркін анықталады.

Программаның тақырыбында PROGRAM қызметші сөзінен кейін программаның ішінде мағынасы жоқ және барлық программаны білдіретін программаның аты көрсетіледі. Программаның атынан кейін дөңгелек жақша ішінде файлдардың тізімі, яғни Программа қатынас жасайтын компьютерлердің сыртқы құрылғыларында орналасқан берілгендер жиыны келеді.

Кәдімгі жағдайда стандартты (INPUT) және шығыс (OUTPUT) файлдарының аттары немесе олардың біреуі пайдаланылады, мысалы:

PROGRAM CONUS (INPUT, OUTPUT);

Паскаль тілінің көптеген нұсқаларында стандартты файлдардың аттары болмауы да мүмкін, яғни олар үнсіз қабылданады.

Программа тақырыбынан кейін тамға бөлімін сипаттау (LABEL) келеді. Программадағы кез келген операторды оның алдына тамғаны, яғни төрт цифрдан аспайтын таңбасыз бүтін санды қою арқылы ерекшелеуге болады. Таңба оператордан қос нүкте арқылы ажыратылады, мысалы:

28: READ (ХО, ҮО, ZO);

Программада тамғаның болуы басқарудың арнайы операторларына сілтеме жасауға және программаның табиғи орындалу барысын өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық тамғалар LABEL бөлімінде аталуы керек, мысалы:

LABEL

1, 12, 988.

Егер программада тамғалар болмаса, онда LABEL бөлімін жазбауға да болады.

Тањба бөлімінен кейін тұрақтыларды сипаттау бөлімі (CONST) келеді. Программада тұрақтылар аттарымен көрсетіледі, олай болса тұрақтылардың осы аттарына кейбір мәндер (сандар, қатарлар) меншіктелуі керек, мысалы:

CONST

РІ=3.1415926;

МАХ=1000;

HEAD — 'кесте тақырыбы'.

Тұрақтылардың атауларын пайдалану программалаушыға про-грамманың басында машинаға тәуелді немесе берілген есеп үшін тән тұрақты шамаларды топтап беруге мүмкіндік береді. Бұл жерде оларды программаның өзін өзгертпей-ақ өзгерту оңай.

Тұрақтылары топтастырылып берілген программа әсерлі әрі көрнекті болады.

Типтерді сипаттау бөлімі (TYPE) пайдаланушы енгізетін берілгендердің қарапайым және құрылымдық типтерін анықтау үшін қызмет етеді. Мұндай типтерге біз жоғарыда қарастырған аттап өту және шектелген типтер жатады. Программадағы әр түрлі шама тек бір типпен ғана берілуі керек. Тұрақтының типі оның мәнінің жазылу пішімімен анықталады. Айнымалының типі міндетті түрде арнайы айнымалыларды сипаттау бөлімінде (VAR) берілуі тиіс.

Айнымалыны сипаттау бөлімінің жалпы түрі программаның жалпы құрылымдық схемасында көрсетілген, мұндағы тип дегеніміз бүл типтің аты Стандартты немесе TYPE бөлімінде анықталады.

Егер программалаушы өзіндік программалық бірлік болып та-былатын және оған процедураның немесе функцияның атын және оның параметрлерін көрсету арқылы сілтеме жасауға болатын стандартты процедуралар және функциялардан басқа өзінің проце-дуралары мен функцияларын анықтайтын болса ғана процедураларды және функцияларды сипаттау бөлімі (PROCEDURE, FUNCTION) программада қатысатын болады.

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады.

Программа қатарларының алдындағы азат жол немесе бос орындар саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше командалар немесе операторлар орналаса алады, олар бір-бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол әрі түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы болып саналады.

Кез келген прорамманың алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан, яғни атынан тұрады. О дан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі орналасады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала бекітіп анықтап алуға көмектеседі.

Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Операторлар бөлімінде командалар реттеліп орналасады, олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанып цикл немесе қосымша программа түрінде де орындалуы мүмкін.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 66 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав