Читайте также:
|
|
Программадағы мәліметтердің, шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне жатуы тиіс.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип деген шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.
Мәліметтердің әрбір типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, алуға, көбейтуге және бөлуге болады. Ал, "IBM" және "PC" мәндері сөз тіркесі типіне і жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады ("IBM PC"), қосуға, алуға, көбейтуге, бөлуге болмайды.
Кез келген тұрақты, айнымалы, функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Паскаль тілі үшін шамалардың типін көрсету міндетті болып есептелінеді. Сондықтан программа алдында оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шамаларының атаулары және олардың типтері көрсетілуі қажет.
Тілде пайдаланылатын типтер скалярлық, (қарапайым) және кұрылымдық (структуралық,) болып үлкен екі топқа жіктеледі. Ал скалярлық қарапайым типтер алдын ала анықталған стандартты және жасанды типтер болуы мүмкін. Стандартты типтерге мыналар жатады:
• бүтін - INTEGER,
• нақты — REAL,
• логикалық - BOOLEAN,
• сиволдық - CHAR,
• тіркестік - (STRING),;
• мәтіндік - (TEXT),
• тәрізді типтер жатады.
Құрылымдық типтерге жиындар —ARRAY, жазбалар — RECORD, ұснындар — SET және файлдар- FILE деген түрлерге бөлінеді.
Бұлардан өзге типтер программаның типтерді сипаттау бөлігінде анықталуы қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап-ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Ол үшін type қызметші сөзі қолданылып, жазылу пішімін былай көрсетуге болады:
Type <тип атауы> = <тип мәндері>;
Логикалық шамалар екілік сандар жүйесінде сәйкес «1» және «0» деген мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы «1» тексерілетін белгілі бір шарттың - логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни «ақиқат» екенін, ал «0» сол шарттың орындалмайтынын — тұжырымның «жалған» екенін көрсетеді. Бұл екі мән программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес «true» (1) және «false» (0) болып жазылады.
Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде қабылдай алады, мысалы, «#», "?", "%", т.б. Бірақ әрбір таңбаны оның кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар.
Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып, өсуі не кемуі бойынша реттеп орналастыруға болады.
Стандартты типтер. Паскаль тілінде төмендегі қарапайым типтер пайдаланылады:
• бүтін типтер - SHORT1NT, INTEGER, LONG/NT, BYTE, WORD;
• нақты тип - REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
• логикалық - BOOLEAN;
• символдық - CHAR;
• саналатын тип;
• ауқымды (диапазонды) тип.
Бутін сан түріндегі типтер. Паскаль тілінде бүтін шамалар үшін бес стандартты тип пайдаланылады.
Типі Мәндердің өзгеруі Ұзындығы, байт
1.1.1 BYTE
SHORTINT
INTEGER
WORD
tONGINT
0-255
-127 - +127
-32768 - +32767
0 - 65535 2147483648 - +2147483647
1 1
2 2 4
Нақты сан түріндегі типтер. Ондық аралас сандар бүтіні мен бөлшегін бөлетін үтірлері жылжымалы және тұрақты түрлерде жазылады. Үтірлер тұрақты ондық сандар кәдімгі математикада жазылады, бірақ үтір орнына нүкте қойылады. Мысалы, 1$.48, -127.25, 0.67, -8.0. Үтірлері жылжымалы ондық сандар желік көрсеткіші берілген экспоненциалды түрде жазылады, [саны, -1.25Е+12 (1,25*1012), 1.3Е-05 (1,3*1(15),т.б. Нақтылардың ауқымы төмендегі кестеде берілген.
Типі | Ауқымы | Мәнді цифрлары | Өлшемі, байт |
REAL | -1.7 1038 - 1.7.1038 | 11-12 | |
single | -3.4 1038 - 3.4.1038 | 7-8 | |
DOUBLE | -1.710308-1.7.10308 | 15-16 | |
EXTENDED | -1.1 104932- 1.1. 104932 | 19-20 | |
COMP | -2 1063-1 - 2.1063+1 | 19-20 |
Логикалық типтегі (BOOLEAN) шамалар негізінен екі мән қабылдайды — TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.
Символдық типтегі (CHAR) шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады. Мәннің символ екендігін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, 'a', 'h', '5', '*', т.б.
Тіркестік типтегі шамалар (STRING) апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды. Мысалы, 'компьютер', 'универсиmeті', 'main', '#&*', т.б
Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен алады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып жай жақша ішіне жазылады. Мысалы, атау= (1-идентификатор, 2-идентификатор,...,п-идентификатор-
, "сейсенбі",..., "жексенбі");
Идентификаторлар орналасқан орны бойынша 0-ден бастап нөмірленеді. Бір идентификатор тек бір ғана саналатын типті көрсетеді.
Диапазондық немесе ауқымды тип. Мұнда көрсетілген шама қбылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ец улкен) d нүкте арқылы бөлініп көрсетіледі. атау— <алғашқы мән>..<соңғы мән>; Программада мынадай шамалар кездесуі мүмкін: Guma_kunderi=L. 7; Aj_kunderi=1..31;
Бұл типтегі шамалар көрсетілген алғашқы және соңғы мәнге немесе олардың арасында жататын кез келген бөлігін ғана алады.
Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 238 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |