Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек ақыны реттеу жолдары.

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. Азақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары
  3. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  4. бөлім. Макроэкономикалық реттеу
  5. Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары
  6. Банк кызметін реттеу әдістері
  7. Еңбек құқы бойынша жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері
  8. Еңбек құқығы, принциптері, әдіс-тәсілдері.
  9. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 1 страница
  10. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 2 страница


Еңбек ақыны ұйымдастыу шаралары көбінесе өнеркәсіп мекемелінде шешілетініне қарамастан, мемлекет маңызды әлеуметтік нормативтерді (яғни, еңбек ақының минималды деңгйін анықтау, кедейшілі кшегін анықтау және Қазақстанда еңбек ақы жүйесін реформалаудағы заңнамаларды келтіру) блгілеу шараларын жүргізеді. Еңбек ақының реттеуші функциясы жалақының минималды деңгейін мемлекеттік реттеу, Бірыңғай тарифтік кесте жасау арқылы әрекет етеді. Оның мәні жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының арақатынасына, персоналдың қалыптасуына, жұмыскерлер санына және олардың жұмысбастылық деңгейіне ықпал етуінде.Ынталандырушы функциясы өндірісте жоғары нәтижелерге жету материалды ынталандыру арқылы жүзеге асады, оның мақсаты - еңбектің нәтижесі, сапасы және санынан тәуелді жалақы деңгейін бекіту.Ресурстық орналастырушы функциясы кәсіпорын, сала, аймақ бойынша еңбек ресурстарының орналасуын тиімді ету. Еңбек ресурстарын оналастыру сферасында мемлекеттік реттеу минимумға келтірілгенде, тиімді жұмыс күші нарығын қалыптастыру басталады, өмірлік деңгейін арттыруға жұмыскердің ұмтылуы оның өз қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жұмысты іздеуге ауысуын ескереді.Еңбек ақының қағидалары мен функциялары кәсіпорындарда тікелей еңбек ақыны ұйымдастыру үшін қажетті әдістемелік негізді құрайды.

Қазақстанда еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмінің негізгі элеметтері келесі суретте көрсетілген:

2-сызба


Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмінің негізгі элементтері

Минималды тұтыну бюджеті жұмыс күшінің ұдайы өндірісін және жұмысқа жарамсыздардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін минималды игілік және қызметтердің ақшалай бағамын білдіреді. Дәл осы көрсеткіш азық-түлік мөлшері және өндірістік емес тауар мен қызметтерді енгізген әлеуметтік мөлшер,стандарт болып келеді.

Минималды тұтыну бюджеті тұтыну себеті негізінде есептеледі.Тұтыну себеті екі түрлі болады: тіршілік етуге адамның алғашқы қажетін қанағаттандыратын минималды қаражат жиынтығын құрайтын минималды түрі және адамның жан-жақты қажеттерінен белгіленетін ұтымды (рационалды) түрі.Минималды тұтыну себеті құнының негізінде кедейшілік шегі-минималды тұтыну бюджетінен төмен болмайтын шекара белгіленеді.

Қазақстан Республикасында ең төменгі еңбек ақы еңбек ақы төлеу саласында мемлекеттік реттеу элеметтерінің бірі болып келеді. Ең төменгі еңбек ақы жұмыскердің қалыпты жағдайдағы өндірісте жұмсаған қарапайым жұмыс күшінің әлеуметтік нормадағы ең аз мөлшердегі құны болып табылады. Ең төменгі еңбек ақы мөлшері бүкіл республика аумағына ортақ Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленеді. Ең төменгі еңбек ақы мөлшерін белгілеуде төмендегі мақсаттар еске алынады:

 


Ең төменгі еңбек ақы нормасын белгілеуде әртүрлі жағдайлар есепке алынады. Әсіресе,елдің экономикалық жағдайы басты назарға ұсталады. Басқа да дамыған елдерде де осы принцип қолданылады.

Ең төменгі еңбек ақы шегін белгілеудің әртүрлі жолдары бар:

 

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 257 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав