Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек құқығы, принциптері, әдіс-тәсілдері.

Читайте также:
  1. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  2. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
  3. Еңбек құқы бойынша жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері
  4. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 1 страница
  5. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 2 страница
  6. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 3 страница
  7. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 4 страница
  8. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 5 страница
  9. Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды 6 страница

Еңбек құқығы дегеніміз – меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық санаттарының еңбекке байланысты қоғамдық қатынастарын реттейтін құқық саласы. Еңбек қатнастарын реттейтін негізгі заң Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі»(15.05.2007 ж.) Еңбек құқығының пәнін еңбекке қабілеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда азаматтардың еңбегін қолдану барысында қалыптасатын жеке және ұжымдық қатнастар құрайды. Еңбек құқығы 4 түрлі әдіс арқылы реттеледі:

1) еңбек жағдайларын орталықтан мемлекеттік реттеу;

2)еңбектегі құқықтық қатынастардың шартты түрде ғана пайда болуы, өзгеруі және жойылуы;

3)еңбек қатынастарын реттеуге еңбек ұжымдарын және кәсіподақ ұйымдарын қатыстыру;

4)өзара міндеттемелерді орындау мен еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етудің ерекше тәртібі.

Еңбек құқығының принциптері- еңбек қатнастарын және олармен тығыз байланысты қоғамдық қатнастарды реттеу кезінде басшылыққа алынатын бастапқы постулаттар. ҚР конституциясында еңбек саласындағы қатнастарды құқықтық реттеудің мынандай принциптері белгіленген: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету; қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тыйым салу және жұмыссыздықты қорғау (Конст.24 бап); денсаулықты қорғау құқығы (Конст.29 бап), құқықтар мен бостандықтарды заңмен тыйым салынбаған барлық әдістермен қорғау құқығы, еңбегі үшін ешқандай кемітушіліксіз, жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес сыйақы алу құқығы (Конст. 24, 28 баптар), демалу құқығы (Конст.24-бап) т. б. Осы конституциялық прнициптермен қатар ҚР «Еңбек кодксінде»еңбек құқығының төмендегідей принциптері айқындалған:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу;
4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;
7)тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8)қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi;
9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтiк әрiптестiк;
11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу;
12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Еңбек құқығының субъектілері жұмысшы мен жұмыс беруші. Бұлардың арасындағы қарым-қатынас келісімдік-шарттық негізінде құрылады. Мысалы, жұмысшы (қызметкер) еңбегі үшін шартта алдын ала келісілген жалақы алады немесе сол ұйымның тапқан пайдасының белгілі бір мөлшеріне ие болады. Еңбек құқығының негізгі институттарына жеке және ұжымдық еңбек шарты жатады. Жеке және ұжымдық еңбек шартына жеке тұлғалар мен ұжым қатысады. Бұлардың арасындағы қарым-қатынас келісім-шарттық негізінде құрылады, мысалға алатын болсақ, жұмысшы (қызметкер) еңбегі үшін шартта алдын ала келісілген жалақы алады немесе сол ұйымның тапқан пайдасының белгілі бір мөлшеріне ие болады. Еңбектік құқық қатынастарының өзіне тән мынадай белгілері болады: біріншіден, бұл қатынастар сол кәсіпорын, мекеме, ұйымның ішкі тәртібінің шегінде жүреді; екіншіден, бұл қатынастар тек қана жұмысшы (қызметкер) белгілі бір еңбек ұйымына кірген кезде ғана пайда болады; үшіншіден, жұмысшының (қызметкердің) еңбек ұжымына кіруі нақты заңды деректермен белгіленеді (жеке еңбек шартына тұрады, қызметкердің жұмысқа тұруы жөнінде бұйрыққа шығарылады); төртіншіден, еңбек қатынастары сол жұмысшының белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқаратынын, ал кәсіпорын әкімшілігі аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті жағдай жасауын міндетіне алғандығын білдіреді. Жеке еңбекке негізделген еңбек түрлері, яғни меншік иесінің еңбегі, суретші, ғалым, жазушылардың еңбегі еңбек құқығының нормаларымен реттелмейді. Алайда бұлар белгілі бір еңбек ұғымында қызмет істесе, онда олардың еңбегі еңбектік құқықтық қатынастарға жатады. Сонымен, еңбектік құқықтық қатынастар дегеніміз азамат бекітілген ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып, белгілі бір жұмысты атқару үшін еңбек ұжымына кірген кезде пайда болатын өндірістік қатынастардың бір түрі. Демек, еңбектік қатынастарға жалданып еңбек етуге байланысты қатынастардың барлығы және сондай қатынастар, солардан пайда болатын басқа да қатынастар болады.Жұмыс берушілер мен барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек қатнастарын реттейтін негізгі заң Қазақстан Республикасының «Еңбек кодксі»(15.05.2007 ж.)




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 290 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав