Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кез-келген экономикалық жүйенің жалпы сипаты

Читайте также:
  1. C. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша І курс студенттеріне арналған дифференциальды сынақтың тест сұрақтары.
  2. E.Макроэкономикалық саясат белсенді
  3. I. Жалпы ережелер
  4. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
  5. Айсысы экономикалық теорияның пәні болып табылады?
  6. АНАТОМИЯ-2 ПӘНІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
  7. бөлім. Макроэкономикалық реттеу
  8. Бөлім. Халықаралық экономикалық байланыстарға транспорттық қызмет көрсету.
  9. Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары
  10. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
Өндіргіш күштер
Табиғи: табиғи ресурстар, адамдардың мүмкіншіліктері Қоғамдық: өндіріс құралдары, еңбек бөлінісі. Жалпы: ғылым, білім, мәдениет, т.б.
Өндірістік қатынастар
    әлеуметтік-экономикалық   ұйымдық – экономикалық (тәжірибе алмасу, маркетинг, менеджмент)     техника-экономикалық
Ресурстар:   табиғи, еңбек, қаржылық, ақпараттық. Қоғамдық еңбек бөлінісі:   өнімді шығарумен байланысты өндірістің мамандануы. Еңбек процесі мен элементтері:   еңбек, еңбек заты, еңбек құралы.
Өндірістік мүмкіншіліктер: шектеулі ресурстарды таңдау. Нәтижелер: өнім, қызмет. Тиімділік: нәтиже мен шығындардың ара қатынасы.

 

Экономикалық жүйенің сипатты белгілері:

1) Экономикалық жүйені құраушы бөлшектердің біртұтастылығы.

2)Экономикалық жүйедегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалды-заттай бір-біріне тәуелділігі.

3) Экономикалық жүйе құрылымының күрделілігі. Экономикалық жүйенің әрбір элементі өзінше ішкі жүйені қалыптастырады. Мысалы, қазіргі өндіріс екі ішкі жүйеден: материалдық және материалдық емес өндіріс сфераларынан құралған.

Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіншіліктері пайдаланылатын ресурстардың сиректігіне байланысты шектеледі. Сондықтан қоғамның алдында таңдау мәселесі туындайды. Яғни, сирек кездесетін қымбат ресурстардың орнына жеткілікті әрі арзан ресурстарды пайдаланып, аз шығынмен көп пайдалылық алатын тиімді жүйені таңдау.

Экономикалық жүйеде қызмет ететін шаруашылық субъектісі өз таңдауын жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарға ие болуы тиіс және не өндіру? қалай өндіру? кім үшін өндіру? керек деген экономиканың үш негізгі міндеттерін шешуге ұмтылады. Шаруашылық өмірдің бұл міндеттерін шешу тәсілін кез-келген қоғамға тән ақпараттық жүйе анықтайды. Шаруашылық іс-әрекетте әрбір субъектінің өз жоспары, талғамы, артықшылық беруі және өндіріс әдістері туралы көзқарастары болатындықтан, таңдауды үйлестіруді кім және қалай жүзеге асырады деген сұрақ туындайды.

Экономикалық теорияда үйлестірудің екі түрлі тәсілі қарастырылады: ішкі немесе табиғи тәртіп және сатылы тәртіп (иерархия).

1. Табиғи тәртіп бойынша қажетті ақпараттар баға арқылы алынады. Ресурстар мен өндірілген игіліктердің бағалары шаруашылық субъектілеріне қай бағытта әрекет ету қажеттігін көрсетеді. Яғни, не, қалай, кім үшін өндіру керектігін анықтайды.

Рыноктық қатынастардың шекарасы ұлғайған сайын, көптеген шаруашылық субъектілерінің ресурстар, шығындар, пайда көлемі туралы толық ақпарат алуы қиындайды, өйткені ресурстар, талғамдар және тұтынушылардың артықшылықтары туралы ақпараттар шашыраңқы болады. Мұндай жағдайда баға мен балама шығындардың өзгерісі адамдардың экономикалық таңдауын үйлестіреді.

2. Ақпарат алудың екінші тәсілі - орталықтан орындаушыға (өндірушіге) бұйрық, тапсырма түрінде жоғарыдан төмен қарай берілетін сатылы тәртіп (иерархиялық) жүйе. Бұл жүйеде шаруашылық субъектілерінің ақпараттар алуы, қызмет ету бағыттарын анықтауы дербес, еркін таңдау арқылы емес, биліктегі өкілетті органдардың шешімдері арқылы жүзеге асырылады. Сатылы тәртіп жүйесіне мысал ретінде, бұрынғы Кеңес елдеріндегі мемлекеттік жоспардың (қандай бағада не, қалай өндіру, ресурстарды қайда бөлу) бұйрықпен орындалғанын айтуға болады.

Экономикалық жүйе келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты:

- дәстүрлі экономикалық жүйе.

-орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық).

- рыноктық экономикалық жүйе.

- аралас экономикалық жүйе.

2. Өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде экономикалық жүйе:

-дәстүрлі - қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді. Өндіріс әдісі, көзқарастар, мәдениет, қоғамдық нормалар және т.б. ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалып отырады.

-либералды - қоғамның дамуының тиімділігіне жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ (қазіргі индустриалды қоғам).

- аралас - бірінші және екінші тұрпаттың элементтерінен құралады.

3. Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты:

- жабық экономикалық жүйе - шаруашылық іс-әрекеттер белгілі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырылады (натуралды шаруашылық).

-ашық экономикалық жүйе - басқа елдердің өндірістік бірліктерімен экономикалық байланыстар үнемі ұлғайып отырады (рыноктық шаруашылық).




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 203 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.017 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав