Читайте также:
|
|
Қазақстан Республикасында рыноктық экономика жүйесі жедел жаңаруда. Осыған байланысты дамыған елдерде қолданылатын моделдердің ерекшеліктері мен тиімді жақтарын зерттеу маңызды. Кез-келген экономикалық жүйе мен оның даму бағыттары мына жағдайларға тәуелді:
- географиялық.
- табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуіне.
- тарихи даму шарттарына.
- елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүріне.
- өндіргіш күштердің дамуына.
- қоғамның әлеуметтік ортасына.
Барлық рыноктық моделдерге тән ортақ белгілер:
-меншік нысандарының көптеген түрлерінің болуы.
-бағаның еркін қалыптасуы.
-еркін бәсекенің дамыған жүйесі.
-дамыған кәсіпкерлік қызмет.
-экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің болуы.
Қазіргі әлемдік экономикада рыноктық экономиканың 7 моделін ерекше бөліп қарастырады.
1. Американдық модель немесе либералды модель. Оның ерекшеліктері: 1) мемлекеттік меншіктің үлесі аз. 2) экономикадағы мемлекеттің реттеуші рөлі төмен. 3) ірі бизнестің жан-жақты дамуы. 4) бай мен кедей адамдардың өмір сүру деңгейіндегі үлкен алшақтық. 5) жалақы мөлшеріндегі үлкен алшақтық. 6) кедей халық топтарының өмір сүру жағдайларының орташа болуы.
2. Жапондық модель. Жапондық модельдің ерекшеліктері: 1) ұлттық экономиканың негізгі даму бағыттарына мемлекеттік араласудың деңгейі жоғары. 2) экономиканы тұрақтандыру мен тиімділігін жоғарылату үшін 30 жылға арналған стратегиялық жоспар, қорғаныс күштерін дамыту және күшейту үшін 5 жылдық жоспар қолданылады. 3) фирмаларда өмір бойы жұмысқа қабылдау кеңінен тараған. 4) ортақ мүдделерге сай бірігу, басқару мен шешім қабылдауға жұмысшыларды қатыстыру механизмдері іске қосылған. 5) жалақы деңгейіндегі айырмашылық шамалы. 6) модель әлеуметтік бағытталған. Мемлекет әлеуметік теңсіздікпен күрес жүргізеді, жұмыссыздардың, зейнеткерлердің, еңбекке жарамсыз азаматтардың әлеуметтік құқықтарының қорғалуын қадағалайды. 7) жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті корпорациялар мен бірлестіктерге де жүктелінген.
3. Неміс моделі. Ол өзінің әлеуметтік-экономикалық мазмұны бойынша жапон моделіне жақын. Әлеуметтік рыноктық экономиканың немістік моделінің негізін салушы, басты идеологы Людвиг Эрхард.
Неміс моделінің ерекшеліктері: 1) мемлекеттің экономикаға әсері үлкен, әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде оның орны ерекше. Германиядағы әлеуметтік міндеттемелердің елеулі бөлігін мемлекет өз мойнына алады: тегін медицина, білім беру және т.б. 2) XX ғасырдың 70 жылдары Германия ең алғашқылардың бірі болып негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді таргеттеу (жоспарлау) қағидасын енгізді. Әлеуметтік әріптестік қағидасы жүзеге асырылды. Ол бойынша кәсіпорын жұмысшылары меншік иесінің тең құқықты әріптесі болып табылады.
4. Швед моделі. Кейде швед моделін социализмнің екінші үлгісі деп те атайды. Швед елі өмір сүру деңгейі мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің жоғарылығымен ерекшеленеді. Мемлект экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен табыстарды қайта бөлуде белсенді қызмет етеді. Бұл модельдің ерекшеліктері: 1) әлеуметтік бағытталған рыноктық экономика. 2) мүлік теңсіздігі өте төмен. 3) халықтың қорғансыз топтарына көмек жоғары.
5. Француз моделі. Модель американдық және неміс экономикасының ерекшеліктерін қамтиды. Мұнда мемлекеттің реттеуші рөлі жоғары. Францияда 1947 жылдан бастап 5 жылдық индикативті жоспарлау жүзеге аса бастады. Мелекеттік жоспарлаудың ерекше үлгісі ретінде франциялық жүйе нәтижелі болып табылады. Модельдің өзіне тән ерекшелігі: 1) халық шаруашылығында мемлекеттік кәсіпкерліктің үлесі ауқымды. 2) капиталдың қорлану процесіне мемлекеттің кеңінен араласуы.
6. Оңтүстік Кореялық модель. Оңтүстік Корея өз экономикасын дамыту процесінде осы модельді қолдану арқылы қысқа мерзім ішінде экономикасы нашар елден индустриалды дамыған елге айналды. Модельдің ерекшелігі: мемлекеттің экономиканы реттеуші рөлі басым. Ол келесі тетіктер арқылы жүзеге асырылады: 1) экономикалық дамуды жоспарлау. Бес жылдық жоспарларды қабылдау, ірі инвестициялық жобаларды қолдау, оларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландыру. 2) ұзақ уақыт бойы қаржы-несиелік сферада мемлекеттің монополиялық үстемдігі. 80 жылдардан кейін ғана жеке банктік - несиелік институттар пайда болды. Мұндай саясат қаржы-валюта ресурстарын бір орталыққы шоғырландырып, оларды басымды салаларға тиімді жұмсауға мүмкіндік берді. 3) отандық өндірушілерді қолдау мақсатында экспорттық операцияларды ынталандыру, импортты шектеу. Экономиканы сауықтырғаннан соң әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылды. Бағаны тұрақтандыру қорлары құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылды.
7. Қытай моделі. Қытай экономикасын реформалау ауыл шаруашылығынан басталды. Шаруашылық жүргізу жүйесін өзгерту үшін шаруа қожалықтары отбасы деңгейінде құрылды. Жер 15-30 жылға жалға берілді. Шаруа қожалықтары өндірген өнімнің бір бөлігі салық, екінші бөлігі жергілікті билік органдарының қорына берілді, қалғаны мемлекетке жоғары бағамен немесе рынокта сатылды.
Шағын шаруашылықтың қаржылық, техникалық, технологиялық мүмкіншіліктері төмен болғандықтан, шаруа қожалықтарын кооперациялардың әртүрлі нысандарына біріктіру жүзеге асырылды.
Қытай елі экономиканы дамытудың моделін таңдауда Венгрия мен Чехословакияда нұсқалары қолданылған “аралас моделді” дайындап шығарды. Модель бойынша рыноктық механизм мемлекеттік реттеу арқылы қызмет етеді. Мемлекеттік реттеу экономиканы жоспарлы басқаруға, мемлекет, кәсіпорын, жұмысшы араларындағы үш жақты мүдделердің үйлесімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Орталықтандырылған жоспарлы экономикадан “Социалистік жоспарланған тауарлы” экономика моделіне көшу нәтижесінде тауар өндірушілер арасындағы байланыс тауар-ақша қатынастарын дамытуға жағдай жасады. Экономикадағы қоғамдық меншіктің рөлі жоғары болса да, ұжымдық, жеке меншіктегі кәсіпорындар жоспардан тыс өндірілген өнімдерді рынокта жоғары бағамен сатуға мүмкіндігі бар. Соңғы кездері әлемде ең жоғары экономикалық өсуге қол жеткізген елдердің бірі -Қытай.
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 249 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |