Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ОҒАМ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАР

Читайте также:
  1. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  2. БҰДСЖ негізгі принциптері
  3. ББК төрағасы Негізгі пәндер департаментінің директоры
  4. ДӘРІС. ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
  5. Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.
  6. Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.
  7. Дәріс. Негізгі дидактикалық қағидаларды қазақ тілі сабағында іске асыру
  8. Еңбек ақы төлеудің нысандары мен негізгі жүйелері.
  9. Еңбекке ақы төлеудің негізгі нысандары
  10. Жаңа менеджеризм» дегеніміз B) қазіргі заманғы еңбектеріне сай ҒТП дамуына ыңғайлау

Қоғамдық-экономикалық формация тарихи материализмнің негізгі категориясы. Оның күрделі жүйеленген сатылы (иерархиялық) құрылымы бар. Қоғамдық-экономикалық формацияның қүрылымдық элементтері - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.

Дамудың белгілі бір деңгейіндегі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қозғалысының біртұтастығы мен әрекеттесуі өндіріс әдісін құрайды. Өндірістік қатынастардың жүйесі базис ретінде көрінеді, оның үстіне қондырма бой көтереді. Қондырма - саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық, жанұялық және басқа қоғамдық қатынастар мен институттар жиынтығын сипаттайды. Қоғамдық-экономикалық формация - өндіріс әдісі мен қондырманың өзара бірлесіп, әрекеттесуінің нәтижесі. Адамзат дамуының табиғи-тарихи жолы қоғамдық-экономикалық формацияның жүйелі ауысуын көрсетеді. Оларға: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік қоғамдық-экономикалық формациялар жатады.

Материалистік диалектика қоғамның экономикалық дамуын зерттеудің методологиялық негізі Бұл теория дамудың қайнар көзі мен қозғаушы күші деп объективті қайшылықтарды, қарама-қарсы жақтардың күресін алып қарайды. Формациялық теорияның негізгі жағдайлары: 1) қоғамдық-экономикалық формациялар біртіндеп табиғи-тарихи процесс ретінде орын ауыстырады. 2) материалдық өмірдің рухани өмірмен салыстырғанда рөлі жоғары. 3) өндірістік қатынастар қоғамның базисі, ал қондырма базистен туынды сипат алады. 4) таптар тарихтың түлғасы және қоғамның негізі, ал таптық күрес – таптардың өзара қатынастарының негізгі нысаны.

Қоғамдық-экономикалық формация теориясы қазіргі заманғы, тіптен бұрынғы тарихи кезеңдердегі көптеген құбылыстар мен процестерді толық түсіндіре алмайды. Олардың ішінде: батыс елдерінің революциялық емес, эволюциялық сипатта дамуы, дамыған аймақтармен қатар, артта қалған аймақтарда стагнацияның болуы, көптеген елдердің тарихи дамуында белгілі бір сатылардың болмауы, таптық қайшылықтағы мүдделердің маңызының темендеуі, ғылыми-техникалық прогресті дамытуда субъективті (адамдық) фактордың рөлінің өсуі, салт-дәстүрлер, дін, ұлттық психологияның ерекшеліктері, олардың материалдық өндірістік қатынастан тәуелсіздігі.

Қазіргі даму көздері туралы ғылыми көзқарастар бойынша жүйенің жоғары деңгейдегі өсуі ұйымдастыру мен жүйенің біртұтастығы арқылы жүзеге асады. Ал жүйедегі қарама-қайшылық оның тиімді дамуы үшін кедергі болып табылады. Адам мен табиғат арасындағы қайшылық жоқ, олардың арасындағы қатынастарды үйлестіруге қабілетті ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру дамуға жағдай жасайды.

Артта қалған қоғамдық қатынастарды біртіндеп жетілдіруге, сондай-ақ даму диалектикасының әр елде әртүрлі болуына салт-дәстүрлер, мәдениет, дін, үлттық психология т.б. орыны ерекше. Сондықтан қоғамдағы өзгерістер ғана өндірістік қатынастардан озық дамып, олардың қалыптасуына жағдай жасайды. Мысалы, кәсіпкерліктің дамуына, М. Вебердің сөзімен айтқанда, "капитализм рухының" тууына протестанттық діннің әсері жоғары болды.

Материалдық өндіріс рөлінің төмендеуі, қызмет көрсету салаларының өсуі таптық мүдделердің маңызын темендетеді және жалпы адамгершілік мүдделер мен құндылықтарды бірінші кезекке шығарады.

Экономикалық, мәдени, саяси байланыстардың өрістеуі нәтижесінде экономикалық, әлеуметтік, саяси институттардың біртектілігі (гомогендігі) күшейіп, халықтардың мәдени, ұлттық және діни салалардағы өзіндік ерекшеліктерін сақтауға ұмтылысы артады.

Қоғамдық дамудың өркениеттік теориясындағы аса маңызды мәселелердің бірі -жүйені айқындаушы белгілерді анықтау. Адамзаттың негізгі мәселелерінің ғаламдық сипат алуы және өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктің күшеюі үйлесімділікке негізделген тәсілдерді қажет етеді. Өркениетті теория материалдық және рухани дамудың бірлігін, қағидалардың жалпылама және әмбебаптылығын мойындайды.

Қазіргі өркениет техногендік сипаттағы адамның қоғамдағы жаңа жағдайын, теңдікті қамтамасыз ету мен жеке іс-әрекеттің еркіндігін талап етеді. Соған қарамастан, рынок заңдарының ықпалымен бәсекелестік нәтижесінде теңсіздік пен тәуелділік көрініс алады. Бірақ, қоғамдық санадағы теңдік пен еркіндік қағидалары, институционалдық нысандар (құқықтық және саяси) мен қорғау шаралары қоғамдық өмірдің қағидаларын сақтауға мүмкіндік береді

Техногендік өркениеттің әлемдік экономиканың қарқынды дамуына қосқан үлесі жоғары болғанына қарамастан, XX ғасырдың 70-90 жылдары экономикалық өсудің шегі бар екені айқындала бастады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін экономикалық шығындарды үздіксіз арттыру және ол үшін қажет табиғи ресурстардың көлемін анықтау экологиялық дағдарыспен шектелетіндігі белгілі болды. Техногендік өркениеттің шеңберінде қоғамдық дамудың қозғаушы күшін құрайтын мақсаттар мен мотивтер өздерінің мән-мағынасын өзгертті. Ғаламдық мәселелерді шешудің қажеттігі адамдардың рыноктық іс-әрекетінің (тек пайда алу) мотивтерінің мәнін төмендетіп, осыған дейінгі техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамудың теріс салдарын жою үшін адамгершілік қағидаларды бірінші кезекке шығарды.

Экономикалық әрекеттердің әмбебап әрі өте тиімді әдісі ретінде рынок, қоғамды дамытуда жаңа факторлардың әсеріне бейімделуі тиіс. Бұл экономикалық субъект ретінде мемлекеттің реттеушілік рөлінің артуымен байланысты.

Қоғамдық шаруашылықты рыноктық ұйымдастырудың қажеттігіне қазіргі кезде күмән келтірушілер өте сирек.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 76 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав