Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ МОДЕЛЬДЕРІ : ЖОСПАРЛЫ, РЫНОКТЫҚ, АРАЛАС

Читайте также:
  1. A) Меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке іске біреудің араласпауын
  2. I БӨЛІМ. КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  3. II БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  4. АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ
  5. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ
  6. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ
  7. ОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМНЫҢ ОРНЫ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚАТЫНАС
  8. РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ МОДЕЛЬДЕРІ
  9. Тұрақты (орнықты) даму концепциясының модельдері
  10. ТАҚЫРЫП. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

 

Экономикалық жүйенің негізін құрайтын меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты оның келесідей модельдері болады:

1. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық).

2. Рыноктық экономикалық жүйе.

3. Аралас экономикалық жүйе.

1. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе мемлекеттік меншік үстемдік ететін жағдайда қызмет етеді және жеке меншік болмайды. Мемлекет жоғары деңгейдегі бұйрық беруші. Мұндай экономикалық жүйеде шешім қабылдау үшін қажет ақпараттар көлемі өте жоғары болғандықтан, экономиканы мемлекеттің басқаруы қымбатқа түседі әрі тиімсіз жақтары жеткілікті. Қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу, ағымдық және болашақ жоспарлар жасау, өзара салыстыру мен олардың орындалуын бақылау толық орындалмайды және кедергілер көп. Командалық-әкімшілік экономикалық жүйедегі қабылданған шешімдер экономикалық емес, жасанды әдіске айналады, себебі барлық өндірістік қорлар, ресурстар, жер, капитал мемлекеттің меншігінде қалады. Сондықтан максималды пайдалы әсер беретін әдісті қолдану мүмкін болмайды, өйткені мемлекеттік бюрократия экономикалық субъектілердің әрекет ету шекарасын бұйрықтар, белгілеулер арқылы шектеп отырады. Нәтижеде өндірістік процесте ескірген әдіс қолданылып, өндіріс факторлары тиімсіз жұмсалынады. Еңбек өнімділігінің төмендеуі салдарынан экономикалық жүйе тиімсіз құрылған болып шығады.

Жоспарлы экономикалық жүйе моделінің негізгі белгілері:

1) елдің материалдық байлығының 90%-ға жуығы қоғамның (мемлекеттің) меншігі болып табылады. Меншікті тиімсіз пайдалану ешкімге экономикалық және т.б. жауапкершілік жүктемейді. Ал тиімді пайдаланудың жүйелі механизмдері жоқ.

2) қоғамның барлық салалары орталықтан жоспарлау арқылы реттеледі. Бір нұсқада жасалатын жоспардың орындалуы міндетті (директивті жоспар) болып табылады.

3) өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау орталықтандырылған. Барлық ресурстар өндірушілерге бір орталықтан жоспар бойынша қатаң бөлініп беріледі (ресурстар қажет-қажет емес болса да).

4) экономикалық ынталандыру тек жалақы мен сый-ақы жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылады, бірақ оның өзі қатаң бақыланады. Еңбек ақы деңгейінде алшақтық жоқ және еңбек етуге мәжбүрлеу басым.

5) экономикалық тепе-теңдік қатаң экономикалық-құқықтық және заң шығарушылық шаралар қабылдау негізінде қамтамасыз етіледі.

6) экономикада тауарлардың тапшылығы орын алады.

7) қаржы-несие тетіктері (баға, пайыз, ақша массасы, несие) жаппай жоспардың орындалуына қызмет етеді. Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар рыногы мүлдем жоқ.

8) сыртқы саудада мемлекеттің ғана монополиялық билігі бар. Валютаны еркін айырбастауға тиым салынған және валюта бағамын мемлекет бекітеді.

9) шектеулердің көптігіне байланысты жүйеде көлеңкелі экономиканың үлесі жоғары.

10) коммунистік идеологияның үстемдік етуі.

2. Рынок қағидаларына құрылған экономикалық жүйе жеке меншіктің классикалық жаңартылған нысандарына негізделеді. Мұнда нақты экономикалық мүдделері бар өндірушілердің іс-әрекеттері мен еркін таңдауларына басты мән беріледі. Меншік объектілерін аса тиімді пайдалану кезінде әртүрлі кедергілер, өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттері мен таңдауларын шектеу болмайды. Жоғары пайда экономикалық жүйенің тиімді әрі үдемелі әдістерге негізделгенін, ал пайданың төмендеуі оның ескіргенін және жаңа өндіріс әдісін іздестіру қажеттігін сипаттайды. Яғни, өндірістік технологияны жаңартуды талап етеді.

Рыноктық экономиканың ерекше белгілері: 1) инвестициялық ресурстарға жеке меншік. 2) макроэкономикалық қызметті рыноктық механизм арқылы реттеу. 3) еркін бәсеке. 4) көптеген сатушылар мен сатып алушылардың болуы. 5) еркін кәсіпкерліктің дамуы.

Бұл экономикалық жүйедегі экономикалық дамудың іргелі міндеттері баға және рынок арқылы шешіледі. Бағаның төмен немесе жоғары деңгейі өндіру мен тұтынудың көрсеткіші іспеттес. Рыноктағы баға деңгейі мен динамикасын ескере отырып, өндірушілер мен тұтынушылар ресурстарды бөлуді дербес шеше алады. Жоғары пайда алу мақсатында кәсіпкерлер табиғи, еңбек, қаржы ресурстарын үнемді пайдаланады, өздерінің шығармашылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін жетілдіре түседі.

3. Аралас экономика туралы 100 жылдай бұрын А.Шефле, А. Вагнер еңбектерінде орын алды. Олардың пікірінше аралас экономиканың қалыптасуына жеке кәсіпкерлікке мемлекеттің араласуы негіз болған. Батыс экономистері аралас экономикаға «мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отыруы» деп анықтама берген.

XX ғасырдың 30-жылдары Дж. М. Кейнс мемлекеттік капитал салымдарын басқару жүйесінің қажеттігін негіздеп, аралас экономика теориясының дамуына өз үлесін қосты.

Дж. Гэлбрейт «Экономикалық қоғамның бет әлпетін идеологиялық символдар емес, өндірісті ұйымдастыру мен озық үлгідегі техника-технологиялар анықтайды. Сондықтан жоспарлау тек әкімшілік-командалық жүйемен ғана байланысты емес», - деп тұжырымдайды.

Ал қазіргі кездегі экономикалық мүдделердің күрделілігі мен қайшылықта дамуы, оларды шешудегі балама нұсқаларды табу, өндірісті әртараптандыру мен жоғары технологияны пайдалану мүмкіншіліктерін анықтау аралас экономика теориясының өзекті мәселелеріне айналған.

Аралас экономика жоспарлы экономикалық жүйенің рыноктық экономикалық жүйеге ауысуымен байланысты емес. Қазақстанда аралас экономика мен өтпелі экономика кезеңдері тұспа-тұс келген болатын. Ал дамыған елдерде аралас экономика объективті экономикалық құбылыс ретінде Кеңес дәуірінен бұрын да өмір сүрді.

Қазіргі аралас экономикалы елдерде мемлекеттің рөлі арта түсуде. Бұл ұлттық және әлемдік қауымдастық үшін негізгі кепілдіктерді қамтамасыз етумен байланысты болып отыр. Олардың ішінде:

- халықтың экономикалық жағдайын тұрақтандыру.

- табыстарды ұлғайту және сақтау мүмкіншіліктерін қалыптастыру.

- көлеңкелі экономиканы заңдастыру.

- жергілікті және мемлекеттік шенеуніктердің билігінің шегін анықтау.

- елдегі қауіпсіздік пен әлеуметтік мәселелерді шешу.

Аралас экономикалық жүйе рынок пен жоспарлаудың артықшылықтарын үйлестіру негізінде қалыптасқан. Мұндай экономиканың тұрпаты мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуын шектейді, бәсекелік ортаны ынталандырады, монополияны реттейді және әлеуметтік қорғау механизмдерінің жүзеге асуына жағдай жасайды.

Аралас экономиканың сипатты белгілері:

1) мемлекеттік меншіктің болуы. Ол экономиканың дамуында тұрақтандырушы рөл атқарады. Жеке сектор жүзеге асыра алмайтын салаларда (темір жол, космосты игеру, атом энергетикасы, т.б.) қызмет етеді.

2) меншіктің көптүрлілігі. Бәсекелік ортаның күшеюіне әсері мол.

3) экономика рыноктық және жоспарлы тетіктер арқылы реттеледі.

4) макро-микроэкономикалық деңгейде экономикалық процестердің ұйымдастырушылық және басқарушылық рөлі басым.

5) жеке кәсіпорындардың ірі әртараптандырылған фирмаларға өзгеруі.

Мемлекет рыноктағы экономикалық субъектілердің пайда табуға бағытталған іс-әрекеттерінің теріс жақтарын болдырмау шараларын ұйымдастыру, бақылау механизмін жүзеге асырады. Яғни, бай мен кедей халық топтарының араларындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси алшақтықты төмендетуге, ұлттық қауіпсіздікті сақтауға, экологиялық мәселелерді шешуге, үкіметке деген сенімді жоғарылатуға қызмет етеді. Басқаша айтқанда, мемлекет халық шаруашылығын жүргізуші субъектілер арасындағы мүдделер үйлесімділігін қамтамасыз ететін, ойын ережесін бекітуші және қадағалаушы рөл атқарады. Әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикада іс-әрекеттердің еркіндігін тәртіпке келтіру мен реттеу әлеуметтік үйлесімділік пен тұрақтылыққа жетуге бағытталған. Сондықтан, аралас экономикалы елдер экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында рыноктық механизмнің теріс салдарын жоюға бағытталған бағдарламаларды жиі қолданады. Аралас экономиканың ерекшелігі - оған енетін элементтердің гетерогендігі, яғни көптүрлі болуы.

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 219 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав