Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Читайте также:
  1. I БӨЛІМ. КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  2. II БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  3. АҚШАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
  4. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ
  5. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТЕОРИЯЛАРЫ
  6. РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ МОДЕЛЬДЕРІ
  7. ТАҚЫРЫП. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
  8. ТАҚЫРЫП. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
  9. ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
  10. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

Бұл тақырып жалпы экономикалық теория құрылымында ерекше орын алады, себебі ол осы зерттеліп отырған курсқа өзіндік әдістемелік кіріспе болып табылады.

Экономикалық ой-пікірлер негізінен ежелгі дүниеден бастау алады. Ежелгі Египет, Қытай, Үндістан, Грекия ойшылдары мен философтарының еңбектерінде экономиканың жекелеген құбылыстары мен процестері қарастырылған. Мәселен, Ксенофонттың (430-355ж.ж.) «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері экономика ғылымына бастау берді. Оның зерттеулерінде экономика бірнеше салаға: ауыл шаруашылығына, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырылған. Платон (427-347ж.ж.) еңбек бөлінісі туралы, еңбекке мамандану мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген. Аристотель «Саясат» және «Этика» трактаттарында ең алғаш рет экономикалық процестерді, құбылыстарды қарастырады. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны болып табылады, яғни ол арқылы байлықты өсіруге болады. Ол байлық ретінде осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынын қарастырды. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін түсінген.

Бірақ ежелгі дүние ойшылдары экономика туралы ілімді толық бір жүйеге келтіре алмады және де экономикалық құбылыстарды жалпы қоғамдық процестерден бөліп қарастырмады.

Сонымен, экономикалық теория шаруашылықты жүргізу туралы қолданбалы ғылым ретінде құл иеленушілік кезден бастап қалыптасты. Бірақ ол XVI-XVIII ғ.ғ. ғана саяси экономия (грек тілінен аударғанда политейя- қоғам, ойкос- үй, шаруашылық, номос- заң) деген атқа ие болды. Саяси экономия – бұл қоғамдық шаруашылықтың қызмет етуінің заңдылықтары туралы ғылым.

Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы— меркантилизм мектебі. Ол итальян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұғымын береді. Бұл мектеп өкілдерінің алға қойған мәселесі- мемлекет байлығының қалыптасу көздері мен нысанын анықтау. Қоғамдық байлықтың негізгі нысаны- ақша, алтын, ал оның пайда болу көзі- сауда деп білді. Меркантилистердің көзқарасы бойынша тауарларды шет елден арзанға сатып алып, мейлінше қымбатқа сату арқылы елдегі алтын ақша қорын молайтуға болады. Алтын ақша неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғамның байлығы да мол болады. Бұл экономикалық ойдың кемшілігі- сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын артыратын күш бола алмайды, себебі айырбас саласында тек қана құн нысаны ауысады, байлық бөлінеді, басқаша айтқанда, тауар бір қолдан екінші қолға өткенде, ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.

Меркантилистік мектептің осы кемшілігін келесі бір мектеп- физиократтар (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлық саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек ауыл шаруашылығында жасалады. Мектептің негізін қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго және т.б. Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндірістік процесі көрсетіледі.

Бірақ, олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі және халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болды. Оны классикалық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди сынға алды. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық саяси экономияның басты табысы құнның еңбек теориясының негізін қалады.

Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап, көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Құнның еңбектік теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты. Олардың бірі – маржинализм (французша marginal-шекті) мектебі. Олардыңортаға салған мәселесі- шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамды субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Яғни, кез-келген адам игіліктің құндылығын өзі субъективті түрде анықтайды, оның пайдалылығына қарай бағасын орнатады. Осы мектептің өкілдері — К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір-жаңа бағыты "неоклассикалық" бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842—1924). Оның басты еңбегі "Эко­номика ғылымының қағидалары" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторларының саны өскен сайын, оның өнімділігі кемиді. Сөйтіп, XIX—XX ғасырларда экономика ғылымын математикалық әдіс-тәсілдер арқылы зерттеуге негізделген мектеп пайда болды. Бұл бағыттың негізін салушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.

Экономика ғылымында «laissez faire» қағидасын ұстанушы экономистердің де алатын орны ерекше. Олар Август Фридрих фон Хайек және Людвиг фон Мизес және т.б. Бұл ғалымдар өздерінің бүкіл шығармашылық өмірінде экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікірді ұстанған. Ал XX ғ. басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыс рыноктық механизм арқылы экономиканы дағдарысты жағдайдан алып шығу мүмкін емес екендігі дәлелденді. Осы «Ұлы дағдарыс» кезеңінен бастап экономиканы қалыпқа келтіру мақсатындағы көптеген бағыттар өз зерттеулерін ұсынды. Солардың бірі кейнсиандық бағыт. Оның негізін қалаған ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс. Оның «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегі бар. Осы еңбегінде Дж. М. Кейнс экономиканы дағдарысты жағдайдан шығару үшін макроэкономикалық құралдарды, тиімді сұраныс қағидасын қолданып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.

 

Ізденіс сұрақтары:

1. Жүйелі ғылым ретінде қалыптасқан экономикалық теория қандай негізгі кезеңдерден тұрады?

2. Маржиналистік бағыттың зер салып, қарастырған мәселелері қандай?

3. Меркантилистік мектептің кемшілігі неде?

4. Физиократтардың негізін қалаушы кім және олардың алға қойған мәселесінің мәні неде?

5. Экономика ғылымының басқа ғылымдармен өзара байланысы қандай?

6. Кейнсиандық және неокейнсиандық бағыттардың бір-бірінен өзгешелігі неде?

7. Қазіргі экономикалық теория қандай бағыттарға бөлінеді?




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 79 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав