Читайте также: |
|
Лямблиоз қоздырғышы -ауыз нәжіс механизмі арқылы берілетін, қарапайымдылар тудыратын антропоноздық ауру,ішек жұмысының бұзылуымен,латенттік паразит тасымалдаушылықпен сипатталады. Лямблиоз – қарапайым бір жасушалы ағзалар – лямблия тудыратын паразиттік ауру.
Этиололгиясы. Қоздырғышы -Lamblia intestinalis.Лямблияларды ең бірінші орыс ғалымы Д.Ф.Лямбль (1859)сипаттады. Паразит талшықтылар класына кіреді,вегетативтік түрінде өмір сүреді және циста түзетін қабілеті бар.
Лямблиялардың морфологиялық ерекшеліктері
Өлшемдері 10-18 мкм.Денесі алмұрт тәріздес,оң және сол бөліктерге бөлінген.Барлық органоидтары мен ядролары жұпты.Ядроларының арасында екі тіректі жіпшелер жатады.Денесінің ортасында жарты ай пішінді парабазалды ядросы бар.Вентралды деп аталатын жағында сорғыш дискісі бар,онымен иесінің шырышты қабатына жабысады.Төрт жұп талшықтары бар.Қореқтенуі осмостық.Лямблиялар циста түзе алады,олар нәжіспен сыртқа шығып,қоршаған ортаға тарайды.
Лямблиялардың тіршілік циклі.
Трофозоидтар аш ішектің жоғарғы бөліктерінде тіршілік етеді.Сорғыш дөңгелегінің көмегімен ішек эпителиінің түктеріне жабысады.Өт жолдарында өттің әсерінен тез өледі.Вегетативтік түрлері нәжіспен бөлінбейді,бірақ диарея болса оларды жаңа бөлінген нәжістен табуға болады. Вегетативтік түрлері ішектің төменгі бөліктеріне түсіп цисталарға айналады.Оған ішектің осы бөліктеріндегі қолайсыз жағдайлар көмектеседі.Цисталар нәжістермен қоршаған ортаға шығады. Онда олар ылғалдылықпен температураға байланысты бір айға дейін жақсы сақталады.Құрғақтық цисталардың жойылуына әкеледі.Адамның залалдануы ластанған қол,ойыншықтар,тағам мен су арқылы іске асады.Олар арқылы ішекке түскен цисталар вегетативтік түрлерге айналады,бір циста 2 вегететивтік түр құрайды.
Соңғы уақытта лямблиоз аурушаңдығының өсуі байқалады. Республика бойынша аурушаңдық біздің облыста аса жоғары деңгейде, тек 2013 жылдың өзінде 1000-нан астам жағдай тіркелді. Аурушаңдық жиі ешбір симптомсыз өтетіндіктен қауіпті болып келеді, бірақ адамның иммундық жүйесін әлсіретеді. Инкубациялық кезең 1 аптадан 3 аптаға дейін созылады.
Сипаттық белгілері: оң жақ қабырға астының және кіндіктің жоғарғы тұсының ауруы, өт қабы нүктелерінің ауруы, іштің кебуі, қорылдауы, асқазан-ішек трактысының бұзылуы – іштің қатуы мен өтуінің алмасуы, нәжісте қорытылмаған ас бөлшектерінің болуы. Сырқаттар әлсіздікті, шаршағандықты, тәбеттің түсуін сезеді. Ауруды жиі ішек жұқпасымен шатастырады. Бірақ лямблиоз кезінде дене қызуы жоғарыламайды, терінің қышуы, ұсақ дақты бөртпе болуы мүмкін. Лямблиозбен сырқаттанғаннан кейін, әсіресе дұрыс тамақтанбаудың салдарынан (түрлі фастфудтар, шамадан тыс тамақтану) ішектің қалыпты микрофлорасы бұзылады, пайдалы микробтардың мөлшері азаяды және стафилококк, саңырауқұлақ пайда болады.
Лямблиоздың жұғу жолдары кез-келген ішек жұқпасы кезінде сияқты қатынастық-тұрмыстық, су және тамақ арқылы жұғады. Тұрғын үйді, ұйымдастырылған балалар ұжымын ұстаудың санитариялық-гигиеналық режимдерін сақтамаған жағдайда қатынастық-тұрмыстық таралу жолы кездеседі. Табиғи су көздерінен, құбыр суынан сүзбесіз қайнамаған суды пайдалану кезінде су арқылы жұғады. Лямблиоз бармағын соратын, тырнағын кеміретін, аузына бөгде заттарды – ойыншық, қарандаш салатын балаларда жиі кездеседі.
Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 213 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |