Читайте также:
|
|
Психологияның басқа ғылымдар жүйесiндегi орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкiндктерiн жəне керiсiнше, психология олардың нəтижелерiн өзiне қалай қолданатынын жете түсiнуге болады. Əр түрлi тарихи дəуiрлердегi ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным бiлiмдерiнiң даму деңгейi мен сараптау схемасынан келiп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бiрде бiр бiлiм саласы ғылымдар жүйесiндегi өз орнын психология сияқты жиi өзгертiп тұрған емес.
Қазiргi күнде академик Б. М. Кедров ұсынған сарап əдiсi қабылданған. Бұл əдiс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негiзделген. Ұсынылған схема — шыңдарына жаратылыстану, əлеуметтiк жəне философиялық ғылымдар қонақтаған — үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негiзгi тобының мұндай орналасуы олардың пəнi мен əдiстерiнiң психология пəнi мен əдiстерiне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған мiндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының бiрiне бұрып отырады.
Психологияның жалпы ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi қызметi — зерттеу объектi адам болған барша ғылым салаларының жетiстктері eiрiктiрiп, байланыстыру.
Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенiң адам миында қалай бейнеленетiнi, осыған орай оның əрекеттерi қалай реттелетiнi, психикалық қызметтiң дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттерi қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесi екенi белгiлi, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмiр шарттары мен қызметiне тəуелдiлiгiн тануға бағытталуы тиiс. Сонымен бiрге, адамдардың əрқандай iс-əрекетi барлық уақытта адам өмiрiн объектив жағдайларымен байланысып қалмастан, оның субъектив мезеттерiмен де қатынаста болады. Ғылыми психология барша психикалық құбылыстардың (қаншама күрделi болмасын) материалдық негiзi бас миы қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесi болатындығына арқа сүйей отырып, субъектив жəне объектив жағдайлардың өзара ықпалды болатынын шынайы заңдылықты дəлелдеуге негiздеп бере алады. Осы байланыстардың түзiлуi жəне олардың қызметтес болуынан психикалық құбылыстар адам iс-əрекетiне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз əсерiн тигiзедi.
Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмiрi мен əрекетiнiң объектив жағдайларына тəуелдi заңдылықтарын аша отырып, психология осы əсерлердiң мидағы бейнелену механизмдерiн де айқындайды. Осыған орай, психология физиологиямен, дəлiрек айтсақ, жоғары жүйке қызметi физиологиясымен өте жақын байланыста болуы сөзсiз.
Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХIХ ғ. Басталған жаратылыстану ғылымдарымен бiрлкте зерттелуi үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстың нəтижесiнде психологияға экспериментальдық əдiс ендi, рефлекторлық теория ашылды.Қазiргi заман психология проблемаларының зерттелуiне Ч. Дарвиннiң эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигiзiп, тiршiлiк иелерiнiң құбылмалы орта жағдайларына икемделудегi психиканың рөлiн анықтауға, жоғары психикалық əрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсiнуге мүмкiндк бердi.
Адамның психикалық iс -əрекеттер негiзгi формалары қоғамдық тарих шарттарына орай туындап, дəстүрлi объектив iс-рекет жағдайында өрiсiн тауып, еңбекке, еңбек құралдары мен тiлдi қолдануға байланысты қалыптасады. Келтрiлген пiкiрлер психологияның қоғамдық ғылымдармен болған байланысының маңыздылығын дəлелдеп тұр. Егер жануар қылық-əрекетнi қалыптасуы тiршiлiктің биологиялық жағдайларына түбегейлi тəуелдi болса, адам қылығының қалыптасуы қоғамдық тарих шарттарымен ажырамас байланыста. Ең алдымен психикалық əрекетқылықтық адамға тəн ерекшелктерiн зерттейтн психология ғылымы қоғамның негiзгi заңдарын қорытушы əлеуметтiк ғылымдар деректерiн сiз бiр қадамда iгерiлей алмайды. Адамның психикалық əрекетне арқау болатын қоғамдық шарттарды зейiндiлкпен көре бiлу психологияның берк ғылыми тұғырға орнығуына мүмкiндк бередi.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 127 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |