Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дербес экономикасы

Читайте также:
  1. Кәсіпорын экономикасы» пәнінен емтихан сұрақтары

4. Ұлттық валютасы

5. Өзін қорғайтын армиясы

6. Егемендігі

Сон қатар әр мемл өзін айқындайтын нышындары/символдары болуы тиіс (ту,әнұран,елтаңба).

Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.

22. Г.Гегель еңбектеріндегі «мемлекет пен азаматтық қоғам» концепциясының ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз.

Г.Гегель еңбектеріндегі мемлекет пен азаматтық қоғам. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің орнауы барысында өзара әрекет ететін біруақытты процесс. Бұл өзара әрекеттің сипатын түсіну үшін мемлекет пен қоғам бірлікте бола отырып қарама қарсы талаптар екендігін және олардың арасында бірде ашық бірде құпия қақтығыстар болып тұратындығын ескеру қажет. Азаматтық қоғам мемлекет пен оның құрылымдарының шеңберінен тыс. Мемлекеттің шынайы негізін құрайтын қоғамдық қатынастардың (экономикалық, әлеуметтік, рухани адамгершілік, отбасылық және т.б.) бар жиынтығын қамтиды. Азаматтық қоғам институттарына отбасы, мектеп, мешіт, шіркеу,кәсіптік және т.б. ассоциациялар, ұйымдар жатады. Гегель бойынша азаматтық қоғам қазіргі дүниенің тарихи пайда болған және әлеуметік жіктелумен институализацияның дамыған формасына қол жеткізген феномені мұндай түсінікке келісер болсақ азаматтық қоғам жеке мүдделердің әлемі, партикуляры мүдделер мен индивидуализмнің патшалығы. Азаматтық қоғам көп түрлілікті жүзеге асырады. Азаматтық қоғам тұғырнамасын жасаған Гегель. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлер кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол биліктің, адамгершіліктің иесі деп жазды. Кейінірек елеулі үлес қосқандар Гоббс,Ш. Монтескье, Ж.Жак Руссо, Т.Мэйн болды, бірақта азаматық қоға мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканың әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.

Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасқан әлеуметтік экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте көп шек қойылады. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, коперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби шығармашылық, этникалық және т.б. бірлестіктер жатады) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі олардың әдет ғұрпы кіреді. Азаматтық қоғам негізгі сан түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшелерінің нақтылы меншіктегі болады және оны өз қалауына сай пайдалана аладыСондықтан мұнда белседі іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Олар мемлекет тапапынан қатаң тәртіптен алынудан сенімді түрде қорғалады.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамдар жалпыаралық дәрежеге танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтарды жүзеге асырылады: Ұлттық-этникалық, саяси,діни жастық, жыныстық белгілері бойынша қандайда болсын алалаушылыққа жол берілмейді.

Жек тұлға мен азаматтық абырой болып саналатын пәтер-үйі мен мүлкі, тұратын мекенін анықтау, сөз құпиялығы, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады.

Адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді.

Азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.

Азаматтық қоғам материялдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналды. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты.

23. Саясаттанудағы саяси идеологиялардың танымал типтеріне, классификацияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

«Идеология» деген ұғым гректің идея-бейне және логос-білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашы А. Дестют де Траси (1754-1836ж) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндіреді. Кейін келе бұл сөздің мазмұны өзгерді, қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясат пен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнақтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немес оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология-жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі- саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс - әрекетті бағыттайды.Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.Идеология деген сөз гректің идея және логос деген сөздерінен шыққан.Идея-көзқарас,логос-ілім.Ал идеология сөзінің мәні-идея туралы ілім ретінде түсіндіріледі.Идеология-биліктің қолдауымен жүзеге асырылатын идеялар жиынтығы.Саяси идеологиялар түрлері:

Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялықпринциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалыққатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді

Неолиберализм – азаматтар мен қоғамдың экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы.Егер осы екі идеологияны либерализм мен неолиберализмді алып қарасақ,алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы идеология болып көрінеді.Себебі либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талам етсе,ал неолиберализм керісінше мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады.

Консерватизм – қоғамда тарихи қалыптасқан саяси,экономикалық,әлеуметтік құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.

Неоконсерватизм- қоғамдағы саяси плюрализмді дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология.

Марксизм-дегеніміз қарулы төнкеріс арқылы қанаушы таптарды,капиталистер,фермерлер,жеке меншікті жойып,социализм және коммунизм құрып,қоғамда әлеуметтік тендік орнату мақсатындағы идеология.

24. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптерін сипаттап түсіндіріңіз.

Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.Құқықтық мемлекеттің негізгі құндылығы халық болып табылады. Сол үшін оның барлық аясында қоғамның құқығы жоғары орында тұру керек. Бұл әрбір құқықты мемлекеттің басты, келелі принципі болып табылады. Яғни құқық әрбір елдің Конституциясы – негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болу керек. Мысалы ҚР Конституциясында «Қазақстан Республикасы – демократиялық, зиялы, және біртұтас мемлекет. өзін-өзі билейтін қазақ ұлты мемлекеттілігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарының құқық теңдігін қамтамасыз етеді» делінген.

Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы – ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мемлекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты.

Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.

Әлеуметтік мемлекеттің екінші функциясы – білім және денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Бұл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана тән еместігін айта кеткен жөн. Адамдардың физикалық және экономикалық өмірінің маңызды алғы шарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттің типіне қарамастан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік мемлекетке келетін болсақ, онда олар адамдардың ажырамас құқығы болып қалыптасады да, сол құқықты қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндетіне (мемлекеттік қаржыландыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйеісн құру) айналады.

Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы - әлеуметтік қорғау. Оның пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің төртінші функциясы - әлеуметтік теңсіздікті бәсеңдету. Оны жүзеге асыру – барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау принциптерін жүзеге асыру – теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік мемлекеттің бесінші функциясы – еңбекпен қамтамасыз ету. Германияда Веймар Республикасы кезінде мемлекеттік функция ретінде пайда болған және Ф. Рузвельттің «Жаңа курс» саясатында маңызды рөл атқарған бұл функция тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шын мәнінде, мемлекеттің ажырамас қызмет бөлігіне айналған.

25. Саяси қақтығыстардың типологиясын түсіндіріңіз, анықтамаларын беріңіз.

Қоғамда әр түрлі таптар, топтар, жіктер болатындығы белгілі. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап- тілектері, армандары, қажеттіліктері болады. Олар сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар п.б. Олар дер кезінде шешілмесе жанжалдарға айналады. Жанжал немесе шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққы ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір талапты айтады. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан сол мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым п.б. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады. Әлуметтік жанжалдардың бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады. Жанжалдың екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждық, талап- тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын анықтайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалады деп ұғады. Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі. Жанжалдар қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған жанжал адамдар, топтар арасында п.б. дау- дамайларды уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді. Қоғамдық организмдегі дағдарыстар мен әлеуметтік дағдарыстар туралы айта отырып ең алдымен, олардың адамдардың тіршілік әрекетімен тығыз байланыстылығын, оның адамның өзінде, оның өмірлік жағдайында, әлеуметтік перспективаларында тікелей көрініс табатынын ескертуіміз қажет, яғни оны фундаменталды адами өлшемге ие немесе тағдырлық мәні бар деп айтуға болады. Қоғамдық өмірдегі дағдарысар көріну сфералары бойынша жіктелуі мүмкін: экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеолгоиялық, адамгершілік, экологиялық және т.б. Бірақ қоғам тұтастық ретінде болғанықтан, осы жеке дағдарыстар қоғамды тұтастай дағдарыстың бір сәті, тұсы болып табылады. Саяси жанжалдар өзінің даму барысында бңрнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар п.б. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адамдар қолдап, даудың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау- жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин- абхаз жанжалдары сияқты. Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Сондықтан жанжалды шешу керек. Сондықтан қазір көбінесе шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар: 1.Жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін- бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады. 2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі- келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн. Сонымен бірге, әлеуметтік жанжалдар да сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі әне т.с.с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі.

26. Саяси элита ұғымына анықтама беріңіз. Саяси ғылымдардағы элиталар туралы танымал теорияларға сүйене отырып ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Саяси элита – бұл өздерінің қолына саяси биліктің едеуір көлемін шоғырландырған, қоғамның бірігуін, субординациясын қамтамасызх етуші және саяси ұстанымдарында қоғамның әр түрлі топтарының мүдделерін бейнелейтін және сяаси пиғылдардың жүзеге асу механизмдерін жасап шығаратын салыстырмалы шағын әлеуметтік топ. Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге қойылтын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл түр кең тараған.Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі – саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, аванюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеліністердің мүмкіндігі көбейеді. Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін, Талапкер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына таңданудың бұл түрі жабық болып саналады. Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдықтоптан іріктеп алатын, кертатпа түр. Оның артықшылығы – саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады. Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, «элита коэффициентін» шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігініңхалықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқыруға әкеледі. Ал элитаның коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым. Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізітіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол-қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды. Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандамен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі.Индия саясаттанушысы П.Шаран билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, салт, жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары дін басыларын, ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады. Қазіргі элитаға заңға, формалды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегіндее 4 топқа бөледі: 1) билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғарғы элита; 2) мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер, ведомстволар, комитеттер басшылары) құрайтын әкімшілік элита; 3) белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар (жоғары қызметкерлр, менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер); 4) жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы, кәсіби мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (мргиналдық) жағдайдағы адамдар.Қоғамның толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, күреспей, қудаламй, шектеулер қойып қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы зерделі қауымның, дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал. Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдыағаннан кейін мемлекеттік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті, 1993 ж. Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің 27. 27.Саясаттанудағы «азаматтық қоғам» тұжырымдамаларымен сипаттап түсіндіріңіз.

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың мәдени, рухани адамгершілік, ұлттық, діни белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдни және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет Геггельдің айтуы бойынша азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және де экономикалық қажеттіліктен туындаған жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік экономикалық өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, корпоративтердің, діни бірлестіктердің және т.б жиынтығы ретінде көрінеді. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар, азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді.

Азаматтық қоғам экономикасының негізі - әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды.ҚР-дағы азаматтық қоғамның перспективалары.Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр.Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйытқы болып отыр.Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқСондықтан біраз уақытқа дейін,белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процесске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ. Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады.Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін, отбасын, ана мен әке және бланы мемлекеттің қарауын, идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген Қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.

28. В.Парето мен Г.Москаның саяси элиталар концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық – мемлекеттік, әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлінді.Г.Моска (1856-1941) «Саяси ілімнің негіздері» деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың –үстемдік жүргізуші азшылықтың(элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халық)-күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады. В.Парето (1848-1923) «Жалпы социология жөніндегі трактат» деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі таңдаулылар(элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте ме, кеш пе қол жеткен таабыстарымен шектеліп, тынышталады. Өздерінің алғашқы сапасын, ізденімпаздығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Бірақ билеуші элита оңайлықпен берісе қоймайды. Сондықтан таңдаулылардың алмасуы күш, төңкеріс және революция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы 29. 29.Саяси мәдениеттің саясаттанудың ғылыми категориясы ретіндегі ерекшеліктерінің мән мазмұнын ашып түсіндіріп беріңіз.

Саясаттану ілімінде бұл тақырып тың маңызы зор. Ол нақтылы саяси саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметнің, олардың ішкі жәнне сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді. Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М.Вебер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен, Т.Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Алл жалпы «саяси мәлениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп ХVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағарушысы, философы Иоганн Гердерді санайды. Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын «саяси мәдениетті» саяси өмірдің белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады, мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды. Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жөн. Америкалық саясатшылар Г.Алмонд пен С.Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды. Сонымен қатар басқа да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р.Карр мен М.Бернстейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтік топтардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдерді, саяси 30. Саяси әлеуметтену үрдістеріне анықтама беріңіз. Саяси әлеуметтену үрдістерінің адам өміріндегі маңыздылығын, қажеттілігін дәйектеңіз.

«Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХғ.аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологы Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаың әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтады. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саяаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымды ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдалынылады.Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. Саяси әлеуметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңіненн көтерілді. Оған себеп болған батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік, әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардыңқажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм, билікке жаппай қарсы шығу және т.б көбейді. Саяси әлеуметтену процесі 3 негізгі мәселені шешуге бағытталады: -қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу; - қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етугежәне шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау; - саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту. Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барыында адам қоғамның толық қанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

31. Саясаттанудың ғылыми категориялық аппаратына сипаттама беріңіз, ерекшеліктерін беріңіз.

32. Саяси мәдениет және оның демократиялық мемлекет құрудағы маңыздылығын анықтаңыз, өз ойыңызша демократияландыруды тиімді жетілдіруде саяси мәдениеттің рөлі қандай екенін негіздеңіз.

Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді абылдау мен іске асыру, билік өкілеттігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың құдіреттілігі мен тиімділігі жөніндегі және т.с.с түсініктерді қамтиды. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.

Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады.

33. Ш. Луи Монтескьенің "биліктің үш сатысы"концепциясын түсіндіріңіз. Демократиялы мемлекетке тән биліктің үш сатысы: Заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің ерекшеліктеріне қатысты өз пікіріңізді дәйектеңіз.

34. Саясаттанудағы "консерватизм"және "либерализм"идеологияларының концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм жатады. Оның негізін Дж.Локк Ш.Л.Монтескье, А.Смит. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазиялық ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді. Либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраттары қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды. Либералдық идеологияның негізгі принципі- адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализ мына қағидаларға негізделеді:адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәкеліктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі – адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемлекет қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін-өзі билеу және т.б идеялармен байытты. Консервативтік(латынның консервативус-қорғаушы дегенінен) идеология Ұлы Француз революциясының саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүліншілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын ХVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарын сақтағысы келеді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философы және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк, француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр, немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық-аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Олардың ойынша, ортағасырлық тәртіп, қауымдастық қатынастар, отбасы, мектеп, шіркеу қоғамды біріктіреді, оның бірлігін және дамудағы сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өмірде әдет-ғұрып дәтүр негізгі рөл атқарады. Сондықтан қоғамдық дамудың негізгі өлшемі әдет-ғұрыпты және халықтың мінезін өзгертуде. Олар ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске қарсы тұрды. Олардың саяси идеологиясының өзекті мәселелері – күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы.

35. Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "теллурократиялық мемлекет"ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз.

Геосаясатадамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа.Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.Мистикалық-нәсiлшiл идеология ретiнде дүниеге келген нацизм айтылмыш кезеңде сыртқы саяси мәселелерде әлемдiк тарихта тұңғыш рет «геосаясат» ұғымын қолданды «Геосаясаттың» түп атасы — немiс географы Ратцель

36. Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "таллосократиялық мемлекет"ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз.

37. Саясаттанудағы танымал сайлау технологиялары классификацияларына суреттеме беріңіз. Негізгі ерекшеліктерін талқылаңыз.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 60 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.018 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав