Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тоталитаризм 1 страница

Читайте также:
  1. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 1 страница
  2. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 2 страница
  3. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 3 страница
  4. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 4 страница
  5. БИЛЕТ № 4. 1 страница
  6. БИЛЕТ № 4. 2 страница
  7. БИЛЕТ № 4. 3 страница
  8. БИЛЕТ № 4. 4 страница
  9. Буронабивные сваи 1 страница
  10. Буронабивные сваи 2 страница

Блок

21.Мемлекеттікқұрылыспенбасқарудыңтүрлерінеанықтамаберіңіз, ерекшеліктерінашыптүсіндіріңіз. Средний №2

22.Г.Гегель еңбектеріндегі "мемлекет пен азаматтық қоғам" концепциясының ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз. Средний №2

23.Саясаттанудағы саяси иделогиялардың танымал типтеріне, классификацияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Средний №2

24.Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптерін сипаттап түсіндіріңіз

25,Саяси қақтығыстардың типологиясын түсіндіріңіз, анықтамаларын беріңіз

26,Саяси элита ұғымына анықтама беріңіз. Саяси ғылымдардағы элиталар туралы танымал теорияларға сүйене отырып ерекшеліктерін түсіндіріңіз

27,Саясаттанудағы "азаматтық қоғам" тұжырымдамаларын сипаттап түсіндіріңіз.

28,В. Парето мен Г. Москаның саяси элиталар концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

29,Саяси мәдениеттің саясаттанудың ғылыми категориясы ретіндегі ерекшеліктерінің мән мазмұнын ашып түсіндіріп беріңіз. Средний №2

30,Саяси әлеуметтену үрдістеріне анықтама беріңіз. Саяси әлеуметтену үрдістерінің адам өміріндегі маңыздылығын, қажеттілігін дәйектеңіз. Средний №2

31,Саясаттанудың ғылыми категориялдық аппаратына сипаттама беріңіз, ерекшеліктерін талқылаңыз. Средний №2

32,Саяси мәдениет және оның демократиялық мемлекет құрудағы маңыздылығын анықтаңыз, өз ойыңызша демократияландыруды тиімді жетілдіруде саяси мәдениеттің рөлі қандай екенін негіздеңіз. Средний №2

33,Ш. Луи Монтескьенің "биліктің үш сатысы" концепциясын түсіндіріңіз. Демократиялы мемлекетке тән биліктің үш сатысы: Заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің ерекшеліктеріне қатысты өз пікіріңізді дәйектеңіз. Средний №2

34,Саясаттанудағы "консерватизм" және "либерализм" идеологияларының концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Средний №2

35,Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "теллурократиялық мемлекет" ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз. Средний №2

36,Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "таллосократиялық мемлекет" ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз. Средний №2

37,Саясаттанудағы танымал сайлау технологиялары классификацияларына суреттеме беріңіз. Негізгі ерекшеліктерін талқылаңыз. Средний №2

38,Мажоритарлы сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін суреттеңіз.

39Пропорционалды сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

40,Саясаттанудағы "әлеуметтік мемлекет" концепциясына анықтама беріңіз, басты негіздерін талқылаңыз.

 

3блок

41,Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан Жаңару мен Дамуға» атты Ел Халқына Жолдауының саясиәлеуметтік маңызын түсіндіріңіз Сложный №3

42,Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлін сипаттап беріңіз. Сложный №3

43,Қазақстандықтар үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз? Сложный №3

44,Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктерін суреттеңіз. Сложный №3

45,ТМД кеңістігі көлеміндегі ҚРдың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады? Сложный №3

46,Қазақстанның саяси партиялық жүйесіндегі соңғы онжылдықтағы негізгі саяси сипаттамаларға қысқаша талдама беріңіз. Сложный №3

47,Елді жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыстан алып шығудағы өндіріс пен индустрия саласындағы потенциалды арттырудың рөлін түсіндіріңіз Сложный №3

48,Елді жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыстан алып шығудағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын түсіндіріңіз. Сложный №3

49,Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз? Сложный №3

50,Егемендік алғаннан бергі Қазақстан Республикасының Заң шығарушы органының жетілу кезеңдерінің қысқаша ретроспективасын түсіндіріп беріңіз. Сложный №3

51,ҚРда экономикалық потенциалды арттырудағы ауылшаруашылық секторындағы саяси реформалардың модернизацияларын қандай факторлармен сипаттауға болады? Сложный

52,Қазақстандағы тұрақтылық пен этносаралық татулықтың жетілуіндегі қазақ ұлтының саяси рөлін түсіндіріңіз Сложный №3

53,ҚРның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саясиқұқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз. Сложный №3

54,Әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына қосылудағы қазақ ұлтының алдындағы тұрған талаптарды қалай түсінесіз? Өз пікіріңізді дәйектеп жазыңыз. Сложный

55,Шығыс пен Батыс әлемін байланыстырудағы қазақ елінің геосаяси әлеуетінің мүмкіндіктерін қандай басым факторлар арқылы сипаттауға болады? Сложный №3

56,Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2007 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі. Сложный

57,Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының көпвекторлығының қалыптасуындағы саяси астарларды атап көрсетіңіз Сложный №3

58,ҚРдағы әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын атаңыз және әлеуметтік мемлекеттілік сипаттамаларын көрсетіңіз Сложный №3

59,Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз? Сложный №3

60,Қазақстандағы демократиялық үрдістер, халықтың саяси сауаттылығын арттыру мәселелерінің маңызын талдап түсіндіріп жазыңыз.

 

1Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз

Саясаттану - саясат туралы пән. Біз күнделікті өмірде саясатты сөз етпей тұра алмаймыз. Әңгімені көп жағдайда нақты саяси білімі жоқ адамдар да жасай береді. Мысалы, авторитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйе туралы айтылатын жайларды жиі естуге болады. Сонда олардың баршасы істің мәнін дұрыс түсінеді ме екен? Айталық, біздің қоғамның даму бағыттарын немесе консенсус, саяси оппозиция, билік дағдарысы, т.с.с. саяси ұғымдарды толығымен түсінеміз бе? Қоғам дамуының шым-шытырық бағдардарын түсіндіретін саясаттану пәні болып табылады. Марксистік саяси ғылым туралы пікір таласы ХХ ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталған болатын. Мәселе саясаттанудың қажеттілігі жайлы емес, керісінше, оны басқа қоғамдық ғылымдардан ажыратып алып, оқыту қажет пе деп қойылды. Аталған кезеңде Г.Шахназаров, Ф.Бурлацкий, Ю.Красин, А.Бутенко сынды беделді ғалымдар қоғамтану ғылымдары қатарынан саясаттануға өз алдына дербес орын жеңіп алуға әрекет жасады. Бастапқыда нәтижесі болмаса да кеңес қоғамының тоқырау кезеңінің тереңдей түскен сәтінің өзінде саясаттануға деген оңды көзқарас қалыптаса бастағаны белгілі. Бүгінгі беталысымызға қарасақ, қазіргі оқытылып жүрген қоғамдық пәндер - дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бір тармағы екендігіне көз жеткізер едік.

Ең алдымен саясаттану пәнінің түп-төркінін, мән-мағынасын ажыратар болсақ, саясаттану политология - грек сөзі «политика» - мемлекетті басқару өнері деген ұғым, «логос» - ілім деген түсінік береді екен. Сол себепті саясаттану пәніне алдымен саяси қатынастарды оқып-үйрету өнері жатады. Пәннің құрамына одан басқа мыналар енеді: қоғамның саяси жүйесінің принциптері, саяси жүйенің рөлі мен негізгі құрамдарының өзара қарым-қатынастары болып келетін - мемлекет, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар; мемлекеттік саясатты жасау мен жүзеге асырудың әдістері; қоғамдық-саяси қатынстарды реттеу; демократия деген ұғымды құратын проблемалардың біртұтас комплексі. Саясаттану сондай-ақ сыртқы саясатты да, халықаралық қатынастарды да оқып-үйретеді. Сонымен, саясаттану – мемлекетті басқару механизмінің қыр-сырын ашып, саяси билік пен қоғамдағы күнделікті процестердің өзгерістер мен заңдылықтардың себеп-салдарын талдайтын ілім. Дамыған капиталистік елдердің жоғарғы оқу жүйесінде саясаттану негізгі пәндердің бірінен саналады. Біз болсақ, генетика мен кирбернетиканы оқу үрдісінен аластағанымыздай, саясаттану пәнінен де ат-тонымызды алып қашып келдік. Әлемдік өркениеттің деңгейіне көтерілем деген елдің әр азаматы қоғамдық ғылымдарды мұқият оқып-үйреніп, бес саусағындай білуге тиіс. Өйткені ол логикалық ақыл-ойдың, мәдениеттің, дүниені танып білудің, дамудың қайнар көзі деген сөз.Саясат ілімдерінің құрылымы. Батыста саяси философия, саяси ғылым, саяси социология, саяси психология бар. Олардың әрқайсысын ажыратып қарау қалыптасқан. Мысалы, саяси басшылықты саяси ғылым, саяси социология, саяси психология қарастырады. Әрқайсысы өз тұрғысынан зерттейді. Нәтижесінде әрбір қоғамдық ғылымның иесі өз тарапынан тарихшы-саясаттанушы, экономист-саясаттанушы, философ-саясаттанушы, заңгер-саясаттанушы, социолог-саясаттанушы, психолог-саясаттанушы, т.с.с. болып келеді. Десек те, саясаттанудың объектісі: саяси жүйелердің теориясы мен әдістерін, оның ішінде саяси қатынастарды, саяси институттарды, саяси процестерді зерттеу. Саясаттанудың функциялары. Саясаттану пәні адам мен қоғамға пайдалы қызмет атқарады. Бізді қоршаған ортаны танып-білуге үйретеді. Адамды саяси өмірге тартқанда саясаттанудың рөлі арта түседі. Әртүрлі қоғамдық ұйымдардың қызметі өзгерген сайын саясаттануды игерудің қажеттігі айқындала түседі. Мысалы, парламент депутаттарының қызметінің өзгеруі қазіргі уақытта көп мәселелерге өзгеше қарауды қажет етуде. Жариялылыққа, демократияға деген көзқараста да сондай өзгерістер қажет. Қоғамдағы соңғы жаңалықтарды білмеу көптеген адамдарға дұрыс саяси бағдар ұстауға кедергі жасайтыны да содан. Мұны кейбір саяси топтар пайдаланып кетуі мүмкін. Депутаттардың өздерінің ішінде саясаттанымдық білімдерінің жетіспей жататындары да бар. Сондықтан олардың саяси белсенділіктерінің кеміс түсетін сәттері жиі кездеседі. Саясаттану осы кемшіліктерді жоюға жәрдемдеседі. Саясаттану теориялық - әдістемелік функция атқарады. Белгілі бір қоғамдық – экономикалық формацияның саяси режимін талдауды, баға беруді осы ілім арқылы жүзеге асыруға болады. Саясаттану саяси шындықты көрсететін пән болғандықтан ол саясатқа әсер ете алады. Қоғамда қолданбалы, практикалық-саяси функция атқарады. Мемлекеттің заң актілерінің дұрыстығына саясаттанудың негізінде көз жеткізуге болады. Саясаттануды саяси болжамдар жасауға да қолданады. Күні кешегі қайта құру процесінің кемшілігі де дәл осы саяси болжамның дер кезінде толық болмауының кесірінен еді. Экономикада, әлеуметтік салада, ұлтаралық қатынастарда, мемлекеттік құрылыста, рухани өмірде орын алған кемшіліктерге алдын-ала жасалған саяси болжам болғанда жол бермеуге болар еді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, алықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Ол адамның тұрған жерінен, жұмысшылардың алғашқы ұжымынан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарда саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк,.Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. 2. Саясаттану зерттеу объектісіне, субъектісіне және зерттеу пәніне анықтама беріңіз және түсіндіріңіз.

Саясат субъектілері..

Тұлға саясат субъектісі ретінде.

Әлеуметтік топтар саясаттың субъектілері мен объектілері ретінде.

Азаматтық қоғам: түсінігі, құрылымы, қызметтері.

Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның келешегі.

Бұл дәрісте саясаттын негізгі субъетілері, олардың ұғымдары мен құрылымдары қарастырылады. Саясат субъектісі ретіңнде жекеліктің қалыптасу ерекшеліктері талданады. Саяси әлеуметтендіру, қазіргі қоғамдардағы өлеуметтік страратталу процестері, олардың саясатқа ықпалы анықталады. Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі. Саясат субьектісінің құрамы іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат–мүдделері және т.б. Олар қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Саясаттың субъектілері.Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам жатады.Сонымен саясаттың субъектілерінің 2 түрі болады: 1) әлеуметтік 2) институционалды.Саясаттың әлеуметтік субьектісі дегенде адамдардың өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адамдарды, ұйымдарды, не әлеуметтік топтарды айтады. Оларға мыналар жатады:- Тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер, мысалы ұлттық бірлестік. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе оған ықпал етеді. - Жалпы әлеумет – ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар саясаттың әлеуметтік субъектілеріне жатқызылады. - Жекелеген тұлғалар – саяси лидер, қарапайым азаматтар. Олар әлеуметтік денгейдегі субъектілер.Ал адамдар қоғамда көбінесе ұжымдасып ұйымдасып өмір сүреді. Олар әр түрлі әлеуметтік (мысалы: отбасы, шіркеу, кәсіподақтар) және саяси институттар (мысалы: мемлекет, саяси партиялар, БАҚ, халықаралық ұйымдар - БҰҰ, Европалық парламент, ОБСЕ және т.б.) болып қалыптасады. Олар институционалды денгейдегі субъектілер.Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын ұйымдар болып келеді. Ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы ақпараты бар саяси ұйым, мекемелердің бәрін институционалды субъектіге жатқызамыз. Соның ішінде Г.Алмондтың айтуынша негізгі институционалдық субъект мемлекет болып табылады.

Осылардың ішінде адам бастапқы негізгі субъект. Ол субъект ретінде саясатқа әр түрлі денгейде араласып, қатысады. Адамныңсаясатқа қатысуы оның мүдесімен анықталады және мынадай түрлерде көрінеді: конвенционалды-заңмен рұқсат етілген жәнеконвенционалды емес, яғни оған заң арқылы тиым салынған.Адам– саясаттың субъектісі мен объектісі. «Субъект» - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. «Объект» - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады. «Тұлға» деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен іс-әрекетіне, саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі адам, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатынасады, саясаттың субъектісіне айналады. Саясат пен кәсіби айналыспайтын «орташа» адам саясатың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын, өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады.Саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі.Қоғамдық ұйымға, қозғалысқа мүше болатын, бірақ саяси жұмысқа тура арласпайтын азамат. Саяси ұйымдардың мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам. Қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер. Саяси қызметтің арқасында күн көріп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясаткер. Ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, бедел, «ең соңғы саты» болып саналатын саяси басшы, көсем. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндіе беретін құқығы конституциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материялдық, әлеуметтік-мәдени,саяси-құқықтық алғышарттар қажет.Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны демократиялық негізде тиімді басқаруға керекті көпшілікке жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады. 3.Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп адамның белгілі игілік алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына оған өз қалауынша орындауға мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптеріжатады. Адам өмірге келгенде тең болып туады, мұны Аристотель – табиғи құқық деп атаған. Феодализм уақытында әр таптың өзгеше құқығы болды. Ал капитализм уақытында құқық либерализммен байланысты болды. Азаматтық концепцияны зерделей келе оны Ренессанс деп қарастыруымызға негіз бар. Бұл мәдени құбылыс тұлғаны қайта қарауға мүмкіндік жасады. Тұлғаны бұрынғыдай тек діни тұрғыдан қарастырмай, қайта керісінше оның қоғамдағы ролін барынша қарапайым түрде түсіндіруге тырысты. Н.Макиавеллидің сөзімен айтқанда Әлемнің тірегі құдай емес. Қоғам адамдарға қызмет ету керек деген ұстаным Жаңа заманның басты ұранына айналды. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес мұра қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. жатады.Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Мысалы: 1776 жылы 4шілдесінде АҚШ – та Тәуелсіздік Декларациясы бекітілді. Мұнда барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа ие болуға тең құқығы бар, үкімет билігінің қайнары – халық, үкімет – халықтың қызметшісі, барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар: өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі,т.с.с.айтылған. АҚШ – тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді. 26 мемлекет ұлтшылдыққа қарсы, адам өмірі, бостандығы туралы, тәуелсіздігі оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресу еркіндігі жайлы Декларация қабылдады. 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары ғана емес, оларды қорғау шаралары да қарастырылады. 1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін жаза қолдану туралы конвенция, 1965 жылы нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін болдырмау туралы конвенция, т.с.с. қабылданды. БҰҰ шешімі бойынша 10 желтқсан жыл сайын дүние жүзінде адам құқығының күні ретінде атап өтіледі. Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар:1. Табиғи-тарихи бағыттағы жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Мемлекет бұл құқықты сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды дейді. 2. Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше, азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады. 3. Марсизм де адам құқығын мемлекеттік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді.Марсизм комунистік қоғамда мелекетте, саясат та, құқық та болмайды дейді. Қазіргі кезде әлеуметтік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. ”Адам құқығы” тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынада мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конститутциялық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдіреді. 4.Жеке адамдардың құқықтарының жіктелуі. Қазіргі уақытта жеке адамның құқықтары негативтік, позитивтік, азаматтық, эканомикалық, мәдени болып жіктеледі.Негативтік – бостандық, мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді. Бұл еркіндік үкімет тарапынан адамды қауіп-қатерден, бостандықты бұзып, бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды. Позитивтік құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты, жеке дамуға қабілеттігін көрсете білуді білдіреді.Мұнда мемлекеттің, ұйымдардың азаматтарды қайсібір игіліктермен қамтамасыз етуі, белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауы көрсетіледі. Азаматтық құқық – мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы. Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыратылмайтын, адамдардың құқықтары кіреді. Оған өмір сүруге, еркіндікке жеке адамның дербес құқығы, ар-абыройы мен атағын, қадір-қасиетін қорғау қасиеті, айыпталушыны қорғауға бағытталған әділ, тәуелсіз және ашық сотқа жазылған хат және телефон арқылы сөйлескен сөздің құпияалығы, бір жерден екінші жерге еркін барып келуі, тұрақты қоныс таңдау, оның ішіне қандай мемлекеттен болмасын біржолата кетуі немесе қайтып оралу бостандығы және т.б. құқықтар жатады.Экономикалық құқыққа жеке адамның тұтыну заттары, жеке меншігін, жұмыс көзін, іскерлігін, еркін пайдалана алуы жатады. Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп, өрістетуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени құндылықтарды көруге, өнер техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады. Адам құқығын орындау халықтар арасында сенімді нығайтуға, адамгершілік қатынастарды дамытуға, бейбітшілікті сақтауға кепіл бола алады.Большие социальные группы как главные субъекты политики. Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар да жатады. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын дамыту мәселесі қоғам өміріндегі аса қиын да күрделі құбылыс. Өйткені біздің әлемімізде үш мыңнан астам ұлттар, халықтар мен ұлыстар өмір сүреді. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың әртүрлі сатысында тұрған олардың арасында азаттық пен бостандыққа қол жеткізгендері де, оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да бар. Дүние жүзіндегі халықтардың 90 пайыздан астамы көпұлтты мемлекет құрамында өмір сүруде. Әлем халықтары 225 мемлекетке топтасқан. Олардың ішінде 175 Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі, ал 187 егеменділік құқы бар ел болып табылады. Бұлардың қатарында 38 дамыған ірі мемлекеттерге тәуелді болып келеді. 1600 халық дамушы елдерде тұрады, шамамен алғанда 100 ұлт дамыған капиталистік елдерді мекендеген. Ал ТМД елдері 17 жуық ұлттар, халықтар, ұлттық және этникалық топтардан тұрады. Әлемдегі 320-дан астам халықтың әрқайсысының саны бір миллионнан асады. Бұл келтірілген мысалдар саясаттың субъектісі ретіндегі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың дамуы жөніндегі мәселенің айрықша назар аударуды талап ететін күрделі де аса маңызды мәселе екенін көрсетеді. Оның ұзақ жыл бойы белсенді түрде жетілдіріліп келгеніне қарамастан қазіргі уақытта бұл мәселе жөнінде жаңаша ой толғау, оның қоғамдағы әрекеті мен ықпалын бағалауға да жаңа талаптар тұрғысынан қарау міндеті алға тартылуда. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың дамуы көптеген мәселелерді қамтиды. Олардың бәрінің бір мақалада жан жан-жақты қамту, оның түрлері мен өмірдегі терең ерекшеліктерін барынша толық пайымдау мүмкін емес.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 95 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав