Читайте также: |
|
3. Антикалық дәуір ойшылдарының саясат және саяси ғылым туралы тұжырымдамаларын түсіндіріңіз.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама қайшы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқылық күн кешкен ел еді. Саяси өмір тез өрбіді, ал саяси сана теориялық терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ғалымдар көп. Олар: Платон, Аристотель. Платон б.з.б. 424-347 ж.ж өмір сүрген.Шын аты Аристокс. Платон атақты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Платонның екі жүздей еңбектері бар: «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар» және т.б. Оның ойынша мемлекет адамдарын алаламай нәсіліне, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамай бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек.Ол адамдарды үлкен үш әлеуметтік топқа бөлді: 1) әкімдер 2)қорғаушылар 3) өндірушілер. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды (жасы елуден кем емес). Бір таптан екінші тапқа өтуге болмайды. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, алигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішіндегі ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері адамгершілік, абырой, ар намыс деп санады. Ертедегі гректердің саяси ой пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б 384-322) болды. Ол Афиныда бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Сондықтан Аристотель саясаттанудың «әкесі» саясаттануға қатысты «Саясат», «Афинының политигі», «Этика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Ол құл иеленушілікті қолдады, құлждар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет қоғамның дамыған түрі, ал қоғам отбасының дамыған түрі болып табылады. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал тирания, алигархия және демократияны бұрыс мемлекеттің түріне жатқызды. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлады, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді. Аристотель Платон айтқандай қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады.
4.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз. (Әл-Фараби, Жүсіп Баласұғини т.б)
Қазақ жеріндегі ойшылдар. Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар. Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады. 2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады. Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған. Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды. Қазақ саяси ойы ХХ ғасырдың басында заманалық өркениетке сәйкестеніп, жаңаша мазмұнда дами бастады. Бұл дамудың өзіндік ерекшелігі — оның Ресей империясы орнатқан отарлық езгі ахуалында орын алуына байланысты болатын. Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және
мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады.
Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген. Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан. Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Жиырмасыншы жүзжылдықтың қарсаңы мен басталар шағында қазіргі Қазақстанның сол кездегі аумағында тұратын халықтардың өмірі, экономикасы мен әлеуметтік қарым-қатынастары ірі өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Ішкі Ресейдегі шаруалардың басыбайлылығы жойылғаннан (1861) кейін қазақ жеріне бақ-дәулет іздеп, күнкөріс қамымен көшіп келушілер саны арта түскен. Одан, патша үкіметінің қазақ жер-суын мемлекет меншігі деп жариялауына (1891) орай, сырттан келіп қоныстанушыларға - орыс шаруаларының қазақ арасына кіріп өз қожалығын құруы арқылы жаңа жер игеруіне кең жол ашылды. Осылай ету арқылы патшалық билік орталықта шиеленісе түскен шаруалар қозғалысын әлсіретуден үміттенген-ді. Сол оймен “қазыналық жерлерді” (қазақ жер-суын) жеке адамдарға бөліп беру туралы заң шығарды (1901). Қоныс аударту басқармасын құрып, қазақтардан тартып алынған жерлерді “қоныс аудару қоры” есебіне алды. Қазақстан жерінің асты-үстіндегі байлықтарға түгел тұзақ салынып, бәрін орыс және шетел капиталы биледі. Қазақтың жер қойнауы және дәстүрлі шаруашылығы өнімдері арсыздықпен таланып, қанаушылық жолмен сыртқа тасып әкетіле берді. Өстіп, Қазақтар Ресей өнеркәсібін өркендету үшін арзан шикізат өндіріп алатын тау-кен және ауылшаруашылық базасына айналдырылды. Және, әсіресе сорақысы - қазақтардан барлық орман-тоғайлар, құнарлы, шұрайлы жерлер, ірі сулардың (Жайық, Ертіс, т.б.) жағалаулары, егіншілікке қолайлы ата-қоныстары тартып алынды. Қазақтар шөл және шөлейт аймақтарға ығысуға мәжбүр болды. Шөбі шүйгін жайылымдар мен шабындықтардан айрылудың жайыла көшіп мал бағуды кәсіп еткен халықтың шаруашылық жүргізу қалпына қиғаштықтар, теріс өзгерістер енгізіп шаш-етектен зиян тигізгені өз алдына, тұрмыс жағдайын күрт төмендетті, әлеуметтік тыныс-тіршілігіне, рухани өміріне өлшеусіз зор зарар келтірді. Кедейленген, қайыршылыққа ұшыраған көшпелілер жатаққа айналды, оларды түрлі кәсіпшіліктер жалдап, арзан жұмыс күші ретінде, ауыр жұмыстарға салып пайдаланды. Қазақ еліне тереңдей енген Ресейдің капиталистік экономикасы, осылай, жергілікті халықты аяусыз қанап, езу жолымен даму бағытын ұстанды. Патшалық қазақтың ұлттық мемлекеттілігін (1459 — 1847) біржолата жойып, орнына — ел басқарудың ресейдік жүйесін орнатты. Халықты жер-суымен бөлшектеп, бірнеше орыс губерниясы мен генерал-губернаторлықтарына қарату және сан-алуан әкімшілік шараларын жүргізу арқылы, біз қарастырғалы отырған ХХ ғасыр басындағы кезеңге дейін-ақ империялық күштер Қазақстанды Ресейдің басыбайлы отарына айналдырып үлгерген-ді. Әлихан Бөкейханов пен Бақытжан Қаратаев - ХХ ғасырдың бастапқы онжылдықтарындағы қазақ саяси ойын заман талабына сай туындата отырып дамытқан аса көрнекті тұлғалар еді. Екеуі де отарлық езгідегі туған халқына қызмет етуді мұрат етті, бірақ екеуінің бұл орайдағы көзқарасы, ұстанымы мен таңдаған жолы екі бөлек болды. Патша тақтан түскенге дейін және ақпан революциясынан кейінгі жарты жыл бойына Бөкейханов кадет партиясы қатарында қызмет етті. Ал Қаратаев саясат алаңында қазақ кадеттерінің серкесі ретінде көрінер-көрінбестен, одан тез айнып, мұсылман ұйымына көбірек үйірілді (2-Думада мұсылмандар фракциясына тіркелді), 1917 жылға дейін социал-демократтарға жақын жүрді. 10-жылдары Бөкейханов қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүргізу тәртібін сақтауға, ал Қаратаев қазақты отырықшылыққа көшуге үндеді. “Батысшыл” Бөкейханов пен “шариғатшыл” Қаратаевтың оқу-ағарту, дін істеріне көзқарастары да екі түрлі болатын. Тіпті, халықтың мұң-мұқтажын талқылау үшін бас қосып ақылдасу, баскөтерер азаматтармен жиналыс өткізу мәселесінде де олар қарама-қарсы пікірде болды. Қаратаев съезд шақыруға ниеттенгендерді қолдады, ал Бөкейханов оны керексіз деп тапты, пікір алмасуды баспасөзде жүргізген жөн деді. Әрине, осынша кереғар ұстанымдар айналасындағы ой таластыруларда олар жеке-дара күрескен жоқ, екеуі де ортақ мақсатқа айтыс-тартыспен ұмтылған екі көштің — екі саяси ағымның басында тұрды. Тиісінше — әрқайсысының өз пікірлестері және ел арасында беделі зор “Қазақ” газеті мен “Айқап” журналы сынды өз саяси мінберлері бар еді. Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша -Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
5. Реннесанс дәуірі ойшылдарының саясат және саяси ғылымдар туралы ойларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Қайта өрлеу дәуірі – ірі саяси оқиғалар кезеңі, ол феодалдық қатынастардың ыдырап, капитализм элементтерінің пайда болуымен, буржуазиялық таптың қалыптасуымен сипатталады. Қайта өрлеу кезеңінің идеологтары саяси-әлеуметтік құндылықтарды жинақтау барысында антикалық мәдениет мұратына жүгінеді, сол антикалық мәдениетті қайта жаңартуға тырысады, антикалық өркениет идеяларын уағыздауы - сол кездегі феодалдық қатынасқа, католицизм заңдарына деген наразылықтан туады. Қайта өрлеу дүниетанымында - адам тағдыры оның тұқымына, тегіне, әлеуметтік дәрежесіне байланысты емес, тұлғаның жеке басының қасиеттеріне байланысты деді. Орта ғасырлардағы адамның барлық жақсы қасиеті құдайдан деген қағиданың орнына - адамның қасиеті тұлғаның жеке басының қабілетіне, талантына байланысты деген идеология туады. Әрине, бірақ қайта өрлеу дәуірі антикалық мәдениетті таза түрде жаңарта алмайтын еді. Себебі Қайта Өрлеу кезеңі - теологиялық Орта ғасырдан кейін болды, Қайта Өрлеу мәдениетіне орта ғасырлар мәдениеті ықпал етпей қоймады. Осы кезеңдерде адамзат мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлғалар тарих сахнасына шығады. Ол тек қана өнер саласында ғана емес, саяси салада да өз ізін қалдырады. Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ойларға келетін болсақ,оның басты ерекшелігі бұған дейінгі саяси ойшылдар сияқты “жақсы өмірді,, аңсаумен, тұлғаның сыртқы күштерге деген тәуелділігі емес керісінше, олардың зерттеу оьбектісіне мемлекет пен оның пайда болу мәселесі қатты қызықтырды. Саяси ойлар бірте-бірте діни және философиялық көзқарастардан айырылып, сана болмыстың негізі ретінде қарастырылып, эаңдар оның құралына айналыуы керек деген қахида бірінгші кезекке қойылды. Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуіріндегі реформалық үрдістердің нәтижесінде әлеуметтік мәдениеттің жаңаша үлгілері жасалды, олар өз заманындағы дамыған бүкіл өркениеттік құндылықтар қатарына енді. Бұл заманның ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің рухани мұраларына сүйенеді. Антикалақ мұралар жаңа мемлекеттің үлгілерін іздестіруге негіз болды. Өйткен бұл үлгілер қайта өрлеу зманында өмір сүрген адамдарға жаңа мәселелерді шешу үшін қажет болды. Қайта өрлеу мен Жаңа заман ойшылдары дүниені түсіндіруде адамның тағдыры, шыққан тегі, атағы, конфессиялық статусы арқылы алдын ала болжанбайды, ол адамның қажырлығы, белсенділігі, игілікті істері арқылы анықталуы тиіс деп түсіндірді. Азаматтылық, халық игілігіне риясыз қызмет ету тұлғаның-индивидтің ең басты мақсатына айналып, басты мәселесі ретінде қарастырылды. Бұл түсінік теңдік пен әділеттілік ұстанымдарына сүйенеді, жеке адамның бас бостандығының кепілі іспеттес болып, адамға тән табиғи бастамаларына сәйкес келді. Қорыта айтқанда Жаңа заман саяси ойлар жүйесін азаматтық концепциялар жүйесіне жатқызуымызға болады. Өйткені ойшылдар осы заманда тұлға-индивидке ерекше көңіл қойып зерттей бастады. Негізгі мәселе етіп мемлекет пен ондағы жеке тұлға қарастырылды."Қайта өрлеу" және "Ағарту" дәуіріндегі саяси ойдың ерекшеліктері.Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар. Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу.Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу.Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау.Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы.
Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы. ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм.Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету.Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды.Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді. "Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды.Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған. Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Н.Макиавеллидің сөзімен айтқанда Әлемнің тірегі құдай емес. Қоғам адамдарға қызмет ету керек деген ұстаным Жаңа заманның басты ұранына айналды.Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.
6.Саяси ғылымдардың қоғамдық ғылымдар саласында алар орнын және қалыптасу тарихын қысқаша түсіндіріңіз.
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ –қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты.Философия-табиғат, қоғам және таныс дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде де жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүние-танымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымы тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда философия тұжырымарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде философия саясаттануға жүгінеді. Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыда дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеумттік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған. Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық-әдістемелік негізі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды. Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі –әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның сяаси салаға әсерін зерттейді. Оның айналысатны мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде,саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.
7. Саяси ғылымдардағы билік ұғымдарының анықтамасын беріңіз, мән мағынасын ашып түсідіріңіз.
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Саяси билік принциптері легитимдік принципі, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі. Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.Саяси биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал, түрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялықтөңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес.Легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен немістің көрнекті ғалымыМакс ВеберСаяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 165 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |