Читайте также:
|
|
білуі тиіс:
- әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау әрекетінің мәнін;
-- әлеуметтік- педагогикалық жұмысты жобалаудың мәдени-тарихи көздерін;
- әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдарын;
- әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалаудың түрлерін, жобалау әрекетінің қызметтерін;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдарын;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалаудың мазмұны мен құрылымын, жобалау әрекетінің логикасын және ұйымдастыру кезеңдерін;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалауға қатысушыларға қойылатын талаптарды.
Игеруі керек:
- әлеуметтік-педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасын;
- әлеуметтік-педагогикалық әрекеттерді жобалаудың технологиясын;
- оқытудағы жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттерін басқару жолдарын;
- әлеуметтік--педагогикалық жобалау әрекетінің негізгі нысаналарын;
- әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау әрекетін реттейтін негізгі нормативті құжаттарды, қазақстандық білім беру заңнамаларын;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың құрылымын, маман даярлаудың оқу жоспарын және тәрбие шаралары жоспарын құру әдістерін;
-жобалау технологияларын қолдану жүйесін.
қалыптасатын дағдылар:
- әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау әрекеті барысында оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыра алу;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың мазмұнын жобалай(тұжырымдамалар, білім беру бағдарламалары, оқу жоспарлары) алу;
-жобалауға қажет әдебиеттерді пайдалана отырып, сәйкес жаңа жоба жасай алу;
- білім беру технологияларының мақсаттарының, мазмұнының негізгі сипаттамаларын жобалау тұрғысынан көрсете алу;
-әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың жобаларын жасай алу.
«Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы» оқулығы жоғары оқу орындарының педагогтар даярлайтын мамандықтар үшін өте құнды. Оқулық білім берудің жаңа парадигмасына сай педагогикалық білім берудегі негізгі бағыттардың бірі – болашақ педагогтың білім берушілік ролі өзгеруін теориялық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған. Құзыреттілік нәтижелеріне бағытталған 12-жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында педагогтардың жаңаша ойлау мен іс – әрекеттік дағдыларын қалыптастыру үшін оқытудың жаңа әдістерін игеру үлкен роль атқарады. Ұсынылып отырған оқулық болашақ мұғалімдердің өз әрекетін кәсіби жетілдірудің басты ресурсы ретінде ұйымдастыра отырып, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан даярлауға мүмкіндік береді.
Бұл оқулықтың ерекшелігі – жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде педагогикалық жобалаудың теориясы мен технологиясынан жаңа нәтижелерге бағытталған білім беру жүйесі үшін болашақ білікті мамандарды дайындау тәжірибесіндегі мемлекеттік тілде алғашқы рет әзірленуі.
2. Қоғамдық - әлеуметтік қайта құрулар жағдайында жобалаудың пайда болуы мен дамуы
ХХ ғасырдың екінші жартысында интеллектуалдық әрекеттерді ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыруды жүзеге асырыла бастады және оның негізіне теориялық білімдер ғана емес, көбіне тәжірибелік талдау қызметтері алынатыны белгілі болды. Бұған дейінгі кездері ұйымдастырушылық мәдениеттің теориялық дамуы негізінде таңбалаудың жаңа түрлері – модельдер, алгоритимдер, ақпараттар қоры, т.б. жасаудың көптеген жолдары пайда болып, кейін бұлар жаңа технологиялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша, жаңа модельдер мен технологиялар өнім күйінде ғана емес, таңбалар түрінде шығарылып, олар жобалауды ұйымдастырудың басты элементтеріне айналды.
Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны ғылыми-негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Кейін өзінің кең таралуына байланысты жобалау универсалдық сипат алды. Мысалы, экстенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жоба жасау және оны ендіру барлық салаларды - өнеркәсіп пен құрылысты, мәдениет пен саясатты, білім беруді қамтитынын көруге болады. Интенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, жобалау объектісі мен тақырыбы, проблемасы мен әдістері, құрылымы бірдей болып келетін рефлексиялық құралдар арқылы (логикалық, семиотикалық, психотехникалық) ұйымдастырылатыны да байқалады. Осындай біртұтас, не бірегей тұрғыда түрлі салаларда қолдануға болатыны - жобалаудың әлеуметтік тиімділігінің көрсеткіштері болып табылады. Сонымен қатар, жобалаудың автономдығы басқа интеллектуалдық және әлеуметтік-мәдени әрекеттер түрлерінен, мысалы, ғылыми зерттеулер мен бағдарламалау, жобалау мен басқару, құрастыру мен т.б. қарым -қатынастардан өзгешелігін көрсетеді.
Бұдан бірнеше жылдар бұрын, қоғамның тұрақты дамуы кезеңінде қалыптасқан дәстүр бойынша, практикалық сала қызметкерлері, инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, технологтар мен басқа да маман иелері – ғылымнан, ғалымдар мен ғылыми –зерттеу орындарынан түсетін жаңа нұсқаулықтарды, ұсынбаларды сынақ – эксперименттен өткізетін, соған сәйкес құрылымдар мен технологиялар құрастырып, көпшілік тәжірибесіне ендіретін еді. Бүгінгі таңда, ақпараттар мен жаңалықтардың пайда болу жылдамдығы қалыптасқан жағдайда бұлай жұмыс жасау тиімсіз екенін белгілі болды. Осыдан келіп, адамдар тәжірибесінде жаңа табиғи даму жолдарын пайдалану – әлеуметтік, экономикалық, технологиялық, білім беру т.б. жүйелердің өзіндік инновациялық модельдерін құрастыру: авторлық модельдер, технологиялар мен әдістемелер, т.б. жасап, жобалар түрінде тәжірибеге ендіру кеңінен тарай бастады.
Зерттеушілер пікірінше, жобалау «сызба арқылы көрсету шеңберінен асып болашақ ситуацияны көзге көрсететін және адам баласын қоршаған жаңа жағдайларды өзгертудің негізін салады». Жаратылыстану ғылымы парадигмасы логикасындағы дәстүрлі жобалау техникалық, инженерлік, архитектуралық салаларда жоспарлау, модельдеу «болашақ бейнені» құрастыру мақсатында қолданылып келді. Жобалау институттары элитарлық түрде құрылып, оны жүзеге асыру олардан бөлек «технологтардың» міндеті болды. Жобалау мен технологиялық білімдердің біріктірілуі жүзеге асырылған елдерде (АҚШ, Жапония және т.б.) постиндустриалдық қоғамға қарышты қадамдар жасалғаны белгілі. Басқарудағы бұндай өзгерістер мен жаңғыртулар жобалау әрекетімен байланыстырылып, әуелі оның сұлбасын, немесе идеалдық бейнесін белгілеп алу, оған жетуге қажетті әлеуметтік - техникалық әрекеттер құрылымын жасаудың маңызын атап көрсетіледі.
3.Жобалау мен ғылыми зерттеудің өзара байланыстылығы
Жобалау әрекетінің ықпалымен ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық әрекеттердің басты түрі ретінде қарастырылуы азая бастады, сондай- ақ, жоспарлау түрі де жобалауға сәйкес өзгеріске түсті. Ақпараттық технологияның дамуына сай компьютерлік бағдарламалау мен басқару тетіктері, оның құралдары өзгерді, осыдан келіп, жобалау түсінігі үнемі өзгеріп отыратыны белгілі болды. Солай бола тұрса да, жобалау мен зерттеуді біріктіретін нәрсе – олар үшін шынайы объектілердің ортақ болуы, ал объект өзін нысан ретінде алып отырған жағдайға сай ғылыми танымдық немесе жобалау қатынасы болған кезде ғана шынайы объект бола алады.
Жобалаудың жаңа сипаты оның жүйелі зерттеу әрекетімен тығыз байланыстылығында, яғни жобалау мен зерттеудің біріктірілуі бүгінгі өркениет тудырып отырған құбылыс. Өндірістің жүйелі құрылымына зерттеушілік, құрастырушылық және ұйымдастыру, басқару әрекеттерінің енуі өндіріс барысында өнім өндіру мен қатар оны ойлап шығару, өзгертіп отыру және қайта құру технологияларының қатар жүретінін көрсетеді. Бұл жағдайда әрекетті ұйымдастырудың біртұтас түрі қалыптасуына қызығушылық пайда болады, өйткені ол тұтастық жаңа технологиялар мен жаңа әрекеттердің пайда болуы, дамытылуы және құрастырылуы қызметтерін қамтиды. Оны әрекеттің біртұтас түрі ретінде қарастыра отырып, оның дәстүрлі түсініктегі бөлісу мен тұтыну үрдістерінен де жоғары деңгейде екенін көре аламыз.
Даму барысында жобалау қызметі басқа әрекеттер түрлерімен байланысу негізінде қайта құруға, өзгерістерге ұшырап отырды, оны ғылымда жобалаудың эволюциясы ретінде:
– құрастыру әрекетінен – дәстүрлі классикалық жобалауға,
– классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді.
Классикалық жобалауға жататын архитектурадағы, техникалық ғылымдардағы дәстүрлі жобалардан басқа, жоба түрінде болғанымен мазмұны мүлдем басқаша қазіргі заманғы квазижобалар қатарына әлеуметтік жобалау әрекеттерін жатқызуға болады.
Жобалау әрекетінің толық мәні О.И.Генисаретский еңбектерінде берілген, оның түсіндіруінде жобалау универсалдық ғылыми-техникалық қана емес, ол ең алдымен, әлеуметтік- мәдени әрекет түріне жатады. Әлеуметтік - мәдени механизм кез-келген мәдени маңызы бар әрекеттер мен одан туындайтын құндылықтарды шын мағынадағы технологиялық үрдістер мен құрылымдарға айналдыра алады. Егер ғылыми-техникалық прогресс мәдениеттің іргелі және қолданбалы құндылықтарының қарым-қатынасын үнемі өзгертіп отыратын қоғам дамуының бір жолы болса, жобалау әрекетін оны жүзеге асыратын әлеуметтік құрал, әлеуметтік институт деуге болады.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында күрделі жүйелерді тиімді басқару арқылы дамытудың жаңа әдіснамалық бағдарламасы қалыптасты және негізіне жобалау қызметі алынып, аталған бағдарламалардың төмендегі алғышарттары ұсынылды:
− кез келген әрекет экономикалық тұрғыдан қарастырылады: нәтиже белгіленеді, қызметтің тиімділігі, оны орындауға кеткен шығын мен тиімділігі тұрғысынан қарастырылады;
− кез келген әрекет басқарылады, бұл жағдайда: әрекеттің өзі де басқару объектісі ретінде және басқаратын органдарда бірдей қарастырылады;
− жобалаудың барлық әрекеттері жүйелік тұрғыдан жүргізіледі. Оның мәні проблемаға, міндетке, миссияға және қызметке бағытталады. Бұл жерде ең әуелі жаңғыртудың идеясы белгіленеді, одан соң жаңаны құрудың кезеңдері анықталады, жоспарланады;
− жүйе ретінде басқарудың объекті де, үрдісі де қарастырылады. Бұл басқару механизмі емес, мақсат қоюдың, оған жетудің әдістері мен құралдарын белгілеу, оған қажетті ресурстарды анықтау және құрастыруды көздейтін интеллектуалдық саласы (Афанасьев).
Жоспарлаудың жаңа бағыты сол кездегі қоғамда ғылыми – техникалық прогрестің қарқынды дамуын, өнеркәсіптердің еңбек өнімділігін арттыруды, жаңа техникалар мен технологияларды жасақтауды және тәжірибеге ендіруді, әлеуметтік міндеттерді орындауда пайдалануды, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге мамандарды даярлау және олардың кәсібилігін дамытуды, т.б. шаруашылықтың көптеген түрлі салаларын қамтитын, кешенді мақсаттарын орындауды көздеген болатын. Сонымен қатар, бұл өндіріс, ғылым мен білім беру салаларының нәтижелі қызмет ету мен олардың өзара қарым – қатынасының тиімді ұйымдастырылуын, қызметкерлердің жаңа ғылым жетістіктерін игеру негізінде сапалы еңбек нәтижесін аз мерзімде, аздаған шығынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған міндеттер күрделі жүйелер ретіндегі көптеген түрлі салаларды қамтитын өте кең ауқымды болғандықтан оны жүйелі және кешенді жүргізу қажеттігі туындайды.
Әлеуметтік жүйелердегі жобалау оның құрамындағы компоненттердің өзіндік ерекшелік сипаттарын, олардың өзара (заттық, ақпараттық, энергетикалық, т.б.) және жүйенің сыртқы байланыстарын (әлеуметтік орта, табиғи орта), жүйе компоненттері мен тұтас жүйенің даму тенденцияларын жүйелік және кешендік тұрғыдан жүзеге асырылады.
Бұл жүйелердің басқа техникалық, жаратылыстанудағы жүйелерден ерекшелігін оның адам мен қоғамның дамуына байланыстылығы құрайды. Әлеуметтік жүйелердің басты компоненті болып табылатын адамдардың іс- әрекеттері жүйенің өзгерістерімен, сыртқы ортаның талабымен ғана анықталмайды, олар негізінен, адамның өзіндік мүмкіндіктеріне, түрлі жағдайларына сай шешім қабылдай білуіне қатысты анықталады. Сондықтан, әлеуметтік жүйелердің моделі жүйенің объективтік заңдылықтарын жүйенің және оның компоненттерінің мақсаттарымен интеграциялауды қажет етеді. Тәжірибеде осы интеграцияны қамтамасыз ету, үйлестіру оны басқарудың басты мақсаты болып табылады. Нақтылай айтқанда, әлеуметтік жүйелерді дамыту қызметі сол жүйеге тән объективтік заңдылықтарға сай жүйенің мақсатын ондағы адам компоненттерінің мақсатымен үйлестіру жолдарын анықтайды. Сөйтіп, әлеуметтік жүйелерді дамыту ондағы адамдар үшін маңызды өзгерістерді ендіру негізінде жүзеге асырылады.
Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік жүйелерді басқаруда ондағы адамдардың өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыру, түрлі қабілеттерін дамыту және пайдалану мақсатында белгілі бір ұйымның қызметін қамтамасыз етуге, оны жетілдіруге және қайта құруға бағытталған кешенді, көпқырлы қызметтің арнайы ұйымдастырылуы қажет болады. Әлеуметтік жүйе құрамындағы қызметтік және адами компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа сәйкес нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді механизмі – жобалау болып табылады.
4. В.М.Розиннің айтуынша жобалау қызметі
В.М.Розиннің айтуынша, жобалау қызметі әрбір кіші жүйенің құрылымы мен деңгейлеріндегі дербес мақсат пен міндеттерін нақтылауды және оның орындалуын ресурстық қамтамасыз етуді көздейді, сонымен қатар, кіші жүйелердегі мақсат – міндеттердің реттелген жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жүйелерді жобалау шын мәнінде әдіснамалық– теориялық контекст ретінде қолданыла алады, өйткені, оның шығу көзі әдіснамадан, нақтылап айтқанда жүйелі ой–әрекеттері әдіснамасында пайда болған болатын.
Жобалауды бүгінгі оның идеологтары «технологиялық универсум» - лат. universum.summa rerum- деп бағалайды, ал жобалауды жүзеге асыру кезеңі адамның қайта құру әрекеттері деп бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда кез келген жобалау қызметі әлеуметтік жаңғыртуды жобалау болып табылады».
Жобалаудың негізіне трансцендентік (transcendens - лат. мүмкіндіктің шегінен өту) міндет жатады, сөйтіп кез келген жоба трансцендентік, өйткен ол осы шақтан болашақты жоспарлайды. Жобалаудың мәні оның келесі қайшылықтарды (антиномияларды) шешуге бағытталғандығында:
− әлеуметтік жүйедегі мүмкіндіктер мен қабілеттіліктердің арасындағы;
− идеалдық құрылым мен (идея) шектелген түрдегі құрылымның (нормаланған) арасындағы;
− әлеуметтік жүйенің потенциалдық мүмкіндіктері мен құндылықтардың мақсаттарға ауысуының және мақсаттың құралдарға ауысуының арасындағы.
Осыдан келіп әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалаудың адам қызметін жүзеге асыру және әр адамның өз идеясын ұсыну және орындаудың негізгі құндылық екендігін мойындайтын жаңа сананы бекітеді. Жобалаушының қоршаған ортаға қатынасы төрт мазмұндағы кеңістікке шығуы деуге болады. Олар: ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық. Осы тәрізді трансценденттік кеңістікке шығу жобалаушыға жобаның тұтас үрдістігін және болашаққа бағытталғандық сипатын сақтауға мүмкіндік береді.
5. Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы
Г.Маркузенің «трансцендентік жобалау» тұжырымдамасы мен оның өлшемдері біздің ойымызша кез келген жүйедегі жобалау әрекетіне көшіруге мүмкіндік береді. Олар:
− трансцендентік жобалау берілген материалдық және интеллектуалдық мәдениет деңгейінде пайда болатын мүмкіндіктерге сәйкес болуы тиіс;
− трансцендентік жобалау өзінің тұтастығын сақтау үшін жоғары тиімділікке құрылуы тиіс:
− жетістіктерді сақтау мен оларды жақсартып отыру әдістерін ұсынады;
− құрылымның өзіндегі тұтастықты және ондағы негізгі бағыттар мен қатынастарды анықтайды;
− оны жүзеге асыру адамның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін белгілі бір әлеуметтік институттар арқылы қамтамасыз етіп отырады.
6. Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық
Леуметтік жобалау – бұл үрдіс әлеуметтік әрекетті құрастыру жүйесі, әлеуметтік мәселелерді проблемаларды жеңуге, әлеуметтік жағдайды позитивті өзгертуге бағытталған.
«Әлеуметтік жоба – қоғамға әкелетін пайдасы мен жоба қатысушыларының өздерінің еңбектерінің нәтижесін көретін адамдардың нақты категориясының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған, нақты жоспарланған әрекеттер бағдарламасы».
Бұл – әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу, оның негіздемесі және нәтижелерін бағалау бойынша ұйым (бірлестік) қызметін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар кешені.
Әлеуметтік жобалауға – ол әлеуметтік объектілер, әлеуметтік сапалар, әлеуметтік үрдістер және қатынастар жобалауға кіреді.
Әлеуметтік жобаның – қоғамға әкелетін пайдасы мен Яницкидің т.б. еңбектерінде қарастырылған. Әлеуметтік жобалау негіздеріне саралау, талдау Н.А. Аитова, Г.А. Антонюк, Н.И. Лапина, А.И Пригожина, Ж.Т. Тощенко, Н.Г. Харитонова, Т.М. Дридзе, Ю.А. Крючкова, О.Н. Яницкийдің еңбектерінде жасалған.
Әлеуметтік жобалау – бар әлеуметтік мәселелерді өткеруге, оң өзгерістерге, әлеуметтік жағдайды дамытуға бағытталған әлеуметтік әрекеттер жүйесін құрылымдаудың шығармашылық процесі.
Сонымен, әлеуметтік жобалау – бұл ғылыми түрлі ақпаратты игерудің тиімді құралы, инновациялық әрекет жасаудың жаңа тәсілі, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселерді шешудің әдісі.
Инновация «жаңалықты еңгізу» дегенді білдіреді. 50- жылдардың соңына қарай Германияда, АҚШ- та және т.б. елдерде педагогикалық жаңашылдықты жалпылау және зерттеу орталықтары құрыла бастады, білім беру саласындағы жаңашылдыққа арналған басылымдар шыға бастады.
Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие жұмыста рымен мұғалім және оқушының бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсат тарына,мазмұнына,әдістері мен формаларына енген,енетін жаңалықтардан хабар береді.
Инновация, сонымен,жаңалық жеткізуші,жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.Жаңалығы болмаған инновация мәнсіз.Инновациялық маңызға ие болмаған жаңалық іс- әрекет қалпын жақсартудың дерексіз (абстракт), болмысқа жарасымы жоқ құрғақ теория.Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар әрқилы даму,тіршілік сатылары мен қисынды құрылымдарды қамтиды.Өз даму айналымында инновация белгілі кезеңдерден өтеді:идея ның туындауы, мақсат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру және әрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату және тоқырау (жойылу). Инновациялардың іске асып бару кезеңдері жаңалықты қабылдап,игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланыста.
Зерттеген ғалымдар: И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.Лищенко зерттеу-лерінде инновациялық іс-әрекеттің жеке бас және операциялық аспектілердің өзара байланысы қарастырылды.
Әлеуметтік инновация дегеніміз саналы түрде әлеуметтік позитивті өзгерістерді еңгізу мақсатында ұқұрылымына қарай:басқару, білім беру, зейнет ақыға қатысты, мәдениет, спорт,адамдардың денсаулығына байланыстыйымдастырылып еңгізілген жаңалық..
Әлеуметтік инновацияөзіне тән ерекшеліктері бар. Әлеуметтік инновация ұжымдық сфера еңбектің нәтижесі болса, материалдық техникалық саладағы инновация жеке адамның шығармашыл әрекеті. Әлеуметтік инновациялардың тағы бір ерекшелігі, ол уақыттан алшақ болуы, нәтижесі бірден көрінбейді. Тағы бір ерекшелігі, оның сыртқы ортамен байланысы,қолдануда ауқымының кеңдігі. Әлеуметтік инновациялар қөп түрлі болып келеді. Әлеуметтік инновацияларды көлемімен деңгейіне қарай келесідей түрлерге бөлуге болады: глобальды, жалпы азаматтық проблемаларды шешуге арналған, регионалды және жергілікті.
Қоғамдық өмір сферасына қарай:әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени, рухани, әлеуметтік институттардағы.
Қолдану масштабына қарай:, жеке әлеуметтік, бір объектіге арналған.
Әлеуметтік сфераның құрылымына қарай:басқару, білім беру,мәдениет, спорт т.б.
7. А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығы
А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығын анықтайды, ол жобалауды жобаның бастапқы кезеңіне тән әрекет деп түсіндіреді. Шын мәнінде, кез келген өнімді, немесе инновациялық қызмет нақты мақсат қойылуын, дәлірек айтқанда, жобалауды қажет етеді. Педагогикалық әрекеттер тәжірибесінде білім беру жүйесін жобалау іске асырылады, мысалы, оған сабақ үрдісін жобалау, немесе, мектептің гимназияға өтуін жобалау, немесе бір ел бойынша білім беруді дамытуды жобалау әрекетерін жатқыза аламыз.
Келесі бір ортақ түсінік қалыптастыруды қажет ететін технология ұғымы бар, зерттеушілер оны берілген міндетті орындау түрлері мен амалдарының, әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде қарастырады. Ал, біз қарастырып отырған жобалау қызметінің кез келген түрі осы технологиялар жиынтығы негізінде жүзеге асырылады.
Әрекеттің өнімділігін ұйымдастыруда рефлексияның – қойылған мақсатты, үрдістегі міндеттерді, нәтижелерді үнемі талдап отырудың – маңызы зор.
Осылайша, ғылыми зерттеулер әдіснамасы да, практикалық әрекеттер әдіснамасы да, жобалау категориясының логикасында оның үш кезең (фазалар) – жобалық, технологиялық, рефлексиялық – фазалар бірлігін сақтай отырып құрылады дей аламыз.
Әлеуметтік жүйелердің дамуын жобалауды инновациялық процестің моделі ретінде қарастыруға болады:
− ұйымның бастапқы жағдайы (біз қазір қайдамыз?);
− күтілетін болашақтың бейнесі (біз қайда барғымыз келеді?);
− қазіргі жағдайдан болашаққа өту әрекеттерінің құрамы мен құрылымы (біз күтілетін нәтиже алуымыз үшін не жасаймыз?).
Жобалау келесі қызметтерді атқаруға арналған:
− оның қатысушылар әрекеттерінің бағытын және олардың мақсатты бағдарларын анықтау, яғни орындаушылардың бірлескен жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз ету құралы болу;
− жеке орындаушылар мен олардың топтарының арасындағы байланыстарды анықтау, яғни орындаушылардың күштерінің интеграциясы мен әрекеттерін үйлестіру құралы болу;
− жұмыс барысы мен оның орындалуы жағдайларын бақылау құралы болу;
− қойылған мақсаттардың орындалуына кесел келтіруі мүмкін қауіп-қатерді алдын-ала болжай білу құралы болу;
− жұмыс бағытының жоспарланғаннан ауытқуы немесе бұрын болжанбаған қауіп-қатердің анықталуы барысында шешім шығара білу құралы болу.
Жобалау – бұл күтілетін нәтижеге бағытталған қозғалыстың тұтас моделі, оның негізгі міндеті – мақсатқа бағытталған қозғалысты бақылайтын құрал болу. Бақылау барысында болжамды нәрсе шынайы нәрсемен салыстырылады, бұл жағдайда бағдарлама аралық және түпкі нәтижелер салыстыруға мүмкіндік беретіндей болуы қажет.
ХХ ғасыр аяғындағы қоғамдағы саяси -әлеуметтік қарқынды өзгерістер жобалауды әлеуметтік мәдени өзгерістерді басқару контекстінде де қарастырудың маңыздылығын айқындауда. Өйткені, бүгінгі ақпараттық жаңғыртулар ұдайы жүріп отырған қоғамдық өндірістің қуатты күші ауқымы жағынан табиғи үдерістермен барабар келіп, осы жағдайда адамдардың өзгермелі жағдайларға уақытында тез жауап бере алатын жаңа әрекеттерін ұйымдастыруды қажет ететін ортаны қалыптастыруда.
Қазіргі заманғы ғылым мен өркениеттің жаңа парадигмасына сай әлеуметтік жүйелердің өзгерістері, ондағы адамның орны мен ұйымдастырушылық ролі туралы мәселелер философиялық, мәдениеттанушылық және психологиялық тұрғылардан қарастырылуда. Бұл бағытта отандық ғалымдар бүгінгі әлеуметтік–мәдени жағдайларға қатысты жан-жақты зерттеулер ұсынуда.
8. «Жоба», «жобалау», «педагогикалық жобалау», «мұғалімнің жобалау әрекеті» түсініктемелерінің білім беру аймағындағы байланысы
Жоба -(латынша projectus-алға қарай лақтыру; жобалау – болашақтағы объектінің образын жасау) құжаттар жиынтығы(расчетар, чертеждар), белгілі затты, құрлысты орындау үшін жасалған жоспар, құжат.
Жобалау (лат. Projectus – алға қарай бағытталған) ғылым мен жобаны құрудағы инженериялық әрекетпен, болашақтағы ұсынылып отырған құбылыстың үлгісін құрумен тығыз байланысты. Адам еңбегінің көптеген өнімдері оны алдын ала жобалау нәтижесінде жүргізілетіні анықталды. Бұл контексте жобалау - жобаны, яғни ұсынылып отырған обьектінің үлгісін, прототипін құрудағы үдерісс болып табылады. Қазіргі кезде, жобалау – бұл білім берудің жаңа құндылықтары. Бұл жерде қандайда бір нәрсенің толықтай бір көрініс орнатылады және де шынайы болашаққа деген ұмтылыс та өте жоғары.
Жобалау (қасиеттердің бір обектіден екінші обекті обектіге ауысуының психологиялық көшулерінің процедура секілді «проекция» деген сөзінен шыққан). Жобалау кезінде адамның санасының обект үлгісін көтеріп алу қабілеттілігі жайында сөз болады. Дәл қазіргі сәтте жобалау белгілі бір әдістермен процедуралар көмегімен өзекті жасайтын тұлғалық қасиет ретінде болады. (Жобалау санасы, жобалау әдістемесі, жобалау тесті).
Педагогикалық жобалаудың алуан түрлі анализдік жағына қажетті болып табылатын түсініктің орталығына жоба жатады. Философиялық деңгейде жоба рухани білім әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Әрекет – жобаның мақсаты мен нәтижесі секілді. Жалпы мәнде жоба – жеке бір жүйенің орнатылған қажеттіліктермен бірге нәтиже сапасына деген бағытталған өзгерісі. Сонымен бірге жоба әрекетінің мақсаты мен нәтижесі де болып табылатын жобаларды дайындауда керекті материалдарға теориялар, модельдер, түсініктемелер, формулалар, алгоритм мен прадигмалар жатады. Әр түрлі аймақтарда жобалаудың құрал жабдық жүйелеріне әрекет теориясы жатқызылады.
Педагогикалық терминдердің сөздіктерінде педагогикалық жоба былайша сипатталады:
· Көрсетілген уақытқа байланысты педагогикалық жүйенің өзгеруі бойынша өзара әрекеттесетін іс шаралар комплексі.
· Педагогтың пдагогикалық тапсырмаларды іс әрекет рөлі мен орнына және осы әрекетті орындау уақытымен оны жүйелендіруге байланысты бағытталған әрекет құрылымы мен жүйесі.
Келтірілген анықтамаларда мыналар енгізілген: уақыт факторы, бағыт, өзгеріс нормасы, әрекетті ұйымдастыру спецификасы. «Жоба» терминінің қазіргі түсінігі білім беру контекстімен байланысты басқа да талқылауларға ие.
· Қандай да бір қызметтің алдын ала ұсынылған мәтіні (мысалы: заң жобасы).
· Кейбір акциялар бір ғана программамен қамтылған немесе жалпы ұйымшылдық форманы иеленетін мерекелер құрамы (мысалы: білім беру жобасы, басып шығару, теледидарлық жоба).
· өнімді жеке немесе бірлескен әрекеттің аяқталған циклі (жеке бір қатысушының, жоба тобының, үйреніп келе жатқан, білім беру мекемесінің).
9. Педагогикалық жобалау әрекеті идеяларының пайда болуы және дамуы
Педагогикалық жобалаудың негізгі түсінігі. «Егер де педагогикалық түсініктемелерге аса көп зейін қойылған жағдай да ғана, олар тірі қалыптарында болады. Көптеген жұмыстарда терминологиямен байланысты жұмыстар келтірілген, бұл әсіресе кәсіби әрекеттің спецификалық анализіне бағытталады.
Педагогикалық жобалауды қарастырудағы ғылыми контекстінің негізін түсінік, жоба, жобалау, жобалық секілді категориялар қарастырады».
Жобалау (лат. Projectus – алға қарай бағытталған) ғылым мен жобаны құрудағы инженериялық әрекетпен, болашақтағы ұсынылып отырған құбылыстың үлгісін құрумен тығыз байланысты. Адам еңбегінің көптеген өнімдері оны алдын ала жобалау нәтижесінде жүргізілетіні анықталды. Бұл контексте жобалау - жобаны, яғни ұсынылып отырған обьектінің үлгісін, прототипін құрудағы үдерісс болып табылады. Қазіргі кезде, жобалау – бұл білім берудің жаңа құндылықтары. Бұл жерде қандайда бір нәрсенің толықтай бір көрініс орнатылады және де шынайы болашаққа деген ұмтылыс та өте жоғары. Яғни ойлаудағы басты нәрсе ойлаудың шынайы бір функцияның дамуына байланысты болатын қарым қатынас жобалауды былайша қарастыруға болады:
· өнімнің ерекше түрі ретіндегі жобаны құруға бағытталған әрекеттің спецификалық түрі.
· шынайылықты игеру мен қайта өңдеудің ғылыми практикалық әдісі.
· техникалық мәдениетке тән инновациялық қалыптасуының формасы.
· басқармалы процедураны.
Осыған байланысты педагогикалық жоба былайша түсіндіріледі:
· Практикалық бағытталған әрекет, мақсаты білім беру жүйесімен педагогикалық әрекет түрінің практикасында жоқ жаңа әрекеттерді өңдеу. (мысалы, жобалау пәніне, болашақ программалардың, оқулықтардың үлгілері жатады).
· Білімнің жаңадан дамытылған аймағы, педагогикалық әрекеттің трактовкалық қабілеті.
· Педагогиканың қосымша ғылыми бағыты, ол дамудың тапсырмаларының шешілуіне, орындалуына бағытталған.
· Педагогикалық және ғылыми зерттеушілік әрекеттің трансляциясы мен нормалау қабілеттілігі.
· Педагогикалық жобаның құрылу және жүйелендіру процесі.
· Тұлғаның спецификалық даму қабілеттілігі.
· Білім беру технологиясы.
Білім беруде жоба әрекеті жиі педагогикалық әрекеттің басқа түрлеріне қатысты қосымша рөлді орындай отырып, тәрбиелік білім берудің құралы болып табылады. Оған мысал ретінде оқу жобаларын (диплом, курстық жұмыс) жатқызуға болады. Жобалау педагогтар мен қатысушылар әрекетінің екі негізгі сызығына бағыттала отырып, педагогикалық өзара әрекеттің ұйымдастыру формасы бола алады.
Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы.
Жобалық іс-әрекеті біріккен оқу танымдық іс-әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталған,ортақ мақсаты, қиыстырылған әдісі, іс-әрекет тәсілдері бар,балалардың шығармашылық және ойын іс-әрекеті.
Даму барысында жобалау қызметі басқа әрекеттер түрлерімен байланысу негізінде қайта құруға, өзгерістерге ұшырап отырды, оны ғылымда жобалаудың эволюциясы ретінде:
– құрастыру әрекетінен – дәстүрлі классикалық жобалауға,
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 265 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |