Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. 4 страница

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030
  3. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 1 страница
  4. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 2 страница
  5. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 3 страница
  6. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 4 страница
  7. Антикалық философияның классикалық кезеңі
  8. БИЛЕТ № 4. 1 страница
  9. БИЛЕТ № 4. 2 страница
  10. БИЛЕТ № 4. 3 страница

Дәстүрлі «жобалау» ұғымы энциклопедиялық сөздіктерде техникада, құрылыста, т.б. өндірістік салаларда белгілі бір бұйым жасау, немесе ғимарат салуға қажет құжаттардың –суреттер, есептеулер, т.б. –жиынтығы деп қарастырылады. Жобалаудың бүгінгі мәні одан өзгеріп, оны жеке адамның, ұжымның, ұйым не мекеменің, немесе, бірнеше ұйымдар мен мекемелердің бірлескен өнімділік әрекетінің аяқталған циклы деген түсінігі кеңінен тарауда.

Әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалау түрлерінің, оларды қолдану аясының тым көптігі оларды классификциялауды қажет етеді, оны А.М.Новиков бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде қарастырып көрейік.

− Жобалау типтері, немесе салалары: техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру, аралас салалар, т.б.

− Жобалау кластары, немесе жобалау құрамы мен құрылымы, пәндік аясы бойынша: моно – жобалау, мульти –жобалау, мега – жобалау. Олар қолданылуына қарай сипатталды, мысалы, моно – дербес жобалаудың белгілі бір масшабтағы түрліше дара жобалау екені атынан көрініп тұрса, мульти –жобалау бірнеше дербес жобалардан тұратын кешенді жобалау болса, мега –жобалау– белгілі бір экономикалық саланы, не аймақты дамытудың мақсатты бағдарламалары, оның құрамына моно – жобалау да, мульти – жобалау да еніп кетеді.

− Жобалау масштабтары: шағын, орташа, ірі және өте ірі деп шартты түрде белгілене алады.

− Жобалау ұзақтығы: қысқа мерзімді – 3 жылға дейінгі, орта мерзімді, – 3-5 жылға, ұзақ мерзімді – 5-тен көп жылдарға созылатын жобалау;

− Жобалау түрлері: инвестициялық, инновациялық, білім беру, ғылыми –зерттеу, аралас, т.б.

Енді осы «жобалау» ұғымының білім беру саласында қатысты сапаларын қарастыратын болсақ, оның түрлерін ғылыми –зерттеудегі жобалау, педагогикалық жобалау, әр білім алушының оқу әрекетінде қолданылатын жобалау деп бөлуге болады.

Әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалауға бірнеше анықтамалар берілген, мысалы, Ф.Перегудовтың анықтамасы бойынша, «жобалау – жұмыс нәтижесінің сапасына қойылатын талаптары белгіленген, орындау сипатына сай қажетті құралдар мен кететін шығындар алдын ала есептелген, берілген уақыт ішінде белгілі бір жүйеге мақсатты өзгерістер ендіру». Ол әр жобалау идея пайда болғаннан бастап, толық аяқталғанға дейін өз дамуының бірнеше сатыларынан өтеді дей отырып, даму сатыларының жиынтығы жобаның өмір сүру циклын құрайды, ал ол фазаларға бөлінеді, фазалар – сатыларға, сатылар – кезеңдерге бөлінеді дейді.

А.М.Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының айырмашылығын анықтайды, ол жобалауды жобаның бастапқы кезеңіне тән әрекет деп түсіндіреді. Шын мәнінде, кез келген өнімді, немесе инновациялық қызмет нақты мақсат қойылуын, дәлірек айтқанда, жобалауды қажет етеді. Педагогикалық әрекеттер тәжірибесінде білім беру жүйесін жобалау іске асырылады, мысалы, оған сабақ үрдісін жобалау, немесе, мектептің гимназияға өтуін жобалау, немесе бір ел бойынша білім беруді дамытуды жобалау әрекетерін жатқыза аламыз.

Келесі бір ортақ түсінік қалыптастыруды қажет ететін технология ұғымы бар, зерттеушілер оны берілген міндетті орындау түрлері мен амалдарының, әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде қарастырады. Ал, біз қарастырып отырған жобалау қызметінің кез келген түрі осы технологиялар жиынтығы негізінде жүзеге асырылады.

Әрекеттің өнімділігін ұйымдастыруда рефлексияның – қойылған мақсатты, үрдістегі міндеттерді, нәтижелерді үнемі талдап отырудың – маңызы зор.

Осылайша, ғылыми зерттеулер әдіснамасы да, практикалық әрекеттер әдіснамасы да, жобалау категориясының логикасында оның үш кезең (фазалар) – жобалық, технологиялық, рефлексиялық – фазалар бірлігін сақтай отырып құрылады дей аламыз.

Әлеуметтік жүйелердің дамуын жобалауды инновациялық процестің моделі ретінде қарастыруға болады:

− ұйымның бастапқы жағдайы (біз қазір қайдамыз?);

− күтілетін болашақтың бейнесі (біз қайда барғымыз келеді?);

− қазіргі жағдайдан болашаққа өту әрекеттерінің құрамы мен құрылымы (біз күтілетін нәтиже алуымыз үшін не жасаймыз?).

Жобалау келесі қызметтерді атқаруға арналған:

− оның қатысушылар әрекеттерінің бағытын және олардың мақсатты бағдарларын анықтау, яғни орындаушылардың бірлескен жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз ету құралы болу;

− жеке орындаушылар мен олардың топтарының арасындағы байланыстарды анықтау, яғни орындаушылардың күштерінің интеграциясы мен әрекеттерін үйлестіру құралы болу;

− жұмыс барысы мен оның орындалуы жағдайларын бақылау құралы болу;

− қойылған мақсаттардың орындалуына кесел келтіруі мүмкін қауіп-қатерді алдын-ала болжай білу құралы болу;

− жұмыс бағытының жоспарланғаннан ауытқуы немесе бұрын болжанбаған қауіп-қатердің анықталуы барысында шешім шығара білу құралы болу.

Жобалау – бұл күтілетін нәтижеге бағытталған қозғалыстың тұтас моделі, оның негізгі міндеті – мақсатқа бағытталған қозғалысты бақылайтын құрал болу. Бақылау барысында болжамды нәрсе шынайы нәрсемен салыстырылады, бұл жағдайда бағдарлама аралық және түпкі нәтижелер салыстыруға мүмкіндік беретіндей болуы қажет.

20. «Жобалау», «болжамдау», «құрастыру», «үлгілеу» ұғымдарының байланысы

Жобалық әрекет «жобалау», «болжау», «құрастыру», «үлгілеу» ұғымдарымен тығыз байланысты. Болжау бұл белгілі бір атаудың алдағы мүмкін болатын күйі туралы ықтималды ғылыми пікір, оның болашақтағы көрінісін арнайы зерттеу мен ғылыми болжаудың әртүрлілігі. Сонымен қатар, «ізденушілік болжам» ұғымы да кездеседі. Ізденушілік болжамның мақсаты берілген өлшемге бағдарымен қоса, мәселені шешудің мүмкін болатын жолын анықтайтын нормативтік және перспективалық мәселені, тиісті шешімді іздеу.

Жобалау мен болжаудың мақсаты мен нәтижеге жету бағдары жалпылыққа ие. Алайда, жобалық тәжірбиеде тікелей қолдануына, нәтижеге қол жеткізу үшін жүзеге асырылуына қарамастан, қаталдық пен жауапкершілікті көбірек талап етеді. Болжам «келешек жайында пікір» ретінде қорытындыда белгілі бір түрленушілікке жол беріледі. Жобалау мен болжамның өзара әсері жобалауда зерттеу әрекеті болжамның жаңа қайнар көзі болу ықтималдығына баға болып табылатындығына негіз болады. Болжам міндетті ойлау процедурасы ретінде жобалауда осы не басқа объектінің немесе болашақтағы атаудың мүмкін болатын күйін, перспективасы туралы қалыптасу үшін қолданылады.

Құрастыру бастапқыда инженерлік әрекет түрі ретінде пайда болады; құрастыру инженерлік объектті не жүйені белгілі бір үйлесімділікте құрастырумен байланысты, содан соң өндірісте құрылады. Көбінесе бұл жағдайда типтік, стандартталған элементтер(бөлшектер) қолданылады, осылардың үйлесімділігінен жаңа өнім шығады.

Құрастырудың қазіргі таңдағы түсінік ауқымы кеңеюде. Мысалы, әлеуметтік салада, құрастыру әлеуметтік байланыстар жүйесін табу, нақтылау, өңдеу мен орнату мағынасында қолданылады. Құрастыру мен жобалау оның пәндік іске асырылуына түпкі ой үйлесімділігінің жүйелі кезеңі. Құрастыру үрдісінде жобаланатын объект элементтері, бөлшектері өңделеді, ол жобалауда осы элементтердің өзара байланысты жүйесі құрылады, өңделеді және жоба дайындалады.

Жобалау,сонымен қатар, үлгілеумен байланысты, үлгілеу әртүрлі табиғат объектілерін олардың ұқсастығында (үлгіде) зерттейді.

Үлгі (лат. modulus- өлшем, үлгі, норма) – бұл элементтер арасындағы қатынас пен қасиеттің бейнеленген немесе жүргізу құрылымының және зерттелінетін объектінің схема, суреттеу, физикалық конструкция не формула түрінде құралған үлгі.

Үлгі материалдық (пәндік) және идеалдық болуы мүмкін. Материалдық үлгі объектінің (мысалы, архитекторлық құрылыс үлгісі, самолет үлгісі) геометриялық (физикалық, динамикалық, функционалдық) сипатын айқындайды. Идеалдық үлгі – объектінің бейнелік не белгілік түсінігі (мысалы, математикалық, физикалық үлгі).

Үлгілеу жобалауда шынайы өмірде кездеспеген не олар қандайда бір себеппен белгісіз объектіні атауды, үрдісті таныстыру мен қайта қалыптастыру үшін кең қолданылады. Үлгі объект, атау мен үрдістің жеке аспектілерін бөліп көрсетуге, оның берік қасиеттерін анықтауға, соларға сүйеніп іс жүргізуге және оларды дәлірек логикалық сараптауға салуға мүмкіндік береді.

Жобалау саласында үлгі мыналарға мүмкіндік береді:

· Объект не атау бейнесін құруға;

· Шынайы үрдісті болашақтағы әрекетімен елестетуге;

· Жобалаудың мүмкін болатын нәтижелелеріне қол жеткізуге, салыстыруға, бағалауға;

· Мәселені шешудің балама нұсқаларының бірін негізді таңдауға.

Жобалық процедура шеңберіне болашақтағы объект, үрдіс пен атау үлгілерін құру жатады, сондықтан үлгілеу жобалаудың бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Сонымен, жобалау ақыл-ой әрекетінің басқа түрлерімен де байланысы бар, олардың әдісін жобалық мақсатты іске асыруда қолдануға мүмкіндік береді.

21. Жобалық мәдениет. Жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауыштары

Жобалаудың қазіргі таңдағы контексінде «жобалық мәдениет» термині де қатар жүр. Әдіскер мамандар оның құрылымына төмендегідей мазмұндық-мағыналық бірлігін кірістіреді:

Жобалаушының еркіне сәйкес немесе жобаланатын пәндік ортаның ішіндегі құндылықты-мәндік бейне.

Шығармашылық пен теориялық сана мазмұны болып табылатын шығармашылық және ғылыми тұжырымдамалар, сонымен қатар, жобалаушының шығармашылық еркін көрсететін қызмет бағдарламалары.

Жобалық үрдісті жүзеге асыруда тұлғалық қатынастың күрделенуі үшін қажет – құндылықтар.

Белгілі бір жағдайда орта қатыстылығы, белгі-бейнелік тиістілік жобалық мәдениеттің экологиялық құрамын қалыптастырады. Кейде аталған құраманың болмауынан жобаға алғашқы көзқарастың ұнамдылығын сәтсіздікке итермелеуі мүмкін. Жобалаушының ой елегінен өтетін шығармашылық ой-пікірлерің терминдеріндегі теориялар, әдістемелер, эвристика - жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауышы болып табылады. Құндылықтар тобы аксиологиялық құраманы құрайды(Бұл жайында О.И.Генисаретский ұсынған жобалық мәдениет амалы қолданылған). Сонымен, білім беру саласында жобалық әрекетті құру мен бағалауда, оныңэкологиялылығын, концептуалдылығын, құндылық бағдарын ескеру керек.

22.«Жобалық», «жобалай алушылық», «жобалаушылық» ұғымдарының мәні

Ғылыми–әдістемелік әдебиеттерде «жоба», «жобалау» ұғымдарынан тарайтын түрлі сөз тіркестері мен терминологиялық түсініктер көбеюде. Олар бір қарағанда мәндес сияқты болғанымен әрқайсысының қолдану аясы бар, сондықтан жобалау әрекеті барысында пайда болуы мүмкін қайшылықтарды болдырмау мақсатында нақтылауды қажет етеді. Оларды төмендегі сипаттары бойыша ажырата аламыз:

− «жобалық» – бұл сипат белгілі бір нәрсенің жоба аясында қолданылатынын түсіндіретін, жоба категориясына жататынын білдіретін ұғым, мысалы, жобалық шешім, жобалақ құжаттар, жобалық тұрғы, жобалық мәдениет, т.б.

«жобалай алушылық» – бұл сипат адамның ой түріндегі объект бейнесінің тәжірибеде іске асырылу моделін көре алатын қабілеті. Ол белгілі бір әдістер мен процедуралар негізінде іске қосылатын тұлғалық сапасы ретінде көрінеді, мысалы, жобалай алатын ой-сана, жобалай алу әдістемесі, жобалай алуды тексеру, т.б.

«жобалаушылық» – бұл сипат ерекше әрекет ретіндегі жобалауға жататын ұғымдарды білдіреді, мысалы «жобалаушылық кезең» деп белгілі бір үрдістегі жобалау әрекетін пайдалануға мүмкіндік бар кезеңді, «жобалаушылық біліктілік» –жобалау қызметін іске асыру мүмкіндігін білдіреді.

23. И.А.Колесникова, А.П.Тряпыцина, Е.С.Заир-Бек, Н.А.Масюкова, И.А.Зимняя т.б. "жобалау" ұғымына берген анықтамасы.

И.А.Колесникова: «жобалау – тәжірибеде бұрын болмаған білім беру мен педагогикалық әрекет түрлерін жаңадан құрастыру мақсатындағы тәжірибелік -бағдарлы әрекет»;

А.П.Тряпыцина: «жобалау – білім берудің дамытудың жаңа саласы, педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы»;

Е.С.Заир-Бек: «жобалау– қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы және ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт»;

Н.А.Масюкова; «жобалау – педагогикалық және ғылыми–зерттеу әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы»;

Олардан басқа жобалауға «педагогикалық жоба құру және жүзеге асыру үрдісі, тұлғаны дамытудың ерекше жолы, оқыту технологиясы» деген түсініктер берушілер де бар. Бүгінгі күні жобалау әдістерімен оқыту үрдісінен оқытудағы жобалауға, немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау негізіндегі тәрбиелеуге, жобалау негізіндегі білім беруге көшу жүзеге асырылуда. Бұл үрдісті жобалау ортасының білім беру ортасына айналуы деп те айтуға болады, өйткені, типтік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда оқытудың басты құралдарының бірі ретінде тәжіибеге белсенді түрде еніп келеді.

И.А.Зимняя білім берудің жобалылығын білім тенденциясының болашағы ретінде қарастыра отырып, оны айқын байқалып келе жатқан пәндік – бағдарлы оқыту жүйесінің тұлға әрекетіне бағытталған жобалық – құрастырушылық оқытуға ауыса бастауымен түсіндіреді.

24. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың мәні, зерттелуі мен түрлері.

Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: «адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды».

Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым –қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы «бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды.

Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл –ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар ретінде қарастырған.

Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны белгілі.

Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және білім саларында ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В.Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.

В.Килпатриктің айтуынша, кез - келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:

– Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;

– Мақсатқа бағытталған әрекет;

– Оқытуды – өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.

Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:

1) өндірістік, немесе жасампаздық;

2) тұтынушылық;

3) интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;

4) жоба–жаттығулар.

25. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс - әрекетінің қызметі

Бүгінгі отандық педагогика ғылымында, педагогикалық жобалау тәрбиелеу мен оқыту процесінің жаңа күйін немесе бар процестің жаңарған түрін құрастыратын жеке ғылым ретінде сипатталады (В.П. Беспалько). Жобалау іс әрекетіндегі негізгі ұстанымдары деп зерттеушілік, аналитикалық, болжам жасау, қайта өңдеу, нормаға келтіретін принциптерді атайды.Сонымен қоса жобалауға білімді болжау негізінде практика үшін тиімді нәтижені беретін ұлттық және құрушы ұстанымдарға сәйкес келеді. Осынсымен жобалау әс әрекеті ғылыми педагогикалық іс-әрекеттерде болатын педагогикалық заңдарды айқындау мен сипаттаудан ерекшеленеді.

Жобалау әр түрлі педагогика аясында рамалық сипатта болады. Бұлай болатынының себебі, көп функционалды жобалау іс әрекеті төмендегідей сипатта да қолданылуы мүмкін:

-кең әлеуметтік білім беру контекстінде педагогикалық құрал ретінде, мысалы білім алушы ұйымдардың шеберінде корпаративті мәдениетті қалыптастыру;

-оқыту (тәрбиелеу) құралы, педагогикалық іс әрекеттің басқа түрлеріне мысалы оқу (диплом, курстық жұмяс) жобаларын жасауға қатысты қосымша рол атқаруы;

-басқа іс әрекет контекстіндегі процедуралар мысалы, білім беруді басқару;

-сол немесе басқа педагогикалық объектінің (жүйе, процес, құбылыс) жаңа(иновациялық) формасын дамыту.

25. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі және жобалау іс - әрекетінің қызметі.

Педагогикалық жобалауды жүйелік тұрғыдан қарастыру тұжырымдамасы негізінде өткен ғасырдың 80-жылдары ене бастады. Олар Ю.К.Бабанский, В.С.Ильин, В.П.Беспалько, т.б. педагогикалық үрдістегі жүйе құраушы идеялары негізінде пайда болды. И.П.Волков өз еңбегінде болашақ педагогтың үш кәсіби сапасы – пәндік, педагогтық және жобалау кәсіптерін болуын құптайды. Жобалау білім саласындағы кәсіби әрекеттердің жетекші компоненті болып табылады, сонымен қатар ол білім беруді басқаруға да бағытталады. Жобалаудың білім берудегі қызметін анықтауда В.П.Беспальконың пікірлеріне сүйене отырып, зерттеушілік, талдаушылық, жобалаушылық, жаңартушылық, нормалаушылық, құрастырушылық, т.б. көптеген сипаттағы мәндерін белгілей аламыз. Өзінің көпфункционалдық сипатына сай педагогикалық жобалауды төмендегі сапаларда қолдануға болады:

Білім беру құралы ретінде әлеуметтік –мәдени контексте пайдалану, мысалы, білім алушылардың корпоративтік мәдениетін, коммуникациялық дағдыларын қалыптарстыруда қолдануға болады;

Оқыту/тәрбиелеу құралы ретінде – білім берудің дәстүрлі түрлерінен бөлек қосымша, сабақтан тыс түрлерінде, мысалы, дипломдық жұмыс, ғылыми жобалар жазуда пайдалану;

Процедуралар ретінде –мысалы, басқару үрдісінде пайдалану;

Дамыту түрі ретінде – инновациялық жолмен дамыту сипатында жүйелерді, құбылыстарды, үрдістерді дамытуда пайдалану.

26. Әлеуметтік-педагогикалық жобалардың түрлері

Бүгінгі педагогикалық жүйелерде жаңарту нысанына, мақсаттық бағыттарына және нәтижелеріне байланысты жобалаудың негізгі үш түрі белсенді дамып келеді, олар:

− әлеуметтік - педагогикалық жобалау, олар әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;

− психологиялық - педагогикалық жобалау, оның мақсаты адамдар мен олардың қарым –қатынастарын білім беру үрдісі барысында жаңарту;

− білім беруді жобалау, ол білім сапасы мен нәтижелерін, білім беру жүйесі мен оның институттарын инновациялық өзгертуді жобалау.

27. Педагогикалық жобалаудың деңгейлері

Педагогикалық жобалау – педагогтар мен оқушылардың, педагогикалық қоғамның қарым қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен түрлерін қалыптастыру үрдісі деп анықталады.

Педагогикалық жобалау бірнеше деңгейлерде жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, жобалау әрекеті негізінде пайда болатын өнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты қойылатын талаптарға орай білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық және процессуалдық (үрдістік) деңгейлерде жүзеге асырылады.

Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі жобалау нысанының тұжырымдамасын, немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады. Мысалы, білім стандартының моделі, бағдарлама тұжырымдамасы, оқу жоспары жобасы, т.б. бұл деңгейдегі жоба нәтижесі универсалдық сипатта болып, келесі деңгейлердегі осыған ұқсас өнімдерді құрастырудың әдіснамалық негізі бола алады.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 122 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.016 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав