Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. 1 страница

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030
  3. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 1 страница
  4. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 2 страница
  5. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 3 страница
  6. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 4 страница
  7. Антикалық философияның классикалық кезеңі
  8. БИЛЕТ № 4. 1 страница
  9. БИЛЕТ № 4. 2 страница
  10. БИЛЕТ № 4. 3 страница

Классикалық жобалауға жататын архитектурадағы, техникалық ғылымдардағы дәстүрлі жобалардан басқа, жоба түрінде болғанымен мазмұны мүлдем басқаша қазіргі заманғы квазижобалар қатарына әлеуметтік жобалау әрекеттерін жатқызуға болады.

 

Педагогикалық жобалау – қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі.Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекет.

Жобалап оқытудың артықшылықтары:логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау,балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы,жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады.Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.

10. Педагогикалық жобалаудың пайда болуы

Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: «адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды».

Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым – қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы «бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды.

Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоций да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл – ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар ретінде қарастырған.

Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны белгілі.

Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетінәлеуметтік және білім саларында ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В.Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.

В. Килпатриктің айтуынша, кез - келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:

– Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;

– Мақсатқа бағытталған әрекет;

– Оқытуды – өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.

Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс – тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:

1) өндірістік, немесе жасампаздық;

2) тұтынушылық;

3) интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;

4) жоба–жаттығулар.

Өткен ғасырдағы педагогикада гуманитарлық идеялардың дамуы жобалауды кәсіби әрекеттің ерекше түрі ретінде қабылдап, білім беруде жобалау мәдениетінің қалыптасып дамуына ықпал етті. Батыстық педагогикада (К.Роджерс, Э.Фромм) оқытудың жобалау мәдениеті тұрғысынан қарастырылуы білім алушының жобалау әрекеттеріне қатысуы арқылы тұлғалық өсуіне, жеке әлеуметтік тәжірибесінің дамуына, шығармашылық еркіндігін көтермелеуге бағытталған педагогикалық жағдайлар туғызылады деп қарастырылды.

Оқытудағы жобалау әдістерімен қатар, жобалаудың өзі педагогтар үшін жаңа міндеттер пайда болуына негіз болды. Мысалы, мектеп өмірінің демократиялануына байланысты жобалау оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен өнімді әрекеті түріне айналды, өзара тең дәрежедегі жаңа қарым–қатынастар құруға мүмкіндіктер туғызды. С.И.Гессеннің айтуынша педагогикалық ортада «қоғамдық өмірдің сан алуан түрлеріндегі өзара әрекеттердің өркендеуіне», Килпатрик бойынша айтқанда, жобаға қатысушылардың «белсенділіктері ағаш бұтақтарындай таралып өсуіне» қатты ықпал етті. Сөйтіп, жобалау әрекетін алдаңғы қатарлы педагогтар жобалау үрдісіне тартылған әлеуметтік–білімдік кеңістіктегі демократиялық қарым – қатынас құралы ретінде пайдалана бастады.

Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түре дамытыла бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де өзгеруіне ықпал ете бастады.

Посткеңестік елдерде, соның ішінде Ресейде және Қазақстанда жобалау әдістері негізінде оқыту шетел тәжірибесімен қатар жүрді деуге болады. Өткен ғасырдың басында – ақ С.Т.Шацкийдің жетекшілігімен оқыту барысында жобалаудың бірнеше түрлерін пайдалану жұмыстары ұйымдастырылды. Одан соң, В.А.Герд практикалық жүмыстағы жобалау әдістерін, А.П.Пинкевич жаратылыс тану ғылымындағы сынақ – тәжірибелік жұмысында, Б.Е.Райков зерттеу жұмыстарында, К.П.Ягодовский зертханалық жұмыстарда жобалау әдістерін дамыта бастады. Оған осы кезде орыс тіліне аударылған Килпатрик еңбегінің ықпалы мол болды, соның негізінде оқу және әлеуметтік –педагогикалық жобалау педагогикалық әрекеттің ерекше түрі ретінде терең таратылды.

1931 жылы БКП (б) Орталық Комитетінің Қаулысымен жобалау әдістері үлкен сынға ұшырады, өйткені, «оқушыларға нақты пәндер аясында білім жүйесін игеруге мүмкіндік бермейді», деп көрсетілді. Соған орай, кеңестік елдерде жарты ғасырға жуық уақытта жеке әдіс ретінде қолданылмады. Шетелдер тәжірибесінде, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, т.б. көптеген елдер жобалау әдістері ең тиімді гуманитарлық әдіс ретінде кеңінен тарады.

Жобалау әрекеттерінің одан әрі дамуы мәдени құбылыстардың қалыптасу логикасы бойынша – жай репродукциядан – зерттеуге, зерттеуден –мақсатты қайта құруға әкелді. Дамытып және дамып отыратын жобалық түзілім: танымға қызығушылық – таным әдістері – білім құрылымы негізінде өзіне тән ерекшеліктері бар ойлаудың жобалық амалы, жолдары қалыптасты.

Кеңестік мектептерде жобалауды педагогикалық ойлау логикасы тұрғысынан А.С.Макаренко қолданды, ол нақты бір тәрбиеленушінің қабілеті мен қызығушылықтары негізінде тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаның оқу –тәрбие әрекеттерін жобалау әрекеттерін қарастырды.

1970 - жылдары Н.В.Кузьмина еңбектерінде жобалау компоненті педагог әрекеттерінің құрылымына енгізілді, қазіргі кезде терминологиялық аппараттан «педагогикалық жобалау», «мұғалімнің жобалау әрекеті», «педагогикалық жобалау» ұғымдары орын алды. Олардағы жобалау объектілері ретінде педагогикалық әрекеттің әдістері мен түрлері алынады.

Жобалауды одан әрі зерттеген В.В.Давыдов, Генисаретский, Н.Г.Алексеев, А.В.Петровский, И.В.Якиманская, И.А.Колесникова, В.И.Безруков, т.б. жобалауды білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған әрекеттер негізінде қарастырады.

Осылайша, кәсіби – педагогикалық ой – пікірдің даму барысында жобалау идеясы педагогикалық практикадан педагогикалық теорияға қарай ауыса бастады.

Жобалау әрекетінің негізі болып табылатын «жоба» түсінігінің өзі де ғылымда түрліше қарастырылғанын көруге болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар (М.С.Каган) оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе, әрекеттік тұрғыдан қарастыру (И.А.Колесникова) жоба –жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді. Жалпылай келгенде, жоба – «белгілі бір уақыт ішінде жүргізілетін, нәтиженің сапасына нақты талап қойылған, ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде өзгерту» деген (В.Н:Бурков, Д.А.Новиков) пікірге сай дей аламыз, өйткені бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін көрсетеді. Мысалы, тәрбиелеу мен білім беру сияқты, педагогикалық салаға жобалық іс-әрекет қолданбалы онтологиялық түсінік болып берілмейді. Алайда адамда жобалау қабілеті қоғамның ең ерте даму сатыларында пайда болды. Ең алғашқыда жобалау тіршілік іс-әрекетімен тығыз байлнысты болды, жеке дербес іс-әрекет түрі болып бөлінбеді. «Әр әрекет, инстинкті, импульсивті жүзеге аспайды... ол бағытталған, алғашқы жобалау негізінде мақсатқа бағытталып орындалады». (Каген М.С. Философия культуры. СПБ., 1996.-С.240). Тәжірибелік деңгейде еңбек құралын жасау нәтижесінде ол аң аулау қашасы немесе баспана бола ма деген көрініс қалыптасты. Бірдей деңгейде мақсатқа жету тәсілі - жобалау.

11. Жобалау іс-әрекетінің ойын педагогикасында дамуы мен қолданылуы

Жобалау іс-әрекетінің ойын педагогикасында дамуы мен қолданылуы. С онымен, жобалау қоршаған орта тіршілік іс-әрекетінде түрлі деңгейлерде байқалады, қоршаған дүниені зерттеулер жүргізіп білуге мақсатты түрде белсенді араласты. Білім беру саласы мен түрлі мамандандырылған белсенді педагогикадағы жобалау әрекетінің даму бұлағы мәдениет тарихында ұзақ уақытта қалыптасқан. Бұдан үш жүз жыл бұрын ұлы чех ойшылы теориялық-педагогиканың негізін қалаушы Я.А.Коменский, жемісті білім беру үшін педагогтың зерттеу жүргізу әрекеті ынталы болу керек деген ойын білдірген. «Адамдарды ең негізгіге, аспан мен жер және тағы басқа қажетті заттарды зерттеп тануды, өзгелердің тануы мен түсініктерін есте сақтағанша, кітаптардан білім алуды емес, өздері зерттеп тануға үйрету қажет» деп жазған. (Коменский Я.А. Великая дидактика/ Пер. С чешского.-М., - С. 138).

Бұндай ойлар ақырында атақты философтар мен пеадгогтардың көптеген жұмыстарында дамыды. Соның ішінде, француз философы Ж.Ж.Руссо, «Эмиль, или О воспитании» әйгілі педагогикалық романының авторы, біздің алғашқы ұстаздарымыз - біздің қол аяғымыз, көзіміз деп айтқан. Балалармен қарым-қатынасқа түскенде түсінікті сұрақтар қойып және оны шешуге мүмкіншілік беру керек деген кеңес берген. «Сіз айтқанды емес, өзі түсінгенді білсін, ғылымды жаттап алмаса да, оны ойдан шығарсын» (Ж.Ж. Руссо Эмиль, или О воспитании.- М., 1996.- с. 211). «Біз тәжірибеге кездейсоқ сияқты ұшырасуымыз қажет, оны тексеруге арналған құралдар жасауымыз керек» (Там же.-С. 225). Тәрбиеленушінің өзбетінше ойды тудыру мен өндіруді қадағалау. Руссо білу ынтасының тудыру үшін ойын ынтасын қолдану қажет деп санаған.

Алайда ХХ ғасырдың 20-30 жылдары атақты ресейлік әдіснамашы ғалым К.П.Ягодовский әділескерту айтқан, әрбір ғылыми-практикалық пәннің тәртібі, хирург, құрылыстық өнер, қандай да бір құрылыс материалдарын өңдеу болсын, жаңа ой айтылғаны аз: өмірде практикалық қолданысқа кіретіндей, сол бір қалып түрін табу қажет. Егер ол барлық практикалық тәртіпке сәйкес болса, онда ол педагогикалық қатынасқа ерекше маңызды болады. (К.П. Ягодовский Исследовательский метод в школьном обучении.- М.: Л., 1929.- С.46).

Бұндай қалыптар біртіндеп қалыптасты. Ұлы швейцар педагогы И.Г.Песталоции еңбектерінде оқушымен ойлау деңгейінде қоршаған құбылыспен біріккен тәжірибелік жұмыстар толығымен жазылған. Ақыл-ой бәрінде, іскер сабақтарда жақсырақ дамыды, өйткені сол кезде түрлі қателіктер табылды, деп санаған. Ерте кезден шынайылық пен сапалық шешімі педагогикада білім беру кілті сияқты талап ретінде қарастырылады. Педагогикалық ойлар мен практикалық оқыту тарихында қысқарған әңгіменің дамытушы катехизистік әдісіне қозғалыс бағытын қадағалайды Ф. Динтер (1817). Одан- эвристикалық (грек.heurisko – табам) және эвристік әдіс А. Дистерверг (1835). Соңғы айтулар бойынша, егер өзбетіншелікті оятса, барлық әдістер жақсы.

Дистервег эвристикалық әдістің өзіндік ерекшелігін айтады:

· оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ояту;

· оқушының өзінен туған сұраққа өз бетінше жауап табуға тырысуы;

· зерттеу құбылысы;

· ақиқатты табу үшін өзіндік ойлану, тергеу жүргізу мен қайта қарау жолдары арқылы табу;

· ұстаздың ұсынған пәнімен оқытуды зерттеу және жетілдіру үшін;

· сұрақтарды индуктивті жол арқылы жетілдіру.

Эвристикалық әдістің негізін қалаушылардың бірі Г. Армстронг (1898) оны келесіде сипаттаған. Эвристика әдісі оқушыны зерттеу жағдайына және ғылыми фактіні ашуға мүмкіншілік береді. Бастаушы бірінші зерттеушілер тобының мүшесі болғандарына қуанады. Балалардың барлығы ғылыми ақиқатты ашуға бірге жұмыс істегенде, оларда табиғи қажеттілік пайда болады, өздерінің жұмыстарын бірге талқылайды, пікір аламасады, бір-бірінен кеңес сұрайды... (Цит. По: Ягодовский К.П. Исследовательский метод в школьном обучении.- М., 1929.-С. 64).

Педагогикалық-мамандандырылған даму саласының шегіндегі жобалау педагогикалық практикадан теориялық салаға ұласып кеткен. ХХ ғасырдың бірініші жартысында жобалау іс-әрекеттің ғылыми әдісінің дамуын қамтамасыз етуге әлеуметтік-білім беру саласына түрлі білм саласы ендіріп, қолданды. Солардың ішіндегі әйгілі ғалымдар Дж. Дьюи, К. Поппер, Г. Саймон, В.Х. Килпатрик және тағы басқалары.

Педагогикалық контекстке жобалаудың енуі зерттеушілік пен экспирименталды білім беру формаларының даму кезеңімен сәйкес келеді (ХХ ғасырдың бірінші жартысы). Әдіснамашылардың арасында мектепті зерттеу әдісі деп санау жайлы сұрақтар талқыланды. Бұл жағдайда, оқушының объектпен қарам-қатынасы үрдісі, оған таныс, өзіне таныс емес жаңа дәлел немесе барлық ақиқаттардан өзбетінше жаңа шешімге жетуі жайында айтылып отыр.

Педагогикада бұл кезең білім берудің және практикалық білім сипатының белсенді басы болып келеді. Соның ішінде болашаққа бағытталған белсенділік жайында айтылады. Педагогтар «тіршілік» білім, тіршіліктің өзінен алынған, сұрақтың кішкентай жауабы шығады. Ғылыми жүйеге экспирименттік тәжірибе мен тәжірибе туралы түсінікке талап қойсын, мақсаты мен құралды таңдауға мүмкіндік берсін. Тану саласында экспирименттік тәжірибе мен реконструкцияға қол жеткізу, рационалдық даму мүмкіншілігіне ие болады, ол жобалық бейне болып келеді. (С.И. Гессен).

ХХ ғасырдың бірінші жартысында технология мен білім беру түрлі педагогикалық ой жобалаудың әдісі ретінде таралды. Американ философы және педагогы Дж. Дьюи, жобалау әдісінің негізіне көңіл аударды, ол балалық шақты өз бетіншілік және адамның қымбат кезеңі деп қарастырған.

Дж. Дьюи мектепті, баланы өзімен жастылармен, үлкен адамдармен бірлесіп жұмыс істеуге, қоршаған дүниеде өмір сүруді үйрететін, сонымен қатар білім алатын жер деп қарастырған. Білім беру оқушылардың жеке тәжірибесімен олардың қызығушылық қажеттеліктеріне байланысты болуы қажет. Оқытудағы негізгі тәсіл қоршаған өмірді жобалық түрде зерттеу болып табылады. Түрлі іс-әрекеттерді, жеке топта болсын, мұғалім немесе басқа адамдардың қолдауымен жүзеге асырылса да, балалар өз бетінше ойлап, жүзеге асырып, талжап және баға беріп, орындаулары қажет (См., Dewey J. Experience and Eduction.-N.Ү., 1938).

Жобалау әдісінің Дальтон-жоспарын атап айтқан жөн (Дальтон-план- схема индивидуального обучения, разработанная Е.Паркхерст в г. Дальтон (США) в начале 1920 г.), ең негізгі ерекшелігі оқу жоспарының құрастырылуы мен жеке әр оқушыға оқыту құралдарын құру болып табылады.

Бала ыңғайлы темпте қозғалып, қажеті уақытта басқа адамдармен араласып, мұғалімге сұрақтармен жолыға алатын. Дальтон-жоспарының мақсаты бойынша, білім берудегі жинаған білімнің бағасы балаға қажетсіз екендігі ескеріледі.

12. Жобалау бұл педагогикалық шындықты инновациялық қайта өңдеу амалы ретінде

Жобалау бұл педагогикалық шындықты инновациялық қайта өңдеу амалы ретінде. ХХ ғасырда шетелде мәдениеттің технологиялық түрінің қалыптасуы, ғылымдарды жобалау іс-әрекетінің негізгі әдісі ретінде ерекше құбылысты жүзеге асыруды талдауға ынталандырылды. Жобалауды ойлау әрекетінің ерекше түрі деп қарастырды.

Ойлау іс-әрекетінің әдістемелік жүйе аумағында жобалау тәжірибесінің дамуы қоғамның жүйесінде (О.И. Анисимов, В.М. Розин, Г.П. Щедровицкий, П.Г. Щедровицкий) жобалауды қайта өңдеуінің басқару процедурасы ретінде (И.В. Бестужев –Лада, Н.И: Лапин, И.И. Ляхов, Б.В. Сазанов, Ж.Т. Тощенко, С.Ф Фролов) білім беру аймағында жобалаудың әдістемесінің болуына әсер етті (Ю.В. Громыко, В.И. Брозенков, О.Г. Прикот, В. И. Слободчиков, Г.Л. Ильин, Н.А. Масюкова).

Білім беру мен тәрбие беру жүйесінде жобалау іс-әрекеті негізінен белсенді түрде 1990 жылдың екінші жартысында стандарты білім беру ойының дамуыен байланысты қолданылды. Бұл жағдайға В.П. Беспальконың еңбегімен байланысты. Біртіндеп гуманитарлық, философиялық, мәдениеттану, психологиялық білімдері жобалау әдіснамасына жақындай түсті. Білім беру инновациялық мәдениет түрі ретінде жобалауға байланысты трактовкалар шықты (Н.Г. Алексеев, Ю.В. Громыко, В.А. Никитин, В.В. Рубцов), функционалдық іс-әрекет ретінде, классикалық емес, дәстүрлі емес мінез (В.Е. Радионов). Жобалау іс-әрекетінің практикалық мүмкіншілігі білім беруде, информациялық-коммуникациялық техналогиялырдың дамуымен байланысты одан кең етек жайды. Жобалау педагогика үшін спецификалық «болашақ құрушы» тәсілі бола бастады.

Педагогиклық бірлестік жобалау әдісінен жобалау білім беруге ауысты (жобалау көмегімен білім беру арқылы, жобалауды оқыту) (См., например, учебники англиского автора начала 1990 г.), (жобалау мәселені оқыту ойы арқылы салынуы), жобалық тәрбиелеу (О. Газман) және жобалық білім беру (Г. Ильин) жобалау саласында білім беру саласының қасиеттерін иемденіп жүр.

Қоғам дамуына байланысты жобалау білім беру саласында үлкен орын алды. Бірлік құралынан тұтас білім беру идеологиясына дейін ауқымдана түседі. Білім мен ғылым үрдісінің өзгеруінің теңесуі, ағарту дәуірінде қалыптастыру. Бүгінгі таңда білімдік жүйе ішінде жаңа ғылыми білімді алу мүмкіншіліг, бұл жаңа әлеументтік деңгейде білім саласында жаңа білімді өндіру. Бұл зерттеушілік, экспирименталды-тәжірибе, табиғи жобалаудың оқыту тәсілінің жаппай кең таралғанын талап етеді.

Әйгілі орыс әдіснамашы Ю.В. Громыко, білім беру парадигмасының талаптарының ауысуында қазіргі уақытта жобалау-бағдарламасының ғылыми типі болып қалыптасады. Қазіргі білім беру ерекшелігіне көз салсақ, жаппай жобалау іс-әрекетін меңгеруі анық көрінеді. Егер өмірдегі әр кезеңдегі адамға қажетті мотивация мінезімен білім үздіксіз өмір принціптеріне бейімделеді.

Мұғалімдердің, оқытушылардың ғылыми дамуын қадағалып үлгеру үшін, оқу пәнінің немесе кәсіптік көрсетілген ауқымды ақпараттармен қатынасып отырады.

Ғылыми ақпараттың тез ескіруі білім беру үрдісі мен білім жүйесінің ішінде жаңа білім іздеудің бастауын табуды талап етеді. Бұндай бастау жобалау болуы мүмкін.

Жобалаудың білім беру мүмкіншілігі қызығушылық экрандық атау алған, жаңа мәдениеттің қалыптасуы кезінде жүзеге асады. Ол уақыттың ағынға негізделген экрандық бейне, кейіпкердің іс-әрекеті мен сөйлеуін, оңай өзіне араластырады, анимациялық түрлерін, жазбаша мәтінмен тағы басқаларды өзіне оңай алмастырады. Экрандық мәдениеттің негізгі белгісінің бірі, кітаптан сапалы ерекшеленеді, секунд сайын диалогтық мінездің өзгеруі мен әріптесіне экрандық мәтіннің қарым-қаынаста болып келеді. Экрандық мәдениет бізді жеке мәдениетпен түрлі коммуникациялық байланыс құру көмегемен ақпарат қолданушының жолымен ұштасуы арқылы, әр қайсысына барлығы мен және барлығының әр қақайсымен араласуына мүмкіншілік береді. «Білім беру» мен кейіптің, бейне мен бейнелеу түсініктерінің арасында байланыс қойылады. Қоршаған дүниені экрандық ақпараттың ұсынушының негізінде өзбетінше білім берудің құрылуы деп түсіндіріледі. Негізінен кейіп, елестету жобалаудың орталық түсінігі болып келеді.

«Білімділік» ақпараттың парадигмаларының білім беруге көшу білім берудің мазмұнының» толысуына тәжіоибелік сұрақты оятады. Енді неге оқыту қажет, деген түсініксіз болып келеді. Білім, білік, дағды көлемін таңдау мәселелері адамнан өмір және кәсіп талап ететін мәселелермен міндеттерді бөлу шешіміне айналады.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 194 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.018 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав