Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. 5 страница

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030
  3. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 1 страница
  4. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 2 страница
  5. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 3 страница
  6. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 4 страница
  7. Антикалық философияның классикалық кезеңі
  8. БИЛЕТ № 4. 1 страница
  9. БИЛЕТ № 4. 2 страница
  10. БИЛЕТ № 4. 3 страница

Жобалаудың мазмұндық деңгейі нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді, мысалы, бастауыш білім стандартын жасау, лигвистикалық гимназияны дамыту бағдарламасы, әлеуметтік педагогтар мамандығының оқу бағдарламасы, т.б.

Жобалаудың технологиялық деңгейі берілген контексте қолданылатын тәсілдердің алгоритмдік сипаттамасын беруді көздейді, мысалы, тұлғалық – бағдарлы оқыту технологиясы бойынша сабақ жоспарын құру, топтық әрекеттер әдістемесінің алгоритмі, т.б.

Процессуалдық, үрдістік деңгей жобаның тәжірибеде қолдануға дайын түрін сипаттайды, мысалы, сабақтардың әдістемелік жоспары, шараларды өткізу сценарийлері, тәрбие жұмысының әдістемесі, т.б.

28. В.И.Слободчиков бойынша педагогикалық жобалаудың түрлері.

В.И.Слободчиков педагогикалық жобалаудың екі түрін ажыратады, олар:

Біріншіден, оқытуды әрекеттердің тәсілдерін игеру ретінде қарастыра отырып, білім беру үрдісін педагогикалық – психологиялық жобалау;

Екіншіден, білім беру үрдістері жүргізілетін институционалдық құрылымдар мен білім беру ортасын әлеуметтік –педагогикалық жобалау;

29. В.П.Бедерханова белгілеген педагогикалық жобалау бағыттары.

В.П.Бедерханова да жобалаудың көптеге тәжірибелік нұсқаларын талдай оттырып, жобалауды екі үлкен бағыттарға ажыратады.

Біріншісі, интенсивтік сипаттағы жобалар жасау және жобалау әрекеттері. Оларға ұйымдастырушылық – әрекеттік, инновациялық ойындар мен жобалау жиындары.

Екіншісі, жобалау әрекеттері негізінде ұжым мүшелерінің бірлесе отырып қадамнан – қадамға аяқ басуы арқылы білім беру мекемесіне гуманитарлық бағдар беру.

30. В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері

В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері педагогикалық болжам жасауға, мұғалімнің жобалаудағы роліне негізделген. Ол білім беру үрдісінің тұтастығын төмендегі феномендермен белгілейді: «бірлескен әрекеттер», «субъектілердің теңдік қатынасы», т.б. білім берудегі жобалау әрекетінің негіздемелері болып табылдады.

Сонымен қатар, «жаратылыстану ғылымындағы «адам» туралы ғылым қай жағынан қарастырылса да, қаншалықты күрделі синтездерден құрастырылса да «адамның» педагогикалық жобалауын алмастыра алмайды. Сондықтан, бұған дейін өмір сүрген, немесе қазіргі күні өмір сүріп жатқан зерттеулерімен қатар педагогикалық жобалаудың арнайы әрекеттері қала бермек». Осы айтылған пікірден жобалаудың қайта құрушылық сипаты – жобаның және жобалау арқылы жүргізілетін әрекеттердің болашақта қайта жаңғыртуға, жаңартуға бағытталған үрдіс екені көрінеді.

Жобалау әдіснамасын білім беру саласында қарастыруға ықпал еткен Ю.В.Громыко, В.И.Борзенков, О.Г.Прикот, В.И.Слободчиков, Н.А.Масюкова еңбектерін атауға болады. Педагогикалық ғылым саласында жобалау туралы толық әрі тұтас түсінік қалыптастырған, соның ішінде, оны педагогикалық жүйелерге қатысты қолданған В.П.Беспалько болып табылады. Ол А.С.Макаренко еңбектеріне сүйене отырып, ғылыми–педагогикалық контестке «педагогикалық технология» ұғымын ендірді. Педагогикалық жобалаудың базалық компоненті ретінде қарастыра отырып «тұжырымдама» түсінігіне қосымша мазмұн берді, оқыту мен тәжірибе үрдісіне қатысты жобалау әрекетінің мәнін ашып көрсетті. Автор, сонымен қатар, жобалау қызметінің басты компоненті ретінде болашақ педагогикалық жүйенің мақсатын айқындау және қою, аралық мақсаттарды белгілей отырып, дидактикалық үрдісті жоспарлау, оқыту мен тәрбиенің мазмұны мен технологиясын таңдау, бақылау- бағалау әдістемесін жасау және оны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық шарттарын белгілеу қажеттігіне назар аударды.

32.Әлеуметтік-педагогикалық жобалау және педагогикалық мақсат қою

Педагогикалық мақсат қою – бұл мақсатты құрастыру процесі, өте жауапты логикалық–құрастырушылық жұмыс. Ол келесі алгоритм бойынша орындалады: «қалыптасқан жағдайды талдау – қажетті нормативтік құжаттарды ескеру – олардың негізінде қанағаттандырылуы тиіс мүдделер мен қажеттіктерді белгілеу– осы мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін күштер, ресурстар мен мүмкіндіктерді анықтау – берілген ресурстар мен күштерді жұмсау арқылы қанағаттандырылатын ең тиімді мүдделер мен қажеттіктерді анықтау – мақсат құрастыру, яғни, мақсат қою».

«ҚР Білім туралы Заңының» 11-бабында «білім беру жүйесінің мақсаты: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.

Педагогикалық жобалау қызметінің тиімділігі субъектілерді дамыту тұрғысынан қарастырылады. Өйткені, біріншіден, кез келген субъектінің бойында өзіндік дамытуды жүзеге асыратын барлық қасиеттері бар екені белгілі, екіншіден, педагогтардың құзыреттілігін дамыту жалпы білім беру ұйымының жаңа сапаға өтуінің факторы бола алады. Үшіншіден, педагогикалық әрекеттерді басқару субъектілерінің өз бетімен оқу әрекеттерін ұйымдастыру, өмірдегі өзгермелі жағдайларды қабылдай алу, оған даяр болуды қамтамасыз ететін басқарушылардың құзыреттіліктерін жобалау қызметі барысында жүзеге асыруға болады.

Әлеуметтік жобалау әлеуметтік басымдық әрекеттер болуы тиіс, өйткені ол белгілі бір әлеуметтік ортаны идеалдарға сәйкес қайта жаңғырту қызметін атқара алады деп түсіндіреді. Сонымен қатар, олар әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың ғылыми контекстін жасаудың өзектілігін ұсынады.

33.Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың заңдылықтары

Педагогикалықжобалаудың заңдылықтарын қарастыруда оның жүйелілік, синергетикалық қасиеттерін, жүйенің өмір сүру және дамуы жағдайлары туралы түсініктерді ұғынуды қажет. Сондықтан, жобалаудың өзіне тән заңдылықтары мен принциптерінің анықталуы және сақталуы тиіс. Мысалы, Ю.А.Конаржевский ұсынған басқарудағы демократиялық пен ізгіліктік заңдылықтарын орындау түрлі деңгейдегі жүйелерді басқарушылардың, педагогтар мен білім алушылардың, ата - аналардың белсенділіктерін жобалауда пайдалануға ықпал етеді. Бұл шешім қабылдауда, қатысушыларды таңдауда, қажетті ақпараттарды алуда, педагогтардың ұйымдағы проблемалардан хабардар болуында аса маңызды.

Жобалау қызметіндегі ізгіліктік көзқарас – адамдардың бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру, олардың өзін - өзі басқаруға жағдай туғызу болып табылады. Ізгіліктік құндылықтарына сүйене отырып басқару әр адамның өзіндік құндылығын, адами көқарастарын дамытуды көздейді. Сөйтіп, барлық деңгейлерде субъектаралық қарым -қатынастың орнығуына негіз болады..

34.Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың ұстанымдары

Жобалау ұстанымдарын шетелдік және ресейлік ғалымдар түрліше анықтайды, мысалы: Дж.К.Джонстың зерттеулерінде олар: дәстүрлілік пен жаңашылдықтың байланысы мен тепе теңдігін сақтау; ұйымның «жақын даму аймағында» жобалау; күтілетін нәтижелердің жобалаушы адамдарға қатыстылығы; алынған нәтижелердің ұйымда институциялануы, бекітілуі; белгілі бір әлеуметтік топтар проблемасын шешу мақсатына бағдарлылығы болса, М.М.Поташник оларды жаңалықтық ұстанымы (мақсат, міндеттеріндегі, мазмұнындағы, ұйымдастыру тәсіліндегі, басқарудағы, т.б.), мақсатқа бағытттылық ұстанымы (белгілі бір нәтижені нақты жүзеге асыруға бағыталғандығы), жүйелілік принципі, сабақтастық ұстанымы, ғылымилық ұстанымы, технологиялылық ұстанымы, нақтылық ұстанымы, ресурстық қамтылу ұстанымы, оңтайлылық ұстанымы, қатысушылық ұстанымы деп қарастырады.

Бұл пікірлер жобалау әрекетінде негізге алынатын ұстанымдарды құрайды. Біздің зерттеуіміз бойынша, педагогикалық жобалауды жүзеге асыруда жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық - бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нәтижелілік, кері байланыстық ұстанымдар жүйесін анықталды.

Жүйелік пен тұтастық ұстанымы. Педагогикалық процестің жүйелік табиғатын басшылыққа алу оны тиімді ұйымдастырудың алғышарттарын құрауға негіз болады. Бұл педагогикалық процесті тұтас жүйе ретінде қарастырып, оның негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. Жүйенің интегративті сапасы ескеріліп, бір компоненттегі өзгерістер басқа компонент, не тұтас жүйенің өзіне өзгеріс енгізе алады. Сөйтіп, жүйенің басқарудағы біртұтастық жүйенің барлық компоненттерінің дамуына, тұрақтануына, нығаюына ықпалы болады.

Синергетикалық ұстаным. Бұл тұрғыдан алғанда, адамдар, әлеуметтік ұйымдар -ашық және өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынасы арқылы өзін-өзі дамытуға өзіндік мүміндігі бар жүйе. Осындай сапаларын атай отырып, педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де синергиялық қасиетін көруге болады. Жобалау әрекеті өзінің мүмкіндіктері, ресурстары арқылы білім алушылар мен педагогтардың өзіндік дамуы мен өзіндік білім алуын ұйымдастыратын синергиялыққа негізделеді. Сөйтіп, жобалауда синергетикалық принциптің сақталуы педагогтардың, білім алушылардың, шығармашылық топтардың, сыныптың, білім беру ұйымының, т.б. өзін-өзі басқару негізінде дамуын қамтамасыз етеді.

Мақсаттық - бағдарлылық ұстаным жобалаудың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі өзгерістер жалпы жүйе мақсатына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттер негізінде жобалау алды талдау қызметін де қамтиды.

Технологиялық ұстаным жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың технологиялық реті құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын - ала анықталуын қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай қатысушылардың қызметтерін бөлісу және оларды үйлестіріп отыру ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді, бұл принцип жобалауға қатысушы адамдар мақсаты мен жүйенің даму мақсатын сәйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді;

Құзыреттілік ұстанымы жобалауға қатысушылардың мақсатты орындауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Жобалау – ақпараттық, коммуникативік, рефлексиялық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады, өйткені, жобалау барысында қамтылатын педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау қызметтері негізінен оған қатысушылардың құзыреттіліктеріне байланысты. Бұл құзыретіліктер адамдарға өз тәжірибесінен байыптай, зерттей отырып, проблемаларды талдау, бағалау, арқылы нәтижелі қызмет жасауға мүмкіндік береді.

Кері байланыс ұстанымы. Жобалауды ұйымдастыруда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді. Педагогикалық процесте нәтиженің орындалу барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе - ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде әлеуметтік ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық, ұйымдарымен, сонымен қатар ұйым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынас ұйымдастыра алады. Өзіндік түзету, коррекциялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі.

Нәтижелілік ұстанымы жобалау нәтижесінде орындалуы тиіс күтілетін нәтижелердің алдын - ала нақты сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді әдіс - тәсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, нәтижелердің мақсатқа сәйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады.

35.Жобалау іс-әрекетінің негізгі ұстанымдары

1. Жобалау іс-әрекетінің принциптері, педагогтың сол немесе басқа іс-әрекеттерінің жобалау саласына қатыстылығын анықтаумен және жобалау табиғатымен оьбъективті шартталған, іс-әрекетті қалыпқа келтіруші ретінде қарастиырылады.

Болжаушылық ұстаным объектінің болашақ жағдайына бағытталған, жобалау табиғатына негізделген. Ол жобалауды иновациялық үлгілерді жасау үшін қолданғен кезде ерекше көрініс табады. Бұл мағынада жобалау, қажетті болашақтың сатылай жүзеге асуы ретінде анықтайды.

Сатылық (пошаговость) ұстаным. Жобалау іс-әрекетінің табиғаты, жобалаудың ойша үлгісінің, мақсат үлгісі мен әрекет үлгісінің қалыптасуына өтуін қарастырады.О дан- әрекет жоспары мен оны жүзеге асыруға өту. Мұндағы әр келесі әрекет, оның алдында,ы әрекет нәтижесіне негізделеді.

Қалыпқа келтіруші ұстаным бірінші кезекте әртүрлі ой іс-әрекетіні ұйымдастыру формасымен байланысты, регламентелген процедуралар шеңберіндегі жобаны жасаудың барлық кезеңдерін міндетті өтуді қажет етеді.

Кері байланыс ұстанымы, жобалаудың әр процедурасынан кейін, оның нәтижесі мен түзетілген әрекет үлгісіне сәйкестігі туралы мәліметтерді алу қажеттілігі туралы ескертеді.

Өнімділік ұстанымы қолданбалы салада мәні бар, нәтижені мсіндетті түрде алуға бағытталған прагматикалық жобалау іс - әрекетін бөліп қарастырады. Басқаша айтқанда жобалау процесі нәтижелерінің «өнімдік безендірілуі».

Мәдени аналогия ұстанымы, мәдени үлгідегі жобалау нәтижесінің қалыптылығын анықтауды көрсетеді. Егер жобалау іс-әрекетінің қатысушыларында, оқушы мен педгогтың индивидуалдық шығармашылықтары өзіндік жеткіліксіз деген тісінік болса,ода мәдени аймақтанг тыс жатқан жобалаудың нәтижесін алудағы қатерліктің алды алынады. Мәдени үдеріске ену үшін, міндетті түрде ондағы өз орныңды сезіну және түсінуді, мәдеи тарихи аналогтарды зерттеу негізінде, адам жетістіктеріне өзіндік көзқарасты қалыптастыруды үйрену керек. Мұнда мәдени құндылықтарды тану мен ғылыми білімді меңгеру тұлғаның өзіндік тұжырымы мен танымдық іс-әрекетінің нәтижесіне сәйкес жүзеге асуы керек.

Өзін дамыту ұстанымы, әр деңгейде белсене қатысушы яғны, жобалау субъектісіне де, қойылған мақсатқа жету нәтижесіндегі жаңа жобалардың туындауына да қатысты. Бір мәселе мен тапсырманы шешу,Жаңа жоба формасының дамуыа стимул болатын келесі мәселемен тапсырманы құруға әкеледі.

37.Әлеуметтік-педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы.

ХХ ғасырдың аяғына қарай ғалымдар білім беру жүйесіндегі проблемаларды анықтап, олардың пайда болуы мен шығу жолдарын қарастыра бастады.

Педагогикалық ұйымдарды дамытуда синергетикалық заңдылыққа сай факторлардың бірі – оның өзін - өзі басқара алушылығы, яғни, педагогикалық жүйенің өзінде оның тұтастығын, қызмет етуін, жетілдірілуі мен дамуын қамтамасыз ететін тетіктер мен басқару факторларының болуы. Жоғарыда айтылғандай, жүйе құрамындағы қызметтік және субъектілік компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастырудың тиімді механизмі жобалау болып табылады.

Жобалаудың басты ерекшелігі – оның объектіні дамытуға бағытталуы, «жобалау белгілі бір объектіні жаңа түрге айналдырып, оны қайта жаңғырту қызметін атқарады».

Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, өйткені, жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің өзін дамытумен қатар, қоғамдық - саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға болады. Педагогика тарихында орын алған сан алуан жобалар білім берудің мазмұнын ғана емес, оның институционалдық, технологиялық, ресурстық жақтарын, сондай -ақ, педагогтарды дамытуды да қамтығаны белгілі. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық деңгейлерін төмендегідей көрсетуге болады:

Стратегиялық деңгей, бұл мемлекет деңгейіндегі білім беру жүйесінің өзгерістерін қамтиды, оның нәтижелерінің тиімділігін тарихи уақыт өлшемімен ғана бағалауға болады.

Институционалдық деңгей, белгілі бір білім беру ұйымдары, басқару құрылымдары, немесе, белгілі бір білім беру жүйесіндегі салалық өзгерістерді қарастырады. Оның тиімділігі институционалық деңгейде көзделген мақсаттың орындалуынан көрінеді.

Технологиялық деңгей, оның нысандары болып білім беру үдерісіне ықпал ететін әдістер мен тәсілдер алынады. Олардың тиімділігі белгілі бір нақты іс - әрекеттер жүзеге асырылысымен - ақ көрінуі мүмкін.

«Жобалау» деген ұғымның өзі оның басқару қызметіне тән екендігін анықтайды, оның алға қарай қозғалыс бағытын білдіретін мәні, сонымен қатар, мақсатқа сай жүріп өтуге тиіс аралықты анықтайтын, алдын ала болжай алу қызметі. Жобалаудың басқа басқару амалдарынан ерекшелігі – әрекеттің нәтижелілігі мен тиімділігі мақсатты «алға қоймастан» бұрын белгіленетіні. Сондықтан, жобалау – қайта құру туралы ойға алынған ниет пен оны құрастыруды, орындауды, нәтижелері мен салдарларын біртұтас етіп біріктіру қызметі.

Педагогикалық жүйелер әлеуметтік жүйелердің ішіндегі болашақпен тығыз байланысты маңызды құрылым болғандықтан оның қызметі мен мазмұны әлеуметтік үдерістердегі өзгерістерді басқаруға ықпал етеді.Соған орай, педагогикалық жүйелерді институцияландыру, технологияландыру, жаңаша ұйымдастыру ең әуелі қоғамдық дамуды жүзеге асырудың басты бір жолы ретінде жобалау түрінде орындалуы тиіс. Басқару әрекеттерін ұйымдастыруда жобалаудың инструменталдық қызметі айқын көрінеді. Жобалаудың басқа да басқару құралдарынан айырмашылығын анықтау үшін оның білім беру саласында қоладылатын терминдеріне тоқталамыз:

«Жоспарлау». Ол әрекеттің перспективасын белгілейтіндіктен, бір жағынан, жобалауға ұқсайды, жоспарда іс әрекеттер уақытқа қатысты құрылымданады, жауапты орындаушылары, есеп беру түрлері көрсетіледі. Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарының жоспары жобаның құрамдас бөлігі де, немесе, басқару қызметінің өз алдына бөлек құралы ретінде де бола алады. Ал, стратагиялық жоспарлар уақытпен шектеліп қоймай, онда болашақта қол жеткізілетін нәтижелер мен оның белгілі бір сипаттамалары беріледі.

«Бағдарлама». Оның негізгі белгілері жобалауға ұқсайды, мысалы, әрекеттің мақсаты мен принциптерін, нәтижеге жету үшін іс - әрекеттің белгілі бір алгоритммен орындалуы, ресурстары белгіленуі. Тәжірибе барысында белгілі болғандай, белгілі бір бағдарлама жобалау барысында іске асырыла алады, немесе, белгілі бір бағдарлама шағын жобалау қызметін қамтуы да мүмкін. Бірақ, бағдарламада маңызды болып табылатын алгоритмдеу жобалау үшін міндетті емес, өйткені онда түрлі тәуекелдердің болу мүмкіндігі ескеріледі.

Жоба құрастырудың жалпы логикасы

Проблеманы анықтау Мақсат қою Шешу жолдары мен құралдарын таңдау
 
Проблема Проблема Мақсаты Міндет- тері Әдістері(іс– әрекеттер мазмұны, іс– шаралар) Ұйымдастыру түрлеріменқатысушылар Ресурстар Құралдар
 
Орындалатын іс – әрекеттер жүйесі

 

38.Педагогикалық жобалаудың міндеттері

− жағдайды талдау: түрліше диагностикалау арқылы проблеманың пайда болуы мен сипаттамасын жасау;

− проблеманы шешудің түрлі жолдарын қажеті ресурстары және жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау тұрғысынан іздестіру;

− мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолды таңдау және оны жобалық рәсімдеу;

− жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері мен оны жүзеге асырудың материалдық- техникалық, қаржылық, құқықтық-нормативтік шарттарын белгілеу;

Проблеманы айқындау дегеннің өзі осы мақсатты көздейтін бұрыннан бар амалдардың белгілі бір себептермен нәтиже бермейтінін белгілеу, немесе, жаңа ситуация пайда болғанын мойындау. Жаңа ситуацияға сай өзгерістерді жүзеге асырудың мақсаты мен міндеттерін анықтау арқылы жобалаушы келесі кезеңге өтеді. Бұл кезеңде төмендегі жұмыстар орындалады: жағдайды талдау, шектеуліктерін белгілеу; талдау арқылы қалыптасқан жағдай мен күтілетін жағдай арасындағықайшылықты белгілеу;

Жағдайды талдау үшін ең алдымен берілген жағдайды қарастыру аясын шектеп алу қажет, ол үшін проблемаға қатысы бар субъектілерді, қалыптасқан жағдай кімдер үшін қиындық тудырып отырғанын белгілеу, қиындықтың мәнісі неде екенін, оның пайда болуы мен тәжірибеден орын алу себептерін анықтау қажет. Талдау пәніне қарастырылатын педагогикалық жүйенің, ішкі сипаттамалары: құрылымы, қызметі, байланыстары, ішкі және сыртқы ортаға қатысты сипаттамалары жатады. Бұл жұмыстардың барлығы жобалау алды зерттеу кезеңін құрайды.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 279 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав