Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Німді ойлауға» тән түсініктер «Жобалауға» тән түсініктер

Читайте также:
  1. Алкоголизмнің 3*сатысына қандай негізгі клиникалық белгі тән?
  2. Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
  3. Митральды стеноздың аускультативтiк көрiнiсiне тән емес
  4. Обтурация феноменімен көрініс беретін қандай белгілер асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына тән болып келеді?
- Өнімді ойлау әрекеті - Креативтілік - Проблеманы шеше білу - Шешім қабылдау - қалыптасқан жағдайды талдау - қайшылықтарды көре білу - болжам жасау, тексеру, қадағалау - нәтижеге қол жеткізу

 

Жоғарыдағы 6-кестеге көңіл аударсақ, түсініктік, ұғымдық ақпараттары әр түрлі болғанымен психологияның әрекет ретіндегі өнімді ойлаудың бойында ұйымдастырушылық әрекет түрі ретіндегі жобалаудың барлық аспектілері бар екені, олардың логикалық және бірізділік сапалары ұқсас екені көрінеді.

Психологтардың пікірінше, ойлаудың түрлері туралы теориялар бірін – бірі толықтырып отырады деуге болмайды. Өйткені олар интеллекттің формальдық теориясы сияқты бір – біріне тәуелсіз түрде пайда болады және дамиды. Дәстүрлі білімдік парадигма XX ғасырдың аяғына қарай қажет бола бастаған жаңа индивидтік қасиеттерді түсіндіру, сипаттау үшін жеткіліксіздігі белгілі болды. Соған орай, көптеген теорияларда индивидтің туындаған проблемаға қатысты талдау жасау, ситуацияны модельдеу, шешім қабылдау әрекеті және ол үшін өз жауапкершілігін мойындау сияқты сапаларын басым көрсетіле бастады.

45. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше түрі ретінде Педагогикалық әрекеттер тәжірибесінде білім беру жүйесін жобалау іске асырылады, мысалы, оған сабақ үрдісін жобалау, немесе, мектептің гимназияға өтуін жобалау, немесе бір ел бойынша білім беруді дамытуды жобалау әрекетерін жатқыза аламыз.

Келесі бір ортақ түсінік қалыптастыруды қажет ететін технология ұғымы бар, зерттеушілер оны берілген міндетті орындау түрлері мен амалдарының, әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде қарастырады. Ал, біз қарастырып отырған жобалау қызметінің кез келген түрі осы технологиялар жиынтығы негізінде жүзеге асырылады.

Әрекеттің өнімділігін ұйымдастыруда рефлексияның – қойылған мақсатты, үрдістегі міндеттерді, нәтижелерді үнемі талдап отырудың – маңызы зор.

Осылайша, ғылыми зерттеулер әдіснамасы да, практикалық әрекеттер әдіснамасы да, жобалау категориясының логикасында оның үш кезең (фазалар) – жобалық, технологиялық, рефлексиялық – фазалар бірлігін сақтай отырып құрылады дей аламыз.

Әлеуметтік жүйелердің дамуын жобалауды инновациялық процестің моделі ретінде қарастыруға болады:

− ұйымның бастапқы жағдайы (біз қазір қайдамыз?);

− күтілетін болашақтың бейнесі (біз қайда барғымыз келеді?);

− қазіргі жағдайдан болашаққа өту әрекеттерінің құрамы мен құрылымы (біз күтілетін нәтиже алуымыз үшін не жасаймыз?).

Жобалау келесі қызметтерді атқаруға арналған:

− оның қатысушылар әрекеттерінің бағытын және олардың мақсатты бағдарларын анықтау, яғни орындаушылардың бірлескен жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз ету құралы болу;

− жеке орындаушылар мен олардың топтарының арасындағы байланыстарды анықтау, яғни орындаушылардың күштерінің интеграциясы мен әрекеттерін үйлестіру құралы болу;

− жұмыс барысы мен оның орындалуы жағдайларын бақылау құралы болу;

− қойылған мақсаттардың орындалуына кесел келтіруі мүмкін қауіп-қатерді алдын-ала болжай білу құралы болу;

− жұмыс бағытының жоспарланғаннан ауытқуы немесе бұрын болжанбаған қауіп-қатердің анықталуы барысында шешім шығара білу құралы болу.

Жобалау – бұл күтілетін нәтижеге бағытталған қозғалыстың тұтас моделі, оның негізгі міндеті – мақсатқа бағытталған қозғалысты бақылайтын құрал болу. Бақылау барысында болжамды нәрсе шынайы нәрсемен салыстырылады, бұл жағдайда бағдарлама аралық және түпкі нәтижелер салыстыруға мүмкіндік беретіндей болуы қажет.

ХХ ғасыр аяғындағы қоғамдағы саяси -әлеуметтік қарқынды өзгерістер жобалауды әлеуметтік мәдени өзгерістерді басқару контекстінде де қарастырудың маңыздылығын айқындауда. Өйткені, бүгінгі ақпараттық жаңғыртулар ұдайы жүріп отырған қоғамдық өндірістің қуатты күші ауқымы жағынан табиғи үдерістермен барабар келіп, осы жағдайда адамдардың өзгермелі жағдайларға уақытында тез жауап бере алатын жаңа әрекеттерін ұйымдастыруды қажет ететін ортаны қалыптастыруда.

Қазіргі заманғы ғылым мен өркениеттің жаңа парадигмасына сай әлеуметтік жүйелердің өзгерістері, ондағы адамның орны мен ұйымдастырушылық ролі туралы мәселелер философиялық, мәдениеттанушылық және психологиялық тұрғылардан қарастырылуда. Бұл бағытта отандық ғалымдар бүгінгі әлеуметтік–мәдени жағдайларға қатысты жан-жақты зерттеулер ұсынуда.

46. Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті

Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:

1) өндірістік, немесе жасампаздық;

2) тұтынушылық;

3) интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;

4) жоба–жаттығулар.

Өткен ғасырдағы педагогикада гуманитарлық идеялардың дамуы жобалауды кәсіби әрекеттің ерекше түрі ретінде қабылдап, білім беруде жобалау мәдениетінің қалыптасып дамуына ықпал етті. Батыстық педагогикада (К.Роджерс, Э.Фромм) оқытудың жобалау мәдениеті тұрғысынан қарастырылуы білім алушының жобалау әрекеттеріне қатысуы арқылы тұлғалық өсуіне, жеке әлеуметтік тәжірибесінің дамуына, шығармашылық еркіндігін көтермелеуге бағытталған педагогикалық жағдайлар туғызылады деп қарастырылды.

47. Жобалау субъектісі және объектісі ұғымдары.

Жобалау субъектісі деп басқару әрекетіне қатысы бар адаммдарды,еңбек ұжымын, әлеуметтік институттарды айтуға болады.Олардың негізгі мақсаты нақты әлеуметтік жағдайды әлеуметтік белсенділік таныту арқылы өзгерту болып саналады. Олардың білімі, іскерлігі, шеберлігі, шығармашылығы арқылы жаңа бір идея туындап, жобалау моделінің, проектінің сапасы артады.

Әлеуметтік жобалау объектісі деп әлеуметтік субъектілердің ықпалында болатын материалдық, рухани жүйелер, проектілер, әлеуметтік байланыстар, әрекеттесу, проектілеуге қатысы барларды айтамыз. Әлеуметтік жобалау объектілеріне келесілерді жатқызамыз: еңбек құралдарын, әлеуметтік технология, техника, материалдық, рухани құндылықтар, әлеуметтк әрекет т.б.

- адам тарихи үрдістің субъектісі ретінде және әлеуметтік қатынастар, қажеттіліктер, құндылықтар, қызығушылықтар т.б.

- қоғамның әлеуметтік құрылымының элементтері, кішігірім жүйелері мысалы, еңбек ұжымы, әлеуметтік топтар т.б.

- өмір сүру үлгілерінің элементтері мысалы, өмір сүру стилі,тәсілі, өмірлік ұстанымдары.

- түрлі өмірлік қатынастар (саяси, басқару, эстетикалық, адамгершілік, шаруашылық-отбасылық, тұлғааралық). Соңғы кезде әлеуметтік жобалау объектілері көбейюде. Негізгілері әлеуметтік жүйелер.

Әлеуметтік қызметтің элементі болып әлеуметтік әрекет болып саналады.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 42 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав