Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Менеджменттің мәні, әдістері мен қызметтері

Читайте также:
  1. Анықталмаған интегралдарды есептеу әдістері
  2. Аржылық бақылаудың мәні мен маңызы, оның әдістері.
  3. Аржылық менеджменттің түрлері.
  4. Аржының мәні, функциялары және рөлі
  5. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
  6. Дәріс. Музей менеджментінің функциялары мен әдістері.
  7. Коммерциялық банктерде лизинг мәні, оның субъектілері мен объектілері және түрлері
  8. Леуметтік педагогиканың әдіснамасының құрылымы және қызметтері.
  9. Мемлекет шығыстарынң мәні, құрамы және сыныптамасы.
  10. Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері

 

Ендеше, менеджмент дегеніміз не? Енді оның толық анықтамасын беруге болады. Менеджмент-бұл басқарудың қазіргі, дәстүрлі емес тәсілдері, құралы және түрлері.

Менеджмент-бұл басқарушылық еңбектің мазмұны сипатын қарайтын ғылым.

Жекелеген кәсіпорындар үшін менеджмент- бұл ішкі және сыртқы ортаның кешенді басқару жүйесі.

Ішкі ортаны басқару- бұл кәсіпорын ұжымын;

- өндіріс технологиясын,

- өнертапқыштық қызметін;

- өнімділігін;

- сапасын;

- бәсекеге қабылеттілігін;

- өндірістің тиімділігін басқару.

Сыртқы ортаны басқару - бұл нарықтың зерттелуін басқару;

- жаңа тауарлар мен баға әзірлеу;

- өнімді өткізу, тарату, ынталандыру әдістерін;

- нарық коньюнктурасын зерттеу;

- бәскелестерін, тұтынушыларын, жеткізушілерін, кредиторын зерттеу;

- өткізуді жоспарлау мен болжамдауды басқару.

 

Басқарушылық қызмет төмендегідей істердің атқарылуын қарастырады:

-кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;

- Ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;

- басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқалардың қызметатқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;

- алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

Ғылыми басқарудың дәстүрлі емес жүйесінде төмендегідей тәсілдер қолданылып, олар ғылыми тұрғыдан пайдалану есебінен қолданылатын шешімдердің сапасын арттырады.

Біріншіден, ойын теориясы тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін пайдаланылады,

Екіншіден, имитациялық моделдендіру тәсілі. Бұл кезде арнайы құрылымдар пайдаланылады. Олар нақты өмірді имитация жасайды, яғни өз ұйымның экономикалық жағдайын моделдейді, бәсекелесінің қай кездегі экономикалық іс-әрекетінің экономикалық жағдайын қарастырады.

Үшіншіден, «бұтақты ағаш тәрізді шешімдер» тәсілі қолданылады. Бұл тәсілде мәселені схема түрінде және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады.

Және соңында, баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін болжау тәсілін қолданады.

Менеджмент құрылымы. Менеджмент төмендегідей түрлерге жіктеледі: кәсіпорын менеджменті, еңбек ресурсының менеджменті, қаржы менеджменті, шағын, орта және ірі бизнес менеджменті, муниципалды менеджмент, аймақтық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркетингтік менеджмент, бағдарламалық менеджмент, мақсаттық менеджмент.

Басқару міндеттерінің күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын менеджменті бірнеше деңгейге бөлінеді:

-менеджменттің жоғарғы деңгейі кәсіпорынның мақсатын, стратегиясын және жұмыс жоспарын анықтайды. Жоғарғы деңгейді әдетте «жалпы» менеджмент деп есептейді. Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға және максималды пайда табуға бағытталған;

- менеджменттің орташа деңгейі кәсіпорынның функционалды қызметін басқаруға арналған, сондықтан да ол«функционалды» менеджмент деп аталады. Функционалды менеджмент техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізумен, ақпарат және нарықты басқарумен байланысты (17-1 кестені қараңыз)

-менеджменттің төменгі деңгейіне алғашқы буындағы жетекшілерді жатқызады. Олар кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын тікелей ұйымдастыруды және жоспардың орындалуын, өнім өндіру графигі мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді.

17-1-кесте

 

Басқару ақпаратының қызметтік мақсаттары:

Кәсіпорынның функционалды бөлімшелері Басқарушылық Бағалау критериі
Жалпы басқару Пайда Стратегиның орындалуы
Кәсіпорын есеп-шоты Шығындар, өзіндік құн Шығынды төмендету
Қаржылар Салымның қайтарымы Нарық үлесінің ұлғаюы
Маркетинг Сату көлемі Нарық үлесінің ұлғаюы
Персонал Басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру Ресурстарды тиімді пайдалану
Өндіріс Технологиялық операцияның тиімділігі Ресурстарды тиімді пайдалану
Зерттеулер мен жасалған жұмыстар Өнімді жаңалау Бәсекелестік өнімді жасау

 

Менеджер микроәлеуметтік басқару жүйесі принциптерін өткереді:[2]

- өндірістік қатынастарды «гуманизациялау» принципі. Бұл әрбір жұмыскердің жеке әлеуметін максималды есептеуді талап етеді;

-«іскерлік әріптестік» принципі. Мұнда әртүрлі топтағы жұмыскерлер фирманың гүлденуі үшін ынтымақтасады;

-«Экономикалық децентрализм» принципі. Фирманың әрбір буыны әкімшілдік-шаруашылық шешім ұғымын өз бетінше жүзеге асыруы.

Қазіргі менеджмент олардың дәстүрлі, жүйелі және жағдайлық тұрғысын ескере отырып құрылады. Мамандардың айтуынша, басқарудың дайын түрлері болған емес, яғни менеджменттің біркелкі моделі жоқ.

Жалпы алғанда қазіргі менеджмент фирма мамандарын сараптауға, дайындауға және ынталандыруға ерекше мән береді.

Менеджменттің қазіргі теориялары адам жайлы, оның мақсатқа талпынысына, шығармашылдығына және өзін-өзі ұйымдастыратын тұлға болуына (Д.Макгрегордың "V" теориясы) және оның мотивациялығына негізделген.

Еңбек табыс әкеліп, адам оған қанағаттанатын болса, онда адам денсаулығының психологиялық қабілеттілігі артады және оның белсенділігі ынталандырылады (Ф. Херцбергтің гигиеналық мотивция теориясы).

 




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 208 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав