Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржының мәні, функциялары және рөлі

Читайте также:
  1. A) 5500000 теңге және 500000 теңге
  2. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  3. D) вертикальды және горизонтальды
  4. D)& төмен және солға
  5. А) Банктік және банктік емес баптың талдануы
  6. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  7. Азақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi
  8. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  9. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы
  10. Ан топтарын және резус-факторды анықтау

Қаржы дегеніміз қоғамның қажеттіліктері мен өндірістің дамуы үшін пайдаланылатын мемлекеттің, оның муниципалдық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қорлары. Қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды қалыптастыру жолымен оларды ұдғаймалы ұдайы өндірістің, қоғамның әлеуметтік жәнебасқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық өнімді жасау және оның құнының қозғалысын қамтамасыз ететін ұдерісінде пайда болатын ақша қатынастары. Сөйтіп, қаржы – бұл:

1)ақша қорларын жасау, бөлу, қайта бөлу және пайдалану үдерісіндегі қатынастарды бейнелеп көрсететін экономикалық категория;

2) ақшамен айналысу және оны басқару практикасы;

3) қандайда бір жобаға қатысатын капитал; ең алдымен жаңа істі бастау үшін алынатын капитал;

4) белгілі бір, әсіресе қаржы компаниясы жасаған мақсатқа арналған ақшалай қарыз.

Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.

Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді: қаржы капиталыдң айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды; кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындарының, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады; қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді; қаржы ұлттық табыстарға қорлану және түтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды; қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуаннысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

Қаржы – ішкі жалпы өнімді бөлу мен қайта бөлудің экономикалық инструменті, ақша қорларының жасалуын және пайдалануын бақылау құралы. Сондықтан қаржының мәні іс-әрекет механизмі және рөлі оның орындайтын функцияларынан айқын көрінеді. Қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау. Бөлгіштік функциясының көмегімен жалпы қоғамдық өніммен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық – заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді. Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және тза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан кқрінеді. Бақылау функциямы қаржылық бақылауда – ішкі жалпы өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсаттты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді. Бақылау функциясы сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын экономикалық үдерістерді бейнелейді. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық-қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабельділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік беерді.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 80 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | <== 8 ==> | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав