Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 2 дәріс. Қаржылық құқық - құқық саласы ретінде, пәні, әдісі, жүйесі

Читайте также:
  1. B)&көрсеткіштер жүйесі арқылы
  2. АзҰУ – білім мен ғылымның ордасы» деген тақырыпта әңгімелеңіз.
  3. Азақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.
  4. Аржы жүйесі оны ұйымдастырудың қағидалары
  5. Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері
  6. Балалардағы қан түзу жүйесі ағзаларының аурулары» блогы
  7. Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері, қағидалары
  8. бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
  9. Басқарудың дәстүрлі емес жүйесіне
  10. Дәріс. Ұжымды басқарудың психологиялық негіздері.

Л-Фараби атындағы ҚазҰУ

Оқу-әдістемелік кешені

Мамандығы: Құқықтану

Шифр: В050301

Пән: “Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы”

Тақырып 1 дәріс «Қаржы жүйесі және мемлекеттің қаржылық қызметі»

Түйінді сөздер: Қаржы, қаржы жүйесі, мемлекеттік қаржылар, мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттің ақшалай қорлары және т.б.

Негізгі сұрақтар: 1. Мемлекеттік қаржылар: түсінігі, маңызы, принциптері, функциялары. Мемлекеттік қаржылардың Қазақстан экономикасын нарықтық түрлендірулер барысындағы ролі.

2. Мемлекеттің қаржы жүйесі: түсінігі, маңызы, аспектілері, қағидалары; функциялары. Мемлекеттің қаржы жүйесі мен еліміздің қаржы жүйесі: айырмашылықтары, буын-бөлімшелері, нормативтік-құқықтық негіздері.

3. Мемлекеттің қаржылық қызметі: түсінігі, негізгі функциялары, міндеттері, мақсаты, құқықтық негіздері. Мемлекеттің қаржылық қызметі – мақсат-бағдарлы, жоспарлы қызмет.

4. Мемлекеттің қаржылық қызметінің түрлері, принциптері, негізгі әдістері, қаржылық қызметті жүзеге асырушы уәкілетті органдар, құқықтық нысандары. Мемлекеттің қаржылық қызметінің саласында заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері.

Тезис:

Мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасының қаржылық құрылысын ұйымдастыру және оның тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету оның тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қоғамдық мемелекеттік мүдделердің әлеуметтік экономикалық және саяси әкімшілік басымдықтарын айқындау сондай-ақ мемлекеттік функцияларды атқаруға қажетті ақшалай қорларды қалыптастыру бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру елдің қаржы жүйесін халықаралық қаржы жүйесіне интеграциялау жөніндегі және т.б. қимылдары мен қызметін қамтиды. Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымдарының тиесінше жұмыс істеулері үшін ыңғайлы жғдай жасау оның ішінде қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды, ауыл-селоның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамыту сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі қаржылық экономикалық дайындық іс-шараларын аяқтау жатады. Мемлекеттің қаржылық қызметі:

1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қаржылық кешенін дамытуға, қаржы рыногын және ақша жүйесін ұймдастыруға, оның ішінде ұлттық валюталық жүйені жетілдіруге және қоғамның ақшалай инфрақұрылымның тиісінше жұмыс істеуіне қолойлы жағдай жасауға;

2. Мемлекеттік билік және басқару органдарының, құқық қорғау органдарының, оның ішінде қаржылық құқықтық тәртіпті қорғау органдарының жұмыстары мен қызметінің тиісінше іске асырылуына сондай-ақ отанды қорғау ісі мен елдің қауіпсіздігін және экономикалық егемендігін қамтамасыз етуге қажетті мемлекеттің қаржылық экономикалық әлеуетін күшейтуге;

3. Мемлекеттің қаржылық ресурстарын қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары мен қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ нарықтық қатынастардың және өркениетті қаржы рыногының дамуына ықпалын тигізуге пайдалану тәрізді негізгі міндеттерді шешуге бағдарланып нысаланған.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі бағыттары:

- мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру;

- мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу;

- мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру;

- мемлекеттік қаржылық жоспарлауды жүзеге асыру;

- мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;

- мемлекеттің мамандандырылған қаржылық кредиттік және фискалдық органдарын қалыптастыру;

- қаржылық заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу;

- Қазақстанның Халықаралық Валюталық Қор құзырындағы қаржылық-экономикалық позициясын нығайту;

- Қаржылық өкілеттіктер пен қаржылық ресурстарды орталық және жергілікті мемлекеттік басқару оргнадарының арасында бөлу жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру;

- Қазақстанның халықаралық қаржы жүйесіне интеграциялануын жалғастыру;

- Қазақстан аумағындағы валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- Мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- әкімшілік аумақтық бірліктердің қаржылық экономикалық дербестіктерін және жауапкершіліктерін күшейту;

- Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі қаржылық экономикалық және т.б. дайындық іс шараларын аяқтау;

- Ауыл-селоның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын тиісті деңгейде дамытуға қажетті мемлекеттік қаржылық инвестициялық және кредиттік көмектер көрсету барысында жарқын көрініс табады.

Мемлекеттің қаржылық қызметі:

- қоғамдық мемлекеттік қажеттіліктер мен мүделердің басымдығы;

- қоғамның бақылауында болу және қоғамға есеп беріп отыру;

- заңдық және жариялылық;

- мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалану кезіндегі үнемділік;

- стратегиялық экономикалық қаржылық мақсаттар мен макроэкономикалық даму көрсеткіштерін есепке алу;

- орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының қаржылық құзыретін бөлу әрі олардың аражігін ажырату;

- көзделген экономикалық қаржылық мақсаттарды іске асыру жолдары мен тәсілдерін ғылыми негіздеу;

- жоспарлылық және нормативтілік.

- Тиімділік және айқындылық.

Қаржы жүйесінің әрі Қазақстандағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты және т.б. қаржылық құқық нормаларында бекітілген принциптерге негізделіне отырып жүзеге асырылады. Өз аяларына орай мемлекеттің қаржылық қызметінің:

- бюджеттік қызмет

- мемлекеттік валюталық қаржылық қызмет

- мемлекеттік қаржылық банктік қызмет

- мемлекеттік кредиттік қаржылық қызмет

- мемлекеттік қаржылық сақтандыру қызметі;

- мемлекеттік қаржылық шаруашылық қызметі

- салықтық қызмет

- Мемлекеттік инвестициялық қызмет

- Мемлекеттік қаржылық жоспарлау;

- Мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түлері болады.

Қазақстан Республикасының қаржылық құрылысы ауқымындағы мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру мемлекеттік ақшалай қорларды бөлу және ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру тәрізді негізгі үш әдіс арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру әдістеріне:

- ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі әрі қайтарымсыз түрде алып қою;

- ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжюүрлі бірақ қайтарымды түрде алып қою;

- ақша қаражаттарын және қайтарымсыз түрде тарту;

- Ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымды түрде тарту

- Мемлекеттік қызмет көрсету негізінде ақша қаражаттарын тарту;

- Мемлекеттік мүлікті сатудан және пайдаланудан түскен ақша қаражаттарын мемлекет кірісіне айналдыру.

- Ақша және мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы жатады.

Мемлекеттік ақшалай қорларды бөлу әдістері;

Мемлекеттің ақша қаражаттарын бюджеттен біржола қайтарымсыз әрі ақысыз түрде беру арқылы қаржыландыру. Мемлекеттің ақша қаражаттарын қайтарымды әрі ақылы негізде және белгілі мерзімге уақытша пайдалануға кредит ретінде беру. Мемлекеттің өз кредиторлары алдындағы қаржылық міндеттемесін орындауы жолымен іске асырылады.

Мемлекеттік ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру. Ақашалай қорларды пайдалану басымдығын және бағыттарын белгілеу. Мемлекеттің ақшаай қорларынан алынған ақша қаражаттарын пайдалану тәртібін белгілеу. Мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалануды жоспарлау. Мемлекеттің ақша қаражаттарын берудің қаржылық нормативтерін және шекті мөлшерін белгілеу. Мемлекеттік кәсіпорындардың пайдаларын бөлудің нормативтерін және тәртібін белгілеу.

Ақшалай қорларды пайдалану процесіне мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу сияқты әдістер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы қаржылық құқықтың ауқымы болғандықтан уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті ақшалай қорларды қалыптастыру бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қызметі әрқашанда қаржылық құқықтық нормалардың негізінде тек құқықтық нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандары ретінде қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік қаржылық құқықтық актілері көрініс табады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті ережелері мен қаржылық заңнамаық актілері құрайды. Қаржылық заңнамалық актілері арнаулы және жалпы болып бөлінеді. Арнаулы қаржылық заңнамаға нормативтік қаржылық құқықтық актілері ал жалпы қаржылық заңнамаға мемлекеттің қаржылық қызметін белгілі бір көлемде реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің нормалары жатады.

Қаржылық құқықтық актілері өздерінің заңи мән-жайларына байланысты нормативтік және жекелей қаржылық құқықтық актілер болып бөлінеді. Сонымен қатар, қаржылық құқықтық актілердің бір түріне жоспарлы қаржылық актілер жатады. Осындай актілер бір мезгілде нормативтік және жекелей сипатта болады. әдетте оларды аралас қаржылық құқықтық актілер деп те атайды.

Сонымен мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандарына:

1. нормативтік сипаттағы біржақты қызметінің құқықтық нысандарына:

2. заңға тәуелді жекелей қаржылық құқықтық актілер шығару.

3. екі жақты қаржылық құқықтық актиілерді жасасу.

4. мемлекеттің нақты қаржылық құқықтық қатынастың субьектісі ретінде өзіне тиесілі құқықтары мен міндеттерін өз уәкілетті органы арқылы іске асыруы жатады.

Бүгінде, Қазақстан Республикасындағы тиісті қаржылық қызметі жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар:

Қазақстан Республикасы Парламенті

Тиісті әкімшілік аумақтық құрылыстардың Мәслихаттары

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Экономикалық сауда және даму министрлігі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары

Тиісті әкімшілік аумақтық құрылстардың Әкімдіктері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті

Қазқстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті.

Қазқстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комиетті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Қазақстан Республикасының Даму банкі

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі иерархияны сақтай отырып өздеріне тиесілі орындарға ие болған.

Нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда қабылданған, 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

2. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық заңы.

3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16-қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңы.

4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы.

5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1994 жылғы 27-желтоқсанда қабылданған Жалпы бөлімі, 1999 жылғы 1-шілдеде қабылданған Ерекше бөлімі) 102-104, 111-112, 117-118, 127-136, 139, 192-193, 196-198, 200-201, 206 және т.б. баптары.

6. Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі. 24.04.2004 жылы қабылданған ҚР Заңы

Әдебиеттер:

1.Негізгі

 

1. Химичева Н.Н. Финансовое право. М. БЕК, 1998.

  1. Химичева Н.Н. Налоговое право. М. БЕК, 1997.
  2. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан, Алматы, 2002
  3. Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы, 1995.
  4. Худяков А.И. Финансовое право РК. Алматы, 2001.
  5. Худяков А.И. Страховое право РК. Алматы, 1997.
  6. Худяков А.И. Налоговое право РК. Алматы, 2003.
  7. Худяков А.И., Найманбаев С.М. Русско-казахский финансово-правовой толковый словарь. Алматы, 1997.
  8. Найманбаев С.М. ҚР қаржылық құқығы. Алматы, 1994.

2. Қосымша

  1. Жауриков К.К., Ким Г.В. Государственное страхование в Казахстане. Алматы, 1992.
  2. Олейник О.М. Основы банковского права. М: Юристъ, 1997.
  3. Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и использования. Алматы, 1997.
  4. Давыдова Л, Раймонова Д. Банковское право Республики Казахстан. Алматы, 2005.
  5. Л. Давыдова, Д.Раймонова. Қазақстан Республикасының банктік құқығы. Алматы, 2006.

Тақырып 2 дәріс. Қаржылық құқық - құқық саласы ретінде, пәні, әдісі, жүйесі

Түйінді сөздер: Қаржылық құқық, қаржылық құқықтың пәні, қаржылық құқықтың әдісі, қаржылық құқықтың жүйесі және т.б.

Негізгі сұрақтар:

1. Қаржылық құқықтың құқықтық реттеу пәні: түсінігі, маңызы. Мемлекеттік қаржылық қатынастар: түрлері өздеріне тән белгілері және олардың тауарлық-ақшалай қатынастардан айырмашылығы.

2. Қаржылық құқық: түсінігі, маңызы. Қаржылық құқықтың қазіргі кезеңде құқық саласы ретінде дамуының тенденциялары және ерекшеліктері. Қаржылық құқық қаржылық қызметті іске асырудың нысаны және әдісі ретінде. Қаржылық-құқықты реттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттері.

3. Қаржылық құққықтың Қазақстанның құқық жүйесінде алатын орны және оның шектес жатқан конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық салаларымен өзара байланысы, арақатынасы, сондай-ақ, олардан ерекшеленетін айырмашылығы.

4. Қаржылық құқықтың құқықтық реттеу әдістері: түсінігі, түрлері, өзіне тән белгілері, қолдану салалары. Біржақты-өктем императивтік әдістің баса қолданылуының себептері мен негіздері.

5. Қаржылық құқықтың жүйесі: түсінігі, маңызы, басты бөлімшелері. Қаржылық құқық жүйесінің жалпы және ерекше бөлімдерінің құрылымдық құқықтық институттары: ерекшеліктері, қалыптасу белгілері, өзара іс-қимылдары.

6.Қаржылық құқықтың дерек көздері: түсінігі, топтастырылуы.Қаржылық заңдар қаржылық құқықтың болмысының нысаны ретінде: сипаттамасы, маңызы

Тезис:

Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атақаратын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді. Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз. Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады. Біріншіден, қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанадағы ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есепетелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады. Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді. Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шаруашылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге асырылады. Жасалған ұлттық табыстың құнын қайта бөлу ақшалай табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы жҹргізіледі және осы жағдайларда туындайтын көптеген қатынастар қаржылық қатынастар деп аталады. Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады. Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі қаржылардың өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Қорытынды ретінде тағы бір айта кететін жәйт, қаржылардың материалдық негізі өндіріс болып табылады. өйткені шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары мен экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде құралады. Енді осы қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына көз жүгірте отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финис”, яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде fіnatіo, fіnancіo деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар fіnancе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мҹліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған. Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Сондықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді. А.И.Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген тұжырым. Егер арнайы мағынада қаржыларды – мемлекеттік қаржылар десек, яғни белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу тәртібі белгіленетінін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А.И.Худяков. Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады. Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз. Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Қаржыларға байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі. Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық күні жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе экономист айтқандай, “А-Т”, “Т-А” қатынастарында жүзеге асырылады. Алайда бұл қатынастар тауар-ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде әрдайым мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет уәкілдік берген мемлекеттік өкілетті органы тұрады және осы қатынастар қаржылық құқықтық нормалармен реттеледі. Сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында әрқашанда билікші субъект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі сөз қозғалмайды. Ал тауар-ақша қатынастары, яғни сату-сатып алу қатынастары азаматтық құқық, еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне ат үсті қарай алмайды. өйткені қаржылар өзінің ақша қаражаттары болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде, мақсатты бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын (жұмсалуын) ұйымдастырады. Қаржылар мемлекттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан қаржылардың атсалысатын басты бағыт – қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету. В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор қаржыларды ақша қҗжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Қаржылардың материалдық негізі өндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздеріне тән құндылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер қаржыларға ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және басқа игіліктерді немесе кіріс және шығысты, сондай-ақ, ақша қорларын жатқызады. Қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып табылады. Ал қаржылардың пайдалану негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі кездегі объективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда көрініс табады – тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А – Т - А) җдайы өндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жҹргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды көрсеткендіктен шаруашылық механизімінің белгілі бір элементтерін құрайды. Қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай-қаржылық қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады. Бұл жерден байқайтынымыз, қаржылардың ақшалай қатынастарға негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде көрініс табуы.

Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу немесе пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекеше аясын көрсетеді. Алайда қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі. Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И. Ресейлік ғалым Горбунова О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай-ақ қайта бөлу процестері ақшалай нысанда болады, ал “қаржы” термині француздың финанс, яғни кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылды дейді. Мемлекеттік қаржыларды өзінің материалдық мәні бойынша ақша қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру (жинақтау), қайта бөлу, сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың атқарылуымен тікелей байланысты болады. Горбунова О.Н. мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік процестерін басқару жөніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға ақша нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей, қаржыларды ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары қорларын жинастыру, қайта бөлу және пайдалану жөніндегі адамдардың арасындағы қатынастар болып табылады деген. Бұл жердегі көзге түсіп отырған кемшілік қаржылар экономикалық тұрғыдан алғанда, жәй ғана қатынастар емес арнайы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ал материалдық мағынасына келсек, онда қаржы тек мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы деп айта аламыз.

Нормативтік құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі. 24.04.2004 жылы қабылданған ҚР Заңы
  2. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
  3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31-тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңы. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
  4. Қазақстан Республикасының 02.07.2003 жылы қабылданған ҚР Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
  5. Қазақстан Республикасының Президентінің 09.03.2004 жылғы 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасында қаржылық секторды дамыту концепциясын жүзеге асыру шараларының жоспарын бекіту туралы Жарлығы
  6. Қазақстан Республикасының Даму банкісі туралы Қазақстан Республикасының 25.04.2001 жылығ Заңы

 

Әдебиеттер:

1.Негізгі

 

1. Химичева Н.Н. Финансовое право. М. БЕК, 1998.

2. Химичева Н.Н. Налоговое право. М. БЕК, 1997.

3. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан, Алматы, 2002

4. Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы, 1995.

5. Худяков А.И. Финансовое право РК. Алматы, 2001.

6. Худяков А.И. Страховое право РК. Алматы, 1997.

7. Худяков А.И. Налоговое право РК. Алматы, 2003.

8. Худяков А.И., Найманбаев С.М. Русско-казахский финансово-правовой толковый словарь. Алматы, 1997.

9. Найманбаев С.М. ҚР қаржылық құқығы. Алматы, 1994.

2. Қосымша

1. Жауриков К.К., Ким Г.В. Государственное страхование в Казахстане. Алматы, 1992.

2. Олейник О.М. Основы банковского права. М: Юристъ, 1997.

3. Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и использования. Алматы, 1997.

4. Давыдова Л, Раймонова Д. Банковское право Республики Казахстан. Алматы, 2005.

5. Л. Давыдова, Д.Раймонова. Қазақстан Республикасының банктік құқығы. Алматы, 2006.

Тақырып 3 дәріс. Қаржылық құқық ғылымы Қазақстанның заңи ғылымдарының бөлігі ретінде

Түйінді сөздер: Қаржылық құқық ғылымы, қаржылық құқық ғылымының жүйесі, қаржылық құқық ғылымының методологиясы және т.б.

Негізгі сұрақтар:

1. Қаржылық құқық ғылымы: пәні, ерекшеліктері, тұрақты элементтеті. Қаржылық құқықтық институттар, қаржылық-құқықтық қатынастар, қаржылық заңдар қаржылық құқық ғылымының элементтері.

2. Қаржылық құқықтық ғылымды құрайтын ілім жүйесі: қаржылық құқықтық концепциялар; қаржылық-құқықтық категориялар; қаржылық құқықтық принциптер;

3. Қаржылық құқық ғылымының жүйесі; қаржылық құқық ғылымының жалпы теориялық проблемалары;

4. Қаржылық құқық ғылымының методологиясы. Салыстырмалы- құқықтық, нақты-әлеуметтік, тарихи-салыстырмалы зерттеу әдістері. Қаржылық құқық ғылымының Қазақстанда қалыптасуы мен дамуының кезеңдері және өзекті мәселелері.

Тезис:

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни мемлекеттік қаржылық қызметті жоспарлы түрде және заңдық негізде жүзеге асыруға септігін әрі ұйымдастырушы реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекеттік қаржылардың материалдық негізін республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістеріне бағдарланған ақшалай төлемдер ағынын әрі ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын туындататын экономикалық процестер құрайды. Негізінде, мемлекеттік қаржылар бөлу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субьектісі мемлекет болғандықтан көбінесе биліктік әмірлі сипатта көрініс табатын экономикалық қатынастардың жиынтығынан тұрады. Мемлекеттік қаржылар әдетте, экономикалық және материалдық тұрғыдан қарастырылады. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар біртұтас алғанда мемлекеттің және оның жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын көрсетеді. Қаржылардың функцияларына ақша қаражаттарына жұмылдыру арқылы тиісті ақшалай қорларды қалыптастыру қорлардың ақшалай ресурстарын бөлу және қайта бөлу, бөлінген қаражаттардың пайдалануын бақылау есептеу функциялары жатады. Бүгінде мемлекеттік қаржылар: теңдестірілімдік; зңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық негіздерінің бірыңғайлығы; жариялылық және мөлдірлік; мақсатты және стратегиялық бағдары; жоспарланған әрі көделген мақсаттарды ғылыми жолмен іске асыру; үнемділік және ұтымдылық уәкілетті мемлекеттік органдардың қаржылық өкілеттіктерінің аражігін ажырату; қаржылық ағындарды орталықтандырылған негізде басқару сияқты принциптерге негізделеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық ресурстарды құру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржы жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік материалдық қаржылық қатынастар, ал нормативтік құқықтық базасын қаржылық заңнама және заңға тәуелді нормативтік қаржылық құқықтық актілер құрайды. Мемлекеттің қаржы жүйесі әдетте материалдық және экономикалық мағынада сондай-ақ ұйымдастыру мағынасында қарастырылады.

Материалдық мағынада мемлекеттің қаржы жүйесі:

- жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылық ресурстар қоры;

- әкімшілік аумақтық құрылыстар ауқымында орталықтандырылған ақшалай қорлар;

- мемлекеттік мақсатты қорлар,

- бюджеттен тыс мемлекеттік мақсатты қорлар;

- мемлекеттің (мемлекеттік банктердің) орталықтандырылған ссудалық қоры;

- мемлекеттік сақтандырудың мақсатты қаржылық резервтері;

- мемлекеттік кәсіпорындар (шаруашылық жүргізу құқығындағы және қазыналық кәсіпорындар) мен мемлекеттік мекемелердің орталықтандырылмаған ақшалай қорлары тәрізді (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған) ақшалай қорлардың жиынтығын білдіреді. Ақшалай қорлар жқмсалынатын мақсатты бағыты айқындалған, тиісті нормативтік құқықтық базасы бар және өз бетімен жұмыс істей алатын қаржылық ресурстардың (ақша қаражаттарының) біршама айрықшаланған бөлігі болып табылады. Экономикалық мағынада мемлекеттің қаржы жүйесі әр қайсысы өзіне тн белгілі бір мемлекеттік ақша қаражаттары қорларын білдіретін қаржылық экономикалық институттарының жиынтығынан тұрады. Ал қаржылық экономикалық институттар мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қаржылық экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде:

- республикалық бюджет;

- жергілікті бюджеттер;

- бюджеттік жүйедегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры;

- бюджеттен тыс мемлекеттік қорлардың қаржылары;

- мемлекеттік банктердің қаржылары;

- мемлекеттік сақтандыру (ұйымдарының қаржылары;

- мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылары;

- мемлекеттік мекемелердің қаржылары арқылы көрініс табады.

Ұйымдастыру (ұйымдық мағынасында мемлекеттің қаржы жүйесі мемлекеттік қаржылық қатынастар қозғалысын қамтамасыз ететін: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және ның қаржылық-фискалдық органдары; Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның қаржылыұ кредиттік бөлімшелері мен мекемелері Қазақстанның Даму банкі және оның аумақтық мекемелер сияқты және т.б. мемелекеттің қаржылық-кредиттік мекемелерінің жиынтығы негізінде құрылады. Сонымен, мемлекеттің қаржы жүйесі мемлекеттік қазынаны (мемлекеттің тиісті ақша қаражаттары қорларын) қалыптастыру және бөлу кезінде жүзеге асырылатын мемлекеттік қаржылық – кредиттік билік өкілеттіліктері жүйесі ретінде ерекшеленеді.

Ал жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі:

1. Мемлекеттік қаржылардан:

- бюджеттік жүйеден;

- бюджеттік жүйедегі мемлекеттік мақсатты қорлардан;

- бюджеттен тыс мемлекеттік мақсатты қорлардан;

- мемлекеттік сақтандырудың қаржылық резервтерінен;

- мемлекеттік банктердің қаржыларынан;

- мемлекеттік кәсіпорындардың қаржыларынан;

- мемлекеттік мекемелердің қаржыларынан;

2. Корпорациялық (жеке меншік)қаржылардан:

- коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын;

- коммерциялық банктердің қаржыларынан;

- мемелекеттік емес арнаулы қорлардың қаржыларынан;

- тұрғылықты халықтың қаржыларынан тұрады.

 

Нормативтік құқықтық актілер:

 

1. Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі. 24.04.2004 жылы қабылданған ҚР Заңы

2. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31-тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңы. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

4. Қазақстан Республикасының 02.07.2003 жылы қабылданған ҚР Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

5. Қазақстан Республикасының Президентінің 09.03.2004 жылғы 2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасында қаржылық секторды дамыту концепциясын жүзеге асыру шараларының жоспарын бекіту туралы Жарлығы

6. Қазақстан Республикасының Даму банкісі туралы Қазақстан Республикасының 25.04.2001 жылығ Заңы

 

Әдебиеттер:

1.Негізгі

 

1. Химичева Н.Н. Финансовое право. М. БЕК, 1998.

2. Химичева Н.Н. Налоговое право. М. БЕК, 1997.

3. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан, Алматы, 2002

4. Худяков А.И. Основы теории финансового права. Алматы, 1995.

5. Худяков А.И. Финансовое право РК. Алматы, 2001.

6. Худяков А.И. Страховое право РК. Алматы, 1997.

7. Худяков А.И. Налоговое право РК. Алматы, 2003.

8. Худяков А.И., Найманбаев С.М. Русско-казахский финансово-правовой толковый словарь. Алматы, 1997.

9. Найманбаев С.М. ҚР қаржылық құқығы. Алматы, 1994.

2. Қосымша

1. Жауриков К.К., Ким Г.В. Государственное страхование в Казахстане. Алматы, 1992.

2. Олейник О.М. Основы банковского права. М: Юристъ, 1997.

3. Оспанов М.Т., Мухамбетов Т.И. Иностранный капитал и инвестиции: вопросы теории, практики привлечения и использования. Алматы, 1997.

4. Давыдова Л, Раймонова Д. Банковское право Республики Казахстан. Алматы, 2005.

5. Л. Давыдова, Д.Раймонова. Қазақстан Республикасының банктік құқығы. Алматы, 2006.

Тақырып 4 дәріс. Қаржылық-құқықтық нормалар және қаржылық құқықтық қатынастар.

Түйінді сөздер: Қаржылық құқық нормалары, қаржылық құқық қатынастар, заңи фактілер, және т.б.

Негізгі сұрақтар:

1. Қаржылық құқықтық нормалар: түсінігі, өздеріне тән белгілері мен ерекшеліктері, құрылымы. Қаржылық құқықтық нормалардың уақыт пен кеңістікте, аумақтарда, тұлғалар шеңберінде іске асырылуының маңызы және шегі.

2 Қаржылық құқықтық нормалардың негізгі түрлері, топтастырылуы. Қорғаушы және реттеуші қаржылық құқықтық нормалар. Реттеуші қаржылық құқықтық нормалардың негізгі мақсаттары. Баламалы және факультативтік қаржылық құқықтық нормалар. Материалдық және ұйымдастырушы, императивтік және диспозитивтик қаржылық құқықтық нормалар.

3. Қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, өздеріне тән белгілері, түрлері, обьектілері. Материалдық және ұйымдастырушы, өктем және шартты қаржылық-құқықтық қатынастар. Бюджеттік, валюталық қаржылық, қаржылық- банктік, қаржылық -сақтандыру, салықтық, қаржылық- шаруашылық құқықтық қатынастар.

4. Қаржылық құқық және қаржылық құқықтық қатынас субьектілері: түрлері, құқықтық жағдайларының ерекшеліктері, мемлекеттік органдарға байланысты мән-жайлары. Қаржылық құқықтық қатынастар субьектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәсілдері.

5. Қаржылық құқықтық қатынастардағы заңи фактілер: түснігі, маңызы, функциялары. Заңи іс-әрекеттер және заңи оқиғалар. Құқыққа сай іс-әрекеттер. Құқыққа қайшы заңи іс-әрекеттер. Заңи фактілер қаржылық- құқықтық реттеу әдісінің элементі ретінде.

Тезис:

Қаржылық құқықтық қатынастар - құқықтың нормаларымен реттелген қаржылық экономикалық қатынастар. Қаржылық құқықтық қатынастардың өздеріне тән белгілері:

1. Олар мемлекеттің қаржылық экономикалық қатынастарды құқықпен реттеуінің нәтижесінде пайда болады және олардың құқықтық формасы болып саналады.

2. Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі ақшалар немесе ақшалай міндеттемелер болып табылады.

3. қаржылық құқықтық қатынастардың міндетті субьектісі мемлекет болып табылады.

4. қаржылық құқықтың қатынастар мемлекеттік өктем сипатта болады.

5. қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыруға бөлуге және пайдалануын ұйымдастыруға байланысты процестерді білдіреді.

Маңызы бойынша қаржылық құқықтық қатынастар материалдық және ұйымдастырылуы бойынша болып бөлінеді.

Материалдық қаржылық құқықтық қатынастар ақша қаражаттарының тікелей қозғалысын білдіреді.

А) төлеушілерден қандай да болмасын мемлекеттік қорға өтуі арқылы оның қалыптасу процесін көрсетеді.

Б) бір қордан басқа қорға өтуі арқылы мемлекеттің ақша қаражаттарын бөлу процесін көрсетеді.

В) қордан мемлекеттік ақша қаражаттарын нақты алушыға.

Ұйымдастырылуы бойынша қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттің ақша жүйесін және оның қаржылық құрылымын қаржылар саласындағы басқару оргнадарының жүйесін қорларды қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлауды ұйымдастыру сондай-ақ мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалануға бақылау жасау процестерін білдіреді.

Қорларға байланысты қаржылық құқықтық қатынастар былйша бөлінеді:

1. бюджеттік

2. қаржылық-банктік

3. қаржылық-сақтандыру

4. қаржылық-шаруашылық

-

Құқықтық реттеу әдісіне байланысты қаржылық құқықтық қатынастар біржақты өктем және шартты болып бөлінеді.

Біржақты - өктем қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттің біржақты өмірінің негізінде пайда болады және өктемдік және бағыныштылық моделі бойынша құрылады.

Шартты қаржылық құқықтық қатынастар екі жақтың келісіміне негізделеді.

Мемлекет нақтылы қаржылық құқықтық қатынастарда өзінің қаржылық қызметін жүзеге асыра отырып мына төмендегідей көрініс табуы мүмкін:

1. тұтастай өзі

2. а) мемлекет атынан;

б) өзінің атынан бірақ мемлекеттің тапсырыуымен және оның мүддесін көздей отырып іс әрекет жасайтын өзінің органы арқылы.

Қаржылық құқықтық қатынас субьектілері мемлекеттік органдардың белгілері:

1. осы органдардың қызметтері мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақша қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процестерін көрсетеді.

2. бұл субьектілер өздеріне тиісті өктем өкілеттілік берілген мемлекеттік орган ретінде есептелінеді.

3. олардың іс әрекеттері жалпы мемлекеттік мүддемен анықталады.

4. осы әрекеттер барысында мемлекет функциялары жүзеге асырылады.

5. осы туындайтын қоғамдық қатынастар өздерінің құқықтық және экономикалық белгілері бойынша қаржылық болып табылады.

Қаржылық құқықтық қатынас субьектілерінің түрлері:

1. мемлекеттің біртұтас өзі

2. мемлекеттік өкімет және басқару органдары

3. өздерінің өкілді және атқарушы органдары арқылы әкімшілік аумақтық құрылымдар

4. заңды тұлғалар

5. жеке тұлғалар.

Қаржылық құқықтық қатынас субьектілерінің өз құқықтарын қорғау әдістері

Билік жүргізуші субьект өзінің мүдделері мен құқықтарын:

А) қаржылық берешектерді біржақты мәжбүрлі түрде өндіріп алу

Б) қаржылық берешетерді сот арқылы өндіріп алу

В) кінәлі тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту жолымен қорғайды.

Бағынышты субьектілер өздерінің мүдделерін

А) қаржылық органдар мен олардың лауазымды адамдарының әрекеттерін олар бағынышты органға айтып шағымдану;




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 283 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.063 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав