Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 9 дәріс. Мемлекеттік қаржылық бақылауды құқықтық реттеу.

Читайте также:
  1. АзҰУ – білім мен ғылымның ордасы» деген тақырыпта әңгімелеңіз.
  2. Аржылық бақылаудың мәні мен маңызы, оның әдістері.
  3. Балалардың бірлескен жұмысын бақылаудың ерекше түрі
  4. Білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттар
  5. Дәріс. Ұжымды басқарудың психологиялық негіздері.
  6. Дәріс. Музей қызметін жоспарлау.
  7. Дәріс. Музей жарнамасының маркетингтік құрылымы.
  8. Дәріс. Музей ісі және музей интеграциясын басқару жүйесі.
  9. Дәріс. Музей маркетингінің маңызы мен құрылымы.
  10. Дәріс. Музей мекемелердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау.

Түйінді сөздер: Мемлекеттік қаржылық бақылау, бақылау жүргізетін өкілетті органдар, бақылау объектілері мен субъектілері және т.б.

Негізгі сұрақтар:

1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды құқықтық реттеу қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институт ретінде: түсінігі, маңызы, нормативтік-құқықтық базасы.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау: түсінігі, элементтері, принциптері, салалары, топтастырылуы. Мемлекеттік қаржылық бақылау мамандандырылған мемлекеттік бақылаудың бір түрі ретінде. Мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижесі: қаржы жүйесінің барлық буындарының ойдағыдай қызмет атқаруларын қамтамасыз ету; қаржылық ресурстарды аса ұтымды пайдалануға қол жеткізу. Тікелей және жанама қаржылық бақылау. Мамандандырылған және функциональдық қаржылық бақылау. Өкілді билік, атқарушы билік және сот органдарының қаржылық бақылауы.

3. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың маңызы, негізгі әдістері, түрлері, мамандандырылған қаржылық және басқа да уәкілетті органдары. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың мақсаты мен негізгі міндеттері. Мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы заңдылық пен қаржылық тәртіп. Қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету шаралары. Қаржылық-құқықтық санкциялар. Ревизия: топтастырылуы, маңызы. Ревизия актісінің заңызы. Қаржылық-бақылаулық құқықтық қатынастар: ерекшеліктері, субъектісі, объектілері. Қаржылық бақылау органдары: түрлері, құзыреттері.

Тезистер:

Республикалық қаржы комитетінің қызметінің құқықтық негіздері. Қаржы бақылау комитеті республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі құзыретінің шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомсвтосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері:

Республикалық бюджеттің атқарылуын ішкі бақылауды және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру;

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылаудың және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылаудың әдіснамасын және әдістемесін әзірлеу.

Қойылған міндеттерге сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау саласында орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтерінің іс-әрекетін үйлестіреді;

Орталық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар береді;

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жүргізудің тиісті кесімдерін, сондай-ақ хабарлық үшін тиісті бюджеттердің атқарылуын бақылау жоспарларын жібереді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттарының мақсатсыз әрі тиімсіз пайдаланылуын анықтау, тыю және болдырмау жөнінде шаралар қолданады;

Обьектілер лауазымды адамдарының республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттарын пайдаланудағы іс-әрекеттерінде қылмыстар белгілерін анықтаған жағдайларда бақылау материалдық, Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының өзге де фактілерін құқық қорғау органдарына береді;

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау саласында кадрлардың біліктілігін көтеруді және қайта даярлануын ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет мыналарға құқылы:

1) мыналарды бақылауды жүзеге асырады;

· республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарын сақтауы;

· республикалық бюджетке түсімдер: шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекеттік үлестерге табыс, республикалықмемлекеттік кәсіпорындар таза тыбысының үлестері, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді сатудан алынған қаражаттар толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік органдардың қызметі.

Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сатып алу-сату республикалық мемлекеттік мүлікті жалдау, сондай-ақ Қазақстан Ресвпубликасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тиісті өтінуі болған жағдайда, оларды сенімді басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуы.

Республикалық бюджеттен берілген бюджет қаражаттарының, оның ішінде кредиттердің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуы.

Республикалық бюджет, оның ішінде мемлекет тапсырыс бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері алған қаражатты пайдаланудың тиімділігі.

Республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарының бұзылу себептеріне баға беру.

Бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) экономикалық тиімділігіне және орындылығына баға беру.

· өздері белгілеген мерзімде бақылау обьектілерінен республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсіндірмелер сұрау және алу;

· орталық атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінен жоспарлар, есептер және өзге де қажетті ақпарат алу;

· республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуында анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша бақылау обьектілерінің лауазымды адамдарын тыңдау;

· республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына бақылау жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын тарту;

· заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпиялар құпиялылығы режимінің саталуын ескере отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелеріне жататын құжаттамамен кедергісіз танысу;

· нормативтік құқықтық базаны және бақылау жүргізу әдістемесін жетілдіру мәселелері бойынша іс-шаралар әзірлеу;

· акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері иеленуге және пайдалануға берілген мемлекеттік органдарға мемлекеттік сыртқы немесе ішкі бақылау органдарының қызметкерлерін акционерлік қоғамдар тексеру комиссияларының құрамына кіргізуді ұсыну. Шетел мемелекеттерінің мемлекеттік аудит пен бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдарымен байланыстырады қолдау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы халықаралық ұйымдардың құрамына кіру. Бақылау нәтижелері бойынша бақылау жүргізу актілерін және ұйымдарын лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жазбаша нұсқамен жіберу; бақылау жүргізу барысында алынған құжаттардың куәландырылған көшірмелерін немесе тізілімін акт бойынша бақылау обьектілеріне қалдыра отырып, құқық қорғау органдарына бақылау жүргізу актілерін берген оларға құжаттардың тұпнұсқасын қоса тіркеу; республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге шарттық негізде және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісім бойынша тәуелсіз жеке аудиторлық ұйымдарды олардың көрсеткен қызметіне республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып, тарту; құқық қорғау, салық және өзге де мемлекеттік органдардан оларға Комитет және оның аумақтық бөлімшелері берген бақылау жүргізу материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы толық ақпарат алу; бюджет қаражатын пайдаланудағы бұзушылық фактілері бойынша тексеру жүргізу туралы қылмыстық қудалау органдары қаулыларының негізінде жоспардан тыс бақылау жүргізу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану.

Комитетің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтеріне консультациялар беру, бюджеттік заңнаманы қолдану практикасына италдауға және қорытуға қатысу, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау және өз құзыреті шегінде тиісті нормативтік құқықтық кесімдер жобаларын әзірлеу; және тағы басқа қаржылық қызметтерді іс жүзіне асырады.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 135 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | <== 7 ==> | 8 | 9 | 10 | 11 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав