Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оғам философиясына өзіндік (төлтумалылығын) талдау беріңіз?

Читайте также:
  1. Que: Нарықты кешенді талдау мен болжау жоспарына енбейді
  2. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  3. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  4. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  5. Бюджет кірістерін талдау
  6. Ислам философиясф өкілдері: Әл- Кинди, Әл-Фараби,Иби Рушид мұраларына салыстырмалы талдау жасаңыз.
  7. Марксизм философиясының ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз?
  8. Неркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуін талдау
  9. Неркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның жұмысшыларының өндірістік деңгейін талдау

Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Қоғамның негізгі өмір сүру аясына материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады. Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Қоғам туралы философиялық ілімнің тарихи дамуы үзақ уақытқа созылды. Әйгілі көне грек ойшылы Демокрит адамзат тарихын табиғи процес деп білді, ал адамдардын қоғамдық емес кезеңнен қоғамдық сатыға өтуінің басты себебі ретінде»қажеттілікті» қарастырды. Ортағасыр философиясында қоғамдық өмірді діни түсініктер негізінде түсіндіру басым болды. Орыс әлеуметтану ғылымында да қоғамдық өмірге ерекше назар аударылды (А. И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, В.С. Соловьев және т.б.). Әлеуметтік философияның келесі даму кезеңі марксизм философиясымен тығыз байланысты болды. Марксизм бойынша, қоғам - индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, керісінше, сол индивидтердің арасында болатын байланыстар мен қатынастардын жиынтығы болып табылады. Маркс пен Энгельс тарихи материализм ілімін дүниеге әкелді. Тарихи материализмнің жасалуы қогамдық ойдың дамуындағы түбірлі төнкеріс болды. Ол, бір жағынан, тұтас дүниеге – тек табиғатқа қана емес, сонымен қатар қоғамға да,- жүйлі наным көзқарасты қалыптастыруға әсер етсе, екінші жағынан, қоғам өмірінің барлық жақтарының дамуының материалдық негізін ашуға мүмкіндік береді.. Маркс пен Энгельс барлық қоғамдық қатынастарды материалды және рухани (идеалды) қатынастарға бөліп, материалдық қатынастардың біріншілігін, ал рухани қатынастардың екіншілігін көрсетті.Қоғамдық өмірге қатысты философияның негізгі мәселесін шешу үшін тарихи материализм «қоғамдық болмыс»және «қоғамдық сана» категориаларын жаңаша тұжырымдады. Қоғамдық болмыс – бұл қоғам өмірінің материалдық жағдайлары мен адамдардың бір- біріне және табиғатқа материалдық қатынастары. Материалдық қатынастар объективті өмір сүреді және қоғамның шығуы мен дамуы барысында қалыптасып, қоғамдық санадан тәуелсіз өмір сүреді.Қоғамдық сана - қоғамдық болмысты бейнелейтің сезімдер мен көзқарастардың, идеялар мен теориялардың күрделі жүйесі. Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру О. Конт пен Г. Спенсердің әлеуметтік философиясына тән. Бұл тұралы белгілі бір көзқарастарды М. Вебердің, П. Сорокиннің, Т. Парсонсонның және А. Тойнбидің ілімдерінен көруге болады.

53.Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері.Социогенез ұғымын талдаңыз. Қазіргі заманғы философиялық әдебиеттердеӘлеуметтік философия ұғым тар және кең мағынасында қолданыс тауып жүр.Тар мағынасында «әлеуметтік» деген ұғым қоғамның әлеуметтік саласын құрайтын қоғамдық құбылыстардың ерекше бір жүйесін сипаттайды. Бұл салада адамдардың тиісті мүддесіне сай белгілі бір мәселелер қатары қарастырылып, шешімін табады. Кең мағынасында «әлеуметтік» деген ұғым «қоғамдық» деген ұғымның синонимі ретінде қолданыс тапты. Әлеуметтік философияның пәні – біртұтас әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам, оның дамуы мен қызмет ету заңдары. Бұл дегеніміз, әлеуметтік философия сан алуан қоғамдық құбылыстар мен процестерді макродеңгейде, яғни бүкіл қоғам деңгейінде қарастырады. Оны ең алдымен қызықтыратыны әлгі қоғамдық құбылыстардың арнайы ерекшеліктері емес, керісінше олардың қоғамның біртұтас құрамындағы алатын орны мен оның дамуы мен қызмет етуіндегі атқаратын рөлі. Сонымен бірге әлеуметтік философия қоғамдардың бір-бірімен өзарабайланысын да зерттейді.. Адамдардың практикалық іс-әрекеті мен қоғамдық қатынастарыда әлеуметтік философияның назарында деуге болады. Өйткені өздерінің сан алуан практикалық іс-әрекеттері (өндірістік-экономикалық, рухани, әлеуметтік-саяси, ғылыми, өнегелік, эстетикалық) барысында адамдар өздеріне қажетті рухани және материалдық игіліктерді өндіреді, табиғатты түрлендіріп, өзгертеді, қажетті рухани жағдай мен әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастырады.. Әлеуметтік философия адамдардың іс-әрекеті мен қоғамдық қатынастарының субъективтік және объективтік жақтарын да зерттейді.. Сонда әлеуметтік философия қоғамның біртұтас даму бейнесін береді. Осыған байланысты әлеуметтік философия қоғамға қатысты көптеген жалпыға ортақ мәселелерді шешеді. Мәселен, кез-келген мәні мен болмысы, оның негізгі салалары мен әлеуметтік институттарының өзарабайланысы, тарихи процестің қозғаушы күштері т.б. Әлеуметтік философия қоғамдық ғылымдардың методологиясы болып рөл атқарады, олардың қоғамның тиісті жақтарын зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар береді, зерттеу амалдары мен принциптерін белгілейді. Адамның мәні жеке индивидке тән абстракті немесе өзінің шын мәнінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Демек адамның қалыптасуы (антропогенез) денегіміз ең алдымен қоғамдық қатынастар жиынтығы, яғни, қоғамдық (социогенез) қалыптасуы. Социогенез – антропогенездің мазмұны. Антропосоциогенездің біртұтас процесінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағы бола отырып, антропогенезбен социогенез уақыт жағынан сәйкес келеді. Жалпылама түрде қарастырғанда қоғамның қалыптасу кезеңі сонымен бірге адамның қалыптасу кезеңі болып табылады.

54.Л.Н.Гумилевтің «пассионарлық дүмпу» идеясы.Пассионарлық - [лат. passio - құштарлық, азап шегу] - этнологияға орыс тарихшысы әрі географы Л. Н. Гумилев енгізген ұғым. Гумилев пассионарлықтаң астарында индивидтің мақсатқа талпынысынан көрінетін белсенділігін (көбіне - қияли) және осы мақсатқа жету жолындағы жанкештілігі мен күйзеліске төзімділігін түсінді. Жанкештілік мұнда кеңінен алғанда - ең басты, тіпті, өмірлік маңызды қажеттіліктерден бас тарту, жоғары пассионарлық шиеленісте тіпті үстемдік етуші мақсат болып табылатын әлеуметтік және мінсіз қажеттілік жолында құрбан болып, өмірден де бас тарту. Жалпы, пассионари биологиялық қажеттіліктерден әлеуметтік және идеалдық қажет- тіліктерді басым қоюымен сипатталады. Тарихи-биографиялық әдіс негізінде Л. Н. Гумилев пассионарлықты әртүрлі дәуірлер мен этностарға тән, тұрақты психикалық және мінез-құлықтық белгілер кешені ретінде анықтайды. В. И. Вернадскийдің биогеохимиялық идеяларына сүйене отырып, Гумилев пассионарилерді сыртқы ортадан өзінің жеке қорғанысына қажеттен тыс қуат алуға туа бітті қабілеті бар және осы қуатты қоршаған ортаны өзгерту жолында мақсатты жүмысқа айналдыратын елден ерекше адамдар ретінде қарастырады. Сонымен қатар пассионарилердің айналадағы адамдардың мінез-құлқы мен психикасына белсенді ықпал ететінін айтқан. Адам ұжымдарының белсенділігінің өзгермелілігін этногенез фазалары бойынша зерттей отырып, жекелеген пассионарилердің белгілерін сипаттай келе Л.Н. Гумилев әр дәуірлерде мұндай тұлғалардың пайда болу жиілігі этникалық жүйенің жалпы белсенділігімен байланысты екендігіне тоқталады. Александр Македонский,Ганнибалл, Корнелий Сунна,Шыңғысхан, Жанна Дарк,Протопоп Аввакум және басқа да тарихи түлғалардың өмірі мен қызметін талдай келе Гумилев белсенді өмірге деген ішкі құлшынысы материалдық құндылықтарды іздеуден де, әлеуметтік ортаның шарттарын таңуынан да тұрмайтын оларды біріктіретін барлығына тән ортақ белгілер кешені бар екенін анықтады. Керісінше, көптеген пассионарилердің жоғары белсенділігі айналасындағылардың айыптауына ұшырап, түсініспеушілігін тудырды, ақыр соңы қазаға да әкелді. Пассионарлықты популяциялық деңгейде (этникалық ұжымдардың белсенділігі ретінде) және индивидуалды деңгейде (мінез- құлық шабыты) сипаттай отырып, Л. Н. Гумилев бұл феноменді түсіндіруде пассионарлыққа теориялық көзқарас ретінде В. И. Вернадский еңбектеріндегі қаралған биосфераның тірі бөлшектерінің қуатының тиімділігі жөніндегі ойын ұсынды.

55. Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (антиглобализм). Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Қазіргі қоғамдық ғылымдарда, идеология мен саясатта ұлттық, жаһандық жəне адамзаттық деген ұғым-түсініктердің маңыздылығы арта түсуде. Себебі, қай мемлекет болмасын, оның қазіргі таңдағы ұстанған даму үрдісі осы үш тұғырға соқпай өтпейді. Қазіргі таңдағы белгілі саясаткерлер мен экономистердің сөзінен аңғаратынымыз, «қырғиқабақ соғыс», «қарулану жарысы» үдерістері жаңа арнаға ұласып, «энергетикалық соғыс» атын алып, жаңа тартыстар мен шиеленістерге желеу болуда. Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады. Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды. Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей нқатысты. Таза гуманистік-философиялық, моральдық тұрғыдан келсек, «әлем азаматы», «адамзаттық тұлға» деген концепциялар — өте жақсы тұжырымдамалар. Діни-этикалық тұрғыдан да адамның әр уақытта адам болып қалуы және адам болуға ұмтылуы — құптарлық іс. Түріміз ұлттық болғанымен, мазмұнымыз адамзаттық болғаны абзал. Қазақ халқы — болмысынан «адамзаттық тұлғаны» қалыптастыруға тырысатын, бейбітсүйгіш, адамсүйгіш, жат ұстанымдардан, нәсілшілдіктен ада халық. Алайда, жаһанданған алпауыт мемлекеттердің «адамзаттық» деген моделінің астарында мүлдем басқа дүние жатқаны ақиқат. Еуропа мен Америка моральдық, гуманитарлық тұрғыдағы жетілген кемел тұлға концепциясынан гөрі, жаһандық экономика дегенге басты назар аударады. Соңғы кезеңдері Еуропа мен АҚШ энергетикалық күйзелістерге ұшырап отырғандығы, болашақта да энергетикалық тапшылық тартатыны белгілі. Мұнай өнімдеріне тәуелділікті жою үшін, бұл елдер түрлі зымиян саясатқа баратыны анық.





Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 30 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Жаңа заман философиясы, Р.Декарттың күмәндану принципі идеясын талдаңыз | Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз? | Марксизм философиясының ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз? | Сана және бейсаналық. Фрейдтің психоаналитикалық философиясын таңдаңыз. | Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелеріне сипаттама беріңіз | Таным мен оның формаларына салыстырмалы талдау жасаңыз | Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз? | Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары. | Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз. | Сана, бейнелеу және іс-әрекет ретіндегі:шығармашылық пен интуицияны талдаңыз. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав