Читайте также:
|
|
Оқытушы туралы мәліметтер
Нуркеева Динара Рабаниевна заң ғылымдарының магистрі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығын аяқтаған.
Оқытушының ғылыми бағыттары: Криминалистика, жедел іздестіру қызметі.
Кафедра туралы мәліметтер: Астана қаласы Қорғалжын шоссесі 8, Қазақ гуманитарлық заң университеті, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, к. 352.
Байланыс мәліметтері: 8 (7172) 703045 – жұмыс телефоны, Din_uriste@mail.ru
Пәннің пререквизиттері: қорғау органдары; қылмыстық құқық; қылмыстық іс жүргізу құқығы; жедел іздестіру қызметінің теориясы; Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау; криминология.
Пәннің постреквизиттері: криминалистикалық техниканың дамуының жаңа бағыттары; сот және сот төрелігі: тәжірибе, қазіргі кезең, перспективалар; қылмыстық істерді тергеу бойынша арнаулы практикум; тергеу әрекеттері, Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет, сот сараптамасы.
Пәнді оқытудың мақсаты
«Криминалистика» пәнін оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.
«Криминалистика» пәнін студенттердің дұрыс ұғынуы қылмыстылықпен күресті күшейтуді, қылмыстарды тергеу және ашу кезінде ғылыми негізделген, тергеу-криминалистикалық тәжірибелік қызметте өзін ақтаған тактикалық әдістер мен техникалық криминалистикалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңдегі криминалистиканы дұрыс меңгеру үшін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша негізгі білімдер болуы керек.
Пәнді оқытудың міндеттері
Криминалистиканы үйренудің міндеттері студенттердің қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмауға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдарды меңгеру, криминалистикалық техникалық құралдардың қылмыстарды тергеудегі маңыздылығын көрсету, оларды пайдалануды үйрету, тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасын ұғыну, жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесін меңгеру болып табылады. Сонымен бірге, пән бойынша негізгі анықтамаларды білу, түсіну, криминалистиканың негізгі ұғымдарын қамту, теориялық және практикалық материалдармен жұмыс істей білу есептеледі.
Студенттердің міндеттері
«Криминалистика» пәнін тыңдайтын студенттердің міндетіне, ең алдымен, келесілер кіреді:
аталған пән бойынша дәрістерге қатысу және конспектілеу;
семинар сабақтарының барысындағы белсенділік және білімге құштарлық;
аралық бақылауды дер кезінде тапсыру (тестілеу, жазбаша бақылау жұмыстарын орындау, коллоквиумдар) және қорытынды бақылау (сынақ, емтихан).
«Криминалистика» пәні бойынша білім мен дағдыларды иелену үшін, студенттер оқытушының тапсырмаларын, өзіндік жұмыстарға дайындалған тапсырмаларды өз уақытында және нақты орындауы тиіс. Студенттер оқытушы ұсынған негізгі және қосымша әдебиетпен танысуы керек. Тапсырмаларды орындау үстінде, сондай-ақ бақылау және курстық жұмыстарын дайындау кезінде студенттер қойылған міндеттерді шығармашылық ынталылықпен жұмыс істеу керек. Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық базасын және сот дәлелдемелер теориясы бойынша ғылыми әдебиетті сыни тұрғыдан оқып үйрене отыра, студенттер зерттелетін сұрақтар бойынша өзінің ой пікірін айтуы және тұжырымдарын дәлелді түрде негіздеу қажет.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 89 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |