Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  3. АҒЫНДЫ ӨТЕМДІК ЖӘНЕ КАСКАДТЫ (САТЫЛЫ) РЕТТЕУ
  4. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 1 страница
  5. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 2 страница
  6. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 3 страница
  7. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 4 страница
  8. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  9. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері

Агроөнеркәсіптік кешен (А.Ө.К.) – агроөнеркәсіптік өндіріспен байланысты экономика салаларының жиынтығы болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешен ұлттық экономиканың маңызды секторының бірі. Оны дамыту үшін ұзақ мерзімді болжамдар мен бағдарламалар талдап жасалынуы тиіс. Елдің азық-түлік сферасындағы тәуелділігін кеміту мәселесі ұлттық қауіпсіздіктің жалпы концепциясы мен бағдарламасын жасауды қажетсінеді. Онда елдің азық-түлік қауіпсіздігі негізделіп, Қазақстанның әлемдік азық-түлік өндіру және бөлудегі орны анықталуы тиіс. Мұның өзі, әсіресе ҚР-ның Бүкілдүниежүзілік Сауда ұйымына күруге ұмтылу жағдайында өзекті мәселе болып табылады.

Ұлттық экономиканың агроөнеркәсіптік кешені күрделі биотехнологиялық жүйе болып табылады. Оның негізгі сферасы – ауыл шаруашылығында жер, су т.б. табиғи өндіріс негіздері пайдаланылады. Шаруашылық іс-әрекеті нәтижелеріне табиғи-климаттық және метеорологиялық жағдайлар үлкен әсер етеді де ауыл шаруашылығы өндірісіне тәуекелдік сипат береді.

Ауыл шаруашылығы капитал мен қуатты көп қажетсінетін өндіріс, сондықтан бұл сала инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін аса тартымды емес. Агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қолдау мақсатындағы мемлекеттік реттеу рыноктық экономиканың объективті қажеттілігі болып табылады.

А.Ө.К. – күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Бұл жүйеге көптүрлі қажеттіліктері мен мүдделері бар, әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындар кіреді.

Мемлекеттік реттеу шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сәйкестендіру және тең құқылық жағдайында А.Ө.К-тің тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталады.

Аграрлық саясат агроөнеркәсіптік өндірістің орнықты және бәсекеге қабілетті дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға тиіс. Ал, мұның өзі елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын, сондай-ақ олардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын жақындатуға оңды әсер етеді.

Табиғи-экономикалық шарттардың көптүрлілігіне байланысты жекелеген өңірлердегі өндірісті ұтымды орналастыру қажеттілігі әлеуметтік-экономикалық саясатты да жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізуді қалайды. Агроөнеркәсіптік кешенді дәстүрлі қалыптасқан қағидаларға сәйкес орналастыру рыноктық механизмдер, сондай-ақ салалық және аумақтық бағдарламалар негізінде реттеледі.

Ұзақ мерзімді перспективада агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мақсаты рынокты тұрғындардың барлық топтарының қолы жетімді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін орнықты және тиімді ауыл шаруашылығын қалыптастыру болып табылады.

Агроөнеркәсіптік кешеннің бірінші кезектегі міндеті азық-түлікпен қамтамасыз етуде импорттық тәуелділікті кеміту; азық-түлікті жан басына шаққандағы тұтынуды жоғарылата отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының табысты жұмысы үшін ұйымдастырушылық-экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары келесідей:

• Рыноктық принциптер мен мемлекеттік реттеуді қатар қолдануға негізделген А.Ө.К.-тің қызмет ету механизмін қалыптастыру;

• А.Ө.К.-тің тиімділігін жоғарылату және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ғылым мен ғылыми-техникалық прогресс әсері мен рөлін күшейту;

• Отандық рынок үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін тауар өндірушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында протекционистік сырткыэкономикалық саясат жүргізу;

• А.Ө.К.-тің өндірістік әлеуетін пайдалану тиіміділігін арттыруға бағытталған жер қатынастарын жетілдіру, интеграциялық процестер мен кооперацияны дамыту;

• Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған әлеуметтік саясатты мейлінше жетілдіру.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 224 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар | Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар | Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу | Ндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары | Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы | Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары | Мемлекеттің әлеуметтік үдрістерге қатысуы | Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы ж/е қорғауы. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав