Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  3. Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
  4. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  5. Азақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
  6. Азақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
  7. Бап. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдерi және ақша аударымдары
  8. Бап. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдері және ақша аударымдары
  9. Леуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Қаржыны реттеу қызметінің дербес тармағы – несиені және несиелік қатынастарды реттеу болып табылады. Несие – бұл бір тұлғаның екінші бір тұлғаға уақытша, қайтарымдылық шартымен беретін ақшалай қаражаттары. Несиелік қатынастар дегеніміз – қарызға берумен және қайтарумен ақша есептеулерін ұйымдастырумен, ақша белгілерін және бағалы қағаздарды эмиссиялаумен, сондай-ақ несиені инвестиция көзі ретінде пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар.

Банктерге қаржылық қатынастарға қаржы-несие ұйымы ретінде ғана емес, сонымен бірге, мысалы акционерлік қоғамдардың акцияларын иемденіп, солардан дивиденд алатын шаруашылық жүргізуші субъекті рөлі де тән. Қаржылық-өнеркәсіптік топтарға мүше болу немесе, тіпті басшы ұйым ретінде де банктер шаруашылық жүргізуші субъектілерге айналады.

Орталық ұлттық банктер көбінесе мемлекеттік банк болып келеді. Дегенмен, кейбір елдерде ол негізгі акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық (мысалы, инвестиция банкі) акционерлік банк болып қалыптасады. Федералдық резервтік жүйе (FRS) деп аталатын АҚШ-тың Орталық банкінің құрылымы ерекше. Ол 12 штаттың орталық банктерінен құралады. Қазақстан Ұлттық Банкі – мемлекеттік болып табылады.

Ұлттық Банк айналымдағы ақша массасының көлемі мен құрылымын реттейді. Бұл функция банктерге берілетін несиелік ресурстардың көлемін өзгерту ашық рыноктағы операциялар ретінде бағалы қағаздар мен шетелдік валютаны сатып алу-сату арқылы іске асырады. Коммерциялық банктер ұстауға тиісті міндетті резервтер нормасын тағайындау мен өзгерту Ұлттық Банктің құзырында.

Коммерциялық банктердің қызметін реттеу және бақылау үдерісін лицензия беруден бастап, оның күшін жоюға дейін Ұлттық Банк жүзеге асырады. Коммерциялық банктердің қызметіне бірқатар міндетті нормативтер енгізе отырып, Ұлттық Банк кредиторлардың мүдделерін қорғайды. Мұндай нормативтер қатарына жарғылық капиталдың минималды мөлшері, өзіндік қаражаттар мен активтер сомасының шекті арақатынасы, өтімділік көрсеткіші сияқты нормативтер жатады.

Резервтер нормасын реттеу саясаты мемлекеттің ұлттық банк арқылы банктік депозиттер мен жиынтық кредиттік ақша массасын бақылау құралы болып табылады.

Ақша массасын реттеудің тағы бір құралы – Ұлттық Банктің «ашық рыноктағы» операциялары болып табылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы Ұлттық Банк коммерциялық банктердің кредиттік ресурстарын «тұсайды» немесе босатады. Егер мемлекет инфляцияны төмендетіп, ақша массасын қысқартқысы келсе, онда Ұлттық Банк мемлекеттік облигациялардың белгілі бір мөлшерін ашық рынокқа «лақтырады».

Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы – мемлекеттің қаржылық саясатының маңызды құралы болып табылады.

Оның атқаратын негізгі функциялары:

5. Әртүрлі деңгейдегі билік органдары бюджеттерінің тапшылығын қаржыландыру. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және оны ашық рынокта сату нәтижесінде үкімет ақша қаражаттарын алып, оларды мемлекеттік бюджет тапшылығын жабуға жұмсайды.

6. Нақты жобаларды қаржылдандыру. Әдетте, нақты жобалар үшін бағалы қағаздарды шығару әдісін муниципалдық (қалалық, жергілікті) билік органдары қолданады. Мақсатты бағалы қағаздарды рынокқа шығару арқылы олар тұрғындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша қаражатарын қажетті жобаларға тартады.

7. Айналымдағы ақша массасы көлемін реттеу. Бұл функцияны, әдетте Ұлттық Банк жүзеге асырады. Банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы айналымдағы ақша массасын көбейтеді, ал оларды сату, керісінше ақша массасын кемітеді.

8. Қаржы-несие жүйесінің өтімділігін (ликвидность) қолдау. Ұлттық Банктің бұл маңызды функциясы мемлекеттік облигациялар рыногы арқылы жүзеге асады. Өтімділікті ұстап тұру үшін сыйымды, айналым қорларын «жұтып» қоятын банктердің және активтерді тиімді айналдыратын өтімді рыноктың болуы қажет.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 166 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары | Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы | Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары | Мемлекеттің әлеуметтік үдрістерге қатысуы | Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы ж/е қорғауы. | Дж.Кейнстің концепциясы | Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу | Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав