Читайте также:
|
|
АҚШ экономикасы – (ХХ ғасырдағы талассыз әлемдік көшбасшы) – Еуропаның дамыған елдерінің экономикасынан маңызды түрде ерекшелінеді, өйткені онда әрқашанда саяси жүйе мен халық ділінің (менталитетінің) ерекшеліктеріне сәйкес, жеке кәсіпкерлік қызметке бірінші кезекте назар аударылып келді.
Еуропа елдерінен және Жапониядан өзгешелігі, АҚШ экономикасында, іс жүзінде жалпы мемлекеттік жоспарлаулар қолданылған жоқ, бірақ та бұл ретте бюджеттің көмегімен қайта бөлінетін ұлттық өнімнің үлесі ұдайы өсті.
АҚШ-тағы мемлекет қызметінің негізгі элементтерінің бірі – заңшығарушылардың пікірі бойынша оны жүзеге асыру тиімді болып, жеке меншікті жоймауы және біржолғы төлемдер мен трансферттердің бұзылуына әкелмеуі тиіс, қайта бөлу функцияларын іске асыруы қажет. Бұл үшін АҚШ үкіметі табыс салықтары мен мүлікке салынатын салықтарды кеңінен пайдаланады. Еуропалық елдермен салыстырғанда қоғамның кең түрде жіктелуімен (дифференцациялануымен) байланысты, АҚШ-та әлеуметтік қорғаудың, әртүрлі жәрдемақылар төлеудің жұмыссыздықпен байланысты кең тарамдалған жүйесі қалыптасты.
Мемлекеттік кәсіпорындардың тікелей басқаруынан өзге, АҚШ экономикасының маңызды бөлігі:
- салық жүйесі;
- ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз етуі тиіс, еңбекақы төлеудің төменгі шегін реттеу;
- ұлттық шаруашылықтың басым секторлары мен артта қалған өңірлер үшін әртүрлі мақсатты бағдарламалар қабылдаумен, экономиканы маңызды көлемде бюджеттік қаржыландыру;
- несиелер бойынша пайыздардың мөлшерлемелерін (ставкаларын) реттеу;
- қуат көздері мен электр қуатына бағаларды шектеу, ауылшаруашылық өнімдерін маңызды көлемде дотациялау, стратегиялық қорлар жүйесіне кіретін стратегиялық маңызды тауарларға бағаларды реттеу кіретін, бағаларды тікелей немесе жанама реттеу жүйесі;
- қорғаныс мақсатындағы өнімдерді мемлекеттік сатып алу;
- АҚШ-тың қор нарығындағы неғұрлым тұрақты және өтімді мемлекеттік бағалы қағаздар сияқты бағыттар бойынша нормативтік-құқықтық жағдайларды қалыптастыру жолымен реттеледі.
Америка экономикасына неғұрлым маңызды 3 билік тармағы нақты басшылық жасайды:
1. президент атынан атқарушы билік пен олар құратын үкімет;
2. федералдық резервтік жүйе (ФРЖ) – 12 федералдық банктер арқылы таныстырылған, бүкіл елде орналасқан және мемлекеттік билікке толықтай тәуелді, АҚШ-тың орталық банкі. Белгілі бір қызмет аясы әрбір банкке бекітіліп берілген, мысалы, Нью-Йорктің федералдық банкі сыртқы экономикалық мәселелермен және мемлекетаралық валюталық реттеумен айналысады;
3. елдің бүкіл экономикасын дерлік капиталға қатысу тетігі арқылы бақылайтын, ірі мемлекеттік емес қаржылық құрылымдар жүйесі.
АҚШ экономикасының сипатты белгілерін қатыстыра отырып, соңғы он жылдағы оның келесі тұстарын бөліп көрсету қажет:
- құлдыраусыз, маңызды экономикалық өсу;
- жаңа технологиялар, ең алдымен ақпараттану саласындағы, кәсіпкерліктегі күрт секірістер;
- еңбек нарығындағы белгілі бір мамандықтарға деген тапшылық;
- қаржы активтеріне (акцияларға, векселдерге және т.б.) бағалардың маңызды түрде өсуі);
- инфляцияның төмен деңгейі.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 196 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |