Читайте также:
|
|
Мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi – мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. Бұлардың қатарына әлеуеттi өнiм берушi, өнiм берушi, жеткізуші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тапсырма беруші жатады.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға не өзiн құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн құрылымдық бөлiмшені айтамыз.
Әлеуеттi өнiм берушi – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға принциптерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн. Әлеуеттi өнiм берушiнiң үлестес тұлғасы – аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға.
Өнiм берушi – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға принциптерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;
Тапсырыс берушiлер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзi құрылтайшы (уәкiлеттi орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар.
Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс берушi тиiстi бюджет (бизнес жоспар, кiрiстер мен шығыстар сметасы) бекiтiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңның 4-бабында өзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi мен мерзiмi; тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң жоспарланған мерзiмi мен орны; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңның 37-бабында көзделген жағдайларда, әрбiр қаржы жылына бөлiнген және көзделген сома шегiнде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң жоспарланған мерзiмдерi қамтылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 79-бабының 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында бекiтедi. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 154-бабының 2-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етiлетiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таратылуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, жылдық жоспарды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзедi. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таратылуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзуге жатпайды. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген не нақтыланған жылдық жоспары негiзiнде қабылдайды. Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi тиiстi бюджет бекiтiлгенге дейiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде көзделген жағдайларда ғана қабылдауға құқылы.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер берушiнi таңдау, сондай-ақ олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу осы Заңдa айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады. Тапсырыс берушiнiң үздiксiз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiнен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша күнделiктi немесе апта сайынғы тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.
Тапсырыс берушi мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi бюджеттi нақтылау (түзету) кезiнде болған, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушiнiң бюджетiне (бизнес-жоспарына, кiрiстер мен шығыстар сметасына) мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қажеттiгiн жоққа шығаратын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Тапсырыс берушi не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушi осындай шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде: 1) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешiм туралы хабардар етуге 2) конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдердi қамтамасыз етудi және (немесе) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етудi қайтаруға мiндеттi.
Мемлекеттiк сатып алуға қатысуға байланысты мынандай басты шектеулер қойылады.
1. Әлеуеттi өнiм берушi, егер: а) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң басшылары және (немесе) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнiм берушiнi таңдау туралы шешiм қабылдау құқығына ие болса не өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуда тапсырыс берушiнiң немесе ұйымдастырушының өкiлi болып табылса;ә) әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) оның қызметкерi тапсырыс берушiге не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуды дайындау жөнiнде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеушiнiң жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттiк сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын объектiнiң құрылысына арналған техникалық-экономикалық негiздеменi және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретiнде қатысса; б) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшысының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса; б-1) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген жеке тұлға болса;б-2) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы болса; әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса; баланстық құны тиiстi негiзгi құрал-жабдықтар құнының он процентiнен асатын әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) мүлкiне тыйым салынса; в) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған мiндеттемелерi болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган оларды тиiстi борышкерлер тiзiлiмiне енгiзсе;г) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес. 2. Әлеуеттi өнiм берушi мен әлеуеттi өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасының бiр конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ. 3. Мемлекеттiк сатып алу тапсырыс берушiнiң мүддесiне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға құқығы жоқ. 4. Осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушi не өнiм берушi осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс.
Мемлекеттiк сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуеттi өнiм берушi, егер: 1) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң басшылары және (немесе) осы әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнiм берушiнi таңдау туралы шешiм қабылдау құқығына ие болса не өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуда тапсырыс берушiнiң немесе ұйымдастырушының өкiлi болып табылса; 2) әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) оның қызметкерi тапсырыс берушiге не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуды дайындау жөнiнде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеушiнiң жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттiк сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын объектiнiң құрылысына арналған техникалық-экономикалық негiздеменi және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзiрлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретiнде қатысса; 3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшысының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса; 3-1) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген жеке тұлға болса; 3-2) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы болса; 4) әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде тұрса; 5) баланстық құны тиiстi негiзгi құрал-жабдықтар құнының он процентiнен асатын әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) мүлкiне тыйым салынса; 5-1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған мiндеттемелерi болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган оларды тиiстi борышкерлер тiзiлiмiне енгiзсе; 6) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес. 2. Әлеуеттi өнiм берушi мен әлеуеттi өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасының бiр конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ. 3. Мемлекеттiк сатып алу тапсырыс берушiнiң мүддесiне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға құқығы жоқ. 4. Осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушi не өнiм берушi осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртiбi
1. Тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындау үшiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң алда болатын мемлекеттiк сатып алуда мүддесiн бiлдiретiн оның лауазымды адамын айқындайды.
2. Тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындауға жауапты өз құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бола алады. Тапсырыс берушi өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттiк мекеменi не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы етiп айқындауға құқылы.
3. Осы баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай талаптарға:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшесi болуға;
2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қызметiнiң бейiнi тапсырыс берушi үшiн сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң ерекшелiгiне сай болуға тиiс.
4. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттiк мекеме, оған қатысты өзi мемлекеттiк басқару органы болып табылатын заңды тұлға не оған қатысты бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мемлекеттiк басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен үлестес тұлға үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде болуға құқылы. Мемлекеттiк кәсiпорын өзiмен үлестес тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде болуға құқылы.
Дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға өзiмен үлестес тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
5. Бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мақсатында:
1)Қазақстан Республикасының Үкiметi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың iшiнен мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
2)тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың iшiнен мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;
3) тапсырыс берушi тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекеме немесе онымен үлестес тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде болуға құқылы;
4) тапсырыс берушi тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекемелер немесе онымен үлестес тұлғалар үшiн олардың iшiнен мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы.
Осы тармақтың ережелерi аукцион тәсiлiмен жүзеге асырылатын электрондық мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
6. Осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны (бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны) айқындауға осы баптың 3-тармағында белгiленген талаптар сақталған жағдайда жол берiледi.
7. Тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тұлға болған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiмен, әлеуеттi өнiм берушiлермен, тиiстi комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарында өзiнiң атынан өкiлдiк ететiн лауазымды адамды айқындауға мiндеттi. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшенiң қызметкерлерi қатарынан айқындалуға тиiс.
Әлеуеттi өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
1. Әлеуеттi өнiм берушiге жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптары қойылады.
2. Әлеуеттi өнiм берушi мынадай жалпы бiлiктiлiк талаптарына сай келуi:
1) құқық қабiлеттiлiгiнiң (заңды тұлғалар үшiн), азаматтық iс-әрекетке қабiлеттiлiгiнiң (жеке тұлғалар үшiн) болуы;
2) төлем қабiлеттiлiгiнiң болуы, үш айдан асатын мерзiмге салық берешегiнiң болмауы;
3) банкроттық не таратылу рәсiмдерiне жатқызылмауы тиiс.
Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары өздерiне қатысты оңалту рәсiмi өткiзiлiп жатқан әлеуеттi өнiм берушiлерге, сондай-ақ жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану мiндеттi болатын, мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды.
3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң әлеуеттi өнiм берушiсi, осы баптың 2-тармағында белгiленген жалпы бiлiктiлiк талаптарынан басқа, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн жеткiлiктi материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие болу бөлiгiнде қойылатын арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
4. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң осы бапта белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде көзделген тиiстi құжаттарды табыс етедi.
5. Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң осы бапта белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерi ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резидентi емес әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы осыған ұқсас мәлiметтердi қамтитын құжаттарды табыс етедi.
6. Әлеуеттi өнiм берушi жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай құжаттардың бiрiн:
1) әлеуеттi өнiм берушiге халықаралық рейтингтiк ұйымның рейтингi берiлгендiгiн растайтын құжатты;
2) әлеуеттi өнiм берушiнiң биржаның ресми листингiне енгiзiлгендiгi туралы қор биржасының үзiндi көшiрмесiн беру арқылы растауға құқылы.
Лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтық қабiлетi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк ақпараттық жүйе арқылы расталады.
Мемлекеттiк ақпараттық жүйеде мәлiметтер болмаған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берiлген тиiстi лицензияның нотариат куәландырған көшiрмесiн бередi.
7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптары әлеуеттi өнiм берушi жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердiгер не қызмет көрсетулер бойынша бiрлескен орындаушы ретiнде тартуды көздейтiн жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
Жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлескен орындаушыларын) тартуды көздейтiн әлеуеттi өнiм берушi жұмыстарға не көрсетiлетiн қызметтерге тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлескен орындаушылардың) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиiс.
Қосалқы мердiгерлерге (бiрлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтердi көрсету үшiн берiлуi мүмкiн жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң шектi көлемi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережелерiнде белгiленедi.
8. Әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу өткiзiлетiн соманың жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше резидент банктерiнiң банктiк кепiлдiк түрiнде шартты орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы төлем қабiлетi туралы жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн мынадай жағдайларда:
1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге не аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде аукционға қатысуға өтiнiммен бiрге растауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн конкурстық не аукциондық құжаттамада белгiленген мерзiмге әлеуеттi өнiм берушi ұсынады;
2) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн жеткiлiктi мерзiмге оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау кезеңiнде растауға құқылы.
9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31-баптарында, 32-бабының 4) тармақшасында және 36-бабында көзделген мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
10. Осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың ерекше және арнайы тәртiптердi қолдану арқылы мемлекеттiк сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуге жол берiлмейдi.
Әлеуеттi өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танудың негiздерi
1. Әлеуеттi өнiм берушi мынадай негiздердiң бiрi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танылуға тиiс:1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлескен орындаушысының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн құжат (құжаттар) табыс етпеуi не тиiсiнше ресiмделмеген құжат (құжаттар) табыс етуi;
2) әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкестiгiн, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiнiң (бiрлескен орындаушысының) сәйкестiгiн растау үшiн табыс етiлген құжаттарында қамтылған ақпараттың негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу фактiсiнiң анықталуы;
3) бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактiсiнiң анықталуы
2. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерiн (бiрлескен орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп тануға жол берiлмейдi.
Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес аппарат беруiнiң салдары:
1. Бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген әлеуеттi өнiм берушiлер осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiледi.
2. Әлеуеттi өнiм берушi табыс ететiн бiлiктiлiк талаптары бойынша ақпараттың дұрыстығын тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, уәкiлеттi орган не мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кез келген кезеңiнде анықтауы мүмкiн.
3. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактiсiн анықтаған тұлғалар:
1) осындай фактi анықталған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарламаға осы фактiлердi растайтын құжаттардың көшiрмесiн қоса берiп, тапсырыс берушiнi және уәкiлеттi органды жазбаша түрде хабардар етуге;
2) осындай фактi анықталған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арыз беруге мiндеттi.
Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 тармақшасы.)
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 129 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |