Читайте также: |
|
1.Бюджет тетігі – мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорының пайда болу және оны пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу ақша қаражатының орталықтандырылған қорының сандық мөлшерін белгілеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарының пайда болу, оны пайдалану, қайта бөлу формалары мен әдістерін реттеу жолымен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік бюджет – бұл:
- салыстырмалы (относителді) дербес экономикалық категория;
- мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қоры;
- бюджет тетігі арқылы экономикаға ықпал ету құралы;
- мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- заң.
3. Бюджет тапшылығы және профициті – бюджет жүйесінің пропорциялары, мемлекет кірістерінің ағындары мен мемлекеттік қаржыландыруға деген қажеттіліктер арасындағы өзарабайланыстар көрініс табатын күрделі қаржылық-экономикалық категориялар, бюджет-салық саясатының реттеуші және бақылаушы құралы болып саналады.
4. Бюджет тапшылығы мен профициті: бөлу, қор құру, ынталандыру, бақылау функцияларын орындайды.
5. Экономикалық саясатта мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландырудың:
- несие-ақша эмиссиясы (монетизация);
- займдар шығару;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін ұлғайту тәсілдері бөліп көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қарыз – бұрынғы бюджеттік операциялар нәтижесінде шоғырландырылған, болашақтағы бюджет есебінен ол жабылуы тиіс, сыртқы әлем мен қалған экономика алдындағы үкіметтің тікелей міндеттемелерінің жиынтығы.
7. Заемшы, кредитор және кепілдік беруші ретінде оның қызметімен байланысты мемлекеттің қаржылық саясаты бағыттарының бірін қалыптастыру кең мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару болып түсіндіріледі. Кең мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару, қаржылық саясат бағыттарының бірі ретінде, мемлекеттің билік және басқару органдарының қалпында болады. Атап айтқанда олар бюджет тапшылығының жалпы көлемін, демек, оны қаржыландыру үшін қажет займдар көлемін, ақша айналысына, несиеге, өндіріске, жұмыспен қамтуға ықпал етудің негізгі бағыттары мен мақсаттарын және елдің жекелеген аудандарындағы шағын бизнесті қолдау жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың дұрыстығын айқындайды.
8. Мемлекеттің қарыз міндеттемелерін шығаруға және орналастыруға дайындықпен, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын реттеумен және мемлекеттік қарызға қызмет көрсетумен және өтеумен, ссудалар және кепілдіктер берумен байланысты іс-қимылдардың жиынтығы тар (қасаң) мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару болып түсіндіріледі.
9. Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы мемлекеттің қарыз міндеттемелерін тарту, қызмет көрсету және өтеуді оңтайландыру жөніндегі шаралар мен тетіктер кешенін білдіреді.
10. Фискалдық саясат – мемлекеттік шығыстар мен салық салу көлемін өзгерту арқылы мемлекеттің экономикаға ықпал етуі.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 102 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |