Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  3. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  4. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  5. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
  6. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
  7. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
  8. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  9. Азақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
  10. Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

 

Нарықтық экономикалы елдерде, дәстүрлі түрде оған келесі компонеттер кіретін, басым түрде ынтымақты және персонификацияланған жүйелердің үйлесуіне мүмкіндік беретін, әлеуметтік қорғаудың аралас жүйесі пайдаланылады:

1. мемлекеттік жәрдемақылар – әлеуметтік қорғауға жататын қолайсыз мән-жағдайлар болған жағдайда барлық азаматтарға төленетін әлеуметтік трансферттер;

2. әлеуметтік тәуекелдер болған жағдайда, аударымдар (жарналар) мөлшері шегінде әлеуметтік көмек алу құқығын иеленетін жұмыскерлердің (қызметкердердің) және жұмыс берушілердің жарналары есебінен қаржыландыратын, міндетті әлеуметтік сақтандыру;

3. ерікті әлеуметтік сақтандыру;

4. жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету – азаматтарды дербес зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған жүйе;

5. әлеуметтік көмек – бюджет қаражаты есебінен халықтың белгілі бір сипатын қосымша қорғауға арналған жүйе.

Әлеуметтік қорғау жүйесі, қандай да бір болсын қоғамның бүкіл мүшелері үшін ең төменгі өмірлік стандарттарды қамтамасыз етуді болжайды. Осындай тәсілді теориялық тұрғыдан негіздеуді алғаш Джон Роулз ұсынған болатын. Оның пікірі бойынша, әрбір азамат өзінің болашағын сенімділікпен топшылауға қабылетті емес, сондықтан да әртүрлі оқиғалардан немесе кіріс көзін жоғалтып алудан сақтандыру аса тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқымындағы осындай сақтандыру оның аздау қамтамасыз етілген мүшелері туралы қамқорлық формасын білдіруі мүмкін; осы мақсаттарға өзінің ағымдағы кірістерінің бір бөлігін бере отырып, әрбір азамат болашақта болуы мүмкін қолайсыз мән-жағдайлардан өзін сақтандырады.

Роулз өлшемдеріне сәйкес, тұтастай түрдегі қоғамның әл-ауқаты оның ең кедей топтарының әл-ауқат деңгейімен айқындалады. Бірақ та, теңдіктің өсе түсуіне бағытталған саясат, тек қауқарлы қоғамға ғана мүмкіндік беретін, тым қымбат қоғамдық игілік (немесе тиімділікті жоғалту ретінде) ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл жерде, парасатты молшылық (жеткіліктілік) принципінің сақталуы маңызды болып саналады.

Теорияда және тәжірибеде әлеуметтік қорғау жиі түрде, ерекше қиын жағдайда қалған және өзінің тіршілігін сыртқы қолдаусыз жақсартуға қабілетті емес (қарттар, жетімдер, жұмыссыздар және т.б.), халықтың маргинал топтарының қолайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге ұмтылатын мемлекеттің әлеуметтік саясаты ретінде қарастырылады.

Кең мағынасындағы халықтың маргинал (әлеуметтік әлсіз) топтарын әлеуметтік қорғау тетігі оның бір бөлігі ғана болып саналады және тұтастай түрде, яғни әлеуметтік қорғаудың бүкіл жүйесін қамтымайды. Оны (маргинал топтарды әлеуметтік қорғау тетігін) әлеуметтік көмек көрсету ретінде сипаттауға болады (бұл термин қолдануға неғұрлым ыңғайлы, бірақ та өте дәл емес). Әлеуметтік қорғауға, мұнан өзге кірістерді және жалақыны қорғау, бөлу қатынастарын жетілдіру және т.б. кіреді.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде келесі деңгейлер бөліп көрсетіледі:

- мемлекет және муниципалды басқару органдары тарапынан әлеуметтік қорғау;

- жұмыс берушілер, фирмалардың, кәсіпорындардың әкімшіліктері тарапынан әлеуметтік қорғау;

- кәсіподақтар, әртүрлі үкіметтік емес ұйымдар мен еңбек ұжымдары тарапынан әлеуметтік қорғау;

- отбасылық қорғау және өзін-өзі қорғау.

Объекті бойынша келесілер әлеуметтік қорғау формалары болуы мүмкін:

- балалықты әлеуметтік қорғау;

- әйелдерді және көпбалалы аналарды әлеуметтік қорғау;

- жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау;

- зейнетақы жасындағы адамдарды әлеуметтік қорғау;

- сырқаттарды және мүгедектерді әлеуметтік қорғау;

- әлеуметтік салаларды: денсаулықты және білім беруді қолдау.

Бірде-бір, тіпті аса жетілген сақтандыру жүйесінің өзі, соның салдарынан адам (немесе отбасы) қиын жағдайға тап болатын әлеуметтік тәуекелдің бүкіл жағдайларын қарастыра алмайды. Сондықтан да әлеуметтік қорғаудың құрамды бөлігі ретінде әлеуметтік көмек адамдардың жеке қажетсінушіліктеріне бағдарланады және өзінің меншікті кірістері есебінен қиын жағдайдан шығуға мүмкін болмайтын жағдайларда алушыға беріледі. Өйткені әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі бюджет болып саналады, ал оның ауқымы қандай да бір мемлекеттің қаржылық жағдайымен айқындалады.

Әлеуметтік қорғаудың неғұрлым ортақ принциптеріне мыналар жатады:

- халықтың бүкіл топтарының қолайлы тіршілік жағдайын қамтамасыз етуге қоғамның және мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі;

- қажет болған жағдайларда медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтуларды жүзеге асыру;

- жұмыс істейтін халықты әлеуметтік және кәсіби тәуекелдерден қорғаудың жалпыға бірдей және міндетті сипаты;

- халықтың үлкен бөлігіне әлеуметтік қорғау жүйесін қолдану аясын кеңейту.

Индустриалды елдердің ұлттық әлеуметтік қорғау жүйесінің құқықтық базасы адам құқықтары саласындағы жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен стандарттарға (адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, әйелдерге қатысты құқықтарын кемсітушіліктің бүкіл формаларын жою туралы Конвенция, баланың құқықтары туралы Конвенция, мүгедектер үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелері және т.б.) сүйенеді.

Әр елдердегі әлеуметтік қорғау жүйелерінің бүкіл алуандығын екі принципті түрде өзгешеленетін: америкалық және батыс еуропалық схемаларға саюға болады. Бірінші жағдайда әлеуметтік шығыстар негізінен әлеуметтік көмек көрсетумен, яғни кедейлерге (халықтың 20%-ы) көмектесумен байланыстырылады. Батыс демократиясы елдеріндегі әлеуметтік мемлекеттер, кедейшілік жағдайындағы халықтың әлсіз топтарына ғана жәрдемақы бөлумен шектелмейді, азаматтарға әлеуметтік трансферттердің неғұрлым кең жиынын береді, яки қоғамның жалпыға бірдей әл-ауқат идеясы адамдар арасындағы белгілі тепе-теңдікке жетуді, мемлекетке жатушылығының бірлігін талап етеді.

Мысалы, Францияда ересек халықтың 45%-ы әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінен қосымша кіріс алады: екі және одан да көп баласы бар отбасыларының 60%-на оқу жылының басталу қарсаңында жәрдемақы беріледі және орта тап отбасыларының жартысына – тұрғын үйге төлеуге субсидиялар беріледі. 90-шы жылдары жоғары әлеуметтік шығыстар дағдарысы айқын көрінеді. Олар бірқатар батысеуропа елдерінің экономикалық өсу қарқыны мен әлеуметтік өміріне кері әсер етті. Қоғамдық санада әлі де болса орта тапты әлеуметтік әділетсіз «қамау» идеясы күшті болды.

Бірқатар жағдайларда салықтар төлегеннен кейін қалған еңбек ететін орта отбасыларының кірістері алынатын әлеуметтік трансферттерге өмір сүретін жұмыс істемейтін отбасыларының кірістерімен салыстырылды, бұл қоғамның орта топтарының – негізгі салық төлеушілердің қарсылығын туғызатыны табиғи болып саналады. Сондықтан да батыс еуропа елдерінің басым көпшілігі қазіргі уақытта, оның мөлшері қамтамасыз етушіліктің жалпы деңгейіне немесе олардың кірістеріне қатысты өзгеріп отыратын, әлеуметтік қолдау көрсетудің селективті (атаулы) принциптеріне көшті.

Әлеуметтік саясатты қалыптастыру кезінде әлеуметтік масылдық деп аталатын феноменді ескеру қажет, адамның өз күшіне емес, қоғамның қолдауына саналы емес түрде бағдарлануы әлеуметтік масылдық болып түсіндіріледі. Ол еркін және саналы субъекті ретінде әрекет етуін тоқтатады, яғни өзінің даралығын (жеке өмір сүру бейнесін) жоғалтады және енжар (пассивті) объектіге айналады. Бұл шамадан тыс кепілдіктер берудің негізгі жағымсыз әлеуметтік салдары болып саналады.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 33 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – ЭМР құралы (инструменті) ретінде | Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы | Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері | Азақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс жасау тиімділіктерін бағалау | Жалпы проблемалар | Жұмыссыздықтың экономикалық мәні | Инфляция. Филипс қисығы | Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері | Баланстық әдіс | Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав