Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  3. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  4. Автоматты басқару жіктеу жалпы талаптар
  5. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
  6. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
  7. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  8. Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
  9. Азақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
  10. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар

 

Мемлекеттік қарыз бюджеттік операциялардың өзіндік өлшегішін білдіреді, бірақ та олардан өзгешелігі, ақша ағындарын емес, ақша қаражатының қорларын өлшейді.

Мемлекеттік қарыз – болашақта олар бюджет есебінен жабуға тиіс, бұрынғы бюджеттік операциялар нәтижесінде шоғырландырылған, қалған экономика мен сыртқы әлем алдындағы үкіметтің тікелей міндеттемелерінің жиынтығы.

Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы қарыздарға бөлінеді:

- ішкі қарыз – бұл өз елінің азаматтарына, Орталық банкке, қаржылық және қаржылық емес институттарға несиелер алу немесе оларға мемлекеттік қарыз міндеттемелерін сату формасындағы үкіметтің қарызы;

- сыртқы қарыз – бұл шетел валютасымен зайымдар нәтижесінде:

халықаралық даму банктерінен (ХБ, ЕҚҚБ, АДБ және т.б.);

шет мемлекеттер үкіметінен;

шетел банктерінен;

үкіметтің шетелден несиеге тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алу нәтижесі ретінде алатын шет мемлекеттерге, фирмалар мен ұйымдарға қарызы.

Жалпы мемлекеттік қарыз – бұл сыртқы және ішкі мемлекеттік қарыз сомасы.

Индустриалды – дамыған елдердің сыртқы қарыздарының өсу себептері:

- капитал ағындары қозғалысындағы өзгеріс;

- халықаралық есеп айырысу бірлігі ретінде доллардың ерекше рөлі.

Дамушы елдердің қарық дағдарысы индустриалды дамыған елдердің (ИДЕ) сыртқы қарызынан түбірімен өзгешеленеді. Мұнда қарыздың негізгі бөлігін сыртқы займдар құрайды. Мұндай проблема, сыртқы қарыз мемлекеттің тікелей қарызы болып санала отырып, елдің экономикалық тәуелсіздігіне теріс әсер етуі мүмкіндігімен байланысты жеткілікті түрде терең және жаһандық сипатта болады.Осымен байланысты елдің жалпы сыртқы қарызының есебі мен динамикасын талдау қажеттілігі неғұрлым өткір тұрады. Дефоллттың, яғни сыртқы қарызды өтеумен байланысты қиындықтардың туындау ықтималдығы несие келісімдерін жасау кезіндегі негізгі проблема болып саналады. Осылардың барлығы жалпы сыртқы қарыз бен оны талдаудың айқын да анық статистикасын жүргізу қажеттілігін туғызады. Негізгі қарыз бен сыйақылар есебін кәсіпорындар қатаң түрде есептеу әдісі бойынша жүргізеді, соның нәтижесінде, жалпы сыртқы қарызға қызмет көрсету мен оны өтеуді бағалау әсіресе кепілдік берілмеген қарыз бөлігі бойынша, нақты шығыстармен салыстырғанда жоғарылатып көрсетілген болып саналады. Бұл, есептелген, бірақ та болашақта төлеуге жататын сыйақы төлемдері екі рет есепке алынатындығымен түсіндіріледі: есептеу кезінде олар сыйақы бойынша шығыстар ретінде көрсетіледі (және бірмезгілде негізгі қарызды ұлғайтады, өйткені төлем жасалған жоқ) және содан кейін, төлеу кезінде – негізгі қарызды өтеу бойынша шығыстардың бөлігі ретінде көрсетіледі. Қарызды қайта ұйымдастыру (реорганизация) немесе қайта қаржыландыру кезінде де тура осылай болады: қарызды өтеу бойынша шығыстар қайтарудың бастапқы мерзімі бойынша көрсетіледі, содан кейін – қарыздарды қайта рәсімдеу бойынша шарттарға сәйкес төлеу мерзімінің келуіне қарай көрсетіледі.

Осымен байланысты, есептеу әдісін қолданатын елдердің басым көпшілігі, қызмет көрсету бағасына қысқа мерзімді қарызды өтеу мен оған қызмет көрсетуді енгізбейді. Жалпы сыртқы қарызды анықтау кезінде абсолютті және салыстырмалы (относителді) көрсеткіштерді пайдаланған дұрыс болып саналады.

Абсолютті параметрлерге мыналар жатады:

- жалпы сыртқы қарыз сомасы;

- жалпы сыртқы қарыз көлемі;

- фирма аралық қарызды қоспағанда, жалпы сыртқы қарыздың көлемі;

- қарызды өтеу және қызмет көрсету бойынша жиынтық есептелген төлемдер.

Сыртқы қарыздың салыстырмалы (относителді) параметрлері, сыртқы қарызды төлеумен байланысты, әлеуетті тәуекелдердің индикаторы болып қызмет етеді және елдің төлем қабілеттілігін және өтімділігін бағалайды және осылайша, сыртқы қарызды басқару бойынша парасатты саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Сыртқы қарыздардың салыстырмалы (относителді) көрсеткіштерін талдау өзге макроэкономикалық көрсеткіштермен өзарабайланысты жүргізілетінін атап өту қажет. ІЖӨ-ге сыртқы қарыз қатынасы неғұрлым тегіс қамтитын көрсеткіш болып саналады, өйткені ол экспортқа қатынасы бойынша осындай көрсеткіштермен қатар ерекше проблемаларсыз-ақ сыртқы қарызға көрсету мүмкіндігін айқындайды.ХДҚБ (халықаралық даму және қайта құру банкі), ол көрсеткіш асырылып көрсетілген жағдайда ел «қарыз» шұңқырында қалуы мүмкін, әрбір көрсеткіш үшін оның шекті мәнін белгіледі.

Мемлекеттік қарыздың ұлғаюының негізгі себептері болып мыналар саналады: соғыс уақытында немесе өзге әлеуметтік шиеленістер кезеңдерінде мемлекеттік шығыстардың ұлғаюы.

Заемшы, кредитор және кепілдік беруші ретіндегі оның қызметімен байланысты мемлекеттің қаржылық саясаты бағыттарының бірін қалыптастыру кең мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару болып түсіндіріледі. Кең мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару, қаржылық саясат бағыттарының бірі ретінде, мемлекеттің билік және басқару органдарының қолында болады. Атап айтқанда олар бюджет тапшылығының жалпы көлемін, демек, оны қаржыландыру үшін қажет займдар көлемін және ақша айналысына, несиеге, өндіріске, жұмыспен қамтуға әсер ету мақсаттары мен елдің жекелеген аудандарындағы шағын бизнесті қолдау жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың мақсатқа сай келушілігін айқындайды.

Мемлекеттің қарыз міндеттемелерін дайындаумен және шығарумен, мемлекеттік бағалары қағаздар нарығын реттеумен, мемлекеттік қарызға қызмет көрсетумен және өтеумен, ссудалар және кепілдіктер берумен байланысты іс-қимылдар жиынтығы тар (қасаң) мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару болып түсіндіріледі.

Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы, мемлекеттің қарыз міндеттемелерін тарту, қызмет көрсету және өтеуді оңтайландыру жөніндегі шаралар мен тетіктер кешенін білдіреді.

Қарыз алып пайдалану құрылымы мерзімдері бойынша және портфелі бойынша оңтайлы болуы тиіс. Бұл қымбат заем қаражатын, орналастырғанға дейін неғұрлым арзанмен айырбастау жолымен қарыз құралдарын (инструменттерін) оңтайлы таңдау қажеттілігін болжайды. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының стандартты әдісі бұл әдіс АҚШ-та неғұрлым кең тарау алған. Мәселен, 90-шы жылдары АҚШ-тағы 10-жылдық ноттар мен 30 жылдық облигацияларды сату бойынша аукциондардың 20%-ы орналастырғанға дейінгі болып саналады.

Орналастырғанға дейінгі әдістің экономикалық мәні мынада:

Ескі қарызға жаңа қарыздарды бұрынғы сипаттамаларымен қосады және сол арқылы өтімділіктің бөлшектену және ыдырау қауіпін бәсеңдетеді;

Тиімді ұсынысты кеңейтеді, бұл сауданың және өтімділіктің ұлғаюына әкеледі.

Айналыс мерзімдері бойынша мемлекеттік қарыз міндеттемелерінің оңтайлы арақатынасы займдардың теңдестірілген құрылымдарының негізгі элементтерінің бірі болып саналады. Мемлекеттік бағалы қағаздар дюрациясын ұзартуға деген ұмтылыстар, яғни неғұрлым ұзын қағаздар шығару, қарызға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды азайту міндеттерімен қайшы келеді. Мерзімін өтегенге дейін созу, пайыздық мөлшерлемелердің (ставкалардың) көтерілуіне әкеледі.Қарыздың уақытша құрылымы, ең алдымен, дефолт және инфляциялық құнсыздану (егер қарыз ұлттық валютада номинацияланса) тәуекелдерін ескеретін пайыздық мөлшерлемелердің (ставкалардың) уақытша құрылымдарына қатаң түрде қатысты болады. Қысқа қағаздармен салыстырғанда неғұрлым жоғары сапалы ұзын қағаздар шығару аталған жағдайда неғұрлым тиімді шешім болып саналады.

Сыртқы қарызды басқару стратегиясына ерекше назар аудару қажет, ол экономикалық, саяси, әлеуметтік шаралардың, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жиынтығын білдіреді.

Саяси іс-шаралар елдегі саяси тұрақтылықты және сыртқы кредиторлармен жақсы қатынастарды ұстап тұруға бағытталған. Әлеуметтік іс-шаралар - әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Экономикалық іс-шаралардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

1. Қарызды құнын өтеп сатып алу – борышкер елге бағалы қағаздардың қайталама нарығында өзінің қарыз міндеттемелерін сатып алу мүмкіндігін беру. Құнын өтеп сатып алу жеңілдікпен, борышкердің пайдасына номинал бағамен нақты ақшаға жүзеге асырылады;

2. Қарызды акционерлік капиталға айырбастау – шетелдің банктеріне сол елдің қарыз міндеттемелерін оның өнеркәсіп корпорацияларының акцияларына айырбастау мүмкіндіктерін беру. Бұл ретте шетелдік банктік емес ұйымдар осы қарыз міндеттемелерін бағалы қағаздардың қайталама нарығында жеңілдікпен қайта сатып алу немесе осы қаражаттан отандық қаржы активтерін сатып алу мүмкіндігін алады. Осы жағдайлардың бәрінде шетел инвесторы аталған елдің капиталындағы «үлесін» алады, ал бұл ретте оның сыртқы қарызы азаяды;

3. Осыған дейінгі қарыз міндеттемелерін жаңа міндеттемелермен (ұлттық немесе шетел валютасымен) алмастыру. Бұл ретте жаңа бағалы қағаздар бойынша пайыз мөлшерлемесі (ставкасы), облигациялардың номинал құнын ақтау жағдайында, ескісіне қарағанда төмен болуы мүмкін;

4. Қарызды қайта құрылымдау (қайта ресімдеу) борышкер елдер мен талап қоюшы кредитор-елдердің экономикалық жағдайына қатысты, әртүрлі схемалар базасы шеңберлерінде жүзеге асырылады:

- қарызды ішінара жою;

- қарыз міндеттемелерінің мерзімдерін одан әрі созу;

- қызмет көрсету бойынша пайыз мөлшерлемелерін (ставкаларын) төмендету.

Осы схемалардың бірі (Неапол шарты бойынша) бойынша, егер олар үш жыл бойы ХВҚ мен ХДҚБ-ның экономикалық бағдарламасын өмірде іске асырып келе жатқан болса, жыл сайынғы қызмет көрсету көлемінің жартысын қысқарту үшін қарыздың жартысын есептен шығаруға немесе ол бойынша пайызды осылай төмендетуге мүмкіндік беріледі, ал нашар дамыған елдер үшін қарыз одан да көбірек (2/3-не) қысқартылуы мүмкін. Халықтың жан басына ІЖӨ-нің орташа деңгейін шаққандағы борышкер-елдерге қолданылатын Хьюстон шарты, оларға сыртқы қарыздың бір бөлігін ұлттық компаниялардың акцияларына немесе ұлттық валютаға айырбастауға (айналдыруға) мүмкіндік береді.

Коммерциялық займдар, несиелер мен ссудаларға қатысты айтатын болсақ, онда оларды тәжірибеде, нашар дамыған елдерде қайта құрылымдау, Бүкіл дүниежүзілік банктің еншілес ұйымы болып саналатын, Халықаралық даму қауымдастығының көмегімен борышкер елдердің өзінің дисконтымен (жеңілдігімен) құнын өтеп сатып алу арқылы жүреді. Даму деңгейі орта елдер үшін қайта құрылымдау «Брейди жоспарына» сәйкес жүрді (1986 жылы оны ұсынған АҚШ қаржы министрінің тегі бойынша). Борышкер-елдердің халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Халықаралық даму және қайта құру банкі мақұлдаған экономикалық саясатты жүргізуі жоғарыда айтылған схемалардың «Брейди жоспарының» талабы болып саналды. Жоспарға сәйкес борышкер-ел өз қарызының бір бөлігін ұзақ мерзімді мемлекеттік облигацияларға сатып ала алады немесе борышкер-елдің ұлттық компанияларының акцияларын сатып алу үшін оны соңғы пайдалану құқығымен ұлттық валютаға айырбастай алады. Осы операциялардың барлығын бір мезгілде, әртүрлі үйлестікте және жалғастықта жүргізуге болады.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 167 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары | Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары | Леуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | Инвестициялық қызметтің мәні | Олайлы инвестициялық орта қалыптастырудың ерекшеліктері | Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу | Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі | Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты | Агроиндустриалды реттеу. | Түйін |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав