Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Инвестициялық қызметтің мәні

Читайте также:
  1. Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
  2. Адам философиясы,өмірдің мәнін ашыңыз
  3. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  4. Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
  5. Жұмыссыздықтың экономикалық мәні
  6. Жанама салықтардың экономикалық мәні және маңызы
  7. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
  8. Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
  9. Л. Фейрбахтың анторпологиялық философиясының мәнін ашаңыз

Дж.М. Кейнс «инвестициялардың» экономикалық категориясының классикалық анықтамасын берді, ол инвестицияларды «аталған кезеңнің өндірістік қызметінің нәтижесіндегі капиталдық мүлік құндылықтарының ағымдағы өсуі» немесе «сатып алу үшін пайдаланылмаған аталған кезең ішіндегі кірістің бөлігі» ретінде қарастырды. Кейнс инвестицияларды капитал құнының өсу тұрғысынан қарастырды.

Инвестицияларды анықтау кезінде аталған категорияның экономикалық мәнін ашып көрсету ғана емес, сонымен бірге олардың мақсатты бағыттарының есебі басты болып саналады. Инвестициялар кірістердің бір бөлігін ғана емес, сонымен бірге оған заттар мен еңбек құралдарының санын көбейту және жаңалау кіретін ұдайы өндіріс шығындарын да білдіреді. Демек, инвестициялар ақша капиталының өсуімен, сол сияқты физикалық капиталдың кеңеюімен байланысты. Инвестицияларды меншік түрлерінің ауысуы және олардың аталған кезеңнің инвестициялық қызметінің түпкі өніміне айналу процесінде қарастырған дұрыс.

Экономикалық әдебиеттерде аталған категорияны кең тұрғыдан және қасаң түрде (тар тұрғыда) түсіндіру кездеседі. Мәселен, М.Ж. Садықов «пайда алу немесе әлеуметтік эффекті (нәтиже) алу мақсатымен жасалған кез келген қаржылық, өндірістік немесе зияткерлік капитал салымын» инвестициялар деп түсіндіреді. Ал қасаң (тар) мағынасында ол «капитал игілігі және қызметтер көрсету формасында пайда немесе әлеуметтік эффекті (нәтиже) алу мақсатымен капиталды экономиканың нақты секторына ғана салуды» «меншікті инвестициялар» деп қарастырады.

Сонымен, экономика ғылымында инвестициялар мәнін анықтау бойынша көптеген пікірлер өмір сүреді. Инвестициялардың экономикалық мәнін нақтылау кезінде «инвестициялар» және «капитал салымы» категориялары арасына шекара жүргізу қажет. Инвестициялар түсінігі капитал салымы түсінігінен анағұрлым кең. Капитал жұмсау негізгі капиталға ғана салым, ал бұл уақытта экономикалық ресурстардың өзге түрлеріне салым ретінде капитал жұмсау деп атау қабылданған». Бұдан көзделетіндей, инвестициялар – бұл, кіріс алу мақсатымен, материалдық және материалдық емес активтер өндірісі (ұдайыөндіріс) процестеріне оның физикалық (материалдық-заттай) және ақшалай формаларында тікелей және жанама капитал салу болып саналады. Егер инвестициялау процесіне қатыстырылмайтын болса, инвестициялар өздігінен қандай да бір экономикалық эффектіні (нәтижені) қамтамасыз етуге қабылетті емес.

Экономикалық теория курсынан бізге белгілідей, кез келген экономикалық процестің мәні экономикалық ресурстарды өнімге айналдыру болып табылады. Инвестициялық процесті, инвестициялық құралдарды ұстап тұруға, кеңейтуге және ұдайыөндіруге бағытталған экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұдан көзделетіндей, инвестициялық процестің экономикалық мәні – инвестициялық ресурстарды материалдық байлыққа және қоғамдық игілікке айналдыру. Инвестициялық процесті «инвестициялық ресурстар – өндіріс факторлары – инвестициялық қызмет өнімі» схемалары түрінде сипаттауға болады. Инвестициялық ресурстар бірінші кезеңде кәсіпкерлік бастамалар мен басқару арқылы өндіріс факторлары болып қайта құралады. Одан әрі қарай факторларды инвестициялық-өндірістік процеске қатыстырудың арқасында инвестициялық қызмет өнімі алынады.

Инвестициялар мәнін зерделеу олардың жіктеуін міндетті түрде нақтылауды талап етеді. Көптеген шетел және отандық ғалымдар инвестициялардың әртүрлі типтерін қарастырады және оларды негізгі белгілері бойынша топтастырады.

Салу мерзімдері бойынша инвестициялар: капитал салу мерзімі бір жылдан аз – қысқа мерзімді инвестициялар; салу мерзімі 1 жылдан асатын орта және ұзақ мерзімді инвестициялар болып ажыратылады.

Инвестициялар сондай-ақ салу мақсаттары бойынша жіктеледі:

1. тікелей инвестициялар – белгілі бір экономикалық мүддені иелену мақсатымен капитал салу, инвестордың меншігін және капиталды орналастыру объектісінің үстінен оның бақылауын болжайды;

2. портфелдік инвестициялар – бағалы қағаздарға инвестициялар салу және инвестициялау объектісінің үстінен инвесторға нақты бақылау мүмкіндіктерін бермейтін, өзге де қатысу формалары.

Өйткені инвестициялардың болуы меншіктің болуын болжайды және капиталдың кімге жататына қатысты:

- мемлекеттік инвестициялар – экономикалық процестерді, әлеуметтік аяларды қолдауға және дамытуға бағытталатын мемлекеттік және жергілікті бюджеттер қаражаты және өзге де мемлекеттік қаржы көздері түріндегі жалпы ұлттық өнімнің бір бөлігі;

- жеке инвестициялар – акционерлік, яки жеке капитал түрінде мемлекеттік емес қаражат салу болып ажыратылады.

Аумаққа жатушылығы бойынша халықаралық және ұлттық инвестициялар болып бөлінеді.

Капиталдың қандай аяға салынатынына қатысты инвестициялар:

- нақты (өндірістік) инвестициялар – құнның өсімін қамтамасыз ететін және өндіріс құралдарына қосымша құн жасайтын, өндіріс аясына жасалатын тікелей салымдар;

- қаржылық (алып сатарлық) инвестициялар – әртүрлі қаржы құралдарына қаражат салу (бұл инвестициялардың экономикалық мәні уақыт аралығындағы қаржы құралдары құнының өзгеруі есебінен, яки оларды әртүрлі орындарда сатып алу-сату құнының айырмашылығы есебінен пайданы қамтамасыз ету болып табылады);

- материалдық емес активтерге инвестициялар – инновациялық және әлеуметтік аяларда жұмыс жасайтын инвестициялар. Инвестициялардың аталған түрінің экономикалық мәні Ғылыми-техникалық деңгейді (және материалдық активтердің бәсекеге қабілеттілігінің салдары ретінде) және өмір сапасын (адам факторына инвестициялау арқылы) арттыру арқылы жалпы ұлттық табыстың өсуін қамтамасыз ету болып саналады.

Экономикалық әдебиеттерде адам капиталына салынатын инвестицияларды қарастыруға баса назар аударылады, өйткені қоғамдық өндірістегі осындай түсінік әрқашан да белгілі бір орын алады. Бұл, адамның өндіргіш күштің басты элементі ғана болып саналмайтынын, сонымен бірге өндірістік қатынастардың белсенді субъектісі болып қатысатындығымен байланысты. Адам, оның білім және өнімді еңбекке деген қабылеті байлықтың басты формаларының бірі болып саналады, өйткені жинақталған білім мен тәжірибе табысты көбейтуге оң ықпал етеді.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 106 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы | Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері | Азақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс жасау тиімділіктерін бағалау | Жалпы проблемалар | Жұмыссыздықтың экономикалық мәні | Инфляция. Филипс қисығы | Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері | Баланстық әдіс | Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары | Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав