Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқыту тұтас психологиялық үдерістің бөлшегі ретінде

Читайте также:
  1. Арым-қатынасқа түсудің психологиялық қиындықтары. Эссе.
  2. Ата-аналарға психологиялық кеңес
  3. Басқарудың психологиялық тәсілдері
  4. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде
  5. Дәріс. Әліппе кезеңін оқыту әдістемесі
  6. Дәріс. Арнайы мекепте әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі
  7. Дәріс. Арнайы мектепте ғылыми-мақалаларды оқыту әдістемесі
  8. Дәріс. Арнайы мектепте сауат ашу кезеңін оқыту әдістемесі
  9. Егер экономика бүтін жүйе ретінде зерттелсе, онда бұл талдау былай
  10. Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.

 

1. Амблер, Тим. Практический маркетинг. СПб: Издательство «Питер», 1999. - 400 с.

2. Волков О.И., Девяткин О.В. Экономика предприятия (фирмы). М.: ИНФРА-М, 2003 - 601 с.

3. Гинзбург А.И. Экономический анализ. СПб: Питер, 2008. - 527 с.

4. Зайцев Н.А. Экономика, организация и управление предприятием. М.: Инфра-М, 2008. - 453 с.

5. Карасева И.М. Финансовый менеджмент. М.: Омега-Л, 2006. - 335 с.

6. Красникова Е.Л. Экономика переходного периода. М.: Омега-Л, 2008. - 341 с.

7. Кулаева Н. Продажные цены в розничной торговле. // Управление магазином. 2006. № 10. с.22-27.

8. Маркетинг. Принципы и технология маркетинга в свободной рыночной системе: Учебник для вузов / Под ред. Н.Д. Эриашвили. - М.: ЮНИТИ, 1998. - 255 с.

9. Савицкая Г.В. Экономический анализ. М.: ООО «Новое знание», 2002. - 704 с.

10. Экономика предприятия. / Под ред. В.Е. Кантора СПб.: Питер Пресс, 2007. - 394 с.

Психологияны оқыту технологиясы

Оқыту тұтас психологиялық үдерістің бөлшегі ретінде

Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырларының тәжірибесі меңгеріледі.

Оқытудың негізгі сипаттары:

-екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді;

-қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі;

-танымның ерекше үдерісі;

-тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы;

-басқарушылық.

Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие және психологияны оқыту үдерісіне қатысты.

Оқыту – білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаратын, ұйымдастыратын оқытушының мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған ісі. Оқытудың мақсаты – әрбір студенттердің білім алуын тиімді етіп ұйымдастыру.

Оқу – бұл мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған студенттердің танымдық іс-әрекеті, оның орындалу барысында білім, іскерлік, дағды жүйесі меңгеріледі және жеке тұлғалық қасиеттері дамиды. Оқудың мақсаты болып таным, қоршаған орта жайлы ақпараттарды жинақтапөңдеу табылады. Оқудың қорытындылары жалпы оқушының дамуынан, қарым-қатынас жүйесінен, білімінен, іскерлік, дағдысынан көрініс табады.

Оқыту үдерісі өзара байланысты мынандай компоненттермен танылады: мақсат, міндеттер, мазмұн, субъектілердің қызметі, әдістер, тәсілдер, құралдар және оқытудың нәтижесі. Жүйені қалыптастырушы компонент болып табылатын мақсат оқыту үдерісінің қалған барлық компоненттерін өз қарамағына жинастырады. Олардың барлығы біркелкілік пен бүтіндікті қалыптастырып, алдыға қойылған мақсатқа жетуге септігін тигізеді. Оқыту үдерістері компоненттерінің өзара әрекеттесуін кесте түрінде көрсетуге болады (8-сурет).

 

 

 


8-сурет. Оқыту үдерістері компоненттерінің өзара әрекеттестігі

 

Оқыту үдерісінің әдіснамалық негізі болып гносеология саналады. Гносеологияның негізгі қағидаларына сәйкес, таным үдерісі нақтылы пайымдау, абстрактілік ойлау мен практика бірлігінен тұрады.

Оқыту үдерісінің қозғалтқыш күші қарама-қайшылық болып табылады. Ол қорытылып талданған түрінде былайша түсіндіріледі: оқытудың арнайы мақсатына жету қажеттілігі мен мақсатқа жетуге деген тәсілдері мен құралдардың жетіспеушілігі арасындағы келіспеушілік; нормативтік талаптар, педагогтың психологиялық әсер етуі мен білім алушылардың оқу мазмұнын нақты белгіленген уақытта, белгілі деңгейде меңгеру мүмкіндіктері арасындағы келіспеушілік және т.б.

Оқыту үдерісінің субъектілері (педагог пен білім алушы) мынаны түсінгені маңызды: олар оқу барысында жалғаса беретін қарама-қайшылықтарды бірігіп шешіп, келесі пайда болатын жаңа қарама-қайшылықтарды шешуге дайын болуы керек.

Оқыту кезінде үш қызмет жүзеге асады: білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелік. Бұл қызметтер туралы 1.3 тарауында айтылған. Жалпы алғанда барлық қызмет өзара байланысты және өзара жанамаланған, сонда да бұл жүйеде басымдылық білім беру қызметінен табылады. Практика жүзінде қызметтердің іске асуы кешенді міндеттердің шешімін табуымен, педагог пен білім алушы іс-әрекетінің мазмұнымен, оқыту әдістері мен формаларының үйлесімділігімен байланысты.

Осылайша, психологияны оқыту үдерісі дидактикада құрастырылған жалпы ережелерге негізделеді оны психологияны оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде оқытушы ескеруі тиіс.

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 220 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав