Читайте также:
|
|
Басқарудың психологиялық тәсілдері адамдар арасындағы қарым-қатынастарды ауқымда үйлесімді ахуал жасау арқылы реттеуге бағытталған.
Адам еңбегі әрқашан адам психикасының жұмыс істеуі, яғни дүние таным, қиял, ықылас-ілтипат және басқа элементтер негізінде жүзеге асады. Сондықтан, адамның уақыт сәтіндегі психикалық ахуалы оның жеке іс-қызмет нәтижелеріне тікелей және тура әсер етіп қана қоймайды, барлық ұжымның іс-қызмет қорытындыларына да әсер етеді.
Басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезіңде адамдардың іс-қызметтегі мінез-құлқының заңдарын ескеру қажет. Бұлар:
- адам әрқашан өзі аз шығарып, көп нәтижелерге жетуге ұмтылады;
- әрбір адам нәтижесінде жарамды формада өзіне ең көп
шамадағы көтермелеу мен ең аз шамада жаза болатын-
дай әрекет етуге ұмтылады;
- әрбір адам өзін іс жүзінде көтермелейтін немесе жаза-
лайтын инстанция не айтса, соны істейді.
Басқарудың психологиялық әдістеріне мыналар кіреді:
- шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау;
- еңбекті ізгілендіру (гуманизациялау, ниетті ояту);
- психологиялық себепкерлік (мотивация);
- кәсіби іріктеу мен оқыту.
Шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау әдістері шағын топтардағы енбеккерлер арасындағы оңтайлы сандық және сапалық арақатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы зерттеулер көмегімен топ ішінде пайда болған бір-бірін ұнату мен жек көру сезімдерін, оның әрбір мүшесінің орнын топтағы қызметкерлермен психологиялық үйлесуі негізінде анықтауға болады.
Еңбекті ізгілендіру (гуманизация) әдістеріне мыналар жатады: түрлі түс пен музыканың психологиялық әсер етуін қолдану, еңбектің бір сорыңдылығын болдырмау, шығармашылық үдерістерді (процесс) кеңейту және т.б.
Еңбеккерлердің психологиялық ынтасын ояту үлкен мәнге ие болуда. Психологиялық ынтаны ояту моральдық ынталандыруда еңбеккерлерді еңбекке тартуға бағытталуымен айрықшаланады. Кәсіпорында еңбеккерлерге (кәсіби мүдделер, еңбектің шығармашылық мәні) себептеме болатын жағдайлар жасау мен енбек әдістерін қалыптастыру жолмен қамтамасыз етіледі. Олар еңбеккердің еңбек етуге деген ішкі құштарлығына әкеледі.
Кәсіптік іріктеу мен оқыту әдістері қажетті психологиялық сипаттамаларды дамытуға: орындалатын жұмысқа неғұрлым көп деңгейде сәйкес келетін психологиялық қасиеттері бар адамдарды іріктеуге бағытталған.
Әлеуметтік-психологиялық әдістерді колдану тетігі қоғамның, ұжымның және жеке тұлғалардың мүдделерін ескеру мүмкіндігі басқару процесінде қамтамасыз етілетіндей болып кұрылуға тиісті.
Тақырып. Басқарудың ұйымдастырушылық-өкімдік әдістері
Йымдастыру өкімдік әдістердің орны мен рөлі
БҰӨТ түрлері
БҰӨТ негізгі сипаттамалары
Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 276 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |