Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Психологияны оқыту үдерісінің ерекшеліктері

Читайте также:
  1. АҚШАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
  2. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  3. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
  4. Арында астың қорытылуы және оның жасерекшеліктері
  5. Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері
  6. Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері
  7. Балалар хирургиясының ерекшеліктері.
  8. Бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
  9. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері
  10. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері

Оқыту үдерісінде студенттердің оқу іс-әрекеті ерекше орын алады. Адамның қоршаған ортаның шынайылығын танып білуі оның әрбір өмірлік қадамында, әрбір іс-әрекетінде (ақыл-ой еңбегі, әлеуметтік-пайдалы еңбек, көркем шығармашылығы және т.б.) жүзеге асатындығы барлығымызға аян. Осы орайда таным ерекше сипатқа ие болуы мүмкін. Тек оқыту үдерісінде ғана таным нақты ұйымдасқан, мақсатты бағытталған оқу-танымдық іс-әрекетті білдіреді.

Психология-психологиялық әдебиеттерде білім алушылар іс-әрекеті әр тұрғыда сипатталған: танымдық іс-әрекет, ойлау іс-әрекеті, оқу, ақыл-ой іс-әрекеті, интеллектуалды іс-әрекет және ілім. Психология ғылымы мен практикасы дамуының әр кезеңінде қалыптасқан кейбір анықтамаларға тоқталып өтейік:

-оқу-танымдық іс-әрекет – бұл білім, іскерлік және дағдыларды жүйелі түрде меңгерудегі гностикалық сипаттағы («гнозис» - білім) ең басты іс-әрекеті, ерекше қызметі

-танымдық іс-әрекет – бұл сезімдік қабылдаудың, теориялық ойлаудың және практикалық іс-әрекеттің бірлігі.

Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері іс-әрекеттің феноменіне тікелей байланысты болады. Сол ерекшеліктерді қарастырайық.

Бірінші ерекшелік студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің мәртебесіне байланысты. Ол кәсіптік білім, іскерлік, дағдыларын меңгеру мен болашақ педагогты тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған, ал білім, іскерліктердің көп бөлігін студенттер өз бетімен игереді.

Екінші ерекшелік, студент көбінесе оқу-танымдық іс-әрекеттің негізгі субьектісі болады, сол себепті де оның тұлғасы таным үдерісінің ортасында тұрады.

Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің үшінші ерекшелігі оны ұйымдастыру сипатында болмақ. Студенттердің оқу іс-әрекеттерінің мақсат, міндеттері, мазмұны, тәсілдері алдын-ала анықталып, білім беру бағдарламасына енгізіліп қоятыны бәрімізге белгілі, сондықтан студенттің атқаратын іс-әрекеті оның белсенділігі мен дербестігіне байланысты әр түрлі тұрғыда ұйымдастырылуы мүмкін. Жоғары мектеп тәжірибесінде білім алушының оқу-танымдық іс-әрекетін сипаттайтын өнімділік (продуктивтік), проблемалық, шығармашылық сипаттағы іс-әрекет түрлерін атауға болады. Іс-әрекеттің аталған түрлерінің болуы заңды, өйткені оқылатын ғылымдар динамикалық даму үстінде қарастырылады, ал жаңа білімді меңгеру үшін белсенділік пен өзіндік жұмыс істей алу қабілеттері керек. Бұл жағдайда, әрине, оқу-танымдық іс-әрекетке қатысушылар арасында субьект-субьектілік қарым-қатынас орнайды.

Оқу-танымдық іс-әрекеттен өнімсіздік (репродуктивтілік) элементтері алынып тасталмайды, егер оқылатын оқу материалы көлемі жағынан ауқымды, мазмұны жағынан күрделі болғанда немесе оны игеру алгоритмдерсіз қиын болған жағдайда қажет деп саналады.

Суденттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің төртінші ерекшелігі оның құрылымында. Оның құрылымына мынандай құрамдас бөлшектер енеді: мақсаттылық, мазмұндылық, іс-әрекеттілік және нәтижелілік. Іс-әрекеттің нәтижелілігі алдыға қойған мақсатты жүзеге асыру екендігі белгілі, ал ол тек қана білім алушылардың іс-әрекеттік қимылына ғана байланысты емес, түрткі болар ортаға, іс-әрекетті ұйымдастыру сипатына және белгілі бір психологиялық жағдайларға тікелей байланысты болады.

Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің бесінші ерекшелігі оның қайта өзгеріске түсе алуы, яғни, қайта құрушылық сипатында. Студент тікелей өзінің жұмыс істейтін саласымен байланысады, ал болашақ мамандығының саласымен байланысқа түсуі білім,байқау, практикалық әрекетпен жүзеге асады. Білімді игеруі, практикалық жағынан іскерлігін жетілдіруі іс-әрекет субьектісін құруға негіз болады, ойлау тәсілдерін, уәжділік ұстанымдарын жетілдіре түседі. Яғни, басқаша айтқанда, оқу-танымдық іс-әрекетті қайта құрушылық сипаты оның тұлғаға тигізер жағымды ықпалымен тікелей байланысты.

Осылайша, студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті мынандай ерекшеліктерімен сипатталады: іс-әрекеттің кәсіби және әлеуметтік мәртебесі, студенттің субьектілік позициясы, іс-әрекеттің өнімділік сипаты, құрылымдық бөлшектерінің (мақсат, мазмұн, уәжділік, шарт және нәтиже) өзара байланысы және қайта құрушылық сипаты.

Психологияда оқу үдерісін сауатты түрде ұйымдастыру үшін оқытушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің ерекшеліктері туралы білімнен басқа, білімді игеру үдерісін де білу қажет. 9-суретте білімді игеру үдерісінің негізіне «нақтылы пайымдаудан абстрактілі ойлауға және одан практикаға» деген танымның классикалық сызбасы салынған.

 

 


9-сурет. Танымның классикалық сызбасы

 

Білімді игеру үдерісінің құрылымын қарастырайық.

Бірінші кезең – нақтылы пайымдау (сезімдік таным) – бұл барлық сезім мүшелерінің жаңа затты (нысанды, құбылысты) тануға жұмылдырылуы. Сезімдік таным түйсік және қабылдау секілді танымдық үдерістермен жеткізіледі.

Түйсік немесе түйсіну –тітіркендіргіштің жекелеген қасиеттері ғана бейнеленетін үдеріс. Қабылдау – заттардың немесе құбылыстардың адам санасындағы сезім мүшелеріне әсер ету арқылы бейнеленуі.

Қабылдауға көптеген факторлар әсер етеді: көру және есту анализаторлары, ойлау қабілеттілігі, ақпаратты беру жиілігі, жылдамдық, білім алушының жеке бас қабілеттілігі, сонымен қатар оған түрткі болған уәждер.

Оқу-танымдық іс-әрекеттің екінші кезеңі – ойлаудың аналитика-синтетикалық жұмысы (абстрактілі ойлау), ол өзара байланысты түсіну, ұғыну және жинақтау сияқты үдерістерден тұрады.

Түсіну – оқылатын пәннің (құбылыстың, үдерістің) арасындағы байланыс пен қарым-қатынастың алғашқы мәнін ашу, оның құрамын, қызмет ету себептері мен көздерін анықтайтын үдеріс.

Ұғыну – оқылатын ақпаратты талдау және жинақтау, салыстыру және салғастыру, топтау және жүйелеу үдерісі.

Жинақтау – заттың немесе құбылыстың нақтылы ортақ белгілерін анықтау және жүйелеу, нақтылыдан абстрактіліге өту, пікірлер, ойлар қалыптастыру, өзіндік қорытындылар мен дәлелдеулерге өту үдерісі.

Оқу-танымдық іс-әрекеттің үшінші кезеңі – білімді практика жүзінде қолдана алу болып табылады. Ол өзара байланысқан бекіту және білімді қолдану секілді үдерістерден тұрады.

Бекіту – екінші қайтара ұғу және оқылған материалды бірнеше рет еске түсіру үдерісінен тұрады. Білімнің беріктігі, пәрменділігі практика жүзінде тексеріледі.

Білімді практика жүзінде қолдану – абстрактілі білімді нақтылы практикалық міндеттерді шешуде пайдаланатын үдеріс.

Осылайша, білімді меңгеру үдерісі өзара байланысқан әрі шарттасқан үш кезеңнен тұрады. Алғашқы екеуі – нақтылы пайымдау мен абстрактілі ойлау бір мезгілде қатар жүреді және бір-біріне себептеседі. Үшінші кезең – практика, нәтиже ретінде және алғашқы екі үдерістің заңды жалғасындай болып іске асады. Осы арада белгілі қытай философы Конфуцийдің «Мен не естимін, соны ұмытамын; мен не көремін, есте сақтаймын; мен не істеймін, соны түсінемін» деген сөздері осы жағдайға тура келетіндей.

Біз осылайша білімді меңгеру үдерісінің жалпы жағдайына тоқталдық, енді психологиялық білімді меңгеру ерекшеліктеріне тоқталып көрейік. Білім оқыту мазмұнының түйіні екеніні белгілі. Білім алушылардың білімдері негізінде іскерлік пен дағдылары, ақыл-ой және практикалық іс-әрекеттері қалыптасады; білім адамгершілік қағидаларының, эстетикалық талғамдарының және дүниетанымдарының негізі болып табылады.

Психологиялық білімді игеру – әртүрлі әрекеттер мен операциялар жиынтығынан тұратын күрделі үдеріс. Психологиялық жүйелер теориясына(В.П.Беспалько) сүйене отырып, біз таным үдерісінің кезеңдеріне сәйкес келетін психологиялық білімді меңгерудің бірнеше деңгейлерін анықтадық [8](5-кесте).

Психологиялық білімді меңгеру үдерісі бірнеше деңгейден тұрады. Әрбір деңгейдің өз сипаттамасы бар. Ең төменгі (нөлдік) деңгей түсіну үдерісіне сай болып келеді, ал ең жоғары деңгей (IV) шығармашылық деңгейі деп аталады. Психологияны оқу барысында студенттер бұл деңгейлерден міңдетті түрде өтеді. Олар алдымен психологиялық білімді репродуктивті түрде, содан соң продуктивті және шығармашылық түрде меңгереді. Білім алушылар психологиялық білімді меңгеру деңгейлерін білуі тиіс, өйткені психологияны оқу үдерісінің нәтижесін сол деңгейлермен салыстыру керек.

 

5-кесте.Психологиялық білімді меңгеру деңгейлерінің сипаттамасы(В.П. Беспалько бойынша)

Меңгеру деңгейі Таным деңгейдің атауы Меңгеру деңгейінің сипаттамасы  
0 (нөлдік) Түсіну Білім алушылардың психология саласы бойынша ғылыми білімдерінің болмауы. Дегенмен де олардың бойында жаңа ақпаратты қабылдауға деген қажеттілік пен түсінушілік бар, бұл білімді меңгеру үдерісіне түрткі болатын жайттың бар екендігін де көрсетеді
I Тану Психологиялық фактілер, құбылыстар, олардың байланысы, қасиеттері мен қарым-қатынастарының нәтижесінде алған білімі бойынша білім алушылар оларды танып біледі, ажыратады және бұдан басқа да құбылыстарды таниды. Сипаттамаға немесе нұсқаулыққа сүйене отырып белгілі бір іс-әрекетті (репродуктивті түрі) жүзеге асырады
II Еске түсіру (қайта жаңғырту) Білім алушылар психологиялық білімдерін жаңғыртып, бұрын қарастырған жағдаяттар негізінде естің немесе алгоритмнің деңгейінде психологиялық білімдерін өз бетімен іске асырады
III Қолдану Білім алушылар психологиялық білімдерін іскерліктерін жаңа, типтік емес жағдаяттар негізінде қолданады, бұл жағдайда олардың іс-әрекеттері өнімді болып саналады
IV Шығармашылық Білім алушылар меңгерген психологиялық білімдерін, іскерліктерін қолдана отырып, күтпеген жағдаяттар негізінде жаңа ережелер мен іс-әрекеттер алгоритмін түзе алады; мұндай өнімді іс-әрекеттер нағыз шығармашылық болып табылады

 

Білім алушылар психология бойынша оқытылатын материалды білу дегеніміз не? Психология бойынша оқытылатын материалды білу дегеніміз:

-меңгерген принциптер, ережелер, қорытындылар мен басқа теориялық жинақтаулардың мәнін түсіндіре алу;

-меңгерілген теориялық ережелердің дұрыстығын дәлелдей алу;

-меңгерген теориялық ережелерді өзіндік мысалдар мен фактілермен көрсете алуы;

-алған білімін практика жүзінде қолдана алуы, яғни, психологиялық міндеттерді шешіп, сызбалар құрастыра білу, практикалық жұмыстарды орындай алу;

-оқылып жатқан материал мен бұрын өткен оқу материалы арасында байланыс орната білу;

-меңгерген білімді басқа құбылыстар мен фактілерді түсіндіруде қолдана алу;

-оқу материалды мағыналық бөліктерге ажырата алу, оның ауызша және жазбаша үлгідегі жоспарын құра алу;

-оқу материал бойынша ең негізгісін анықтап көрсете алу;

-саналы және толық түрде еске түсіре алу;

-қысқартылған үлгіде еске түсіре алу;

-оқылған материал бойынша сұрақтарға жазбаша жауап бере алуы;

-оқылып жатқан материал бойынша дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық ойларды анықтай алу, оған өзінің қарым-қатынасын орната білу.

Жоғарыда келтірілген ерекшеліктер оқу материалын игеру, оны механикалық түрде жаттаумен ешбір байланыстың жоқ екендігін көрсетеді. Керісінше, оны терең әрі жан-жақты ұғу және меңгерілетін білімді түсіну іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру керек.

Меңгеру үдерісінің сапасы мен нәтижелілігі оған уәж болар себептерге байланысты. Уәж – қызмет пен қатынастың өзіндік бір «от алдырушысы», ол белгілі бір қызығушылық пен қажеттілікті қанағаттандырумен тығыз байланысты.

Уәж әр түрлі болады: әлеуметтік, танымдық, моральдік, қарым-қатынас, өз бетімен білім алу, өзін-өзі жетілдіру және т.б. Ол индивид үшін қажеттілік деңгейі бойынша ерекшеленеді және деңгейлік жүйені құрайды, ол индивидтің жасына, біліміне, адами мәдениетіне, өмірлік жағдайы мен қажеттілік деңгейіне байланысты болады. Өмір мен практика көрсеткендей, егер адамға түрткі болар жағдай нақты анықталса және ол адамның тікелей қызығушылығымен байланысты болса, сол адамды белсенді түрде қиындықты жеңуге итермелейді. Барлық уәжді сыртқы және ішкі деп екі үлкен топқа бөлуімізге болады. Ішкі уәждер адамды іс-әрекетке, өз мақсатына жетуге ұмтылдырады. 10-суретте студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің негізгі уәждері көрсетілген.

Оқу-танымдық іс-әрекет сәтті өту үшін студент психологиялық әрекеттестік субьектісі болуымен қатар өз іс-әрекетін белсенді ұйымдастыра білу керек. Сол үшін де кәсіби психологиялық уәжділікке өтетін анық танылған оқу уәжі қажет.

Уәж адамның қажеттілігі мен қызығушылығына тығыз байланысты. Қызығушылық – әлеуметтік қажеттіліктің таңдаулы бағыты. Сондықтан да оқу қызығатындай, дамытатындай болу керек. Сол үшін аталған оқу пәніне (мысалы, психологияға) еш қатысы жоқ студенттің бойында бар қызығушылыққа сүйене отырып, оқыту пәнінің өзіне жаңа қызығушылықтарын қалыптастыра білу қажет. Тек осындай қызығушылықтарды ғана толыққанды оқу қызығушылығы деуге болады.

Қажеттілік пен қызығушылық арасындағы қатынасты айта отырып, олардың арасындағы байланыс міндетті түрде тура әрі тікелей болу керек деп түсінбеу қажет.

 

 
 

 

 


10-сурет. Оқу-танымдық іс-әрекеттің негізгі уәждері

 

Бұл байланыстар жанама түрде де болуы мүмкін, ең соңында үлкен қызығушылық белгілі бір қажеттілікті тудырары қақ. Адамды қажеттіліктің заты емес, оны игерудің құралдары да қызықтыруы мүмкін (мысалы, студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің әдістеріне деген қызығушылығы уақыт өте келе оқу пәнінің өзіне ауысады). Бізге осы жағдайда Г.И.Щукина ұсынған ереже өте маңызды болып табылды: танымдық қызығушылық тұлғаны қалыптастырудағы құндылық. Тұлғаның толыққанды дамуы жалпы тұлға даму құрылымында басқа да уәждермен тығыз байланыста жүзеге асады [6, 28-бет].

Студенттердің танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін міндетті түрде қалыптастыру қажет. Біз төменде студенттердің психологияны оқу барысында қалыптасатын танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарының шарттарын келтірмекпіз.

1) Психологияны оқыту барысында білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін қалыптастырудың маңызды құралы әрі шарты болып психологиялық білім мазмұны мен оқыту әдістері табылады, олар білім алушылардың танымдық шығармашылық белсенділіктерін, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін, білім жинақтауларын дамытады.

2) Танымдық қабілеттердің қалыптасуы мен дамуының шарты болып сабақтағы және одан тыс уақыттағы мақсатты түрде бағытталған психологиялық әрекеттестік табылады, ол студенттердің білімді игерудегі өзіндік ізденіс құралдары мен тәсілдерімен қарулануды, ақыл-ой іс-әрекетін белсенді етуді қажет етеді.

3) Танымдық қажеттіліктің дамуы біртіндеп жүзеге асады, оқытушы білім алушылардың өткен тәжірибесіне сүйенеді, олардың барлық оқу пәндері бойынша дайындықтарын есепке алады, сонымен қатар психологияны оқытуын әр кезеңінде танымдық іс-әрекеттің әдістері мен мазмұнын толық игеру деңгейінің белсенділігін де талап етеді.

4) Психологияны оқыту танымдық қажеттіліктің қалыптасу және даму құралы болып табылады, ол студенттерді ойлауға үйреткен кезде танымның ғылыми теориясының қисынын игеру құралы болады, психология сабақтарында білім алушылардың іс-әрекетінің тәжірибесін шығармашылық түрде пайдаланады.

5) Психологияны оқу кезінде тұрақты танымдық қажеттіліктердің дамуына білім алушыны үнемі зерттеуші орнына қоятын оқыту әдістері мен оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары жатады, атап айтсақ: проблемалық оқыту, оқытудың зерттеу және дәрістік-практикалық әдістері, семинарлар, конференция мен пікірталастар және т.б.

Психологияны оқыту кезіндегі білім алушыға психология мазмұнын толығымен игеруге ықпал жасайтын танымдық қызығушылықты қалыптастырудың тәсілдеріне тоқталайық. Біз тәсілдерді мазмұн уәжіне әкеп жинақтадық (6-кесте).

Қысқаша айтқанда, мазмұн уәжі оқу материалдың мазмұны арқылы студенттердің психология пәніне қызығушылықтарын қалыптастырудың бір тәсілі болып табылады. Ол үшін қызықтыру элементтер мен өмірлік жағдаяттарды талдау, оқылатын материалдың тұлғалық мәнін көрсету және т.б. тәсілдерді пайдалануға болады.

 

6-кесте.Мазмұн уәжі

Тәсіл Дәйектеме
Қызықтыру элементтері Жаңа психологиялық білімді қабылдауға жағымды сезімдерін тудыру үшін әртүрлі қызықты жағдаяттарды, фактілерді қолдану
Өмірлік жағдаяттарды талдау Студенттер өздеріне беріліп отырған психологиялық міндетті шешудің, нақтылы бір тақырыпты оқып білудің себебін білуі шарт. Бұл себептер олар үшін өте маңызды, сондықтан белгілі бір тақырыпты оқығанда өмірмен тікелей байланысты жерлерін білгендері жөн, сонымен қоса ол жайттар тек тұрмыстық қана емес, кәсіптік жағдаяттарға жақын болғаны дұрыс. Туындаған кәсіптік психологиялық жағдаятты білім, іскерлік және дағды көмегімен шешудің маңыздылығын көрсете білу аса қажет
Оқылатын материалдың кәсіби-тұлғалық мәні Студенттердің көпшілігі өз көңілдерін тек өз мамандықтарына тікелей қатысы бар пәндерге ғана бөледі. Ал қалған оқу пәндеріне аз уақыт бөліп, оларды игеруге де көп күш жұмсамайды. Сондықтан психология бойынша оқу материалын меңгерту барысында алған білімді кәсіби-тұлғалық деңгейде де қолдана алуға болатынына назар аударта білу керек

 

Оқу материалының мазмұны студенттердің барлығына бірдей түсінікті әрі меңгеруге оңай бола бермейді. Тек сондай жағдайда ғана танымдық қызығушылықты қалыптастыратын келесі дереккөзді қолдануға болады, ол – білім алушылардың іс-әрекет үдерісі, біз оны үдеріс уәжі деп атадық (7-кесте).

Үдеріс уәжі дегеніміз білім алушыларды танымдық іс-әрекетке белсенді түрінде қатыстыру, ол үшін проблемалық жағдаяттарды тудыру, ойындар мен байқаулар өткізу, сөзжұмбақтар мен ребустардышешу және т.б. тәсілдерді қолдануға болады.

 

7-кесте. Үдеріс уәжі

Тәсіл Дәйектеме
Проблемалық жағдаяттарды тудыру Оқу материалы оны игеру барысында кездескен қиындықтарды жеңе білгенде немесе оны меңгеру барысында белгілі бір көлемдегі жұмыстар атқарылғанда жақсы игеріледі. Сондықтан да осындай жұмыстарды тудыру үшін бар білім мен нақтылы міндеттерді шешетін мүмкіндіктер арасында қарама-қайшылықтарды туғызған жөн
Рөлдік амал Басқа адамның немесе заттың рөлінде болу мүмкіндігі білім алушыларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдай түсуге себеп болады, қатал талаптардан шығып, жағдайға басқа қырынан қарауға және материалды дұрыс түсініп меңгеруге де негіз болады
Ойындар, байқаулар, сөзжұмбақтар, ребустар және т.б. Білім алушылар үшін олардың назарын үнемі белгілі бір материалда ұстау немесе бір үлгідегі іс-әрекет түрімен үнемі айналыстыра беру өте қиын, сондықтан әр түрлі ойын элементтерін немесе тапсырмаларын қолдана отырып, оқу материалын меңгертуді жақсарта түсуге болады

 

Психологиялық білім, іскерлік және дағдыларының қалыптасу тәсілдеріне мыналарды жатқызуға болады:

-толыққанды білім жеткіліксіз болған жерде сұрақтар қою, тапсырмалар беру;

-сұрақтан жауапқа өткен кезде өз пікірін дәлелдеп, оны қорғай білу позициясын қалыптастыру;

-әртүрлі көзқарастарды тоғыстыру және сыни ойлауды дамыту;

-семинарлардың пікірталастық сипатта өтуі;

-ғылымды практикамен байланыстыру;

-студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру;

-сабақ басында бірлесіп мақсат құру: –Біз білеміз... –Біз үйренеміз...;

-қорытындыларды бірлесіп жасау, рефлексия өткізу: –Біз білдік... –Біз үйрендік...–

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 257 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.031 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав