Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Психологияны оқытудың заңдылықтары мен принциптері

Читайте также:
  1. БҰДСЖ негізгі принциптері
  2. Бөлім. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары.
  3. Басқару кадрларының жұмыс принциптері
  4. Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
  5. Бухгалтерлік есеп принциптері
  6. Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.
  7. Дәріс. Педагогикалық үрдістің негізінде мектепті басқарудың заңдылықтары мен ұстанымдары.
  8. Еңбек құқығы, принциптері, әдіс-тәсілдері.
  9. Ішкі мүшелердің паразитарлы аурулары. Симптомдары. Диагностикасы.емдеу принциптері.
  10. Мақсаты:Арнайы мектеп оқушыларына арифметикалық есептерді оқытудың әдістемесі мен маңызын ашу.

Оқу үдерісін ұйымдастырудың жалпы нормалары оқытудың заңдылықтарымен, принциптерімен байланысты. Заңдылық бүтіннің құраушы бөліктері арасындағы өзара қайталанатын, тұрақты, негіздік, объективті байланыстарынан көрініс табады [1, 24-бет].

Оқыту заңдылықтары дегеніміз бұл оқыту үдерісінің құрамдық бөліктерінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байланыстар [2, 104-бет].

Психологияны оқыту заңдылықтарыоқыту үдерісінің компоненттері арасындағы байланысты көрсетеді. Заңдылықтардың жалпы және жеке, ішкі және сыртқы, дидактикалық және оқу-танымдық, психологиялық және ұйымдастырушылық түрлері болады. Заңдылықтардың мысалдарын қарастырайық.

Психологияны оқытудың мақсаты мен мазмұны қоғамның тұлғаның білім алу деңгейіне деген талабына байланысты болса, ол – жалпы заңдылық. Психологияны оқытудың нәтижелілігі оқушының саналы түрдегі іс-әрекетіне байланысты болса, бұл – жеке заңдылық.

Психологияны оқытудағы оқу үдерісінің тиімділігі білім беру орындарының материалды-техникалық жағдайына байланысты, бұл сыртқы заңдылық. Психология бойынша оқу материалын меңгеру тереңдігі мен беріктігі оқушының белсенділігі мен дербестігіне байланысты, бұл ішкі заңдылықтың мысалы.

Психологияны оқыту қорытындылары білім алушылардың оқытудың мақсатын түсіну мен қабылдауға тура пропорционалды деңгейде болса, бұл дидактикалық заңдылық. Оқу материалын меңгерудің табысты болуы оқытудың проблемалық деңгейіне байланысты, бұл оқу-танымдық заңдылық мысалы. Білім алушының дамуы басқа адамдардың, яғни өзара тура және жанама байланыстағы адамдардың дамуына байланысты болса, бұл - әлеуметтік-психологиялық заңдылық. Оқыту үдерісінің тиімділігі оқытушының ұйымдастыруына және басқаруына байланысты болса, бұл - ұйымдастырушылық заңдылық.

Сондықтан да, психология оқытушысы бірігіп істеген іс-әрекеттің (оның және студенттің) нәтижесі заңдылықтардың әртүрлі типтеріне байланысты екенін анық түсінген жөн.

Заңдылықтар психологияны оқыту принциптерін анықтайды. Оқыту принциптері әрдайым оқытуда тұрған оқу үдерісінің обьективті заңдылықтары мен мақсаттарын бейнелейді.

Принциптер – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік жасайтын нормативтік талаптар [ 2, 247-бет]. Оқытудың барлық принциптері өзара байланысты, сондықтан оларды жүйе түрінде қарастырған жөн. Бұл жүйе жалпы дидактикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптерден тұрады. Дидактикада көрсетілген оқыту принциптерінің психологияны оқыту принциптеріне де тікелей қатысы бар екенін айта кеткен жөн. Енді сол принциптерге тоқталайық.

Жалпы дидактикалық принциптероқу мазмұнын жалпы мақсаттар мен заңдылықтарға сәйкес анықтайтын психологиялық теорияның, концепциялардың негіздері [ 3, 348-бет]. Олар мынандай принциптер:

-білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелеу принциптерінің бірлігі психологиялық білім мен іскерліктер жүйесінің қалыптасуына, жеке тұлғалық қасиеттердің, мінез-құлықтың ерекшеліктерінің дамуына, аса кәсіби-мәнді құндылықтарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді;

-оқу үдерісінің мазмұны мен әдістерінің ғылымилық принципі ғылыми психологиялық білім мен психологиялық практика байланыстылығын анықтайды;

-оқытудың практикамен байланыстылығы принципі білім алушылардың шынайы психологиялық үдеріс кезінде психологиялық білімді қолдануын қарастырады;

-жүйелілік пен бірізділік принципі оқыту мен оқуды белгіленген бір тәртіппен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл принцип психологияны оқыту үдерісінің және мазмұнының қисындық құрылуын талап етеді. Мысалы, психологияны оқытуда алдымен «Психологияның жалпы негіздері» бөлімін, одан кейін «Тәрбие теориясы», «Дидактика» бөлімдерін жалғастырып, «Мектептану» бөлімімен аяқтаған жөн;

-көрнекілік принципі білім алушыларға психология бойынша оқу материалын терең әрі саналы түрде өңдеу үшін оқылатын психологиялық құбылыстар мен нысандарды ұсынады;

-саналылық пен белсенділік принципі білім алушылардың оқу мақсаттарын айқындап, өз жұмыстарын жоспарлап, оқу міндеттерін шешудің тәсілдерін өз бетімен анықтайды, меңгерген білімдерінің мәнін түсінеді. Оқытудағы белсенділік дегеніміз оқудағы жедел ақыл-ойлық және практикалық жақтары мен психология бойынша білім, іскерлік, дағдыларының саналы меңгеру шарты мен нәтижесі болып саналады;

-беріктілік принципі білімнің білім алушылар санасында берік болып қалыптасқанын талап етеді, ол үшін студенттер танымдық белсенділіктерін танытып, оқығандарын практикада жиі қайталап, еске түсіріп отырулары керек;

-бағыттылық принципі психологиялық білім беру мазмұнының болашақ педагог тұлғасын дамытуға әрекет етеді;

-сәйкестілік принципі психологиялық білім беру мазмұнының психологиялық ғылымдардың даму тенденциясына және кәсіби-психологиялық іс-әрекеттердің ұсынған талаптарына педагогтарды даярлау нәтижелерінің сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптер– психологияны оқыту үдерісінің ұйымдастырушы формалары мен әдістерін анықтайтын ережелер [ 3, 349-бет]. Енді оларды қарастырайық:

-психологияны оқыту үдерісінің тұтастығы мен бірлігі принципі педагог пен білім алушының іс әрекеттерінің бірлігі мен өзара байланысын көрсетеді;

-оқу жұмыстарының топтық және жекелік формалары мен оқу жұмысының тәсілдерін тең үйлестіру принципі психология мазмұнын меңгертудің тиімділігін арттырады, ол үшін білім алушыларды ұжымдық, топтық, жеке жұмыстардың түрлеріне тарта білу керек. Сонымен қатар білім алушыларды үйірме, клубтар және т.б. жұмыстарына қатыстыру қажет;

-оқуға деген жағымды қатынасты қалыптастыру принципі ғылымның әр түрлі салаларының мәліметтерін пайдалануды көздейді, психологиялық білімдердің өмірдегі практикалық мәнін түсіндіреді.

Әр принцип белгілі бір ережелерден тұрады. Ереже дегеніміз оқытудың жекелеген аспектілерін ашып көрсету, принциптерді нақтылау. Олар педагогқа белгілі бір психологиялық жағдаяттар туындағанда не істеу қажеттігіне нақтылы нұсқаулар береді.

Мысал ретінде 1950 жылдары жарық көрген оқытудың саналылық пен белсенділік принциптерінен шығатын оқыту ережелерін қарастырып көрелік:

1. Оқу материалын жеңілдетпей түсіндір, оқы, анық әрі нақты, толық әңгімеле.

2. Білім алушыларды сұрақтармен қатты қызықтыра біл, олар сені тыңдай отыра ассоциация құрсын, жаңаны өткенмен байланыстыра білсін.

3. Сабақты жүргізе отырып, оқушылардың іс-әрекеттеріне, ойларына бақылау жасай біл, сұрақтар мен туындаған қиындықтарды анықтай білуге үйрен.

4. Өмірден, практикадан көптеген мысалдар келтір.

5. Өткенге сүйеніп түсіндір, білім алушының білімін, ұғымдарын пайдалана отырып әңгімеле.

6. Сұрақ-жауап кезінде білім алушыға жауабының ойластырылған, қисынды, дәлелденген болуын талап ет.

7. Әрқашан білім алушыға құбылыстың себебін және салдарын табуға үйрет [ 4, 94-бет].

Осылайша, заманауи дидактикада оқыту принциптері психологиялық іс-әрекеттің және оқыту үдерісінің нәтижелілігіне бағытталған оқыту үдерісінің заңдылықтарына сүйенген жалпы ережелер, ұсыныстар ретінде қарастырылады.

Жалпы алғанда оқыту принциптері бір-бірімен тығыз байланысты, олар өзара тәуелді және бірін-бірі толықтырып отырады, оқыту тәрізді бұл екі жақты мақсатты үдеріс және оның кезеңдері бір-бірімен тығыз байланысты.

Педагог принциптер жүйесіне сүйену қажет, сол арқылы оқытудың мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, құралдарын таңдауға дәлелді түрде келеді.

Психология мазмұнын, оқыту технологияларын өндірудің концептуалдық ойы ретінде психологиялық пәндер интеграциясы табылады.

Интеграция (лат. іnteger – тұтас) – тұтастыққа біріктіру, элементтер бірлігі; бірліктерді қалпына келтіру дегенді білдіреді [ 1, 33-бет].

Интеграция психологиялық категория ретінде психологиялық шынайылықтың жалпы қасиеттері мен байланыстарын көрсететін ғылыми ұғым болып табылады, ол бір жағынан психологиялық құбылыстар мен фактілердің белгілі бір тобын көрсетсе, екінші жағынан психология пәнін анықтайды.

Психологиялық пәндер интеграциясы – психологиялық білімдер жүйесін бір тұтас бірлік ретінде меңгеруге әкелетін, психологиялық дайындық жүйесі аясында өтетін үдеріс.

Психологияға қатысты пәнаралық интеграция кең көрініс тапты. Пәнаралық интеграция – болашақ педагог даярлығының барлық кезеңіндегі білімдер мен практикалық іс-әрекеттер бірлігі.

Интеграцияның бірнеше модельдері ажыратылады:

1-модель – білім берудің бір саласына қатысты бірнеше пәндерді біріктіретін курс құру. Бұл арада әр түрлі пәндердің мазмұнының салмақ үлесі бірдей, ал олардың өзара араласуы мазмұнды сапалы жаңа деңгейге шығарады.

2-модель – оқу пәндерін білім берудің бір саласы немесе бір пәннің негізінде блогке біріктіру.

3-модель – әртүрлі, бірақ тең дәрежедегі, сонымен қатар біреуі өз ерекшелігін сақтайтын, ал қалғандары көмекші негізде болатын өзара жақын білім беру салалары пәндерінің сәйкестігі негізінде топтастыру.

4-модель – оқу үдерісінің вариативті бөлігі алыстатылған білім беру салаларының пәндері біріктірілетін интеграцияланған курстарды құруды жорамалдайды.

5-модель – өткен тақырып пенжаңа тақырыптың интеграциялануы.

Интеграция психологиялық үдерістің кез келген кезеңінде жүзеге асады:

-психологиялық мақсаттар деңгейіндегі интеграция (белсенділік, дербестік, креативтілік секілді тұлғаның интеграциялық қасиеттері мен сипатына бағдарлану);

-мазмұн деңгейіндегі интеграция (интеграциялық бағдарламалар, интеграциялық оқу курстары);

-технология деңгейіндегі интеграция (интеграциялық формалар мен психологиялық әрекеттестік әдістерінің вариативтілігі) [5].

Психологиялық пәндер интеграциясының нұсқалары әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, психология – психология тарихы; психология – әдістеме, психология(немесе әдістеме) –психологиялық шеберлік негіздері және т.б. Осындай жақындасудың тиімді нұсқасын біз сұрақ тарихы – оның теориясы – теорияны жүзеге асыру әдістемесі деген парадигма негізінде көре аламыз.

Психологиялық пәндерді осындай қисында оқыту қайталаудың болмауынан сақтандырады, теория мен практика байланысын іс жүзінде жүзеге асыруға, тәжірибенің ондаған жыл бойы жинақталуын күтпестен, кәсіби іскерлік білімдерін іс-әрекетте белсендендіру мүмкіндігін туғызады.

Психологиялық пәндер интеграциясы білім алушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіру туралы сұрақтың психологиялық шешімін іздестірудің бір бағыты болып саналады. Ол студенттердің тұтас, жүйелі білімдерінің қажеттіліктері мен оқу үдерісінің пәндік құрылымы арасындағы қарама-қайшылықтар мәселесін шешуге көмектеседі.Интеграция психологияны оқыту үдерісінің интенсификациялау тәсілі болып табылады және студенттердіпсихологиялық шынайылықты тануға, себеп-салдарлық байланыстарды ұғыну мен анықтауға, психологиялық ойлауды дамытуғабағыттайды.

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 423 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав