Читайте также:
|
|
Швейцария физигі Паули 1925 жылы электрондарды орбитальдарға орналастыру жөнінде тиым салу принципін ұсынды
«Атомдағы 2 электронның 4 квант санының төртеуі де бірдей болмайды. Атомдағы әрбір электронның ең кемінде бір квант саны өзгеше болу керекң. Мысал үшін n=1; К- квант қабатын алайық, сонда n=1; l=0 (себебі l=n-1); m=0; ms =+1/2 - бұл 1-ші электронның квант сандары. Ал келесі электрон үшін n=1; l=0; m=0; ms =-1/2.
Паули принципінен шығатын салдар: “Бір орбитальда болатын 2 электронның спиндері қарама қарсы болады” Бұл электрондарды былай белгілейді - электрон қосағы (орнын -ұяшық) деп атайды.
Хунд ережесі. “Орбитальдар электрондармен толтырылғанда, ең бірінші электрондар жеке-жеке орналасады, содан кейін қосақтармен. Екінші электронның спині бірінші электронның спиніне қарама-қарсы болу керек”.Мысалы, азот атомы үшін Z = 7; 1s2 2s 2 2p3 2s-2p орбиталь жеке 1s электрондармен толтырылады.
Орбитальдарды әріптермен белгілеп, электрондар санын көрсетіп жазғанда, элементтің электрондық формуласы шығады. Ұяшықтарын сызып белгілесек, электрондық формуланың графикалық түрі шығады.
Клечковский заңы Көп электронды атомдардың орбитальдарын электрондармен толтырғанда, ең бірінші энергиясы аз орбитальдар толтырылады. Энергияның өсуіне байланысты, орбитальдар мынадай қатарға орналасады.1 s <2 s <2 p <3 s <3 p <4 s (3d<4 p <5 s (4d<5 p <6 s (5d(4(<6 p <7 s (6d(5(<7 pОсы заңдылықты 1926 жылы совет ғалымы В.М.Клечковский тұжырымдады.Электронның берілген екі жағдайының қайсысында бас және орбиталь квант сандарының қосындысы (n+l) кіші болса, соның энергиясы кіші болады.Мысалы: 3d және 4s орбиталін қарастырайық:
3d үшін n=3; l=2; n+l = 5
4s үшін n=4; l =0; n +l =4
4s орбиталінің энергиясы кіші, сондықтан ол бұрын толтырылады.
2) Егер n мен l-дің қосындысы бірдей болса, энергия бас квант санына тәуелді. Қай орбитальдің n мәні кіші болса, соның энергиясы кіші.
Мысалы: 4s үшін n=4; l=0; n+l=4
3p үшін n=3; l=1; n+l= 4
Қосындысы бірдей, сондықтан 3p - үшін n кіші, 3p бұрын толтырылады.
38.Коваленттік байланыс және оның түрлері. Коваленттік байланыс– 1916 жылыамерикан ғалымы Льюис химиялық байланыстың электрондық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша екі атом бір – бірімен екуіне де ортақ электрон жұбы арқылы байланысады.Льюис теориясы қысқаша былай тұжырымдалады. 1. Сыртқы қабатында 2 немесе 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте инертті демек, мұндай газдардың электрондық қабаты өте тұрақты. Атомдар молекула құрып біріккенде ортақ электрон қосағын түзу арқылы өздерінің сыртқы қабаттарын инертті газдардікіндей етуге тырысады. 2. Химиялық байланыс әсерлесуші атомдардың екеуіне де ортақ электрон жұбы арқылы жасалады. Бұл электрон жұбын түзу үшін әр атом бір – бір электроннан жұмсайды. Бір немесе бірнеше электрон жұптары арқылы түзілетін химиялық байланыс коваленттік байланыс деп аталады.
Коваленттік байланыстың екі түрі бар:
1. Полюссіз коваленттік байланыс болғанда ортақ электрондық жұптары арқылы
түзілген электрондық бұлт немесе байланыстың электрондық бұлты екі атомның
ядросына сай кеңістікте симметрия болып таралады.
2. Полюсті коваленттік байланыс болғанда байланыстың электрон бұлты
электртерістігі көптеу атомға, яғни электрон бұлты салыстырмалы электртерістігі
үлкен атомға қарай ығысады.
Байланыс полюстігінін шамасы ретінде дипольдің электрлік шағы алынады. Ол мынаған тең:
μ= q*ℓ (өлшем бірлігі - дебай, Кл*м)
Мұндағы: q – тиімді заряд; ℓ - диполь ұзындығы.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 363 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |