Читайте также:
|
|
Қазақстан Республикасының 1995 ж тамыздың №2444 «Банктер және банктік қызмет туралы» заңы (толықтырулар мен өзгерістерді қоса алғанда)сәйкес коммерциялық банк бағалы қағаздар нарығында келесі операция түрлерін іске асыруға құқығы бар:
- есептік операциялар: заңды және жеке тұлғалардың дисконт вексельдері мен басқа да қарыздық міндеттемелерді есептеу жүргізу;
- сейфтік операциялар: құжат формасында шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын, сейфтік жәшіктер, бөлімшелерді қосқандағы сақтау бойынша қызмет көрсетулер;
- ломбардтық операциялар: жылжымалы мүлік және бағалы қағаздардың кепіліне қысқа меррзімді несиелерді беру;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет.
Банктердің осы аталған қызмет түрін, клирингтен басқа, бірігіп атқаруға лицензия Ұлттық Банкпен беріледі.Үкімет және Ұлттық Банктің нормативтік хұқықтық актілерімен осы Заңға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктерге қосымша талаптар қойылған.
Коммерциялық банктер акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан бағалы қағаздар нарығында эмитент ретінде шығады.Бағалы қағаздарды шығару және олар бойынша қызмет көрсету арқылы коммерциялық банк өзінің басты міндетін – ақшаны аккумуляциялау және төлем құралдарын құруды жүзеге асырады.
Қазақстандық банктерді екі ірі топқа бөлуге болады. Бірінші топ банктері мемлекетпен құралады, олар мемлекет иелігінде акция пакеті болатын бұрыңғы маманданған банктер және түрлі министрліктер мен ірі кәсіпорындармен құрылған салалық банктер болып табылады.
Банктердің екінші тобы экономикалық реформалардың алғашқы сатысында құрылған ірі коммерциялық операциялардың көмегімен алынған капиталдар арқылы құрылған.
Соңғы кезде банктер басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың бағалы қағаздарын иемденуде. Банктерге қаражаттар салатын инвесторлардың мақсаты - өзіне меншік құқығын сақтап қалу. Өз қызметінің ерекшелігі ретінде шетелдік бәсекелстіктің болмауынан банктер меншік құқын жекешелендірудің бастапқы сатысынан жеңіп алды. Экономикалық бақылаудан бәсекелестерді ығыстыру нәтижесінде қаржылық капитал мемлекетпен беттеседі. Қазақстанның Ұлттық Банкі бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін нығайтып, ақша несие сферасын реттеуде өзінің рөлін күшейтті.
Банктік бағалы қағаздың банктік емес мекемелердің бағалы қағаздарынан ерекшелігі болып банктік бағалы қағаздар эмиссиялайтын мекемелерге Ұлттық Банк тарапынан қатаң қадағалау жасауда. Өзінің қызметінде клммерциялық банк капитал жеткіліктігін және баланс өтімділігін төмендетуге рұқсат бермейтін міндетті нормативтерді басшылққа алады.
Вексельді және басқа да қарыздық міндеттемені сатудан түскен қаражаттардың жарты бөлігі Ұлттық Банктің арнайы шотында резервіленіп, банктің салымы алдында міндеттеме бойынша қамтамасыз етіледі.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 183 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |