Читайте также:
|
|
ІІ. Мақсаты: Студенттерге препараттар мен муляждарда буындардың құрылымдық элементтерін және оның көмекші аппаратын тауып көрсетуді үйрету. Сүйек қосылыстарының жіктелуін білу.
III.Оқыту міндеті: Студент білуі керек: буындарда қозғалыс келесі 3 басты біліктер арқылы орындалады.
1. Фронтальды білікте- бүгу-flexio, жазу extensio
• 2. Сагитальды білікте- әкелу- adductio, әкету-abductio
• 3. Вертикальды білікте- ауқымды айналу- rotatio, ішкі-pronatio, сыртқы- supinatio
• 4. Айналымдық қозғалыс- circumductio
ІV. Сабақ өткізу тәсілі: Шағын топтар, жағдайлық есептер, пікір-таластар
V. Тақырып бойынша тапсырма:
1. Қосындыларды жіктеу
2. Үздіксіз қосылулар
3. Үзік қосылулар
4. Жартылай буындар
5. Пішін бойымен (жазық, шар тәрізді, блок тәрізді, айдаршық тәрізді, цилиндрлік, ертоқым)
6. Білік саны бойынша (бір біліктік, екі біліктік, көп біліктік)
VІ. Үлестірілетін материалдар: силлабус, әдістемелік нұсқаулар, тесттер жинағы
VIІ. Әдебиеттер:
1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І,II том 2004
2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы: «Кітап», 2006.
3. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.
Тест:
1.Бүгілу мен жазылу қандай буында орындалады
а) қарапайым буында
б) күрделі буында
в) үйлесімді буында
г) кешенді буында
2. Айнала қозғалу буынның қайсысына тән
а) шар тәрізді буын
б) шығыршықты буын
в) ертоқым тәрізді буын
г) цилиндр тәрізді буын
3. Сагиттальды ось бойынша қозғалу қай буынға тән
а) шар тәрізді буын
б) жалпақ буын
в) ертоқым тәрізді буын
г) шығыршықты буын
4. Қандай байлам жауырынның меншікті байламы болып табылады?
а) құстұмсықтәрізді-акромиалды байлам
б) жоғарғы көлденең жауырынды байлам
в) акромиальды-бұғаналық байлам
г) құстұмсықтәрізді-бұғаналық байлам
5. Акромиальды-бұғаналық буынға қандай байлам жатады?
а) құстұмсықтәрізді-акромиалды байлам
б) жоғарғы көлденең жауырынды байлам
в) акромиальды-бұғаналық байлам
г) құстұмсықтәрізді-бұғаналық байл
6. Иықтық буынға қандай байлам қатысады?
а) күрделі буынға
б) қарапайым буынға
в) үйлесімді буынға
г) кешенді буын
7. Иықтық буынға қандай байлам қатысады?
а) шар тәрізді буын
б) ертоқым тәрізді буын
в) айдаршықты буын
г) цилиндр тәрізді буын
8. Иықтық буынның қандай байламдары бар?
а) құстұмсықтәрізді-акромиалды байлам
б) акромиальды-бұғаналық байлам
в) төменгі көлденең жауырынды байлам
г) құстұмсықтәрізді-иықтық байлам
9. Мына айтылғандардың қайсысы саусақаралық буынға жатады?
а) қарапайым буын
б) кешенді буын
в) күрделі буын
г) үйлесімді буын
10. Иық-саусақаралық буын қандай буынға жатады?
а) шар тәрізді буын
б) шығыршықты буын
в) цилиндр тәрізді буын
г) ертоқым тәрізді буын
11. Проксималды кәрі-шынтақтық буынға қандай байлам жатады?
а) жалпақ буын
б) шығыршықты буын
в) ертоқым тәрізді буын
г) цилиндртәрізді буын
12. Саусақаралық буынға қандай байлам жатады?
а) шынтақты коллатериалды байлам
б) кәріжілікті коллатериалды байлам
в) кәріжіліктің сақиналық сүйегі
г) квадраттық байлам
13. Дисталды шынтақ-кәріжілік буыны пішіні бойынша қандай буынға жатады?
а) шығыршықты буын
б) жалпақ буын
в) цилиндр тәрізді буын
г) шар тәрізді буын
14. Проксималды шынтақ-кәріжіліктік буын құрылысы жағынан қандай буынға жатады?
а) кешенді буын
б) күрделі буын
в) үйлесімді буын
г) қарапайым буын
15. Кәрі жілік білезіктік буынға қатысатын сүйектер?
а) бұршақ тәрізді сүйек
б) үшбұрышты сүйек
в) қайық тәрізді сүйек
г) кәрі жіліктік сүйек
16. Кәрі жілік білезік буынына қатысатын құрылымдар?
а) кәрі жілік
б) буындық диск
в) жарты ай тәрізді сүйек
г) қайық тәрізді сүйек
17. Кәрі жілік білезіктік буын құрылысы жағынан қандай буынға жатады?
а) кешенді буын
б) күрделі буын
в) қарапайым буын
г) үйлесімді буын
18. Ортаңғы білезікті буынға қатысатын сүйектер
а) қайық тәрізді сүйек
б) басты сүйек
в) бұршақ тәрізді сүйек
г) ілмек тәрізді сүйек
19. Ортаңғы білезіктік буын құрылысы жағынан қандай буынға жатады
а) қарапайым буын
б) кешенді буын
в) үйлесімді буын
г) күрделі буын
20. Бұршақ тәрізді сүйекті буынға қатысатын сүйектер
а) бұршақ тәрізді сүйек
б) шынтақ сүйек
в) үшбұрышты сүйек
г) трапециялық сүйек
21. Білезік-алақандық буын құрылысы жағынан қандай буынға жатады?
а) күрделі буын
б) қарапайым буын
в) үйлесімді буын
г) кешенді буын
22. Білезік-алақандық буындағы үлкен саусақ буыны пішіні бойынша:
а) цилиндрлік буын
б) ертоқымды буын
в) шартәрізді буын
г) эллипс тәрізді буын
Дата добавления: 2015-01-07; просмотров: 184 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |