Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылымның құрылымы және атқаратын қызметі

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Ағымдық және жедел жоспарлау
  7. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  8. Абілет және нышан
  9. Абсолютті және қатыстық шамалар
  10. Абылдау және оның физиологиялық негізі

Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.

Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану — қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.

Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.

Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.

Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні — Бүкіл әлем. Космоло-гия — космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.

Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты — қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді.

Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.

Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына — гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.

Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зер-ттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.

Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз — арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.

Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:

1) түсіндіру — табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;

2) жүйелеу — жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;

3) суреттеу — қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;

4) болжам жасау — дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;

5) қорытынды жасау — табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;

6) жаңалық ашу — табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;

7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру — алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;

8) дүниетанымдық — алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.

Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жи-нақтады, ғылыми білім — сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып са-налады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.

 

Ғылымның барлық тарихын дифференциация және интеграция процесстерінің қиын диалектикалық құрылымынан өтеді; шындықтың барлық жаңа аумақтарын жетілдіру мен түсінікті тереңдету ғылымның дифференциациасына әкеледі; сонымен қоса білім синтезіне деген қажеттілік әрдайым ғылым интеграциясы қарқыны сөзімен байланысты болып келеді. Алғашында ғылымның жаңа салалары пәндік белігелі бойынша формаланды- жаңа облыстарды білу процесі мен әрекеттілік жағынан бірге жетілдіре отырып. Жаңа заманғы ғылым үшін барынша сипатталған ауысым ретінде пәндіктен мәселелік ориентацияңа көшу болып саналады. Осымен байланысты биофизика секілді бір жерге түйісетін ғылымдар торабы қалыптасты. Олардың пайда болуы ғылым дифференциациасы процесінің жаңа формасымен жалғасады, сонымен қоса жалпыланған ғылыми дисциплиналар үшін жаңа негіз береді.

Ғылымның жеке салалары қатынасы бойынша маңызды интеграциялаушы қызметті философия орындайды, ол әлемнің ғылыми картинасын біріктіреді, сонымен қатар математика, логика, кибернетика секілді жеке ғылыми пәндерді де біріктіре алады.

Ғылымды келесі теориялардан тұратын жүйе ретінде де қарастыруға болады: әдістемелер, әдістер және зерттеу техникалары; алынған нәтижені жетілдіру тәжірибесі. Егер ғылымды түсініктің субьектісі мен обьектісі арасындағы өзара әрекеттестік тұрғысынан қарайтын болсақ, онда ол келесі элементтерден тұрады: обьектті – дәл, анық ғылым зертейді.Мысалы, қаржылық теория көлемі қаржының пайда болуы мен дамуының, оның бағытталуы мен қызмет атқаруы негізгі заңдылықтары болып табылады; субьект- пысықталған ғылыми жұмысшы, маман, зерттеуші, ғылыми ұйым, анықталған әдістерді, тәсілдерді қолданылатын субьекттердің ғылыми әрекеті.

Ғылымның дамуы дерек жинаумен, оларды зерттеу мен жүйелеу, қазыр танымал деректерді түсіндіу мен жаңасын ойлап табуға мүмкіндік беретін жеке заңдылықтарды табу мен ашу арқылы жүзеге асады.

 

Түсіну жолы тірі түсініктен абстрактылы ойлау және соңғысынан бастап тәжірибеге дейін анықталады.

Түсіну процесі деректердіжинақтауды көрсетеді. Жүйелеу мен біріктірусіз, логикалық негіздеусіз ешқандай ғылым деректері жүзеге аса алмайды. Деректер- ғалымдар үшін қажетті материал болса да өз өзімен ғылым бола алмайды. Дәлелдер жүйеленген, біріккен түрде ғана шыққанда ғылыми білімнің қосымша бөлігі бола алады. Дәлелдер қарапайым абстракциялар- ғылымның мағызды құрылымдық элементі болып саналатын анықтамалар көмегімен жүйеленеді. Барынша кең түсінік ретінде категориялар саналады. Категорияларға философия бойынша форма және құбылыстар мазмұны туралы философиялық түсініктер жатса, ал экономикалық теорияда- бұл тауар, құн.

Білімнің маңызды формасы- тұжырымдар, аксиомалар. Тұжырымдар арқылы ғылымның қандай да бір саласының жағдайын түсінуге болады. Олар білімді жүйелеудің алғашқы формасы болып табылады.

Ғылыми білімдер жүйесінде маңызды құрылымдық звено ретінде ғылыми заңдылықтар саналады. Әдетте заңдар түсініктер мен категорияларының анықталған қатынасы формасында шығады.

Білімді біріктіру мен жүйелеудің барынша жоғарғы формасы теория болып табылады. Теория арқылы ғалымдар процесстер мен құбылыстар бар екенін, оларға әр түрлі факторлардың әрекетін талдау және оларды адамдардың тәжірибесінде қолдану бойынша бағыттамалар ұсынуға көмектесетін біріккен тәжірибені түсінеді.

1.2, Ғылым жіктемелері

Ғылыми дисциплиналарды 3 үлкен топқа бөліп қарастыруға болады- табиғи, қоғамдық және техникалық. Бұл топтар арасында айрықша қырлар жоқ- ғылыми пәндер қатары күнделікті жағдайда қала береді. Мысалы, техникалық және қоғамдық ғылымдар торабында техникалық эстетика жатыр, ал табиғи және техникалық ғылымдар арасында –бионика, табиғи және қоғамдық ғылымдар арасында- экономикалық география бар. Осы көрсетілген топтардың әрқайсысы өз кезегінде әртүрлілік тәсілімен координациялық және субординациялық пәндік және жеке ғылымдардың әдістемелік байланыстарымен жүйені сипаттайды. Ғылымның қандай да бір саласында жүрзіліп отырған дәстүрлі зерттеулерде жаңа заманғы ғылымның мәселелік сипаттамасы өмірде пәнаралық және кешендік зерттеулерді тудырды. Бұған мысал техникалық ғылымдар, биология, жер туралы ғылымдар, медицина, экономика, математика түйісінде орналасқан табиғатты қорғау мәселесін зерттеу болып саналады.

Ауқымды шаруашылықтық және әлеуметтік тапсырмаларды шешумен байланысты туындайтын мәселелер мұндай түрі жаға заманғы ғылымдар үшін тансық. Өзінің практикаға бағытталғандығы және қатысы бойынша жеке ғылымдарды фундаменталды және қосымша ретінде бөлу қабылданған. Фундаменталды ғылымдар тапсырмасы табиғаттың, қоғамның және ойдың базистік құрылымының өзара әрекеттесуін басқаратын заңдарды түсіну болып табылады. Мұндай заңдар мен құрылымдар «таза түрде» зерттеледі. Сондықтан фундаменталды ғылымдарды кейде «таза» деп те атайды.

Қолданбалы ғылымдар мақсаты- әлеуметтік-тәжірибелік мәселелерді шеші үшін фундаменталды ғылым нәтижесін қолдану. Сондықтан мұнда жеңіс кретериіне шындыққа жету ғана емес, әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру жолы да қызмет атқарады. Қолданбалы ғылымдар мен тәжірибе торабында зерттеудің айрықша облысы- қолданбалы ғылымдар нәтижесін техноогиялық процесстер, конструкциялар, өнеркәсіптік материалдар формасына келтіретін қайта жасалымдар дамиды.

 

 

3.Сеидеметов

Эмпирикалық білім элементтерінің факторы болып, нысандар мен құбылыстардың қасиеттерінің конструкциялық сапалық және сандық эксперименттерінің көмегімен алады. Эмпирикалық қасиеттердің арасындағы тұрақты қайталану жиі болжалды қасиетке ие эмипирикалық заңдармен анықталады.

Сонымен, зерттеудің теоретикалық деңгейі логикалық методтардың басымдығымен анықталады. Бұл деңгейде алынған фактілер зерттеліп, логикалық білім көмегімен өңделіп, тұжырымдалып және заңдармен немесе тағы басқа ойлау формаларымен өңделеді. Мұнда зерттеліп отырған нысан ойша анализденіп, жинақталып, ішкі байланыстары мен даму заңдары айқындалады. Бұл деңгейде сезім мүшелерімен тану (эмпирия) қатыспауы мүмкін, бырақ ол бағынышты болып тұрады. Тероретикалық танымның құрылымдық компоненттері мәселе (проблема), гипотеза және теория болып табылады. Мәселе ретінде күрделі теоретикалық немесе практикалық тапсырманы және сол тапсырманың белгілі немесе толық белгілі емес шешу жолдарын айтамыз. Гипотеза – зерттеліп жатқан нысанның құрылымын және ішкі қасиеттерін, құрылымдық элементтердің ішкі байланысын айқындайтын дәлелденетін ұсыныстың себебін түсіндіруді талап етеді. Гипотеза ғылыми деп тек фактілермен дәлелденген кезде ғана айта аламыз, сонымен қатар келесі бір тәжірибенің дұрыс дәлелденген фактілері шыққанға дейін гипотеза болып сақталады, кері жағдайда ол тек фракция болып қала береді. Гипотеза шындыққа қол жеткен эксперимент ретінде алынған лайықты тәжірибе фактілерімен анықталады. Сонымен, ғылыми гипотеза төмендегі талаптарға сай болу керек: 1) релеванттық, яғни өзі сүйеніп отырған фактілерге қатысты; 2) тәжіриберлі жолмен тексеру (тексерілмеген гипотезаны қоспағанда); 3) бұрыннан келе жатқан ғылыми біліммен қосылғанда; 4) түсіндірішілік күшке ие, яғни гипотезадан зерттеу фактілерінің дәлелденген бөлігі шығарылу керек. Үлкен түсіндірушілік күшке ең көп фактілер шығарылғын гипотеза жатады. 5) Қарапайымдылық, яғни ешқандай еріктілік болмау керек.

Ескі дәлелденген гипотезалармен орындалған гипотезамен шектелген ғылыми облыста кейбір тәжірибе фактілер теорияны құрайды. Теория толық дұрыс білім жүйесін құрайды. Ол білімді жүйелеудің және жинақтаудың ең жоғарға формасы болып табылады. Теория- бұл жинақталған тәжірибені оқыту, ғылыми принцптермен әдістерді формалайтын, оларды жинақтап, бар процестермен құбылыстарды таныйтын, оларға әсер ететін әр түрлі факторларды анализдейтін және адам өміріне қолдануды ұсыну. Теоря тек фактілердің жиынтығын анақтамайды, бырақ оларды түсіндіреді, яғни, құбылымстар мен процестердің пайда болу және дамуын анықтайды. Барлық теориядағы ұсыныстар мен қорытындылар негізелген және дәлелденген болуы керек.

Түсінік, талдау, заңдар, ғылыми ұсыныстар, идеялар және т.б. элементтер теория құрылымын құрайды.

 

Түсінік – көптеген заттарға немесе құбылыстардың керекті белгілерін айқындайтын ой.

Категория – құбылыстар мен заттардың байланысын және қасиетін анықтайтын жалпы фунтаменталды түсінік. Категорялар философиялық, жалпы ғылыми деп бөлінеді.

Ғылыми термин – ғылымда қолданылатын түсінікті белгілейтін сөз немесе сөз құрамы.

Талдау – бір нәрсеге келісетін немесе келспейтін ой.

Принцп – қандайда бір ғылым саласындағы ұқсас ұстанымдар. Олар білімді жүйелеудің ең басты формасы болып табылады.

Аксиома – бұл орындалған ережелерден шығарылатын, белгіленген тәртіп бойынша бастапқы, дәлелденбейтін қалып және одан белгіленген тәртіп бойынша өзге жағдайлар шығарылатын

Заң – қандай да бір облыстағы заттардың жалпы барысын білдіретін жағдай.

Жағдай – жинақталған ой, ғылыми ұстаным.

Идея – бұл:

1) құбылыстардың жаңа инуитивті түсіндірмесі;

2) терорядағы негізгі жағдайды анықтайды.

Концепция – ғылыми идеяларды қосатын, теоретикалық көзқарастардың жүйесі, негізгі ой.

Эмпирикалық зерттеу деңгейі сезім тануына ие болумен анақталады (ішкі өмірді сезім мүшелерімен анықтау). Бұл деңгейде теоретикалық танымның формасы қатыспайды, бырақ бағынышты мағынада қолданады. Эмпирикалық және теоретикалық зерттеу деңгейінің әрекеттесуі:

1. фактілердің жиынтығы теорияның практикалық негізін немесе гипотезаны құрайды;

2. фактілер теоряны дәлелдеуі мүмкін немесе оны жоққа шығарады;

3. ғылыми факт арқашан теориямен төмен түседі, өйткені ол таным жүйесінсіз құрылмайды;

4. эмпирикалық зерттеу қазыргі заманға ғылымда қайта анықталып, теориямен бағытталады

 

Ғылымның теориялық деңгейінің жасақталуы, оның эмпирикалық деңгейінің сапалы өзгерістеріне алып келеді. Егерде теорияның жасақталуына дейін эмпирикалық материал қарапайым тәжірибенің және тілдің негізінде алынған болса, теориялық деңгейдің пайда болуымен ол тәжірибелер бағыттарын анықтайтын теориялық концепциялардың мағынасының призмасынан көріне бастады

Зерттеудің эмпирикалық деңгейінің құрылымына фактілер, эмпирика- лық қорытындылармен заңдылықтар кіреді.

«Факт» ұғымы бірнеше мағынада қолданылады: Объективті оқиға, объективті оқиғаға немесе сана немесе таным сферасына қатысты нәтиже (шынайылылық фактісі); объективті шынайылылықпен сәйкестігі дәлелденген белгілі бір оқиға, құбылыс туралы мәлімет(ақиқат); Бақылаулар және эксперимент барысында алынған білімдерді бекітетін сөйлем.

Эмпирикалық жалпылау – олардың негізінде белгілі бір қорытындылар жасауға немесе қателіктерді табуға мүмкіндік беретін белгілі бір ғылыми фактілер жүйесі.

Эмпирикалық заңдылықтар бақылаудағы құбылыстар арасындағы қатынастағы тұрақтылық, құбылыстардағы жиілілікті көрсетеді. Бұл заңдар теориялық білім болып саналмайды. Шынайылылықтың елеулі байланыстарын ашатын теориялық заңдарға қарағанда, эмпирикалық заңдар тәуелділіктің салыстырмалы түрде жеңіл деңгейде сипаттайды.

Ғылыми зерттеу сәтті болуы үшін оны дұрыс ұйымдастыру, жоспарлау және белгілі бір тәртіппен жүзеге асыру қажет (зерттеу процедурасы). Бұл әрекеттердің жоспарларымен тәртібі ғылыми зерттеудің түрі, объектісі және мақсатына байланысты. Мәселен, егерде ғылыми зерттеу техникалық тақырыптарда жүргізілетін болса, алғашында негізгі жоспар алды құжат – техникалық-экономикалық негіздеме жасақталады, ал содан кейін теориялық және эксерименталдық зерттеу жүзеге асырылады, ғылыми-техникалық есептеме жасалады және жұмыстың нәтижесі өндіріске енгізіледі. Студенттердің экономикалық тақырыптардағы жұмыстарына қатысты олардың орындалуының келесідей тәртібін атауға болады:

1. дайындық;

2. теориялық және эмпирикалық зерттеулерді жүргізу;

3. қолжазбамен оны рәсімдеуге қатысты жұмыстар;

4. ғылыми зерттеудің нәтижелерін енгізу.

Ең бірінші кезекте, ғылыми зерттеу жұмысының әр бір кезеңіне қатысты жалпы сипаттама беру, ал содан кейін студенттердің ғылыми зерттеуін орындау үшін ең маңыздыларын анықтап алу қажет.

Дайындық кезеңіне: тақырыпты таңдау; сол тақырып бойынша зерттеудің қажеттілігі туралы негіздеме; зерттеудің мақсаттарымен міндеттерін, гипотезаларын анықтау; ғылыми зерттеудің бағдарламасын немесе жоспарын жасақтау; зерттеу құралдарын дайындау(инструментарий). Алғашында ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы жасақталады және оны жасақтаудың себептерін негіздейді. Тақырып бойынша әдебиеттермен және материалдармен алдын – ала танысқаннан кейін, тақырыптың мәселелері қаншалықты деңгейде зерттелгендігі және олардың нәтижелері қандай екендігі анықталады. Жауаптары жоқ немесе қажетті дәрежеде жоқ мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет. Нормативтік құжаттардың, отандық және шетелдік әдебиеттердің тізімін, жарияланған сот практикасының картотекасы жасақталады. Зерттеу әдістемесі жасақталады. Анкета, сауалнамалары, интервью бланкілерін, бақылау бағдарламалары және т.б. түрдегі ғылыми зерттеу жұмыстарының құралдары дайындалады. Олардың жарамдылығын анықтау үшін алдын ала ұшқыштық деңгейдегі зерттеулер жүргізіледі.

Зерттеушілік кезең тақырып бойынша әдебиеттерді, статистикалық мәліметтерді және архивтік материалдарды жүйелі түрде зерттеуден; теориялық және эмпирикалық зерттеулерді, соның ішінде алынған мәліметтерді жинау, өңдеу және анализдеуден; жаңа ғылыми фактілерді түсіндіру, ережелерді, қорытындылармен тәжірибелік ұсыныстарды жасақтау және оларды негіздеуден құралады.

Үшінші кезеңге келесілер жатады: жұмыстың композициясын анықтау(ішкі құрылымын құру); тараулардың, параграфтардың атауларын нақтылау; қолжазбалық нұсқасын дайындау және оны редакциялау; мәтінді, соның ішінде пайдаланған әдебиеттермен қосымшаларды рәсімдеу.

Төртінші кезең зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу және сол бағытта автордың сүйемелдеуден тұрады. Ғылыми зерттеулер әрқашан осы кезеңмен аяқталмайды, себебі кей жағдайларда студенттердің ғылыми жұмыстары (мысалы, дипломдық жұмыстары) құқыққорғау органдарының қызметіне және оқу үрдісіне енгізуге ұсынылады.

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 271 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав