Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Өнім сапасын арттырудың объективті қажеттілігі. Негізгі ұғымдары

Читайте также:
  1. Ақиқаттың объективтілігі
  2. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  3. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  4. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  5. БҰДСЖ негізгі принциптері
  6. Бақылаудың объективті қажеттілігі
  7. ББК төрағасы Негізгі пәндер департаментінің директоры
  8. Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.
  9. Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.
  10. Дәріс. Негізгі дидактикалық қағидаларды қазақ тілі сабағында іске асыру

1. Өнім сапасын арттыру – кәсіпорынды дамытудың объективті заңдылығы.

2. Өнім сапасын бағалаудың негізгі көрсеткіштері мен түсініктері.

3. Сапа көрсеткіші салмақтылығы коэффициентін анықтаудың эксперттік әдістері.

4. Өнім сапасын көтерудегі экономикалық тиімділікті анықтау.

 

1. Өнім сапасын арттыру – кәсіпорынды дамытудың объективті заңдылығы

Өнім сапасын көтеру мәселесі кез келген кәсіпорын үшін маңызды, сапаны көтеру мәселесінің маңыздылығы арта түседі: біріншіден, барлық ғылыми - өндірістік қызмет салаларында түпкілікті сапалық өзгерісті саралайтын ЃТП талаптары артты. Өнім ерекшелігі мен сипатына талаптар күшейтілуде (сенімділік, ұзақ мерзімділік, сақталуы, эксплуатациялаудағы тиімділігі, тоқтаусыздық, эстетикалық).

Дайын өнім сапасын жақсарту өз кезегінде шикізат, материалдар, жабдықтаушы бұйымдар сапасын көтеруді, жаңа прогрессивті технологиялар мен өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру әдістерін енгізуді талап етеді.

Екіншіден, қоғамдық бөліну мен еңбек кооперациясы тереңірек жалғасын табуда, бұл ішкі салалық, салааралық және мемлекетаралық өндірістік байланыстардың күрделенуіне әкеледі. Кез келген бұйымның жоғары сапалылығы әр жұмыскердің оның өндірістің қай сатысында екендігіне тәуелсіз түрде тең және сөзсіз жауапкершілігін талап етеді.

Үшіншіден, тұтынушылықтың сапалық көрінісін өндіріс құралдары мен тұтыну заттарымен қанағаттандыру шегі бойынша бірінші орынға олардың сапалық сипаты қойылады.

Сапаны көтеру – бұл сол шикізат пен материал санынан қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын өнімді шығару дегенді білдіреді.

Төртіншіден, басқа елдермен сауда – экономикалық байланыс кеңейтілуді, бұл өнім сапасын үнемі көтеруді қажет етеді. Сапасы жоғары өнім шығаратын кәсіпорындар өз өнімдерін сәтті өткізеді.

Бесіншіден, өнім сапасын көтеру техникалық және экономикалық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік міндеттерді шешуге де мүмкіндік береді.

 

2.Өнім сапасын бағалаудың негізгі көрсеткіштері мен түсініктері

Сапа категориясының экономикалық мазмұны өнімнің қоғамдық пайдалылығы бағасымен анықталады. Бұл пайдалылықтың шегі болып қоғамдық қажетті сапа табылады. Ол қоғам иелігінде бар материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану кезінде қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын өнімнің тұтынушылық ерекшеліктерінің сондай деңгейге жетуін алдын ала анықтайды.

Тұтынушылық құндылығын өнімнің қанағаттандыру сапасының деңгейі бойынша бағалау.

1979 жылы СССР Мемлекеттік комитеті стандарттар бойынша «Өнім сапасын басқару» ГОСТ 15467 – 79 дайындады және қабылдады. Көрсетілген ГОСТқа сәйкес «Өнім сапасы» - өнімнің тағайындалуына сай белгілі қажеттілігін қанағаттандыруға жарамдылығын анықтайтын оның ерекшеліктерінің жиынтығы.

Өнім қасиеті болып оның өндірісте, эксплуатациялауда немесе тұтынуда туындайтын объективті ерекшеліктері табылады. Өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері бар. Өндірістік қасиетіне өндіріс үрдісінде құрылатын барлық ерекшеліктерінің жиынтығы кіреді. Өнімнің тұтынушылық қасиеті тұтынушы үшін мәнді және маңызды болып табылатын көрсеткіштерінің жиынтығын сипаттайды. Бұл өнімнің шынайы сапасы. Қасиеттер мен көрсеткіштердің сандық сипаттамасы өнім сапасының көрсеткіші деп аталады. Сипаттайтын қасиеттерінің саны бойынша сапа көрсеткіштері жекелік, кешенді, анықтаушы және интегралды болып бөлінеді.

 

3.Сапа көрсеткіші салмақтылығы коэффициентін анықтаудың эксперттік әдістері

Сарапшы – бұл берілген міндетті шешуге міндетті маман.

Есепті шешудің экспертті әдісі жалпыланған тәжірибе мен маман – сарапшылардың интуициясын пайдалануға негізделген. Бұл әдіс оның деңгейі мен экономикалық тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын әр сапа параметрінің көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.

Өнім қасиеті не көрсеткіші немесе сапа деңгейін бағалаудағы экспертті әдіс шектеусіз бірлікте анықтайды. Сарапшылар бағасының сандық анықтамасы келесі түрде болады:

1. Барлық бағалау нысандары еркін нөмерленеді.

2. Сарапшылар нысандарды шкала бойымен тұрғызады.

3. Сарапшылар құраған боймен қойылған нысандар салыстырылады.

4. Әр эксперттік бағалау нысанының ранг соммасы анықталады.

5. Алынған ранг соммасы негізінде жинақталған бойлық қатар құрады.

6. Сараптаудың қарастырылған нысандарының сапасын жинақталған сарапшылық бағалау, яғни олардың салмақтылығының коэффициенті мына формуламен есептеледі:

 

 

мұндағы n – сарапшылар саны;

m – бағаланушы көрсеткіштер саны;

Qу – i – сарапшы берген рангтағы (балдағы) j көрсеткішінің ауырлық коэффициенті.

Сапаның эксперттік әдіспен алынған бағасын талдай келе, нысанның тек жақсы не жамандығын ғана емес, сонымен қатар қаншалықты деңгейде екендігін де анықтауға болады.

 

4.Өнім сапасын көтерудегі экономикалық тиімділікті анықтау

Өнім сапасын көтерудегі экономикалық тиімділікті анықтау. Тұтыну саласындағы бұйымның сапалық көрсеткішін көтерудегі жылдық экономикалық тиімділіктің көлемі (Этұт.) келесі формуламен анықталады:

 

 

И1, И2 – жоғары сапа көрсеткішті бұйымымен және нұсқалармен салыстыру үшін базаға алынған бұйыммен орындалған жұмыс бірлігінің өзіндік құны, теңге;

К1, К2 - жоғары сапа көрсеткішті бұйымымен және нұсқалармен салыстыру үшін базаға алынған бұйымды пайдаланушы тұтынушының капиталдық салымы (баға), теңге;

ЕН – капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің нормативті коэффициенті;

У – тиімділік теңдігін анықтаудағы бұйым сапасы көрсеткіштері арақатынасын ескеретін коэффициент мына формуламен анықталады

мұндағы

w - базалық бұйымның (параметр) техникалық көрсеткіштер бойынша және жақсартылған көрсеткішті бұйым эквиваленттілігінің коэффициенті мына формуламен анықталады

 

 

мұндағы wб, wН – техникалық деңгейдегі базалық бұйым мен сапаның жоғары техникалық көресткішті (параметрлі) бұйымының коэффициенттері мына формуламен анықталады:

 

 

мұндағы а1 – эталонға алынған, эталон бойынша анықталатын бұйымға қатысы бойынша неғұрлым жоғары сапалы базалық бұйымның әрбір і – сапалық көрсеткішінің салмақтылық коэффициенті мына формуламен анықталады

 

мұндағы Віб, Вінэ, Віэ – салыстырмалы базалық бұйымдардың (параметр) әрбір і – сапа көрсеткіші мәні.

Негізгі әдебиет:1,2,5,8,16

Қосымша әдебиеттер: 17,18

 




Дата добавления: 2014-12-15; просмотров: 97 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав