Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Негізгі дидактикалық қағидаларды қазақ тілі сабағында іске асыру

Читайте также:
  1. Ақпаратты-дидактикалық блок
  2. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  3. БҰДСЖ негізгі принциптері
  4. ББК төрағасы Негізгі пәндер департаментінің директоры
  5. Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.
  6. Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.
  7. Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік педагогтың өзін-өзі бақылауын жүзеге асыру
  8. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде
  9. Дәріс. Қазақстан Республикасының салық құқығының негіздері
  10. Дәріс. Әлеуметтік педагогикалық менеджмент нысандарының түрлері

Олигофренопедагогикада негізгі қағидалардың бірі-тәрбиелеп оқыту қағидасы. Қазақ тілі сабағы балада тұрақты тұлғалық қасиеттің қалыптастыруында және жағымды әдеттерді қалыптастыруда тиімді жағдайларды ұйымдастырады. К.Д. Ушинский ана тілі туралы «Әйгілі педагог және ұстаз» деп айтып кеткен. Тілді меңгере отырып бала «Халықтың рухани өмірінің тәжірибесі берілген» байлықты иегері алады.

Көмекші мектепте саналылық және белсенділік қағидасы да аса зор маңызға ие. Оның мазмұнын анықтай келе Т.М. Дульнев оқушыларды оқыту процесі оларды толығымен материалды түсінуге, оқу еңбегіне саналы түрде әрекет етуін қамтамасыз етіп, ойлау қабілетін жетілдіріп, қабілеттілігін дағдыландырып, меңгерген білімін практикалық әрекет қолдана алуын қамтамасыз ету қажет. Материалды саналы түрде меңгеру, оқушының белсенді әрекеті негізінде ғана іске асады, сондықтан да екі процесс тығыз байланыста жүреді.

Саналылық және белсенділік оқытудың көрнекілігімен тығыз байланыста. Сезіну тәжірибесінің аздығынан, зият кемістігіне байланысты талдау, жинақтау анализдерінің бұзылуы, ақыл-ойы кемтар тұлғалардың берілген материалды баяу меңгеруіне әкеп соқтырады. Өткен тәжірибеге сүйенбейтін және кейін практика жүзінде тексерімейтін білім түрлері тез ұмытылып қалады немесе қате қабылданып, оны қолдануда біршама қиындықтарға алып келеді.

Қазақ тілі сабағында дәстүрлі құралдар, табиғи көріністер, үлкен көлемді бейнелер, техникалық құралдар қолданылады. Қазақ тілінің дамуында ауытқушылықтары бар балалар меңгеруде берілген білімнің меңгерілу деңгейі аса маңызды болып табылады. Оқыту материалын меңгерілуіне байланысты келесі критерийлерді ажыратады:

1. Ғылымилық жалпылығының деңгейі. Жаңа ережелер, түсініктер екеуден көп абстрактілік сипатқа ие болмау керек. Мысалы: зат есім заттың атын білдіреді; кім? Не? деген сұраққа жауап береді.

2. Баланың өмірімен байланыстыру. Ең алдымен оқушылардың тәжірибесімен сәйкес келетін материал меңгеріледі.

3. Оқу материалын беруде концентрикалық түрде болуы керек.

4. Оқушыларды жаңа материалды меңгеруге міндетті түрде даярлау.

Әңгімемен жұмыс кезінде немесе түсіндірме шығармашылық оқу сабақтарының үстінде мұғалім суретпен жұмысты экскурсия, мұражайға баруды қолданады. Жаңа грамматикалық немесе орфографиялық тақырыпты меңгеру өткен материалды қайталаумен бірге жүреді. Меңгерілген материалды практикада қолдану оның мықтылығына негізделеді. Оны іске асыру үшін жеке және дифференциалды ықпал ету қағидасын қолданған жөн. Дұрыс жазудың ерекшелігі сауатты жазу дағдыларының бағыттарын анықтайды және ол орфографиялық емлені саналы түрде қабылдау және практикада қолдануды іске асырады.

Екіншіден, меңгерілген материалды қайталау процесі жиі қолданылуы керек. Ақыл ойы кемтар балаларда білік және дағды баяу іске асады және тұрақсыз болып келеді. Сондықтан да өтілген материалды әр сабақ үстінде қайталап отыруы керек.

Үшіншіден, жаттығулар әр түрлі болу керек. Жаттығулардың түрлі сипатта болуы оқушыларда білік дағдының икемділігін негіздейді және меңгерілген білімді бір жағдайда екінші жағдайға ауыстыруға мүмкіндік береді. Осылайша орфографиялық ережені меңгеріп оқушылар жеке сөздер, сөйлемдер, әңгімелер негізінде жаттығулар орындайды.

Жалпы дидактикалық қағидаларды қолданумен қатар қаралып отырған әдістеме жеке ғылым ретінде білім беру процесінде тілді меңгеру заңдылықтарына сүйене отырып, жеке әдістемелік қағидаларды енгізді. Заңдылықтардың өзін алып қарастыратын болсақ, ол адамның сөйлеу тілі дамуының немесе жеке мүшелерінің (сөйлеу аппарты, бұлшық еттер, мидың сөйлеу механизмі) деңгейінің дамуына байланысты. Заңдылықтарды нақты түрде шығару қағидалар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді.

Көмекші мектепте қазақ тіліне оқытудың негізгі қағидаларының бірі болып коммуникативтік бағыттылық қағидасы болып табылады. Сөйлеу тілінің дамымаушылығы және тілге деген қызығушылықтың болмауы зияты зақымдалған балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынста қиындықтар туғызады. Қазақ тіліне оқытудың бөлімдерін қарастыратын болсақ, мына қағидаларды атап кетуге болады:

1. Оқытудың коммуникативтік бағыттылығы.

2. Екі бағыттағы жұмысты іске асырудағы бірлікті сақтау: сөйлеу тілінің дамуы және ойлау қабілетін дамыту.

3. Оқушылардың тілдік және сөйлеу тілінің әрекетін белсендіру.

4. Тілді сезінуді қалыптастыру және балалардың оқу әрекетінде оған сүйену.

5. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамуында байланысты сақтау.

Сөйлеу тілі және ойлаудың дамуындағы бірлікті сақтау қағидасы психологиялық заңдылыққа сүйенеді және тіл, ойлау қабілетінің дамуын артта қалдырады және көрнекі бейнелі, көрнекі әрекетті кемістіктерді түзетуде кедергі келтіреді.

Өз маңыздылығы мен тілдік және сөйлеу тілін белсендіру қағидасы да ерекшеленеді. Арнайы мектептің әдіскерлері мен психологтары зияты зақымдалған оқушыларда сөйлеу тілінің дамымыушылығы және тіл белсенділігінің артта қалғанын анықтады. Зерттеулер көрсеткендей қосымша әдістерді қолдану оқушылардың тілге деген қызығушылығының артқанын көрсетті. Сөйлеу тілінің әрекетінің дамуы әр түрлі белсендіру жүйесі болмаса іске аспайды. Тек осы әдістемелік заңдылық тілдік және сөйлеу тілінің әрекетін белсендіру қағидасының негізі болып табылады. Берілген қағиданың оқыту процесінде іске асуы қазақ тілінің құрамына және бөлімдеріне негізделеді. әдістерді таңдау жаттығуларды саралау және мұғалімнің өзін-өзі ұстауына байланысты. Мысал ретінде осы қағиданың іске асуы әдеби ет сабағында қарастырылады.

Атап кеткен қағидамен тілді сезінуді қалыптастыру және балалардың оқу әрекетінде оған сүйену қағидасы тығыз байланысты. Қалыпты жағдайдағы бала ересектермен қарым-қатынаста тілдік нормалардың барлығын қабылдайды және оны коммуникативтік бағытта қолданады. «Түсінбей, тек есте сақтап алған білім нормалары тілді сезіну деп атайды». Тілдің заңдылықтары сезім арқылы қабылдау оның барлық деңгейінде көрінеді: фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және стильдік. Бұл жағдайда таныс сөздерді және сөз тіркестерін дұрыс қолдану ғана емес, сонымен қатар тілге деген қызығушылықтың дамуының күрделі процесі жүреді. Сонымен қатар тілдің құралдары: сөз, сөз тіркесі, сөйлем ұғымдарымен танысады және белсенді түрде қолданады.

Әдістемелік қағида ретінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамуында байланысты сақтау қағидасы да қарастырылады. Сөйлеу тілінің екі түрі де қарым-қатынас құралы болып табылады. Ауызша сөйлеу аяқ асты білім секілді жазбаша сөйлеу тілінен бұрын жүреді. Ол қарама-қарсы тұлғамен қарым-қатынасқа түсу құралы болып табылады және түрлі құралмен сипатталады: интонация, мимика, жест. Жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тілілінң негізінде қалыптасады және оның көшірмесі болып табылады. Дегенмен, құрылысы күрделі болып келетін жазбаша сөйлеу тілі кейбір ерекшеліктермен сипатталады, олар өз алдына жазбаша сөйлеу тілін ауызша сөйлеу тілінен ерекшеленеді.

 


Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2021 год. (0.033 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав