Читайте также: |
|
Курстық жұмысты дайындау келесі элементтерден құралады: ең бірінші беті, мазмұны, кірісп, кестелер, суреттер, есептеулер бар мәтін, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша.
Бірінші бет тақырып жазуға арналған. Онда: министрлік аты, оқу орны, факультеті, кафедрасы, пәні мен тақырыбы, жұмыстың авторының фамилиясы мен инициалдары, студенттің оқитын курсы мен группасы, жетекшінің фамилиясы мен инициалдары, ғылыми деңгейі, курстық жұмыстың орындалған жері мен жылы жазылады. Бірінші беттегі барлық сөздер толық жазылады.
Мазмұны бірінші беттен кейін орналасады. Тақырыпшаларды курстық жұмыс мәтінідегі ретпен орналастырады.
Жалпы көлемі түрде 25-35 бет (Times New Roman.14, полуторный межстрочный интервал) болуы керек.
Курстық жұмыста мазмұнында көрсетілген тақырыпшалар белгіленуі тиіс. Тақырыпшада сөздерд тасымалданбайды. Жұмысты жазу барысында абзацтарды белгілеу керек. Сөздер бір беттен екінші бетке тасымалданбайды. Берілген объектті толық талдау үшін кестелерді, суреттерді, диаграммаларды, схмаларды келтіруге болады.
Курстық жұмыста келтірілген барлық суреттер мен кестелер нөмірленуі тиіс. Оларды араб цифларымен жазады. Санның алдында «№» белгісі қойылмайды. Барлық кестелердің тақырыпшалары, ал суреттердің астында олардың мазмұнын ашатын мәтіндер болу керек.
Мәтіндегі барлық кестелер мен суреттерге сілетмелер болуы тиіс. Дәйексөздер мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Келтірілген дәйексөздерге, кестелерге, сандық көрсеткіштерге мәтінде алынған көзіне байланысты сілтеме жасалады.
Әдетте әр дәйексөзден кейін оның қайнар көзі көрсетіледі (тік жақшада), ол курстық жұмыстың соңында жазылатын әдебиеттер тізімінде болады. Сонымен қатар сілтеменің алынған бетін де көрсетеді. Мысалы: (4) б. 21. Мұнда «4» - жұмыстағы әдебиеттер тізімі бойынша алынған нөмір, ал «21» - беттің нөмірі.
Жұмыстағы барлық беттер нөмірленуі тиіс. Нөмірлену бірінші беттен басталады, ал нөмір кіріспенің бірінші бетіне қойылады. Бет нөмірі оң жақ жоғарғы бұрышта орналасады.
Егер мәтін ішінде формулалар болса, оларды нөмірлейді. Нөмірлерді беттің оң жағына, доғал жақшаның ішіне орналастрады, мысалы:
MV=PQ (1)
Әр нөмірленген формуланы жеке жолдың ортасына қояды. Әріптік белгілеулердің мағынасын жазу керек. Оны берілген формуладан кейін жазады, мысалы:
M=PQ/V (2)
мұнда М – ақша массасы; PQ – тауар бағасының сомасы; V – ақша айналымының жылдамдығы.
Курстық жұмыста барлық сөздер толық жазылады, тек қысқарылған сөздерен басқа. Жиі кездесетін сөздерді қысқартуға болады. Бірақ бірінші рет ол сөз толық жазылуы керек және жақша ішінде қысқартылған нұсқасы болу тиіс, мысалы: «Жалпы ұлттық өнім» (әрі қарай ЖҰӨ). Бұл тіркестің бас әріптерінің арасына нүкте қойылмайды. Сондай-ақ мәтіннен бос орынмен бөлінген тақырыпшаларда болмауы керек: бірінші бетте, кестелерде және жалпы қолданылатын өлшемдерде, мысалы: метр (м), килограмм (кг), тонн (т) және т.б.
Қосымшалардың реттік нөмірі және мәтінге сәйкес келетін сілтемелер болуы тис.
Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 202 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |