Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Постиндустриалды типті экономиканың құрылымы

Читайте также:
  1. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  2. Азақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы
  3. Азақстан Республикасының конституциялық қоғамдық құрылымы.
  4. Атом құрылымы және Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі
  5. Бөлім. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары.
  6. Басқарудың ұйымдық құрылымы
  7. Биоценоз кеңістіктегі құрылымы
  8. Білім беру жүйесіне анықтама. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
  9. Диплом жұмысыныңқұрылымы және оның қысқаша мазмұны
  10. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы

«Постиндустрализм» терминін ғылымға ХХ ғасырдың басында А. Кумарасвами енгізген, ол индустриалдыққа дейінгі азиялық мемлекеттердің дамуына маманданған. Қазіргі заманғы мағынада бұл термин алғаш рет 1950 жылдың аяғында қолданыла бастады, ал постиндустриялық қоғам концепциясы Гарвард университетінің профессоры Дэниел Беллдің атап айтқанда, 1973 жылы оның «Болашақтағы постиндустриялық қоғам» атты кітабы жарық көргеннен кейін жұмысы нәтижесінде кеңінен танылды.

Постиндустриялық экономикада материалдық игілік құнына неғұрлым үлкен үлесті өндірістің соңғы құраушысы – сауда, маркетинг, жарнамалар, яғни қызмет саласы - әкеледі, және де патент, НИОКР және т.б. түріндегі ақпараттық құраушылар.

Одан басқа, өте үлкен рөлді ақпарат өндірісі ойнайды. Бұл сектор материалдық өндіріске қарағанда экономикалық жағынан тиімді, себебі оның алғашқы үлгісін дайындау жеткілікті, ал көшіруге кететін шығындар жоқ.

В.Иноземцевтің пікірінше «постиндустриялы әлем ХХІ ғасырға толығымен, яғни технологияның әлемдік өндірісі мен күрделі жоғары технологиялық тауарларды бақылайтын, өзін өндірістік және ауылшаруашылық өніммен толықтай қамтамасыз ете алатын, және де сауда мен инвестиция көзқарасынан алғанда өзінше жеткілікті өзіндік әлеуметтік білімімен енеді.

 

2. Мемлекеттің құрылымдық саясаты және оның негізгі параметрлері.

Құрылымдық саясат мемлекеттік реттеу шаралар жүйесін көрсетеді, ол шаралар тұрақты ұзақмерзімді экономикалық өсу үшін және халық шаруашылығы құрылымдарын қайта құру үшінжағдайлар жасау мақсатымен, ішкі және сыртқы нарықтарда немесе ұлттық мүдделерге қызмет етушілерге бәсекеге қабілетті салаларды қорғау және марапаттау мақсатымен жүргізіледі.

Көптеген елдерде құрылымдық саясаттың маңызды мақсаты экономиканың экспорттық салаларын дамыту және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру болып табылады.

Құрылымдық қалпына келтірулерді жүзеге асырудың негізгі формалары салық саясаты болып табылады, атап айтқанда, жаңа және басқа басымдықты салалардағы салықтық жеңілдіктер, кейбір жаңаша салаларды тікелей қаржыландыру, оның ішінде оларды мемлекеттік сектор аумағында дамыту, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструторлық жұмыстарды қаржыландыру және олардың негізінде мемлекетті қолдау үшін өндірісті дамытудың болашақтық бағыттарын бөлу. Оның түпкілікті мақсаты – қоғам мүшелерінің игілігін қамтамасыз ету, адамдық капиталды дамыту және тиімді қолдану.

 

3. Белсенді өндірістік саясатты ұзақ мерзімдік болашаққа қалыптастыру қажеттілігі.

Өндірістік саясаттың мақсаты – өндірістің тиімді дамуын мемлекеттік реттеудің екінші жақтық әдістерін (қажет болған жағдайларда тура мемлекеттік реттеуді қолдану) қолдану, экономикалық жағынан өсу үшін табиғи жолмен жойылмайтын барлық кедергілерді жою.

Өндірістік саясат жалпыэкономикалық саясаттың ұйытқысы ретінде ол біріншіден өнім өндірудің инновациялық, құрылымдық және инвестициялық қайтақұруын қолға алады. Негізінен макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаты шаруашылықтық қаржылық тұрақтылығы болып табылады, ал өндірістік саясат - құрылымның динамикалық өзгерісіндегі экономикалық өсу және өндірістік тиімділігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Бейнелі түрде айтсақ, өндірістік саясат «саналы бұзу» үлгісін іске асыруға себепші болуы керек, ол нарықтық экономика жағдайында жаңа нарықтарды құру және кеңейту, өндірістің бәсекеге қабілетті деңгейіне жету, өндірістердің табысының көбеюі, нарықтағы алдыңғы қатардағы рөлдерден тауарлар мен қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету, уақытша монополияның есебінен «керемет өнімді» ұсыну нәтижесінде басқа бәсекелестерге қарағанда өте көп табысқа кенелу дегенді білдіреді.

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 86 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав