Читайте также:
|
|
1. Ұлттық экономикадағы аграрлық өндіріс спецификасы.
2. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аграрлық саланың рөлі.
3. Ауылшаруашылық өнімін өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың негізгі формалары: ауылшаруашылық өнімінің сұраныс пен ұсынысқа әсер етуі.
4. Мемлекеттік аграрлық саясат шаралары.
5. Агробизнесті қалыптастыру.
6. ҚР аграрлық өндірісті ынталандыратын ұлттық бағдарламалар.
7. Аграрлық кластерлер.
1. Ұлттық экономикадағы аграрлық өндіріс спецификасы.
Ауыл шаруашылығы халық шаруашылығының көптеген салаларынан өндірістің ерекше жағдайларымен ерекшеленеді: жер өндірістің негізгі құралы, жұмыстың маусымдық сипатта болуы; еңбек процесі тірі ағзалармен байланысты; жұмыс уақыты өндіріс уақытымен сәйкес келмейді; инвестицияны іске асыру мен одан әсер алу арасындағы уақытта жеткілікті үлкен үзіліс бар; өнімге деген сұраныс оған деген бағадан байланыссыз икемді емес; жоғары капиталсыйымдылығы мен энергия сыйымдылығы; пайданың төменділігі, және де соңғысы табиғи-климаттық жағдайлардан қатаң байланыстылығы.
Дамыған елдерде, бұрын атап кеткендей, аграрлық сектор нарықтық заңдармен жұмыс жасамайды, мемлекетпен реттеледі, мемлекет оған салықтық қолдау түріндегі тура және жанама дотациялар бөледі, протекциондық саясат жүргізеді және түрлі спецификалық құралдарды пайдаланады.
2. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аграрлық саланың рөлі.
Агроөндірістік кешендегі негізгі мәселелерді шешу бірқатар әлеуметтік мағынасы бар міндеттерді орындаумен байланысты.
Біріншіден, елдің азық-түлік базасын қамтамасыз ету қажет. Азық-түліктік өзін-өзі қамтамасыз ету қажетті деңгейге сай емес Қазақстанда, азық-түліктік тәуелсіздікке жету тұтасымен алғанда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Екіншіден, халықтың 45% ауылда тұратын ел үшін ауылшаруашылық өндірісті дамыту ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Еңбекпен қамтудың жоғары дәрежесі, тұрақты табыс әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастырады. Сонымен бірге мемлекетте ауылдың барлық әлеуметтік мәселелерін өз мойнына алу үшін қорлар жеткіліксіз, ол ауылшаруашылық өндірісінің дамуы үшін жағдай жасауы қажет.
Үшіншіден, ауылшаруашылық саласының дамуы нәтижесінде барлық экономика үшін ерекше мультипликативті әсерді есепке алу қажет. Ауыл шаруашылығы және жоғары дәрежеде астық пен ет өндіру, ішкі сұраныс генераторы болып табылады. Төртіншіден, ауыл шаруашылығын дамыту және отандық өнімді сыртқы нарыққа шығару үшін Қазақстанда барлық қажетті табиғи қорлар бар. Болашақта сала қатты валютаның нақты және мағыналы қайнар көзі бола алады. Ол үшін мемлекет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық жағдайлармен қамтамасыз ету керек.
3. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері: ауылшаруашылық өніміне сұраныс пен ұсыныстың әсері.
Ұсыныс пен сұраныс арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік реттеу шаралары, ауылдағы құрылымдық және әлеуметтік қалыптасулар экономикалық және әкімшіліктік болып бөлінеді.
Экономикалық әдістерге бағаны сәйкес деңгейде ұстап тұруды, азық-түліктік және басқа тауарларға ұсыныстың төзімділігін ынталандыру мен халықтың төлемге қабілетті сұранысын қамтамасыз ететін бағалық тепе-теңдікті жатқызады.
Бағаны мемлекеттік реттеу сызбасы бағаның төменгі және жоғары шектерін және мемлекет қолдауы тиісті шартты бағаны тағайындауға дәл келеді.
Тәжірибе жүзінде оның екі нұсқасы қолданылады:
- дақылды себуді шектеу және сәйкес компенсациялау арқылы жерді себу айналымынан шығару;
- өндіріс көлемдері мен өнім өтімін тікелей квоталауды енгізу.
Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 173 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |