Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік реттеу туралы заманауи консервативтік емес концепция.

Читайте также:
  1. A] ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым
  2. Linux негізін қалаушысы туралы
  3. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  4. Азақстан Республикасында коммерциялық банктердің қызметін реттеу құралдары
  5. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  6. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  7. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  8. Азаматтық құқық және азаматтық құқықтық қатнастар туралы түсінік
  9. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  10. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Нарықты функцияландырудың монетарлық теориясы.

Монетарлық экономикалық процестерді реттеудің басты құралы етіп ақша айналымын таниды. Монетарлық үлгіде үш ерекшелікті атап көрсетуге болады. Нарықтар жеткілікті шамада бәсекеге сай және бәсекелестік жүйесі макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп жобаланады. Экономиканы функцияландыруға мемлекеттің араласуын төмендетуге курстар жүргізіледі. Ақша экономикадағы барлық процестерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қарастырылады. Бұл жоспарда монетарлық тұрақтандырылған бағдарламалардың либералды-шектеуші концепциясы ретінде іске асады. Бұл түрдегі мемлекеттік бағдарламалардың типтік шаралары мыналар болып табылады: бюджеттік жетіспеушілікті қысқарту (мемлекеттік инвестицияны, әлеуметтік шығындарды, субсидияларды секвестирлеу, мемлекеттік сектор қызметтері мен өнімдеріне бағаны арттыру, салықтарды көбейту); тұтынушылық сұранысты қысымдауға бағытталған еңбек ақыны өсіруді шектеу; Ұлттық банктегі мемлекеттік қарыздар мен ақшаны эмиссиялауға лимиттерді енгізу, шектелген несиелік-ақшалық саясат, банктік несие пайызын арттыру; бағаға және экспорттық-импорттық операцияларды қадағалауды әлсіздендіру, экономиканың экспорттық секциясына қорлардың құйылуын марапаттау: төлемдік балансты сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау.

 

5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері мен объектілері.

Экономикалық саясат субъектілері болып шаруашылық мүдделерін тасымалдаушылар, анықтаушылар және атқарушылар табылады.

Шарушылық мүдделерін тасымалдаушылар - бұл бір-бірінен бірқатар белгілері бойынша ерекшеленетін әлеуметтік топтар: мүліктік, табысы бойынша, басқа табыстар кезіндегі қызмет түрлері бойынша, мамандықтары бойынша, аймақтық салалық қызығушылықтары бойынша. Бұлар жалдамалы жұмысшылар және кәсіпорын иелері, фермерлер және жер меншік иелері, ірі және ұсақ кәсіпкерлер, басқарушылар мен акционерлер, еркін мамандық иелері, мемлекеттік қызметкерлер, тоқымашылар және әскери-өндіріс кешендерінің жұмысшылары, шаруалар және т.б Шарушылық мүдделерін анықтаушылар. Экономикалық мүдделерді анықтаушылар көптеген одақтарға, ассоциацияларға біріктірілген: бұлар кәсіподақтар, кәсіпкерлер, фермерлер, түрлі сатушылар, маклерлер, дәріханашылар және т.б. одақтары. Мұндай бірлестіктер шаруашылық мүдделерін анықтаушылар болып табылады.

Шаруашылық мүдделерін ең күшті анықтаушылар – бұлар кәсіпкерлер одақтары мен кәсіподақтар. Олар мемлекеттік экономикалық саясатқа ең жоғары әсер етуге тырыса отырып, әлеуметтік-экономикалық саясаттың өзіндік концепциясын жүзеге асырады. Әлеуметтік-экономикалық, саяси, діни, мәдени, экологиялық, маманданған аймақтық қызығушылықтарын білдірушілер саяси партиялар. Экономикалық қызығушылықтарды білдірушілерден айырмашылығы саяси партиялар көбінесе жалпы халықтық мүдделер туы астында іс-әрекет жүргізеді, мысалы, АҚШ-тағы демократиялық және республикалық партия.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері – бұл функцияландыруы нарықтық механизмді қанағаттанарлық жағдайда қамтамасыз ететін немесе мүлдем қамтамасыз етпейтін жағдайлар, процестер, қарым-қатынастар, халық шаруашылығының элементтері мен салалары. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері өзін нарықтық экономиканың сезінген ауру нүктелері ретінде, қиындықтар, мәселелер, дағдарыстар ретінде көрсетеді, яғни олар бойынша тұрақты бақылау және уақытылы диагностика, шиеленіскен жағдайдан шығаруға құралдарды таңдау және мөлшерлеу, тар орындарды жою, дағдарыстарды шешу жолын табу, ылғи да не аяқ асты жағдайларында жедел немесе алдын алу шараларын қабылдау.

Негізгі әдебиет: 1,2,5

Қосымша әдебиет: 1,3,4,8,9,10

 




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 85 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав