Читайте также:
|
|
Алып сату келісім-шартын жасамас бұрын транспорттық факторды ескеру қажет және экспорттық-импорттық өнімнің тасымалдануының әлем бойынша бағаларын анықтау қажет. Бұл фактор өндірушіден тауарлардың тұтынушыға жеткізуге кететін қажетті шығындардың деңгейін сипаттайды, сонымен қатар барлық бағыт кезіндегі транспорттық қызмет көрсетудің сапалық сипаты мен тиімділігі бағаланады. Халықаралық тауар алмасуда сипаттамалардың сапалық және сандық түрлерін ажыратады. Сандық сипаттамаларға: тасымалдар географиясы, тауарлардың транспорттық сипаттамалары, экономикалық жағдайы, жүктеу технологиясы және т.б. жатады. Сапалық сипаттамаларға: тауарды жеткізу жылдамдығы, тасымалданып жатқан тауардың бүтіндігі, көліктің бағытының үздіксіздігі, эксплуатациялық сенімділік және т.б.
Тауардың бағасын қою кезінде транспорттық фактор біраз әсер етеді. Ең алдымен, серіктестердің бір-біріне қатысты, халықаралық сауда орталықтарына қатысты географиялық орналасуын ескере отырып, тауар бағасының құрамындағы транспорттық бөлігін есеп жүргізу, және де жүктердің тасымалына транспорттық саладағы әлемдік бағалардың деңгейін көрсететін экономикалық айқындалған тарифтер орнату.
Тұтынушылыр мен өндірушілер арасында, бір-біріне қатысты, бағаларды есептеудің 2 принципі жұмыс істейді: 2 жақты тиімділік принципі, әлемдік сауда орталықтарына қатысты орналасу тиімділі мен тиімсіздігі серіктестер арасында теңдей бөлінеді; бәсекелестік принцип әлемдік сауда орталықтарына қатысты орналасу тиімділі мен тиімсіздігі бәсекелестіктің деңгейіне немесе тауарға сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынасқа байланысты бөлінеді. Тауарға сұраныс жоғарылағанда транспорттық шығындардың негізгі ауыртпашылығы сатып алушыға түседі немесе керісінше. Айта кететін жайт бәсекелестік принцип әлемдік нарықта кең қолданылатын, әлемдік нарықты сипаттайтын принцип болып табылады.
Әлемдік нарықта жиі, импорттық және экспорттық бағалардың транспорттық бөлігін анықтауда қолданылатын тағы бір принцип бар, ол бойынша өндірушінің немесе тұтынушының территориясында болған транспорттық шығындар, сәйкес экспорттық және импорттық бағаларға әсер етпейді. Халықаралық практикада әлемдік бағалар «франк-шекара» шарттары бойынша анықталады.
Транспорттау бойынша шығындар біраз көп болуы мүмкін. Сол себепті келісім-шартка кол коймас бұрын тауарды тасымалдау бойынша кететін барлық шығындарға алдын ала есеп жүргізіп алу керек. Тауарлардың бағалық бәсекелестігінде шешуші рөлді сатып алушының тауарды келісілген жерге дейін жеткізуге кететін суммарлық шығындары «өндіру бағасы» атқарады. Бәсекелестік күрес жүргізген кезде дәл осы бағасының көрсеткіші ескеріледі, яғни әр жағдайда сатушы тұтынушы оның тауарын сатып алғанда қаншаға түсетінін немесе тауарлар тұтынушылық қасиеттері бойынша бірдей болғанда бәсекелестерінде қаншаға түсетінін есептейді. Бұл мәселе тауарларды жеткізуді ұйымдастыруда өте өзекті және халықаралық тауартасымалы атауын алды.
Тауар тасымалдау саласының экономикалық тиімділігі төмендегідей анықталуы мүмкін:
Этв=(F-Rтв): Rтв,
F – тауарларды сатудан кіріс, Rтв - тауар тасымалының шығындары
Тауар тасымалының оптимальды нұсқасын анықтау үшін тауарлық массаның қозғалысының өзгермелі қосындылары ретінде әдетте қолданылады: жеткізудің транспорттық сызбасы, транзитпен тасымалдау немесе аралық пунктерде қоймалық қорлардың жиналып тұруы, әртүрлі транспорт түрлерін пайдалану және т.б.
Тауар тасымалының шығыны көрсеткіші бойынша тиімділік критериінің көмегімен неғұрлым тиімді мемлекеттер мен елдімекендерді анықтап, сонымен қатар әртүрлі нарықтық бағадағы тауарлар мен транспорттық қызметтерді импорттау мен экспорттауға порттар мен шекаралық пунктарды анықтаймыз. Тауар тасымалдаудың оптимальді сызбасын анықтап алып, тауарды тасымалдауға міндетті тарап транспорттық қызмет нарығына шығады.
Дата добавления: 2014-12-18; просмотров: 227 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |