Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.

Читайте также:
  1. E) Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  4. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  6. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  7. Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030
  8. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.
  9. Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 19 тамыздағы СанЕмН № 656 Бұйрығы.

1. Тамақтану объектiсi орталықтандырылған ыстық және салқын сумен, сумен жабдықтаумен, кәрiзбен қамтамасыз етiледi.
2. Технологиялық, шаруашылық-тұрмыстық және ауыз су қажеттiлiгi үшiн пайдаланылатын су ауыз суға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы тиiс.
3. Өндiрiстiң қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн, пайдаланылатын судың көлемi осы санитариялық ережеге 1-қосымшаға сәйкес су шығыны нормаларына сай болуы тиiс.
4. Су құбыры жоқ елдi-мекендердегi тамақтану объектiлерiн сумен қамтамасыз ету үшiн сумен жабдықтау көзi санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негiзiнде таңдап алынады. Сумен жабдықтау көздерi болмаған кезде жеткiзу қолдануға рұқсат етiлген материалдардан дайындалған, арнайы таңбаланған сыйымдылықтарда жүргiзiлетiн тасымалданатын суды пайдалануға жол берiледi.
5. Суды сақтауға арналған сыйымдылықтың түрiн техникалық-экономикалық есептеулердiң және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негiзiнде анықталады. Ауыз судың қорын сақтауға арналған сыйымдылық орналастырылатын үй-жайлар оқшауланады және тазалықта ұсталады.
6. Ауыз суды тасымалдауға және сақтауға арналған сыйымдылықтарды он күнде кемiнде бiр рет жуады, дезинфекциялайды.
7. Дезинфекциялау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген дезинфекциялау заттарымен, оларға қоса берiлетiн нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi.
8. Ыстық және салқын су барлық жуатын ванналарға және раковиналарға, сондай-ақ қажеттi технологиялық жабдыққа араластырғышы орнату арқылы жүргiзiледi. Ыстық судың тарату нүктесiндегi температурасы 650С-ден төмен болмауы тиiс.
9. Сумен жылыту жүйесiндегi ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдалануға жол берiлмейдi.
10. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде жуу үй-жайларында су жылытқышты орнату көзделедi.
11. Тамақтану объектiлерi өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық ағын сулары үшiн кәрiздеудiң бөлек жүйелерiмен жабдықталады.
12. Кәрiзденбеген елдi-мекендерде объектiлердi орналастыру кезiнде өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды шығару үшiн бөлек жергiлiктi кәрiз құрылғысы көзделедi. Ағын суларды қабылдау жерасты бетондалған су өткiзбейтiн сыйымдылықта жүзеге асырылады. Ауладағы дәретхана мен жерасты бетондалған су өткiзбейтiн сыйымдылық өндiрiстiк үй-жайлардан кемiнде 25 м қашықтықта орналастырылады.
13. Өндiрiстiк жабдық және жуатын ванналар кәрiз желiсiне қабылдаушы құйылатын жердiң бетiнен кемiнде 20 милиметр (бұдан әрi - мм) ауалық ажыраумен қосылады. Iшкi кәрiздiң су ағынын жинайтын барлық қабылдағыштарының гидравликалық жапқыштары (сифондар) болуы тиiс. Ағынды суларды ашық су қоймаларына және аумаққа жақын жерлерге жiберуге, сондай-ақ су қабылдайтын құдықтар салуға жол берiлмейдi.
14. Iшкi кәрiз желiлерiн түстiктену залдарының, өндiрiстiк және қойма үй-жайларының төбелерiнiң астына төсеуге жол берiлмейдi. Өндiрiстiк және қойма үй-жайларында кәрiздiң тiк су ағар жолын қайта ашылмайтындай етiп сыланған қораптардың iшiмен жабады.
15. Қоғамдық тамақтану объектiлерi үй-жайларының төбелерiнен өтетiн санитариялық тораптардың, себезгi бөлмелерiнiң едендерi, кәрiздiң және су құбырлық судың тiк ағары орналасқан орындар су өтпейтiндей материалдардан көзделедi.
16. Барлық өндiрiстiк цехтар, жуатын бөлмелер, дефростерлер тамақтың қалдықтарын сақтайтын камера траптарымен жабдықталады.
17. Барлық стационарлық тамақтану объектiлерi келушiлер қолдарын жууға арналған раковиналармен жабдықталады. Тамақтану сол жерде жүзеге асырылатын және отырғызу саны жиырмадан астам болатын объектiлерде келушiлер мен персоналдардың дәретханаларын бiрiктiруге жол берiлмейдi. Дәретханаға кiре берiсте еден жууға су алу үшiн, еденнен 0,5 м деңгейде орналасқан кран көзделедi.
18. Тез қызмет көрсететiн объектiлер (жазғы алаңдар, кәуап, чебурек, пирожныйға арналған орындар, сауда палаткалары, павильондар, палаткалар, демалыс аймақтарында жазғы мезгiлде және жаппай серуендеу кезiнде мейрам күндерiнде сыртқа шығарылып үстелдерде сатылатын сауда орындары) қоғамдық дәретханалармен немесе биологиялық дәретханалармен жабдықталған орындарға орналастырылады.

Загрузка...

Ескертпелер:

1. Тағам обьектісінде себезгінің жұмыс істеу уақытысы жұмыс басталғанға дейін 45 минут алдында және жұмыс біткенен кейін 45 минуттан соң жүргізіледі.

2. Судың бір себезгіге шаққанда қолдану нормасының орташа мәні (500 сағат/литр) бұл жағдайда к.ч.н. шартты бірлігі болып қабылданады.

3. Бір рет суды құйғанға бір сағат уақыт кетеді.

Бұл жерден тәулігіне 2 рет суарғанда орташа шығын бір рет суарғанға тең болады: к.ч.н. шартты бірлігі болып табылады.

Егер біздің обьектіміздегі алынған судың тәуліктік шығынын ( 41600 литр) дебиттің тәуліктік көзімен ( 50400 литр) салыстырғанда бұл көздің суы жеткілікті екендігі туралы ой туындайды. Бірақ егерде біз бұл су көзі сағатына қанша су беретінін есептесек (50400 л/24сағ=2100 сағ/л)және ең болмағанда су обьектісінің орташа сағаттық шығынымен салыстырсақ, судың жеткіліксіз екендігі анық. Максимальді қажеттілікті (8500 сағ/л) ескере отырып қорытынды жасауға тура келеді: ұсынылған су көзінің проектісі берілген обьект үшін жеткіліксіз.

Сол үшін судың максимальді сағаттық шығынын су көзінің сағаттық дебитімен салыстырады.


Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2020 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав