Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Методи і форми обслуговування

Читайте также:
  1. Cущность, виды, источники формирования доходов. Дифференциация доходов населения.
  2. I ОРГАНИЗАЦИОННО-МЕТОДИЧЕСКИЕ УКАЗАНИЯ ПО ВЫПОЛНЕНИЮ КУРСОВОЙ РАБОТЫ
  3. I. Из истории развития методики развития речи
  4. I. ОБЩИЕ МЕТОДИЧЕСКИЕ УКАЗАНИЯ
  5. I. ОРГАНИЗАЦИОННО-МЕТОДИЧЕСКИЙ РАЗДЕЛ
  6. I. ОРГАНИЗАЦИОННО-МЕТОДИЧЕСКИЙ РАЗДЕЛ
  7. I. Предпосылки формирования философии НВ.
  8. I. Сопровождение перехода на новый образовательный уровень (обучение в школе) Уровень сформированности познавательной деятельности и отдельных её компонентов
  9. I.Методические указания по выполнению курсовых работ
  10. I1. ОРГАНИЗАЦИОННО-МЕТОДИЧЕСКИЕ УКАЗАНИЯ

7 лекция тақырыбы.

-суық судың ішкі құбыр желісі;

-ыстық судың орталық және жергілікті су құбырлары.

Ішкі құбыр желісі деп, суалу нүктелеріне сумен қамтудың сыртқы көздерінен арынмен су берілу үшін мақсатталған ғимараттағы инженерлік құрылғылардың жиынтығы.

Мақсаты бойынша ішкі құбырлар төмендегі түрлерге бөлінеді: ауыз су-шаруашылық, өндірістік және өртке қарсы.

Ауыз су-шаруашылық құбырын ішу, шомылу, шайыну, тамақ дайындау және т.б. суберу мақсатында орнатады. Су МемСТ 2874-54 «Ауыз су» стандартына сәйкес болуы қажет. Кейбір шаруашылық мақсаттар үшін ауыз суды пайдалануға болады, бірақ құбыр желісінің жеке жүйелерін орнату экономикалық тұрғыда тиімсіз болады, сондықтан сумен қамтамасыз ету, шаруашылық-ауыз су құбырларымен іске асырылады.

Өндірістік су құбыры, өнеркәсіп өндірісінде технологиялық процестерді сумен қамту үшін мақсатталған. Суға (технологиялық) өндірістік мақсаттағы әртүрлі талаптар қойылады. Олар су пайдаланылатын (нан пісіру, консерві жабу және т.б.) – ауыз сапасындағы су, - процесс технологиясына байланысты. Агрегат, жабдық, машиналарды суыту үшін, коррозиядан сақтау мақсатында жұмсартылған және мүмкіндігінше қышқылы алынған су пайдаланылады. Қазандыққа жұмсақ су құйылады.

Өртке қарсы су құбыры өртті сөндіру үшін және алдын алу үшін орнатылады. Ішкі құбыр желісінің түрін таңдау – ғимараттың қабаттылығы мен мақсатына, өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық талаптарға, технологиялық процеске және экономикалық көрсеткішке байланысты.

Ішкі өртке қарсы су құбыры – міндетті түрде қабат саны 12 және одан көп тұрғын үйлерде, жатақханаларда және қонақ үйлерде, асханаларда, дәмханаларда, әкімшілік ғимараттарда және одан көп қабатты жоғарғы оқу орындарында, вокзалдарда, көлемі 5000м3 және одан үлкен сауда-қамба, емдік және бала-бақша мекемелерінде, көрермендер залы 200 орындық және одан да көп кинотеатрларда, клубтарда және мәдениет үйлерінде орнатылады.

Ішкі су құбырлар желісі төмендегі элементтерден тұрады:

-су өлшеу торабын ғимаратқа енгізу. Енгізу құбыры – бұл грунттық тоңу деңгейінен 30см-ге төмен төселетін арынды құбыр және іргетас қабатына саңылау арқылы енгізіледі, жер бетінен 0,7м-ден кем емес тереңдікте.

Енгізу құбырының негізгі элементтері:

-құбыр желісінің сыртқы немесе аулалық торабына кіргізіп жалғау орны;

-іргетас арқылы кіргізу орнынан өту жеріне дейін құбырдың жерасты телімі;

-бақылау-реттеу арматурасы құралдары бар су өлшеу торабы.

Енгізу құбыры су өлшеу торабымен аяқталады. Су өлшеу түйіндері сипаты жағынан қарапайым, айналма желісіз және айналма желілі болуы мүмкін. Айналма желілі су өлшеу торабы өрт сөндіру құбыры бар ғимараттарда, ірі үйлерде, өнеркәсіп мекемелерінде, және де сумен қамтуда үзіліс рұқсат етілмейтін ғимараттарда орнатылады. Айналма желісіз су өлшеу торабын шағын үйлерде қолдануға ұсынылмайды, себебі су өлшегішті жөндеу, тексеру және қарау үшін жиі алып тұру керек. Су өлшеу торабы төмендегі негізгі элементтерден тұрады: су өлшегіш, кранды бақылау-түсіру сұғындырмасы (патрубок). Жертөле болған жағдайда су өлшеу торабы, сол жерде құрастырылады. Мүмкіндігінше іргетас қалыңдығы арқылы енгізу жолы орнынан 1-1,5м жерде, бақылау, көрсеткішті алу және жөндеу үшін жеңіл болатын су құбыры немесе жылыту сорғы жабдығымен қоса құрау, жертөле жоқта, су өлшеу торабы, бірінші қабат деңгейінде ор қазылып немесе сыртқы құдықта орнатылады.

Су өлшегіштер жұмыс істеу принципі бойынша жылдам және дифференциалды болып бөлінеді. Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда негізінен жылдам су өлшегіштер қолданылады. Олар қанатты және турбиналы болып бөлінеді.

Қанатты су өлшегіштер құрғақ және ылғал жүретін болып бөлінеді. Құрғақ су өлшегіштерде есептеу механизмі судан металл диафрагма арқылы бөлінген.

Ылғал жүретін су өлшегіштерде есептеу механизмі суға жұмыс істейді және сонда орналасқан. Олардың құрылысы қарапайым. Құрғақ жүретін су өлшегіштер кеңінен тараған. Олар бір және көп ақпалы болып бөлінеді.

Бір ақпалы су өлшегіште су қозғалу бағытын өзгертпей қанатқа бір ақпа болып түседі, көп ақпалы су да бірнеше ақпаға бөлініп, қанаттың барлық қақпашаларына бір мезгілде түседі. Бір ақпалы су өлшегіште қанатқа түсетін су қысымы бір жақты, сондықтан қанатша подшипниктері бір жағынан мүжіледі, уақыт өте келе су өлшегіш көрсеткішінің дәлдігіне әсерін тигізеді. Көп ақпалы су өлшегіште қанатшаға жан-жағынан су қысымы бір мезгілде әсер етуіне байланысты, бір жақты мүжілу болмайды, бірақ су қозғалысы жолының ұзаруына орай, бір ақпалы су өлшегішке қарағанда арын шығыны көп болады. Турбиналы су өлшегіштерде жұмысшы орган – турбина, оның есептеу механизіміне айналуы, жіберу қүралымен беріледі.

Су өлшегіш мөлшері оның калибрімен анықталады (калибр қанатша немесе турбина алдындағы су өту қимасының диаметрі).

Қанатшалы су өлшегіштер калибрі 10-40мм, турбиналар 50-250мм етіп дайындалады. Ыстық су әртүрлі мақсаттар үшін тұтынылады: жуыну, шомылу, тамақ дайындау, ішу, ыдыс жуу, төсек матасын жуу, бөлмелерді жинау т.б. Тұрмыстық қажет үшін ыстық судың 30-дан 70%-ға дейін мөлшері тұтынылады. Коммунальді-тұрмыстық мекемелерде: монша, жуу орны, фабрика, асханалар, - ыстық су өте көп мөлшерде жұмсалады.

Қоғамдық ғимараттарда (оқу орындары, спорттық құрылымдар, пионер лагерлері), тұрмыстық бөлмелерде, цехтарда ыстық су душқа жұмсалады. Емдеу орындарында (аурухана, емхана, бальнеологиялық мекемелер мен санаторийлер) ыстық су шаруашылық-тұрмыстық және емдеу мақсатында шығындалады.

Өнеркәсіп өндірісінде ыстық су тамақ өнімдерін өңдеу және дайындау, маталар ақтау және бояу, аппараттарды жуу, былғарыны өңдеу және т.б. үшін тұтынылады. Негізгі, әрі экономикалық тиімді тәсіл деп, бір жылыту орталығынан ыстық суды орталықтан беретін жүйені санауға болады.

 

Жүйелер мен схемалар

Ішкі ыстық су құбырлар жүйесі деп, - тұтынушыларға ыстық суды дайындап, сақтау, тарату мен беруді қамтамасыз ететін, құбырлардан, арматурадан, су жылытқыштардан, қосалқы сыйымдылықтардан тұратын инженерлік құрылғылар кешенін атайды.

Схема, суық су құбыры сияқты, құбырлардың орналасуын көрсетеді. Ішкі ыстық су құбыры жүйелерінің негізгі элементтері:

1.Жылыту генераторы. Қабылданған жүйеге байланысты жылыту генераторы ретінде жылу жүйесінен немесе тікелей ғимараттағы қазандықтан алынатын жылу жеткізуші (бу, ыстық немесе жылы су) көмегімен іске асыру арқылы ыстық су дайындалатын, үлкен сыйымдылықтағы немесе әртүрлі конструкциялы су ысытқыш кейіптегі қазандық қызмет атқарады.

2.Жылу аккумуляторы (қосалқы сыйымдылық), су тұтыну бейқалыптылығын жою үшін ыстық суды сақтау рөлін орындайды. Кейбір жүйелерде жылыту аккумуляторы жоқ.

3.Су айыру құралдары.

4.Құбырлардың циркуляциялық жүйесі, тіркеулер мен магистральдардан тұрады.

5.Құбырлардың тарату желісі. Магистральдан, тіреулерден, су айыру құралдарына бұру құрылғысы.

6.Бітік арматура.

7.Бақылау-өлшеу және қорғау арматура.

8.Автоматты ретту құралдары.

Ыстық суды дайындау.

 

Ыстық су.

-су ысытқышқа жақын жатқан жерде орналасқан, бір немесе шағын су айыру нүктелері тобы үшін су алуды қарастыратын жергілікті су ысытқыштарда;

-бір немесе тұтас ғимараттар тобы үшін жылу алмастыратын және байланыстыру су ысытқыштарында, қазандықтарда орталықтандырған жүйеде;

-жылыту және желдету жүйелерін жылумен қамтамасыз ету, оны тұтынушыларға таратуға мақсатталған кварталдық немесе аудандық желілерден (тамақ дайындау мен ауыз су мақсаты үшін су беру есептелмей);

-әртүрлі от, электрлік және газ қондырғылары қолданылып, табиғи жергілікті су ысытқыштар көмегімен дайындалады.

Қатты отында жұмыс істейтін (көмір, шымтезек, ағаш) ыстық сумен қамтудың жергілікті қондырғылары – отпен су ысытқыштар. Олар көбіне қабаты аз, шағын тұрғын және қоғамдық коммунальді ғимараттарда, шамалы абаттандырылған үйлерде қолданылады.

Электрлі және газбен су ысытқыштар жергілікті қондырғылардағы абаттандырылған үйлерде пайдаланылады.

Ыстық сумен қамтудың орталық жүйелерін ғимарат жылуды меншікті қазандықтарынан немесе орталық жылу жүйесінен алатын барлық жағдайларда жобалау қажет.

Орталық ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелері болуы мүмкін:

-суды тікелей, ыстық су желісінен алатын;

-жылу жүйесінен жылу тасымалдаушыны пайдаланып, жылу бекеттерінде су дайындайтын;

-тікелей қазандықта дайындалатын, жылу тасымалдағышта жұмыс істейтін, су жылыту қазандықтарында, жылу алмастырғыштарда немесе байланыс аппараттарында ыстық су дайындайтын.

 

Орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерінің классификациясы

Ыстық суды дайындау тәсілдері бойынша:

-ыстық суды тікелей қазандықта дайындайтын ОЫСҚ(ЦГБ) жүйесі;

-жылу алмасу аппараттары (бойлер, змеевик және т.б.) – бу, жылытылған су және ыстық ауа – жылу тасымалдағыштар көмегімен су ысытатын ОЫСҚ(ЦГБ) – (орталықтан ыстық сумен қамтамасыз ету) жүйесі;

-бу ақпалы аппараттар (инжекторлар) және перфорлы змеевиктер көмегімен су ысыту кезінде тікелей араластыратын ОЫСҚ жүйесі.

Әсер ету радиусы бойынша:

-жеке ғимаратты ыстық сумен қамтамасыз ететін жылыту торабы бар жүйелер;

-кварталдық жүйелер – ғимараттар тобын (квартал);

-ОЫҚ (ЦГБ) аудандық жүйелері, бұл көбіне ТЭЦ-тер, олар өндірістік қажеттілікке бу, ысытылған және ыстық су шығарады және жеке тұрғын аудандарды ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Суық су желісі торабынан су беру тәсілі бойынша:

-жабық жүйелер, яғни суық су желісі торабындағы судың тікелей қысымында болатын жүйелер;

-ашық жүйелер, оларда суық су беру дөңгелек қалтқылы крандар арқылы арынды бактерге беріледі. Бұл жүйелердегі арын бактерді су бөлу құралдарынан көтеру биіктігі есебінен іске асырылады.

Жұмыс режимі бойынша:

-тұрақты көлем және температура кезінде ашық немесе жабық түрдегі бактермен;

-жоғары жылу сыйымдылықты қазандықтарда тікелей су жиналатын жүйелер;

-ыстық суды жинамайтын жүйелер;

-ағынды.

Ыстық су желісі тораптарының нобайлары (схемалары):

-тұрақты су тұтынатын ғимараттар үшін қолданылатын тұйық;

-төмендегідей бөлінетін циркуляциялық (екі құбырлы);

· Гравитациялық (табиғи циркуляциясы);

· Сорғылы.

Бұл суды тұрақты тұтынбайтын ғимараттарға арналған жүйелер.

Жоғарғы және төменгі айырмалы (разводка), сыйымды бу-су жылытқыщта суды дайындайтын ыстық су желісі жүйелерінің нобайы.

Табиғи циркуляциялы кезіндегі циркуляциялық жүйелер. Мұндай жүйелер тұрғын және қоғамдық ғимараттарда қолданылады. Жүйенің су ысытқышы міндетті тұрде қорғау клапанымен жабдықталуы қажет. Су желісінің бас жағында кері клапан орнатады (суық су желісі торабында су қысымы төмендеген және ыстық судың құбырда ағуының алдын алу жағдайында).

Су ысытқышы сыйымдылығы, бір мезгілде ыстық суды жинағыш қызметін атқарады.

Қазандықта конденсатты қайтаруды, мүмкін болса өз ағысымен іске асырған жөн, бірақ осы кезде жылу орталығы бөлмесі 3,7-4,0м едәуір биік болып шығады, себебі конденсатты өз ағысымен қайтару үшін, су ысытқыш құрылғысының (змеевик) төменгі қатарының қазандықтың құрғақ бу бөлігіндегі су деңгейінен, құрғақ бу бөлігінен (бу шығатын нүктеден), су ысытқыштан құрылғы (змеевик) шығар орынға дейін арын шығынынан және қосымша 200...300мм-ден кем емес болмауы қажет. Бұл осы жүйелердің кемшілігі. Екінші кемшілігі суды бөлудің бастапқы кезеңіндегі есептік температурадағы суды тез беру мүмкіншілігінің жоқтығы. Су есептіктен әлдеқайда төмен температурада түседі, оның себебі, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда жылу генераторы ретінде қуаты шамалы шойыннан жасалған секциялы қазандықтар қабылданады.

Төменгі айырылымдағы ыстық су желісі жүйесіндегі (2 плакаттағы сурет) конденсатты қайтару, конденсат багі арқылы іске асырылады, одан конденсат сорғымен қазандыққа тартылып, оның биіктігін қысқартуға мүмкіндік береді. Гравитациялық арын жеткіліксіз болған кезде, бұл жүйелерде кері желісте циркуляциялық сорғы орнатылады.

Алғашқы жылу жеткізгіштік су беруін автоматты реттеу үшін, ыстық су шығатын орынға пропорционал, температураны реттегіштен істейтін клапан орнатылады.

Жылу торабынан ыстық суды тікелей алатын, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелері.

Артықшылықтары:

-қымбат жылу алмастыратын аппараттар орнатуды қажет етпейді;

-ыстық су желісінің ішкі тораптарында коррозия төмендейді, себебі дайындалған су беріледі;

-ыстық су желісінің жүйелеріне қызмет көрсетуге пайдалану шығындары қысқарады;

-ыстық су желісі жүйелерін жылыту жүйелерімен біріктіру мүмкіндігі туады.

Кемшіліктері:

-суды дайындауда жоғары сапаны қажет етеді, себебі ауыз су сапасының талаптарын қанағаттандыруы қажет;

-ТЭЦ қазандықтары үшін ауыз суға қажеттілік күрт ұлғаяды;

-жылу жүйелерінің жұмыс режимі нашарлайды, себебі жыл кезеңіне байланысты ыстық суды алуды жылу трассаның түзу немесе кері желісінен жасау қажет.

Материалы, орнатылуы, қолданылатын арматурамен жасалатын жұмысы жағынан ыстық су желісі жүйелері, суық су желісінің жүйелеріне ұқсас (циркуляциялық жүйелерден басқалары).

Төменгі айырылымда тұйық желілерге басымдылық беріледі, яғни мұндай желілер күрделі және пайдалану қаржылары жағынан арзан.

Циркуляциялық желілерді қолдану, кез-келген уақытта су бөлу құралдарында тұрақты есептік температураларды жасау қажеттілігінен туындайды. Бұл қағида тұрақты су тұтыну режимі жоқ ғимараттар үшін ерекше маңызды, ондай үйлерде ыстық сумен қамтамасыз етуде болатын үзіліс қалыпты жұмыс режимін бұзады (сумен емдейтін кабинеттер, аурухананың хирургия бөлімі және т.б.).

 

Су бөлу

1 модуль. 8-9 лекция тақырыптары

-елді мекендер мен өнеркәсіп мекемелерінің су бөлу жүйелері мен нобайлары;

-су бөлу мөлшері (норма) мен режимі.

Қалаларда, елді мекендерде және өнеркәсіп мекемелерінде адамның күнделікті іс-әрекетімен байланысты әртүрлі ластанулар пайда болады. Мұндай ластануларға адамдар және жануарлар организмінде алмасу процестері нәтижесінде болатын физиологиялық және де монша, кір жуу, душтардан шыққан су, тағамдық азықтарды, ыдыстарды, бөлмелерді, қалада көшелерді және т.б. жуудан шыққан сулар жатады.

Өнеркәсіптік мекемелер аумағында өндірістің технологиялық процестері нәтижесінде қатты және сұйық ластаушы заттар шығады, олар суда ери отырып, өндірістік ақаба сулар құрайды.

Барлық ластаушы заттар өзінің пайда болуы жағынан органикалық және минералды болып бөлінуі мүмкін.

Органикалық заттар әртүрлі бактериялар, оның ішінде ауру жұқтыратын бактериялар үшін жақсы қоректік орта болып табылады. Сондықтан органикалық түзілген әртүрлі қалдықтардың жер бетінде, топырақ құрамында және су қоймаларда жиналуына жол бермеу керек.

Мұндай қалдықтарды қала аумағынан, елді мекендерден немесе өнеркәсіп мекемелерінен уақытылы алып отыру және оларды залалсыздандыру міндетті болып табылады.

Лас заттарды жоюдың негізінен екі тәсілі қолданылады: алып кету және ағызып жіберу.

Алғашқы жағдайда қатты және сұйық лас заттарды өнеркәсіп мекемесі немесе елді мекеннен тысқа алып шығарады. Екіншісінде, суда еріген сұйық лас заттарды құбыр және каналдармен, елді мекеннің сыр жағына ағызып жібереді. Қатты қалдықтарды (үй қоқысы) әдетте алып кетеді. Тек соңғы кездері ғана үйден шыққан қоқысты майдалап, сұйық қалдықтармен бірге ағызу тәсілі жасалуда.

Алып кететін тәсілде лас заттар су өтпейтін қабылдағыштарға жиналады және кезеңмен, қоқыс толуына орай, арнайы немесе автомобиль көлігімен ассенизациялауға арналған танаптарға өңдеу үшін жеткізіледі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда алып кету жүйесі санитарлық тұрғыда қанағаттанарлық деп есептеледі, бірақ экономикалық тиімсіз. Сондықтан оны тек шағын елді мекендер мен ауылдарда қолдануға болады. Ағызу жүйесін орнату экономикалық әлдеқайда тиімді. Бұл тәсілде әртүрлі ақаба суларды құбыр және канлдардан алып, елді мекендер немесе өнеркәсіп мекемелерінен тыс жерлерге барады, және суару талаптарына тазалауға бағыттайды немесе жасанды тазалау мен залалсыздандырудан кейін, жақын жатқан су қоймаларына жібереді.

Лас заттарды ағызу, оларды сумен жеткілікті түрде араластырғанда ғана мүмкін. Бұл елді мекен аумағында, үйлерге кіргізілген су желісі болған кезде іске асады.

Егер ақаба суларды су қоймасына ағызғанға дейін тазаламаса, едәуір арақашықтықта ластанатын болады. Су қоймасын басқа мақсаттарда пайдалану мүмкін болмай қалады. Сондықтан ақаба суларын су қоймасына тастаудан алдын, оларды тазалап залалсыздандыру қажет.

Канализация дегеніміз, мақсаты төмендегідей, инженерлік шаралар мен құрылымдар жиынтығы:

1)пайда болу орындарында ақаба суларды қабылдау;

2)ақаба суларды тазалау құрылымдарына тасымалдау;

3)қажетті деңгейге дейін ақаба суларын тазалау және оларды жаңа тұнбада, ақаба суларын тазалау кезінде алынатын пайдалы заттарды утилизациялау;

4)тазаланған суларды су қоймасына тастау.

Ақаба сулар тұрмыстық (немесе фекальді-шаруашылық), өнеркәсіптік (немесе өндірістік) және атмосфералық (немесе жаңбырлық) деп бөлінеді.

Фекальді-шаруашылық (тұрмыстық) суларға ыдыс жуу құралдарынан (раковина), қол жуғыштан, ваннадан, краннан және т.б. (шаруашылық) сулар және де дәретханадан, яғни негізінен физиологиялық қалдықтармен (фекальді) ластанған сулар жатады. Тұрмыстық сулар категориясына одан бөлек, моншадан, кір жуу орындарынан, жуыну бөлмелерінен ағып келетін, еденді жуған сулар да жатады.

Өндірістік ақаба суларға өндіріс процестері кезінде пайдаланылған әртүрлі қоспалармен ластанған сулар кіреді.

Жаңбыр ақаба сулары – жаңбыр немесе қар түрінде атмосфералық жауын-шашын түсуі салдарынан және қала немесе мекеме аумағындағы жер бетінен ағатын лас заттардан түзіледі.

Көшелерге су шашу және жасыл көгеріштерді суаратын су, ластану құрамы жағынан атмосфералық ақаба суларға жақын және сол себепті олармен бірге ағызылады.

Тұрмыстық сулардың құрамы біркелкі десе де болады: ірі ерітілмеген заттар – тағам, көкөніс, қағаз, шүберек, құм, тезек қалдықтары; коллоидты және еріген күйдегі органикалық және минералды заттар және де әртүрлі, ішінде ауру жұқтыратын бактериялар. Сондықтан санитарлық тұрғыдан қарағанда мейлінше қауіпті.

Ақаба судың бірлік көлеміне келетін ластану мөлшері, оларды су құбырындағы сумен араластыру деңгейіне байланысты: канализацияны пайдаланатын бір тұрғынға жіберілетін су көп болған сайын, ақаба сулар да аз ластанады.

Өндірістік ақаба сулардың құрамы әртүрлі болуы мүмкін, өндірістегі технологиялық процесспен өңделетін шикізат тегіне байланысты ақаба сулардағы лас заттар мөлшері күрт өзгереді.

Өндірістік ақаба сулар, негізінен ластанған және шартты таза деп бөлінеді. Ластанған ақаба сулар өз кезегінде негізінен органикалық пайда болған қоспалы сулар және негізінен шығу тегі минералды қоспалардан тұратын сулар деп бөлінеді. Шартты таза суларда қоспалар аз болады. Сондықтан оларды тазаламай-ақ су қоймалары немесе жаңбыр суын әкету жүйелеріне жіберуге болады.

Қазіргі таңда елді мекендер мен өнеркәсіп мекемелерінен ақаба суларды алып кету кезінде жеке су түрлерімен ғана емес, сонымен бірге шаруашылық-фекальді қоспалардың өндірістік қоспалармен, ал кейде жаңбыр сулары қоспаларымен жұмыс істеуге тура келеді. Шаруашылық-фекальді және өндірістік ақаба суларының қоспасын кейде қалалық ақаба сулары деп атайды.

 

Канализацияның жалпы нобайы және оның негізгі элементтері.

Канализация төмендегі негізгі элементтерден тұрады:

1)ішкі үй немесе ішкі цехтың канализация құрылғылары; 2) сыртқы аулалық канализация торабынан; 3) сыртқы көшелік канализация жүйесінен; 4)сорғы станциясы және арынды су құбырларынан; 5)ақаба суларды тазалау және утилизациялауға арналған құрылымдар; 6)су қоймасына суды шығару құрылғылары.

Үй ішіндегі және цех канализациясы қабылдау және бірінші сыртқы аулалық құдыққа дейін, ғимараттан тысқары, лас суларды алып кету үшін мақсатталған.

Бірінші шығару құдығынан сыртқы канализациялық жүйе басталады. Оның орналасуына байланысты елді мекен немесе өнеркәсіп мекемесі аумағында, бұл желі аулалық, квартал ішіндегі, зауыттық, көшелік деп аталуы мүмкін.

Аулалық канализация жүйесі, аулада орналастырылатын немесе кейде қызыл сызықта орнатылатын бақылау құдығымен аяқталады. Аулалық немесе квартал ішіндегі желіден ақаба су қосу тармағы арқылы көшелік канализация жүйесіне түседі.

Көшелік желі деп, аулалық және квартал ішіндегі желілерден ақаба суларды қабылдайтын және елді мекен маңында оларды тасымалдауға мақсатталған – канализация құбырларының тармақталған жүйесін атайды.

Зауыт немесе өнеркәсіп мекемесінің ауданы төңірегінде орналасқан желі – зауыттық жүйе деп аталады.

Жердің рельефіне сәйкес, бүкіл канализация өтетін аумақты канализациялау алаптарына бөледі. Канализация бассейні деп су айырықтарымен шектелген канализация жүрген аумақты айтады.

Бір бассейннің көшелік канализация жүйесінің ақаба суларын бір немесе бірнеше коллекторға жинап, бассейннен тысқа ағызады.

Коллектор деп екі немесе одан да көп көше желілеріндегі ақаба суларды жинайтын канализация құбырын айтады.

Коллекторлар бір бассейннен шығуы мүмкін, бірнеше бассейнді біріктіруі де мүмкін (онда олар бас коллекторлар деп аталады) немесе суды елді мекеннен сыртқа әкетеді (онда олар қала сыртындағы айналма деп аталады).

Ірі мөлшерлі коллекторларды жиі каналдар деп атайды.

Ақаба суларды көбінесе коллекторларда өз ағысымен ағызады. Бірақ сайлы ойыс жерлерде коллекторлар терең қазылған болса, ақаба суларды жоғары биіктік белілерге көтеру үшін тарту станцияларын орнатады, ол жерден ақаба сулар тағы да өз ағысымен тасымалданады. Сорғы станцияларын ақаба суларын беру үшін жиі тазалау құрылымдарында орнатуға тура келеді.

Өзендер және жыралар арқылы канализация желілерін өткізу үшін құбырлар мен канал желісін қиып-кесіп тік бағытта қоюға тура келеді. Тік жазықтықта күрт кесіліп төселетін және толық қимасы бойынша арынды жұмыс істейтін жүйенің учаскесі – дюкер деп аталады.

Өнеркәсіп мекемесі аумағын канализациялау, елді мекенді канализациялаудан айырмашылығы шамалы.Бірақ өнеркәсіп мекемесінің ақаба сулары құрамында, бір-бірін араластыру қажеттігі шамалы, сонымен қауіпті де болуы мүмкін әртүрлі химиялық қоспалар кездесуі мүмкін. Осының салдарынан кейде өнеркәсіп мекемесі аумағында бір мезгілде бірнеше желі орнатуға тура келеді.

Канализация схемасы дегеніміз – жоспарда (план) қалалық немесе өнеркәсіптік канализациялардағы барлық негізгі желілер мен құрылымдардың бейнеленуі (желі, сорғы станциялары, тазалау құрылымдары).

Канализация схемасын таңдау және оны шешу - өте күрделі мәселе. Оны дұрыс шешу, өте көптеген жергілікті факторларды: жердің рельфі, грунттық жағдайы, тазалау құрылымдарының орналасуы, ақаба сулар түсетін су қоймасының сипаттамалары және т.б. ескеру деңгейіне байланысты.

Жергілікті жағдайдың алуан түрлілігіне орай, канализация желісінің қандайда бір типтік схемасын беру қиын. Бірақ көптеген канализация схемалары ішінен қарапайымдарын айтуға болады, олар өндірісте кездесіп қалуы мүмкін. Ондай схемаларға төмендегілер жатады:

1.Перпендикулярлық нобай (163, а сурет), ол кезде жеке бассейндердің коллекторлары немесе көшелік желілері су қоймадағы су қозғалысы бағытына перпендикуляр төселеді. Бұл жағдайда коллекторлар өте ұзын болады. Мұндай схемаларды негізінен, тазаланбайтын атмосфералық суларды ағызу үшін қабылданады.

2.Қиылысқан яхема (163,б сурет), ол кезде су қоймасына перпендикуляр төселген канализация коллекторлары, өзенге параллель қазылатын бас коллекторлармен басып алынады (үстінен өтеді). Бұл схема су қоймасына күрт айқын еңістікті жерлерде, барлық ақаба суларды тазалау қажет болғанда қолданылуы мүмкін.

3.Веерлі немесе параллель схема (163, в сурет), ол кезде су қоймасындағы бағытта жергіліктің еңістігі үлкен болуы салдарынан, коллекторларды өзенге шамалы бұрышпен бір-біріне параллель төсеуге тура келеді. Коллекторлар да, елді мекеннің сыртындағы тазалау құрылымына ақаба суларды алып кететін бас коллекторға қосылады.

4.Аймақтық немесе параллель схема (163, г сурет), ол жерде қаланың канализациялық жүйесі бірнеше аймақтарға бөлінеді. Екі аймақты схема кезінде ақаба суларды тазалау құрылымдарына өз ағысымен тасымалдау мүмкіндігі жоқтығынан, төменгі алып кету коллекторында, ақаба сулар тазалау құрылымдарына өз ағысымен түсетін, төменгі аймақтағы ақаба суларды жоғары аймақтағы коллекторларға айдайтын сорғы станциясын орнатады.

5.Радиальді схема (163, д сурет), ол жерде ақаба суларды бөлек тазалау құрылымдарына ағызу, орталыққа қатыссыз жолмен іске асады. Мұндай шешім, жер рельефі салыстырмалы жазық болған кезде, және де ақаба суларды тазалау суғару танаптары мен фильтрация алаңдарында жүргізілсе, және де үлкен қалаларда канализация жүйелерін жобалау кезінде қабылдануы мүмкін.

Жоғарыдағыдан көріп отырғанымыздай, канализация схемасы түрін таңдауға әсер ететін негізгі факторлардың бірі – жергіліктің рельефі, оны мұқият зерттеу және есепке алу, канализацияны жобалаудың мәселесін мейлінше тиімді және үнемді шешуге мүмкіндік береді.

Атмосфералық суларды алып кетуге мақсатталған канализация жүйесі – жаңбыр суы желісі немесе су ағыны деп аталады; тұрмыстық суларды алып кететін жүйе – шаруашылық-фекальді, өндірістік ақаба суларын ағызатын жүйені өндірістік деп атайды. Жүйелер, өндірістік және тұрмыстық суларды (өндірістік-тұрмыстық жүйе) немесе өндірістік және жаңбыр суларын (өндірістік жаңбыр суы жүйесі) бірігіп істеуге желілер орнатылуы мүмкін.

Желіге ақаба сулардың түсу жағдайына байланысты, онда әртүрлі категориядағы судың тасымалдануы бойынша төмендегі канализация жүйелеріне бөлінеді: жалпы ағызатын, бөлек (толық немесе жартылай) және бөлінген.

Егер бір канализация жүйесіне барлық үш категорияның – тұрмыстық, өндірістік, атмосфералық ақаба сулары түсетін болса, онда мұндай жүйе – жалпы ағызатын желі деп аталады. Егер де барлық аталған су түрлері өз бетінше алып кетілетін болса немесе екі желі орнатылса (тұрмыстық, өндірістік – жаңбыр суы, ия болмаса өндірістік-тұрмыстық және жаңбыр суы), онда жүйе бөлектенген желі деп аталады. Бөлектенген желілер өз кезегінде толық және толық емес деп бөлінеді. Егер бір мезгілде барлық көрсетілген желілер соғылса, толық бөлектенген жүйе делінеді. Егер оның біреуі соғылса, мысалы тұрмыстық сулар желісі, ал атмосфералық жауын-шашын су қоймасына қалай болса, солай түсіп жатса, онда жүйе толық емес деп аталады. Кейде мұндай шешім бір мезеттік күрделі қаржыларды төмендету мақсатында қажет болады.

Бірінші кезекте ең қажетті желілер соғылады, өнеркәсіп мекемелері үшін бірінші кезекте өндірістік жаңбыр сулары желісін тұрғызу маңызды болатын жағдайларда кездеседі.

Жартылай бөлектенген жүйе кезінде міндетті түрде екі немесе бірнеше желі тұрғызылады. Екі желіні бірден салу кезінде (бірі шаруашылық-фекальді, екіншісі – атмосфералық жауын-шашынды алып кетуге) олардың арасына жалғастыру камералары – нөсер суын қажыртқылар орнатылады. Жай жауған жаңбыр кезінде атмосфералық ақаба сулар жаңбыр суы желісіне түседі және одан әрі жалғастыру камералары арқылы шаруашылық-фекальді желіге барады. Бұл жағдайда көшелердегі күл-қоқысты ағызып келетін атмосфералық сулар тұрмыстық сулармен қосылып, тазалау құрылымдарына түседі. Жаңбыр қатты жауғанда атмосфералық жауын-шашынның басым бөлігі шаруашылық-фекальді желіге келіп түспейді, ал арнайы нөсер суын ағызғыштар арқылы тазаламай-ақ су қоймасына тасталады.

Канализация жүйесінің түрін таңдау, оны санитарлық және экономикалық жағынан қолдану тиімділігін анықтайтын барлық жергілікті жағдайлары ескеріліп жүргізіледі.

Санитарлық тұрғыда ең қолайлысы – судың негізгі мөлшері тазалаудан өтетін канализацияның жалпы ағызу жүйесі. Бірақ атмосфералық жауын-шашынның бүкіл мөлшері тазалау жүйелеріне түскен кезде бұл жүйе қымбат тұратын тиімсіз болып шығады, себебі бұл жағдайда (өзін ақтамайтын) тазалау құрылымдары мен айналма каналдардың мөлшерлері тым ұлғайып кетеді. Мұндай түрдегі жалпы ағызу жүйесі оншалықты дами қойған жоқ.

Тазалау құрылымдарына барар жолдағы жалпы ағызу жүйесі кезінде жаңбыр жауған кездегі су, нөсер суын ағызғыш арқылы су қоймасына ағызылады. Бұл жалпы ағызу канализациясының санитарлық артықшылықтарын төмендетеді, бірақ оны тұрғызудың құны әлдеқайда арзандатады. Санкт-Петербургтегі жалпы ағызу канализациясы жұмысының тәжірибесі және де шетелдерде мұндай жүйелерді қолдану, белгілі жағдайларда оларды орнату тиімді.

Санитарлық тұрғыда жартылай бөлінген канализация жүйесі қанағаттанарлық болып саналады. Бірақ оларды орнату және пайдалану кезінде туындайтын қиыншылықтар салдарынан және де құнының жоғары болуынан, отандық өндірісте жартылай бөлінген канализация кеңінен тарай қойған жоқ.

Бөлінген (бөлек) канализация жүйесі мейлінше кеңінен қолданылады. Бөлінген жүйені тұрғызу кезіндегі негізгі құрылымдардың құны, басқа жүйелерге қарағанда арзан. Санитарлық тұрғыда, ол жалпы ағызу жүйесімен парапар. Одан бөлек желілер мен құрылымдардың ең маңызды учаскелерін бірінші кезекте тұрғызып, құрылысты кезектілік бойынша жүргізуге болады, мысалы қаланың санитарлық абаттандырылуы үшін маңыздылығы үлкен, шаруашылық-фекальді желіні салу. Бөлінген жүйенің кемшілігі, атмосфералық жауын-шашын суларын тазаламай су қоймасына тастау, бұл оның санитарлық тиімділігін төмендетеді.

Қаланың бір ауданында бөлінген желілер, ал басқаларында канализацияның жалпы ағызу жүйелері орнатылатын, аралас (комбинациялық) жүйелер де кездеседі.

Су бөлу мөлшері, яғни канализацияны пайдаланатын бір тұрғынға жіберілетін орташа тәуліктік су мөлшері, тұтыну мөлшеріне тең етіп қабылданады. Ол елді мекендерде канализацияны жобалаудың нормалары ментехникалық жағдайларына НИТУ-141-59, ғимараттарды су өткізу және канализациялық құрылғылармен жабдықтау сипаты мен деңгеіне байланысты анықталады.

Теория жүзінде бұл оншалықты дұрыс емес, себебі тұтылатын құбырдағы су бөлігі тұрмыстық желіге түспейді (мысалы, көшені жуу мен шаюға, өртті сөндіруге кететін су және т.б.), керісінше тұрмыстық сулар желісіне су тұтыну мөлшерімен ескерілетін артық сулар желісіне түсетін сулар, және т.с.с., сондықтан үлкен қалалар үшін бұл норма су тұтыну нормасынан, арадағы ауытқу мөлшері үлкен болғанда және оңай есепке алынғанда, ерекшеленеді.

Өнеркәсіп мекемелерінен, канализацияға тұрмыстық және өндірістік ақаба сулар түсуі мүмкін.

Өнеркәсіп мекемелерінде істейтіндер үшін тұрмыстық сулардың өтімінің нормасы да, жоғарыда көрсетілген нормалармен анықталған.

Өндірістік ақаба сулардың су бөлу нормалары, шығарылатын өнім бірлігінен немесе су беруді қажет ететін орнатылған бір агрегаттан (машинадан) есептеледі. Бұл нормалар, және де су алып кететін агрегаттарға орналастыру туралы мәліметтерді, тиісті технологиялық жобалардан алады. Ақаба сулардың нормасы туралы технологтардың деректері негізінде өнім бірлігіне немесе бір орнатылған агрегатқа және шығарылған өнім мөлшері туралы мәліметтер немесе агрегаттар санымен, цех немесе жалпы мекемеден шығатын өндірістік ақаба сулардың өтімін анықтайды.

Канализация желілері мен тазалау құрылымдарын есептеу үшін оларға түсетін ақаба сулардың орташа тәуліктік өтімін ғана емес, тәулік ішінде өтімдерін ауытқуын да, яғни су бөлу режимін де білу керек.

Тәуліктік және сағаттық жоғарғы өтімдердің шамасын білу өте маңызды. Бұл өтімдердің шамалары тәуліктік бей қалыптылық коэффициентімен К тәу (жоғарғы тәуліктік өтімнің орташа тәуліктік өтімге қатынасы) және сағаттық бей қалыптылық коэффициентімен К сағ (ақаба сулардың жоғарғы сағаттық өтімінің орташа сағаттық өтімге қатынасы).

Тәуліктік өтімдердің өзгеруі жыл мезгілдеріне байланысты. Мысалы ыстық уақытта суық мезгілге қарағанда тәулігіне су көбірек шығындалады сағаттар бойынша су өтімінің ауытқуы тәуліктік су тұтыну режиміне байланысты: түнде су күндізгіге қарағанда аз шығындалады.

Ақаба суларын бөлу бір сағат ішінде де бей қалыпты болуы мүмкін, минуттық және секундтық қауіптілер жобалау процесінде ескерілмейді.

Тәуліктік бей қалыптылық және сағаттық бей қалыптылық коэффициенттерін біле отырып, К жалпы – жалпы бей қалыптылық коэффициентін К тәу· К сағ = К ж өрнегімен табуға болады.

К ж шамасын бүкіл канализациясын құрылымдардың барлығы дерлік есептелетін ең жоғарғы есептік өтімді табу үшін білу қажет.

Бұл шаманы әдетте канализация желісіне түсетін ақаба сулардың орташа секундтық өтімдеріне байланысты анықтайды.

Өндірістік ақаба сулар үшін бей қалыптық коэффициентін өнеркәсіп өнімін дайындаудың технологиялық процесіне және өндіріс түріне байланысты едәуір шек аралығында ауытқиды.

 

 

Тема 4

Методи і форми обслуговування




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 44 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.039 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав